Қылмысқа қатысу туралы түсінік және оның белгілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 16:08, реферат

Описание работы

Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айқындаудың маңызы зор.

Работа содержит 1 файл

Қылмысқа.doc

— 42.50 Кб (Скачать)

Қылмысқа  қатысу туралы түсінік  және оның белгілері.  

 Қылмысты  көбіне бір адам емес бірнеше  адам жасайды, өйткені біріккен  қылмыстық әрекет арқылы қылмыс  жасау жеңілдейді. Сондықтан да  заңда бірге жасалған қылмыс  үшін жауапкершілікке тартылатын  адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айқындаудың маңызы зор.   

 Екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады.  

  Қылмысқа қатысу барысында қымыс жасауға бірнеше адамның қатысуы міндетті. Мұндай жағдайда бұл адамдар қылмыс субъектісінің белгілеріне ие болуы керек. Есі дұрыс емес немесе заңда белгіленген жасқа жетпеген адам ешқандай жағдайда да қылмысқа қатысушы деп танылмайды және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бірігу қылмысқа қатысудың объективтік белгісі ретінде бірнеше адамдардың өз күштерімен бірлесіп әрекет жасауын білдіреді, оладың барлығы өз күштерін біртұтас қылмыстық нәтижеге қол жеткізуге бағыттайды. Қымыстық нәтижеге қол жеткізу үшін күштерін біріктіргенде, қатысушылардың бірі қылмыстың объективтік жағын орындайды, ал басқалары қылмысты ойдығыдай жасауға көмектеседі. Біріккен әрекеттер арқылы қол жеткізілген нәтиже барлық қатысушылар үшін біртұтас, орта, бөлінбейді.  

 Тек  қасақан жасалған қылмыстардың  ғана қылмысқа қатысы болуы мүмкін, ал қылмысқа қатысушы барлық адамдар қасақана түрде әрекет етеді.  

 Абайсыз  қылмыстарда қылмысқа қатысу  бомайды. Егер бірнеше адам  абайсызда қоғамға қауіпті жағдай  туғызса, оның әрқайсысы жасаған  әрекеті үшін жауап беруге  тиіс. 

                           Қылмысқа қатысушылардың түрлері.

Қылмысқа  қатысушылардың рөліне байланысты, оларды орындаушы, айдап саушы және көмектесуші  деп бөледі.  

 Орындаушы – бұл нақты қылмыс құрамының объективтік жағына кіретін әрекеттерді толықтай немесе ішінара орындайтын адам. Қарақшылықта орындаушы ретінде затты тартып алған ғана емес, сонымен бірге жәбірленушінің қарсыласуын жеңу үшін күш қолданатын адам да қылмыстық орындаушы болып табылады. Қылмыстың орындаушысы заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын, басқа адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған адам да қылмыстың орындаушысы болып есептеледі. Қылмыстық құқықта мұндай жағдайлар тікелей орындаушы деп аталады.   

 Ұйымдастырушы – қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындауына басшылық еткен адам. 

 Ұйымдастырушы  ретінде көбіне нақты қылмыстарды  тікелей жасаудан қашатын ең  тәжірибелі, қауіпті қылмыскерлер  болады. Көпшілік жағдайда ұйымдастырушы  – бас бастамашы, негізгі басқарушы  және қылмыс жоспарының авторы  болады.   

 Басқа  адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады.  

 Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпараттар жинауымен  қымысты жасайтын қару немесе  құралдар берумен немесе қылмысты  жасаудағы кедергілерді жоюымен  қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам көмектесуші деп танылады. Сондай – ақ көмектесуші ретінде қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге де құралдарын, қылмыстың ізін және қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уде береді.  

 Сонымен,  қылмыс – бұл Қылмыстық кодекспен  тыйым салынған қоғамға қауіпті  іс - әрекет.

   Қылмысқа қатысу тек қасақана  қылмыстарда ғана болады, қылмысқа  қатысушылардың барлығы қасақаналықпен  әрекет етеді 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ҚР  ӘҚБтК (әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі) 44 бабының 1 тармағына сәйкес  әкімшілік жаза – бұл  әкімшілік құқық бұзғаны үшін  заң бойынша өкілетті сот, орган (лауазымды тұлға)   қолданылатын  және   ҚР  ӘҚБтК  осындай құқық бұзушылық жасаған  тұлғаның  құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе  шектеу    көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу  шарасы болып табылады.   

    Әкімшілік жазалар  әкімшілік бұлтартпау шараларымен  өте ұқсас болып келеді, өйткені оларды мәжбүрлеу шараларын қолдану  негіздерінің ортақтығы біріктіреді, сондай – ақ  осы мәжбүрлеу шараларының  ортақ мақсаты -  жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Бірақта,  әкімшілік бұлтартпау шаралары  жазалау шаралары болып табылмайды және олар, ең бастысы,  құқық бұзушылықты тоқтатуға және  құқық бұзушыны жасаған құқық бұзушылық сипатына  сәйкес  жауапкершілікке тарту  мүмкіндігінне бағытталған. Әкімшілік бұлтартпау шаралары  көбінесе  әкімшілік  жаза шараларын  қолданудың алғы шарты болып табылады.         

ҚР  ӘҚБтК 44 бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік жаза  әкімшішілік  құқық бұзушылық  істегені үшін заң бойынша осыған өкілетті судьялармен, органдармен (лауазымды тұлғалармен) қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу  шарасы болып табылады,  және  әккімшілік құқық бұзушылық  жасаған тұлғаның  құқықтары мен  бостандықтарынан айыруды немесе шектеуді білдіреді.

   Әкімшілік  құқық бұзушылықты істегені үшін  жеке тұлғаға  мынадай әкімшілік жазалар  қолданылуы мүмкін:

    1) ескерту;

    2) әкімшілік айыппұл;

    3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау  құралы немесе  тікелей объектісі болып табылатын затты ақысын төлеп алу;

    4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау  құралы немесе  тікелей объектісі болып табылатын затты, әкімшілік құқық  бұзушылықты жасау салдарынан алынған табысты, ақша мен құнды қағаздарды тәркілеу;

    5) арнайы құқықтан айыру;

    6) лицензиядан, арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен)  айыру немесе  оның әрекет  қызметтің      

    қандайда  бір түріне немесе  нақты әрекеттерді істеуді доғару;

    7) жеке кәсіпкерлік қызметті  доғару немесе тиым салу;

    8) өз еркімен  тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты  мәжбүрлеп бұзу;

    9) әкімшілік қамау;

    10)шетел  азаматын немесе азаматтығы жоқ  тұлғаны  ҚР шегінен тыс әкімшілік қуып шығару;    

 Әкімшілік  құқық бұзушылықты  жасаған заңды тұлғаларға мынадай әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін:

    1) ескерту;

    2) әкімшілік айыппұл;

    3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау  құралы немесе  тікелей объектісі болып табылатын затты ақысын төлеп алу;

    4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау  құралы немесе  тікелей объектісі болып табылатын затты, әкімшілік құқық  бұзушылықты жасау салдарынан алынған табысты, ақша мен құнды қағаздарды тәркілеу;

    5) арнайы құқықтан айыру;

    6) лицензиядан, арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен)  айыру немесе  оның әрекет  қызметтің  қандай – да бір түріне немесе  нақты әрекеттерді істеуді доғару;

    7)  жеке кәсіпкерлік қызметті  доғару немесе тиым салу;

    8) өз еркімен  тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты  мәжбүрлеп бұзу. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

Информация о работе Қылмысқа қатысу туралы түсінік және оның белгілері