Құрметті мемлекеттік аттестаттау комиссияның төрағасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 20:53, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі кезде мемлекеттер арасындағы өзара қатынастардың дамуы, өркендей түсуі, құқық аумағындағы мәселелерге қатысты болып отыр. Халықаралық қатынастардың соның ішінде сауда, экономика, өнер және де тағы да басқа салаларын алып қарастырсақ, олар келіп авторлық құқықпен байланыстырады.
Авторлық құқықтың халықаралық тұрғыда немесе қоғамның ішкі қатынастарында болсын өзіне тән әр алуан мәселелері толық шешіле қойған жоқ, ал оларды құқықтық реттеудің одан әрі күрделенуін қазіргі талаптарға сай шығып жатқан электрондық және басқа да неше түрлі технологиялардың жаңаруы бірден бір себебін туғызуда.

Работа содержит 1 файл

Құрметті мемлекеттік аттестаттау комиссияның төрағасы.doc

— 32.50 Кб (Скачать)

Құрметті мемлекеттік  аттестаттау комиссияның төрағасы, комиссия мүшелері және қатысушылар. Сіздердің  назарларыңызға ұсынылып отырған дипломдық  жұмыстың тақырыбы авторлык кукыкпен сабакатас кукыктын сипттамасы.

КІРІСПЕ 

          Қазіргі кезде мемлекеттер арасындағы өзара қатынастардың дамуы, өркендей түсуі, құқық аумағындағы мәселелерге қатысты болып отыр. Халықаралық қатынастардың соның ішінде сауда, экономика, өнер және де тағы да басқа салаларын алып қарастырсақ, олар келіп авторлық құқықпен байланыстырады.

          Авторлық құқықтың халықаралық  тұрғыда немесе қоғамның ішкі  қатынастарында болсын өзіне  тән әр алуан мәселелері толық  шешіле қойған жоқ, ал оларды  құқықтық реттеудің одан әрі  күрделенуін қазіргі талаптарға  сай шығып жатқан электрондық  және басқа да неше түрлі технологиялардың жаңаруы бірден бір себебін туғызуда.

          Қазақстан Республикасының заңнамасында  авторлық құқықты реттеу  үшін  1996 жылы 10 маусымда «Авторлық құқық және сабақтас құқық» туралы заң [1] және Азаматтық Кодекстің Ерекше бөлімінің 1999 жылы 1 шілдеде қабылданды.[2]  Бұл заңдар авторлық құқық туралы КСРО кезінде қалыптасқан тұжырымды түбімен өзгеріске ұшыратты. Ондағы басты өзгеріске ұшырағаны авторлық құқықты тану автордың өз құзыретінде делінген, ал жоғарыда айтылғандай КСРО кезінде авторлық құқық обьектілері жеке меншігі деп танылмаған еді.

          Қазақстан Республикасында авторлық  құқық саласында ең негізгі  нормативтік құқықтық акт ретінде  авторлық құқық және сабақтас  құқықтар туралы заң болып  табылады. Оның себебінің бірі ол авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласында пайда болған қатынастарды реттеу тетіктерін пайдалануда, дамытуда тиімді және де авторлық құқыққа тән құқықтық атмосфераны жасауға үлкен әсерін тигізеді.

          Осы авторлық құқыққа қатысты  ғылыми тұжырымдар бұрынғы кеңес одағы кезінде қалыптасқан қазіргі нарықтық экономикада тіпті қолдануға келмейді. Кеңестік республикалар одағының құрамында болған кездерде авторлық құқыққа қатысты жағдайлардың барлығыда мемлекеттің монополиясында болса, ал ендігі кездерде авторлық құқықтағы шарттар шығармашылықты және интеллектуалдық меншікті қолдануда, дайындауда, жасау кезінде авторлық құқықты және де шаруашылық байланыстарда бекітудің негізгі тәсілі ретінде ие болды.

          Сонымен қатар, бұл жұмыста авторлық құқықтың нарықтық экономикадыға алатын рөлін әлеуметтік, мәдени және экономикалық тұрғыдан қарастыруға тырысып көрейік.

          Өз жұмысымда Қазақстан Республикасының  заңнамасы бойынша авторлық құқықты  реттеу ерекшеліктерін қарастыра отырып, бұл саладағы заңнаманы жетілдіре түсу қажет деп есептеймін. Бұл ретте автордың мүліктік құқықтары мен қатар, мүліктік емес құқықтарын қорғауды да ниеті қарастыру қажет. 

   Авторлык  кукыкпен сабактас кукыктын ең негізгі мәселесі оның қорғауы болып келеді. Өзіндік кейбір арнайы ерекшеліктерінің арқасында зияткерлік меншік бақылау мен қорғауға қиын беріледі, ал бұл ақы алу мақсатындағы шығармалардың заңсыз өндіруі мен таралуы, яғни – қарақшылықтың жаппай кең жайылуына әкеледі. Біз қарақшылық әсіресе дамыған мемлекеттердің экономикасына, әсіресе, халықаралық алаң мәртебесінде үлкен зиян әкелетінін білеміз. Бұл мәселе екі бөліктерден тұрады. Ең алдымен, бұл заң шығарушылығының кемшілігі – Жүйедегі зияткерлік меншіктің сұрақтары құқықты деңгейде реттелген, екіншіден – Жүйедегі шығармашылық қызметінің нәтижесі қорғалуға, байқалуға берілмейді, ал құқық бұзушыны «ұстау» тіпті қиын. Егер заң шығарушылықтағы келісімдерін арнайы мөлшерлі-құқықты актілерін қабылдауымен жеңіл жаюы жүзеге асырылса, онда қазіргі кезеңдегі зияткерлік меншік қорғауы қамтамасыз етілетін еді.

   ҚР  құқықты мемлекет құруы барысында  зияткерлік меншік мәселелерін де шешу керек, себебі, біз ғылым мен өнер жетістіктерді пайдалану, сонымен бірге өзіндік авторлық құқықтарын қорғау құқықтары Адам қоғамының жаппай Демократиясына, экономикалық, социалдық және мәдениет құқықтары туралы халықаралық Пактке адамның негізгі құқық қатарына тапсырылған. Осындай мәселелер шешкендегі туындайтын қиындықтарын мойындап, біз мемлекетте зияткерлік меншік сұрақтары қалай реттелетінінен оның әлем алаңындағы абыройы бағынды болады дегенді ұмытпау керек. Әлемнің ешбір елі өзінде зияткерлік меншік қорғаудың нәтижелі жүйесін құрамас, дамыған және мәдениетті деген атауына ие бола алмайды, сондықтан зияткерлік меншік өрісіндегі Қазақстанның тек жаңа белсенді әлеуметі қолданылады, бұл жақында нәтижелерін  әкелетіні сөзсіз.

   Назар аударғандарыңызға РАХМЕТ! 

Информация о работе Құрметті мемлекеттік аттестаттау комиссияның төрағасы