Қылмыс құрамы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 20:45, курсовая работа

Описание работы

Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді. Қылмыстың құрамы деп – қылмыс заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызу мүмкіндік беретін қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Басқа жағдайларда Қылмыстық кодекстің бір бабында қылмыс құрамының бір немес бірнеше түрі қарастырылуы мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 308-бабында қылмыстың қауіптілік дәрежесіне қарай билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланудың үш құрамы көрсетілген: баптың бірінші бөлімінде осы қылмыстың жай түрі, ал екінші, үшінші бөлігінде осы қылмыстың ауыр немесе өте ауыр түрлері көрсетілген.

Содержание

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
І. Қылмыс құрамының элементтері
1.1. Қылмыс субъектісі
1.2. Қылмыс объектісі
1.3.Қылмыстың субъективтік жағы
1.4. Қылмыстың объективтік жағы
ІІ. Қылмыс құрамының түсінігі және оның маңызы
2.1. Қылмыс және қылмыс құрамының міндеттері
2.2. Қылмыс құрамының түрлері
ІІІ Қорытынды

Работа содержит 1 файл

кылмыс курамы.doc

— 151.50 Кб (Скачать)

 Жалпы айтқанда  қылмыстық-құқық норманы бірінші  кезекте ҚК-тің Ерекше бөлімін  жетілдіру қоғамды қылмыстан табанды және ықпалды қорғау бағытында жүргізілуі керек.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Қылмыс құрамының түсінігі және оның маңызы

2.1 Қылмыс және қылмыс құрамының міндеттері

Қылмыс пен қылмыс құрамы өзара тығыз байланысты, бірақ  бір-біріне ұқсамайтын қылмыстық-құқылық түсініктер. Олардың өзара мазмұны да, бағытыда әртүрлі. Жоғарыда айтқандай қылмыс туралы ұғым Қылмыстық кодекстің 9-бабында берілген. Осы баптағы анықтамадан көрінгендей, қылмыс дегеніміз адамның әлеуметтік-құқылық, қоғамға қауіпті және кұкыққа қайшы секілді міндетті белгілерінің жиынтығынан туатын ерекше іс-әрекеті болып табылады.

Қылмыстың жалпы түсінігі, сол қылмыстың заңдылык сипаттамасын беріп қана қоймай, оның әлеуметтік-саяси  мәнін де ашып көрсетеді. Өмірде қылмыстық құбылыстар әртүрлі нысанда көрініс тауып немесе түрлі түрде болатындықтан қылмыстық заң қылмыстың жалпы түсінігімен бірге нақты қылмыстардың да түсінігін қарастырған. Қылмыстың жалпы түсінігі — барлық қылмыстарға тән, оның белгілері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде көрсетілген жеке қылмыстар түрінде нақтыланып, өзінің дамуын табады.

Қылмыстық заңда сипатталған  әрбір қылмыс, яғни қылмыс құрамы өзінің ерекше белгілерімен сипатталады. Қылмыстың  құрамы — бұл қылмысты іс-әрекет емес, тек соның нысанын сипаттайтын түрі ғана. Ол — нақты қылмыстың заңды сипаттамасы. Жеке нақты қылмыстың зандылық түсінігі. Егер қылмыстың түсінігінде барлық қылмыстарға тән белгілер — қоғамға Қауіптілік, құқыққа қайшылық, кіәлілік және жазаланушылық аталған болса, ал қылмыс құрамында іс-әрекеттің қоғамға Қауіптілігін білдіретін нақты қылмыстардың міндетті белгілерінің Жиынтығы есепке алынады. Қоғамға қауіптілік қылмыс кұрамының емес, қылмыстың белгісі болып табылады. Осы екі қылмыстың құқылық-түсініктерінің бағыты да әр түрлі. Нақты қылмыстың кұрамы қылмыстық жауаптыдықтың негізі болса, ал қылмыстың жалпы түсінігі нақты қылмыстың құрамының заңдылық базасын жасаудың, қылмыстык құқықта оның құқылық, әлеуметтік-саяси табиғатын түсіндіру кажеттілігінен туындайды.

