Криминалистика

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 19:23, реферат

Описание работы

Криминалистика курсы бойымша оқу әдістемелік кешенінде дәріс тезистері, кримииалінтиканың теориялық негіздері, криминалистикалық техпиканың негіздері, криминалистикалық тактика мен криминалистика әдістемелердің негіздері бойынша тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар ұсынылған. Зерттеудің нәтижесінде студенттер тәжірибе жүзінде криминалистикалық зерттеудің әдістері мен тәсілдерін қолдана білуі тиіс.

Работа содержит 1 файл

Криминалистика.docx

— 110.85 Кб (Скачать)

                         Криминалистика 

Криминалистика курсы  бойымша оқу әдістемелік кешенінде  дәріс тезистері, кримииалінтиканың  теориялық негіздері, криминалистикалық  техпиканың негіздері, криминалистикалық  тактика мен криминалистика әдістемелердің негіздері бойынша тапсырмалар  мен әдістемелік нұсқаулар ұсынылған. Зерттеудің нәтижесінде студенттер тәжірибе жүзінде криминалистикалық  зерттеудің әдістері мен тәсілдерін қолдана білуі тиіс.

Пререквизиттері: берілген курсты зерттеудің алдында  
«Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «Қылмыстық құқық», «Жалпы және құқықтық психология», «Криминология», «Конфликтология», «Азаматтық іс жүргізу құқығы», «Азаматтық құқық», «Прокурорлық қадағалау», «Әкімшілік құқық», «Конституциялық құқық» пәндерін игеру барысында алған теориялық және құқықтық білімдер қажет.

