Сот фотосы кәсіби дағдыларды маман ретінде жүзеге асыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 11:05, творческая работа

Описание работы

Работа содержит презентацию по дисциплине "Криминалистика"

Работа содержит 1 файл

фото.ppt

— 4.90 Мб (Скачать)

«Эмили» медицина орталығы 

 

Тақырыбы: Сот фотосы кәсіби дағдыларды маман ретінде жүзеге асыру

 

Орындаған:Джунисбекова Г.Е.

Тексерген: Немасипова К.И.

 

Алматы 2013

Криминалистік  фотографияның   даму    
тарихы  жалпы  фотография   тарихына  негізделеді. 

 

  • Қылмыспен  күресу   мақсатында  фотосурет  XIX  ғасырдың  ортасынан   бастап  қолданыла  бастады.  Басында  негізінен   қылмыскерлерді   есепке  алу  үшін  қолданылса,  соңынан   қылмыскерлерді жедел  іздестіру,  оқиға  болған  жерді  қарау,  табылған   белгісіз  өліктерді  есепке  қою  және  жедел-іздестіру  жұмыстарын  іске асыру   мақсатында  қолданыла  бастады

 

  • XIX  ғасырдың  70  жылдарында  аталған  мақсаттарды  жүзеге  асыру  үшін  арнайы  құралдар  шығаруға  талпыныстар  жасала  бастайды. Бұл  сұраққа  бірінші   болып  үлкен  көңіл  аударған  француз  криминалисі  Альфонос Бертильон    болды. Ол  ірі  пішімді  фотокамераның   бірнеше   түрін  ойлапи   шығарды   және  жалпы  фотографияның   техникалық   тәсілдері   мен  әдістерін  қолдана  отырып,  қылмыскерді 1/7   кескіні  көрсететін  суретке  түсіруді  ұсынды

 

  • XIX  ғасырдың  соңында  Ресейде  сот  фотографиясын  қолданумен  байланысты  құжаттар  сараптамасы   жүргізіледі.  Орыстың   белгілі  криминалисі  Е.Ф. Буринский  зерттеу  фотографиясына   үлкен  үлес  қосады. Сол  үшін  оған  1889  жылы  Ломоносов  атындағы  ғылыми  сыйлық  берілді.
  • Фотографияны  тергеу  және  сараптау   тәжірибесінде  қолдану   сұрақтарының  жүйесін  атақты  совет  криминалисі С.М. Потапов  1926  жылыв  «Сот   фотографиясы»  кітабында  жазды.

 

  • Бұл  салада  өзге де  ғалымдар  ғылыми  жұмыс  жүргізген   және  жүргізуде. Қазіргі    уақытта   сот   фотографиясы   бойынша  жазылған  көптеген   әдебиеттер  бар.  Бұл   аймақта  сот  фотографиясы  А.А. Эйсман,  Н.А. Селиванов  және   басқалардың   еңбектерінде  жақсы  айтылады.  Осы  көрсетілген  және  де   басқа  ғалымдардың   еңбектерінің   негізінде  криминалистиканың   жаңа  саласы-криминалистік   фотография  қалыптасты.

 

  •    Криминалистік  фотография  дегеніміз- тергеу   іс-әрекеттерінде,  жедел-іздестіру  және  сот  сараптамасында  пайдаланылатын,  фотосуретке  түсірудің  ғылыми  негізде  анықталып  айқындалған  әдістер  мен  тәсілдер  жүйесі.
  • Криминалистік   фотография   қылмысты   ашу   және  тергеу  үшін   қажетті   мәліметтерді   беруде   құжаттылығымен,  көрнектілігімен,  жоғары  дәлелділігімен,  шынайылығымен   және  жағдайды   тез   бекітуімен  ерекшеленеді.

 

  • Криминалистік  фотография  жалпы   фотографияға  негізделгенімен,  оның   өзіндік   бірқатар  ерекшеліктері  бар. Олар:
  • а) түсіретін   нысанның  өзіндік  міндеттемесі,  яғни  тергелетін  қылмыстың   оқиғаларымен  байланыстылығы (заттай  айғақтар,  орын,  мәйіттер, т.б.);
  • ә) криминалистік  фотографияны   қолданатын  арнайы   субъектілердің  болуы (тергеуші,  анықтаушы,  жедел  қызметкер,  учаскелік  инспектор,  маман-криминалист,  сарапшы);
  • б)  фотосуретке  түсіру  мақсаты  қылмыстық  істерді  тергеу  және  ашу  үшін  маңызы  бар  фактілерді  табу,  бекіту,  жинау  және  пайдалану;
  • в) арнайы  құралдарды, құжаттарды  қолдануы.  Мәселен,  кезекші  камерасы, С-64  құралы,  микрофотонасадка МРКА және т.б.
  • г) суретке   түсірудің  арнайы   тәсілдерін  қолдануы  ерекшеліктері (мысалы: қан  іздері,  аяқ  іздері);
  • д)  суреттерді  қолдан  қосымша  өзгертуге   болмайтындығы  (мәселен, ретушь-бұл  фотобейненің  механикалық  түзетудің  тәсілі;  қателерді  қарындаштармен,  бояулармен,  қырғыш  скальпельдермен  дұрыстау.

Назарларыңызға  
рахмет!


Информация о работе Сот фотосы кәсіби дағдыларды маман ретінде жүзеге асыру