Қылмыстық кұқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы түсініктері кеңінен қолданылады. Жалпы және нақты қылмыстың кұрамының түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғым емес, ғылыми ұғым болып табылады. Бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың түсінігінен қылмыстың нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анықталады және өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін сипаттап, көрсетеді. Нақты қылмыстың құрамы нақты қылмысқа тән белгілерді көрсетеді деп жоғарыда атап өттік. Бірақ әрбір қылмыс құрамында барлық қылмыстардың кұрамына тән, жиынтығында кылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын, яғни кез-келген қылмыстар кұрамының жалпы белгілерін белгілейтін белгілер бар. Қылмыстық құқық теориясы әрбір қылмыста болатын төрт түрлі міндетті элементтерді: қылмыстың объектісін, қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарын, субъектісін атап керсетеді. Осы белгілерге орай кез келген қылмыстың құрамы осындай төрт түрлі топтағы элементтерге бөлінеді. Әрбір қылмыс құрамында оның объектісін, объективтік, субъективтік жақтарын, және – субъектіні бейнелейтін белгілері міндетті түрде болады. Осы элементтердің әрқайсысы қылмыстың құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан да осы элементтердің біреуінің жоқ болуы қылмыс құрамының, мүлде және қылмыстық жауаптылыққа негіздің де жоқ екендігін көрсетеді. Қылмыстың құрамының жалпы түсінігі барлық қылмыс құрамына тән осы төрт түрлі элементтермен сипатталады. Қылмыстың осы немесе басқа элементтерін сипаттау тиісінше қылмыс кұрамының элементтерін сипаттау деп аталады. Мысалы, қылмыстың субъективтік жағының белгілерін сипаттау қылмыс құрамының субьективтік жағы деп аталады.

Қылмыстың объектісі  деп, сол қылмыстық қиянаттың  неге бағытталғанын, оның қандай зиян келтіргенін немесе келтіруге нысана алғанын айтамыз. Қылмыстың объектісі заң қорғайтын қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстық кұқықта олар шартты түрде жалпы, топтық және тікелей объект болып бөлінеді. Қылмыстың объектісін оны сипаттайтын қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтаудың коғамға зиянды іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу үшін және оны саралау үшін маңызы ерекше.

Қылмыстың сыртқы пішінің, көрінісін сипаттайтын белгілердің  жиынтығы қылмыстың объективтік  жағын құрайды. Объективтік жағының  белгісіне ең алдымен қоғамға  қауіпті мінез-құлық актісінің сыртқы көрінісі — адамның әрекеті немесе әрекетсіздігі жатады. Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздіктің нысандары мен түрлері қылмыстық заң тұжырымдарында әр түрлі және жан-жақты (мүлікті жою немесе бүлдіру, өмірді жою, қауіпті жағдайда қалдыру, т. б.). Біршама қылмыс құрамының объективтік жағы әрекет немесе әрекетсіздіктен басқа қылмыстың зардабы және іс-әрекеттің зардап пен себепті байланысын көрсетеді. Көрсетілген белгілерден басқа заңда кейбір қатынастардың объективтік жағын сипаттауда оның міндетті белгілеріне уақыт, орын, жағдай, қылмыстың жасалу тәсілдері де жатады. Қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеуде, қылмысты саралауда объективтік жақтың осы белгілерінің маңызы зор. Қылмыстың субъективтік жағының белгілеріне қылмыстың ішкі жағын құрайтын белгілері, яғни адам істеген коғамға қауіпті іс-әрекет не психикалық қатынас сипатталады. Субъективтік жақтың белгілеріне кінә, ниет және мақсат жатады. Кінә екі түрлі нысанда: касақа-налық және абайсыздық түрінде (20,21-баптар) көрініс табады. Субъективтік жағынан бір қылмыстар қасақаналықпен (ұрлық), екінші біреулер абайсыздықпен (абайсызда кісі өлтіру), үшіншіден қасақаналықпен де, абайсыздықпен де жасалуы мүмкін. Кінәнің нысанының көпшілігі қылмыстық заңның өзінде тікелей ашып көрсетіледі. Ал көрсетілмеген жағдайда олар қылмыстың құрамының белгілеріне талдау жасау арқылы анықталады. Кейбір қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілеріне қылмыстың ниеті мен мақсаты да жатады. Мысалы, пайдакорлық ниетпен кісі өлтіру, басқа қылмыстың ізін жасыру мақсатымен кісі өлтіру. Қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілерін анықтау, қылмысты саралауда кылмыстың және қылмыскердің, қауіптілік дәрежесін анықтау үшін және жаза мөлшерін белгілеу үшін аса маңызды болып табылады. Қылмыстық заң бойынша қылмыстың субъектісі болып, қылмыстық жауаптылықка тартылуда кез келген адам жатады. Қылмыстық жауаптылыққа есі дұрыс, қылмыс жасаған уақытта 16-ға, кейбір қылмыстар үшін 14,18-ге толған (14, 15-бап) жеке адамдар жатады.