Постреквизиттері: берілген курсты игергеннен кейін «Криминалистика» пәнін зерттеу барысында алған білімді келесі пәндерді зерттеуде қолдануға болады: «Жедел іздестіру қызметі», «Соттық дәлелдемелер теориясы», «Адвокатура және адвокаттық қызмет», «Қылмыстарды саралау теориясы», «Алдын-ала тергеудің психологиясы», «Қылмыстық әрекеттің мінез-құлық механизмінің кримиңалистикалық аспектілері», «Кеден ісіндегі анықтау өндірісі», «Кеден қызметінің психологиясы», «Шет елдердегі соттардың құрылымы», «Қазіргі кездегі құқықтық жүйелер», «Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «Азаматтық іс жүргізу құқыгы», «Соттық риторика», «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі» және т.б. 
 Пәннің қысқаша мазмұны: криминалистика әр тұрлі қылмыстардың тұрлерін жасау тәжірибесін зерттейді, оларға қарсы күрестің тәжірибесін жалпылайды және зерттейді, табиғи, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың негізінде қылмыстарды ашу, тергеу және алдын алудың әдістерін, құралдары мен тәсілдерін қалыптастырады, осыған байланысты тергеу және жедел іздестіру қызметкерлерін кәсіби дайындауды қамтамасыз ететін жетекші, ғылыми пән болып табылады. 
Криминалистиканың жалпы міндеті оның әлеуметтік мақсатымен ерекшеленеді - өзінің ғылыми жобаларымен қылмыстармен күрестің арнайы тәсілдері мен құралдарын дайындау жолымен қазіргі ғылымның және техниканың жетістіктерін жан-жакты қолдану негізінде анықтау, алдын ала тергеу және сот, криминалистикалық сараптама органдарының қызметін тиімді етуге септігін тигізеді. 
Криминалистиканың жалпы міндетін нақтылау қылмыстылықпен күрес жүзеге асырылытын бағыттарға қатысты іске асырылады яғни, қылмыстарды ашу, тергеу және алдын алу. 
Қылмыстарды ашудың маңызды құрамдас бөлігі болып жасырын (латентті қылмыстар) тұрде жасалған қылмыстарды (талан-тараж) анықтау ретінде түсінілетін - табу, сонымен катар тергелетін оқиғаның қылмыстық белгілерін айқындау табылады: жарылыс, өрт, жол-көлік оқиғасы және т.б. 
Тергеудің негізгі мазмұны больш дәлелдемелерді жинау, зерттеу және қолдану негізінде заңмен қарастырылған нақты тұлғаның тиісті іс-жүргізушілік нысандардағы қылмыстарды жасаудың кінәлілік мән-жайларын анықтау табылады. Сонымен бірге, тергеу кезінде криминалистиканың міндеттеріне жатпайтын қылмыстық іс жүргізудің тағы бірқатар міндеттері мен функциялары іске асады (тәрбиелеу функциясы, іске катысушылардың құқықтары мен мүддесін қамтамасыз ету және т.б.). 
Ашу мен тергеуді айыру үшін негіз ретінде қылмыстық іс жүргізудің танымдық және куәландыру функциялары қолданылады. Криминалистикадағы алдын алу деп қылмыстардың жасалу себептері мен шарттарын айқындау тәсілдерінің, сонымен қатар жаңа қылмыстардың жасалуына кедергі туғызатын, тыятын немесе нақты тұлғалардың қылмыстық әрекеттерді жасауын қиындататын профилактикалық шаралар жүйесін айтамыз. 
Қылмыстылықпен күрестің аталған нысандары көптеген елдердің криминалисттері үшін дәстұрлі болып табылады. 
Әлеуметтік функциясымен және ғылымдар жүйесіндегі орнымен ескертілген криминалистиканың жалпы міндеті криминалистиканың ішкі құрылымы мен әдістемесін сипаттайтын бірқатар жеке міндеттердің болуын қарастырады. Мұндай міндеттердің қатарына мыналар жатады: 
• қылмыстардың жасалу тәжірибесі және оларды тергеу бойынша қызметте жалпы және жеке, объективті заңдылықтар мен құбылыстарды зерттеу; 
• криминалистиканың ғылыми аппаратын қалыптастыру және жетілдіру; 
• қылмыстарды ашу, тергеу және алдын алу бойынша тәжірибөлік қызметтің тәсілдерін қалыптастыру және жетілдіру. 
Криминалистиканың пәнін дұрыс анықтау үшін қылмыскердің әрекеті және қылмыстарды ашу бойынша қызметтің құрамында баска ғылымдардың пәні болып табылмайтын нақ криминалистиканың тәсілдерімен зерттелуге жататын аспектілерді және әлементтерді бөліп алу қажет. 
Қылмыстық әрекет, қылмыстық-релеванттік оқиға, үрдіс, фактілер, ашу, тергеу бойынша қызмет криминалистиканың зерттейтін негізгі пәні болып табылады. 
Негізінен, криминалистика негізгі төрт бөлімнен тұрады: криминалистиканың жалпы теориясы, криминалистикалық техника, криминалистикалық тактика, криминалистикалық әдістеме. 
Жалпы бөлімнің міндеті болып криминалистиканың жалпы теориясы мен әдістемесін құру табылады. 
Криминалистикалық техника қылмыстық әрекет құрамындағы тетіктердің материалдық өзара әрекеттестігін және тергеу кезінде оларды зерттеу тәсілдерін зерттейді. 
Криминалистикалық тактика қылмыстық әрекеттің дайындық аспектілерін, сондай-ақ тергеудің рационалдық тәсілдерін зерттеуді өз алдына міндет етіп қояды. 
Криминалистикалық әдістеменің пәні болып жекелеген қылмыстардың түрлерін жасаудың ерекшеліктерін және оларды ашу, тергеу және алдын алу бойынша іс жүргізу әрекеттерінің кешенді жүргізілуі бойынша нұсқамаларды құру табылады.

