Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 18:53, реферат
Адвокаттар алқасының мүшесі өз қызметін заң консультациясы арқылы жүзеге асыруға не жеке дара немесе басқа адвокаттармен бірлесіп адвокат кеңселерін, сондай-ақ осындай қызметті заңды тіркемей-ақ жүзеге асыру үшін құруға құқылы.
Заң консультациясы және
Адвокаттар алқасының мүшесі өз қызметін заң консультациясы арқылы жүзеге асыруға не жеке дара немесе басқа адвокаттармен бірлесіп адвокат кеңселерін, сондай-ақ осындай қызметті заңды тіркемей-ақ жүзеге асыру үшін құруға құқылы.
Адвокаттар алқасының ұйымдық құрылымын алқа төралқасының шешімімен құрылатын және Қазақстан Республикасы Конституциясының «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңының, адвокаттар алқасы Жарғысының және алқа жалпы жиналысында (конференциясында) қабылданатын заң консультациялары туралы Ереженің негізінде іс-әрекет ететін заң консультациялары құрайды.
Заң консультациялары азаматтарға білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін құрылады. Заң консультациялары мамандандырылған болып та құрылуы мүмкін. Адвокаттардың көпшілігі осы заң консультациясында жұмыс істейді.
Заң консультациялары адвокаттар алқасының құрылымдық бөлімшесі (филиалы) болып табылады және заңды тұлға болып табылмайды. Оның атауы мен тиісті адвокаттар алқасына тиесілілгі белгіленген мөрі мен мөртаңбасы, заң көмегін көрсетуді ұйымдастыру үшін қажетті өзге де атрибутикасы болады.
Заң консультациясы орналасатын жерді елді мекеннің ерекшелігін, тығыздығы мен санын, азаматтар мен ұйымдардың заң көмегіне жүгіну деңгейін, сол аумақтағы адвокаттар кеңселерінің және жеке дара жұмыс істеуші адвокаттардың бар-жоғын және т.б ескере отырып, адвокаттар алқасының төралқасы анықтайды.
Мысалы, заң консультацияларының саны олардың орналасқан жеріне байланысты әртүрлі. Мысалы, селолық жерлерде олардың саны 3-5 адам, әр қалада 20-30адам, ал Алматыда 40-50адам болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта Қазақстанда барлық аумақта қалалық және аудандық заң консультациялары жұмыс істейді.
Заң консультациясының негізгі мақсаты мыналар:
-жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен және өзара қарым-қатынастарында олардың заңды құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауға және жүзеге асыруына жәрдемдесу мақсатында заң көмегін көрсету;
-қылмыстық
істер бойынша қорғауда
-Қазақстан
Республикасының заңнама
-адвокатура
туралы заңнамаға сәйкес
-заң консультацияларының жұмысын ұйымдастыру және оның мүшелерінің адвокат мінез-құлқының кәсіби нормаларын сақтауына және олардың адвокаттық қызметті жүзеге асыруына бақылау жасау;
-заң
консультациялары мүшелерінің
Заң консультацияларына алқа мүшелері қатарынан адвокаттар алқасы төралқасының шешімімен тағайындалатын меңгеруші басшылық етеді.
Тұрақты жұмыс істейтін атқарушы орган бола отыра, адвокаттар алқасы қызметінің барлық күнделікті мәселелерін шешетіндігімен байланысты.
Меңгерушінің құқықтары мен міндеттері заң консультациялары туралы Ережемен тәртіптеледі. Меңгеруші құзіретіне заң консультациясының қызметін ұйымдастыру; заң көмегін көрсету туралы азаматтармен келісімдерді және кәсіпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен, өзге де қоғамдық бірлестіктермен заңдық қызмет көрсету жөніндегі шарттарды жасау; алдын ала тергеу органдары мен соттың талабы бойынша қорғауды жүзеге асыру үшін адвокат тағайындау және т.б.
Заң консультациясының меңгерушісі Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 71,72-баптарында көзделген жағдайларда тұлғаларды қорғауды уақытында жұзеге асыру мақсатында адвокаттар кезекшілігін ұйымдастырады. Кезекшілік кестесі алдын ала ілінеді, адвокаттар кезекшілігі кестесінің бір данасы тиісті анықтау және тергеу органдарына тапсырылады.
Заң консультациясы меңгерушісінің адвокаттық қызметпен айналысу құқығы бар.
Заң консультациясында штаттық лауазымда отырған алқа мүшелерінің жалақысы адвокаттар алқасының төралқасы анықтаған көлеммен және адвокаттық қызмет үшін түскен сомамен есептелетін лауазымдық еңбекақыдан тұрады.
Адвокат алқасының мүшелері адвокат кеңселерін құруға (ұйымдастыруға) құқылы.
Информация о работе Заң консультациясы және адвокаттық қызметті ұйымдастырудың өзге нысандары