Сонымен кез келген қылмыс құрамының субъектісінің жалпы  белгілері болып: жеке адам, есі дұрыс  адам, белгілі жасқа толғандар  саналады. Кайсыбір қылмыс құрамдары  үшін жауаптылыққа осы жалпы белгілерден  бөтен қосымша белгілер болғанда ғана жол берілуі мүмкін. Әдетте, мұндай қосымша белгілер осы қылмыс үшін жауап беруі мүмкін адамдардың шеңберін шектейді. Мысалы, пара алудың субъектісі болып тек қана мемлекеттік органдардың адамдары ғана, ал әскери қылмыстардын субъектісі болып әскери кызметшілердің болуы қылмыстың субъектісін белгілейтін белгілердің қылмысты саралау үшін, қылмыстық жауаптылық мәселелерін шешуде және жаза мөлшерін белгілеуде маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда қылмыстық құқық теориясында қылмысытың кұрамының жалпы тусінігі, қылмыс құрамының кажетті, міндетті белгілері және факультативті белгілері болып өзгешеленеді. Мұндай өзгешелену қылмыс құрамының мазмұнын ашуға, қылмысты іс-әрекетті дұрыс саралауға көмектеседі. Қылмыстың құрамының кажетті, міндетті белгілері дегеніміз бұл кез келген қылмыс құрамында болатын белгілер. Ондай белгілердің кем дегенде біреуінің болмауы қылмыс құрамының мүлде болмауының көрінісі болып табылады. Мұндай белгілерге жататындар: әрекет немесе әрекетсіздік, кінәнің нысаны, адамның есі дұрыстығы және оның белгілі жасқа толуы.

Қылмыс кұрамының факультативті  нышандары дегеніміз бұл заң  шығарушының кейбір қылмыс кұрамдарын сипаттау үшін қолданатын белгілері  болып табылады. Факультативтік белгілерге жататындар: уақыт, қылмыс істеу тәсілі, қылмыстық ниет, мақсат, қылмыстың заты, қылмыстың арнаулы субъектісі, қылмыстың зардабы, себепті байланыс.

Егер факультативтік белгі сол немесе баска бір  кұрамда атап көрсетілсе, онда ол өзінің мәні жағынан осы құрамның кажетті, негізгі белгісіне айналып кетеді. Мысалы, басқа біреудің мүлкін тонауды алсақ, мұнда тонаудың тәсілі — мүлікті ашықтан ашық алу, осы кылмыстың белгісі. Егер факультативтік белгісі қылмыс құрамына енгізілмесе, онда ол қылмысты саралауға әсер етпейді. Тек қана қылмыстық-құқылық жаза белгілегенде есепке алынады. Мысалы, қызметшінің құжаттарды қолдан жасау қылмысын саралауда оның қандай тәсілмен, қандай кұралмен істелгені есепке алынбайды (314-бап). Бірақ қолданылған тәсіл, мақсат, жаза тағайындалғанда сөз жоқ ескеріледі. Қылмыс құрамының жалпы түсінігінің ол туралы ілімінің заңдылықты сақтауда және оны нығайтудағы маңызы орасан зор.

Қылмысты дұрыс саралау  үшін, нақты қылмыс құрамдарының белгілерін тиісінше дұрыс түсіну кажет. Осындай  әдіс қылмыс құрамының жалпы белгілерін білуге жәрдемдеседі. Ал қылмыс кұрамының  жалпы түсінігі нақты қылмыс құрамын қатесіз табудың аса кажетті сатысы болып табылады.  

2.2. Қылмыс құрамының  түрлері

Жекелеген қылмыс құрамының  мазмұнын терең ашу, олардың белгілерін анықтауды женілдету және нақты  істелген іс-әрекетті дұрыс саралау  мақсатымен қылмыс кұрамының түрлері нақты белгілер бойынша өзара бөлінуі мүмкін.

Қылмыстық құқық ғылымында  мұндай бөлінудің негізі (критеориясы) болып: біріншіден, іс-әрекеттің қоғамға  қауіптілігінің дәрежесі, екіншіден, қылмыс кұрамының сипатталу тәсілі, үшіншіден, қылмыс құрамының құрылысы есепке алынады. Іс-әрекеттің коғамға кауіптілігінің дәрежесі мен мәніне карай құрамдар негізгі, жауаптылықты ауырлататын қылмыс кұрамдары және жауаптылықты жеңілдететін кылмыс құрамдары болып бөлінеді. Негізгі қылмыс құрамы деп іс-әрекеттің белгілі түрі бойынша онда негізгі, тұрақты белгілердің болуын айтамыз. Негізгі қылмыс кұрамында қылмысты ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайлар көрсетілмейді. Мысалы Қылмыстық кодекстің 96-бабының І-бөлігіндегі құрам негізгі құрамға жатады. Онда кісі өлтірудің жай түрі ғана көрсетілген, ауыр немесе жеңіл түрлері айтылмаған.