Кіріспе

Кіріспе 
Криминалистикалық тергеу болжауы дегеніміз – тергеудің белгілі бір кезеңдерінде туныдаған жағдайларға, жиналған айғақты дәлелдемелерге негізделген қылмыстың түрі, оның болу тетігі және қылмыстың басқа да мән-жайлары жөніндегі тергеушінің ой-пікірі. 
Тергеу болжамы әр түрлі негіздер бойынша топталады. 
- Көлемі бойынша – жалпы және жеке; 
- Қозғалмалы субъектісі бойынша – тергеу, жедел-іздестіру, сараптамалық және соттық; 
- Болған жағдайдың дәрежесіне байланысты – қайталанбалы, жай немесе нақты, анық. 
Жалпы болжау – ол нақты қандай қылмыстың болғандығы жөніндегі тергеушінің ой-пікірі. 
Болжауды қалыптастырудағы логикалық ойлауда анализ бен синтез, индукция мен дедукция, аналогия тәсілдері қолданылады. 
Анализ – бұл зат бөліктерінің құрамын, кейбір жақтарының қасиетін, фактыны, құбылыстарды зерттеу. 
Синтез – бұл анализ арқылы бөлінген белгілерді біртұтас және байланыстырып зерттеу. 
Индукция – бұл жекеден жалпыға, ал дедукция – жалпыдан жекеге өтетін болжамалы жорамал. 
Аналогия – деректерді, олардың жеке белгі негіздерімен салыстыруды қорытындылайтын логикалық ойлау әдісі. Осындай теңестіруден мынандай қорытынды шығады: егер белгілер ұқсас болса, онда деректер де ұқсас немесе олар бірдей себептермен ұғындырылады. 
Болжауды құруда логикалық ойлау тәсілдерін қолдану: 
- Болжам деректемесіне негізделіп шыншыл жорамалдар құрылады; 
- Болжам логикалық дұрыс құрылып, өз мазмұнына қайшы келмеуі тиіс; 
- Болжауды тексеру, тергеу әрекетімен, жедел іздестіру іс-шараларымен жүзеге асуы қажет. 
Тергеуді жоспарлау – бұл уақыт пен күшті аз жұмсау үшін заң талабына сай болғанқылмыстың барлық жағдайын анықтау мен кінәлілерді ұстау бойынша жасалынатын мазмұнның негіздемесінен және жұмыс тәртібімен қорытындалатын ойлау процесі. 
Тергеуді жоспарлау қағидасы деп, қылмысты тергеуде жоспарлауға ұсынылатын криминалистикалық талаптардың орындалуын айтады. Оны сақтау қағиданың сапалы болуын қанағаттандырады. 
Жоспарлаудың негізгі үш қағидасы болады: 
- Нақтылық. Нақтылық қағидасы жоспардағы болжамды тексеру үшін қажетті мәселелердің болуын, өткізілетін барлық тергеу әрекеттерінің іздеуші және басқа іс-шаралардың болуын, олардың орындау мерзімі мен оның орындаушыларын анық белгілеуді білдіреді. Жоспарда анық бір куәгерден жауап алу, сезіктілердің қайсысына тінту өткізу, осы тергеу әрекеттерін кім және қашан жүзеге асатыны көрсетілуі тиіс. 
- Жекелік. Жекелік қағидасы жоспарды тек қана бір іс үшін және оның ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін есепке алу мен құру міндеттемесін білдіреді. Барлық қылмыстық істер бойынша типтік бағдарлама ретінде бір ғана жоспар құру мүмкін емес. 
- Динамикалық (қозғалмалық). Динамикалық қағиданың жоспарлау процесі – бұл бір рет қолданылатын акт еместігін білдіреді; құрастырылған жоспар аяқталынған болып саналмайды, ол әрқашан толықтырылады және өзгертіліп отырады, сондай-ақ оның өзгеруі мен толықтырылуының мүмкіндігі мен қажеттігі алдын ала ұғындырылады. 
Жоспарлау келесі ретпен жүзеге асрылады: 
- Алғашқы тергеу әрекетін жоспарлау; 
- Тергеу ісі барысындағы іс-әрекеттерін жоспарлау; 
- Тергеудегі істің соңғы этабын жоспарлау.