Егер қылмыс құрамында  осы іс-әрекеттің негізгі белгілерінен басқа жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар  көрсетілсе, онда ондай қылмыс құрамын  жауаптылықты женілдететін қылмыс құрамы деп айтамыз. Мұндай қылмыс кұрамына Қылмыстық кодекстің 98-бабында көрсетілген қылмыс құрамы жатады (жан күйзелісі жағдайында болған кісі өлтіру). Негізгі белгілермен бірге жауаптылықты ауырлататын жағдайлар көрсетілген қылмыс құрамы, сараланған қылмыс кұрамы (яғни, жауаптылықты ауырлататын құрам) деп аталады. Сондай-ақ құрам қатарына 129-баптың III бөлігінде көрсетілтен адамды ауыр қылмыс істеді деп айыптап жала жабу жатады. Немесе 175-баптың 2-бөлігіндегі ұрлықты ауырлататын жағдайлар: адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, бірнеше рет т. б. жағдайлар жатады. Қылмыс кұрамының сипатталу тәсіліне қарай құрам жай қылмыс құрамы, күрделі қылмыс құрамы және балама қылмыс құрамы деп бөлінеді. Жай құрам дегеніміз қылмыс құрамының белгілерінің біркелкі болуы, яғни оның бір ғана объектісі, бір ғана объективтік жағы ғана болуы. Бұған мысалы, 125-баптың І-бөлігінде көрсетілген адамды ұрлау жатады. Күрделі қылмыс құрамы деп қылмыс құрамы элементтерінің бірінің күрделенуін айтамыз (объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы). Мысалы, екі объектіге бірдей қол сұғуын (179-бап — карақшылық). Кінәнің екі түрлі нысаны болатын қылмыстар (103-бап, 2-бөлігі және т.б.). Балама құрам деп Қылмыстық кодекстің бабындағы диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істегендікті айтамыз. Мысалы, 259-бап есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату. Қылмыс құрамының құрылысына қарай құрамды түрге бөлудің де практикалық маңызы ерекше. Осы белгісі бойынша қылмыс құрамы материалдық, формальдық және келте қылмыс құрамы болып бөлінеді. Іс-әрекеттің нәтижесінен болатын зардап қылмыс құрамында көрсетілсе ондай қылмысты материалдық қылмыс құрамы деп атайды. Мұндай қылмыс құрамы әрекет немесе әрекетсіздік жасалған уақыттан бастап қана емес, заңда көрсегілген қылмыстың зардабы болған уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Мысалы, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланып қиянат жасауды келтіруге болады (307-бап). 

Формальдық қылмыс құрамы деп зардабы болмайтын қылмысты айтамыз. Формальдық кылмысқа жататындар: пара беру (312-бап), қызмет жөніндегі жалғандық (ЗІ4-бап). Пара беру, параны кез келген нысанда берген уақыттан бастап, белгілі бір зардаптың болуына қарамастан аяқталған қылмыс деп саналады. Кейде заң шығарушы қылмыстың аяқталған уақытын алдын ала қылмысты әрекет сатысына көшіреді. Мұндай құралымда қылмыс құрамын келте құрам деп айтамыз. Келте қылмыс кұрамына адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру қаупінде қалдыру (116-бап, 1-бөлігі) жатады. Бұл кұрам бойынша заң шығарушы аяқтау уакытын оның зияндылығына байланысты оқталу сатысына көшірген. Яғни, бұл қылмыс деп аталған адамдардың жәбірленушіге осы ауруды жұқтырған уақытынан емес, оларға осы ауруды жұқтыру қаупін туғызған уақыттан бастап аякталған деп танылады. Келте қылмыс құрамына бандитизм де (237-бап) жатады. Бұл қылмыс құрамы ұйымдастырылған уақыттан бастап-ақ біткен қылмыс деп есептелінеді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 

Қылмыстық құқық дегеніміз- құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын анықтайтын құқықтық нормалардың жиынтығы.

Қылмыстық құқықтағы  негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу — қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздіктің) көрінісі болып табылады.

Қылмыс пен қылмыс құрамы өзара тығыз байланысты, бірақ  бір-біріне ұқсамайтын қылмыстық-құқылық  түсініктер. Олардың өзара мазмұны да, бағытыда әртүрлі. Жоғарыда айтқандай қылмыс туралы ұғым Қылмыстық кодекстің 9-бабында берілген. Осы баптағы анықтамадан көрінгендей, қылмыс дегеніміз адамның әлеуметтік-құқылық, қоғамға қауіпті және кұкыққа қайшы секілді міндетті белгілерінің жиынтығынан туатын ерекше іс-әрекеті болып табылады.

Сонымен қорыта келе, қылмыстың жалпы түсінігі- сол қылмыстың заңдылық сипаттамасын беріп қана қоймай, оның әлеуметтік-саяси мәнін де ашып көрсетеді. Өмірде қылмыстық құбылыстар әртүрлі нысанда көрініс тауып немесе түрлі түрде болатындықтан қылмыстық заң қылмыстың жалпы түсінігімен бірге нақты қылмыстардың да түсінігін қарастырған.

Информация о работе Қылмыс құрамы