Криминалистикалық техниканың жалпы қағидалары

Жоспар 
1 Криминалистикалық техника 3 
2 Криминалистикалық фотография, бейне жазу 5 
3 Криминалистикалық трасология 8 
4 Криминалистикалық қару тану 10 
5 Криминалистикалық габитоскопия (сот-портреттiк идентификация) 13 
6 Құжаттарды криминалистикалық тұрғыдан зерттеу 15 
7 Криминалистикалық тiркеулер 17 
Әдебиеттер 19

--- Документ представлен для ознакомления  в сокращенном виде ---

1 Криминалистикалық техника 
“Криминалистикалық техника” терминi ғылыми әдебиеттер және тәжiрибеде екi түрлi мағынада қолданылады: 1) криминалистика ғылымының бiр бөлiмiретiнде; 2) қылмысты тергеу кезiнде қолданылатын, арнайы техникалық құралдар, тәсiлдер және әдiстер ретiнде. 
Криминалистика ғылымының бiр бөлiгi ретiнде, криминалистикалық техника құрылымды түрде бiрнеше салалардан тұрады (нақты теориялар, iлiмдер): криминалистикалық фотография, кино-, бейне жазу; iздер туралы криминалистикалық iлiм (соттық iз тану); қару және одан қалған iздердiң криминалистикалық зерттеуi (криминалистикалық қару тану); құжаттарды криминалистикалық тұрғыдан зерттеу (жазудың криминалистикалық зерттеуi және құжаттардың техникалық-криминалистiк зерттеуi); адам сырт келбетi белгiлерi туралы криминалистикалық iлiм (габитоскопия); криминалистикалық тiркеулер.

--- Документ представлен для ознакомления  в сокращенном виде ---

2 Криминалистикалық фотография, бейне жазу 
Фотоға түсiрудiң арнайы тәсiлдерiн оқып үйренбес бұрын, жалпы фотография негiздерiмен танысқан жөн. Оларға: фотографиялық аппарат құрлысы, фотографиялық материалдар (пластиналар, пленкалар, қағаздар, химиялық реактивтер), олардың түрлерi, қасиеттерi, фотоға түсiрудiң жалпы техникасы, жарық сәулесi әсер еткен пленка мен пластиналарды лабороториялық өндеуден өткiзу әдiстемесi жатады. Жалпы фотографияны бiлмей, сот фотографиясын оқып үйрену мүмкiн емес.

--- Документ представлен для ознакомления  в сокращенном виде ---

3 Криминалистикалық трасология 
Трасология деп, қылмыс механизмiн көрсететiн әр түрлi iздердiң пайда болу заңдылықтарын оқып үйренетiн және қылмысты әшкерлеу мақсатында iздердi жинап, зерттеудегi әдiс-құралдарды жетiлдiретiн криминалистикалық техниканың саласын айтамыз.

--- Документ представлен для ознакомления  в сокращенном виде ---

4 Криминалистикалық қару тану 
Аталмыш тақырыпты оқып-үйрену заты ретiнде, атыс қаруымен қатар, суық қару, жарылғыш заттар және оларды қолданудан қалған iздер де жүредi. 
Криминалистикалық баллистика деп әр түрлi атыс қаруын, оқ-дәрi, жарылғыш заттар және олардан қалған iздердi оқып үйренетiн және қылмысты тергеп ашу мақсатында осы объектiлердi табу, жинау, бекiту және зерттеудегi әдiс-құралдарды жетiлдiретiн криминалистикалық техниканың саласын айтамыз. 
Сот-баллистикалық зерттеу объектiлерi:

--- Документ представлен для ознакомления  в сокращенном виде ---

5 Криминалистикалық габитоскопия (сот-портреттiк идентификация) 
Бұл тақырыптың ғылыми негiздерi құқық қорғау органдары қызметiнде кеңiнен қолданылады: жеке тұлғаны куәландыратын құжаттарды тексергенде; тiрiадамдар мен мәйiттердi тану үшiн ұсынған жағдайларда; қылмыскерлерге iздеу салғанда; криминалистикалық тiркеуде; фотобейнелер бойынша жеке тұлғаны сараптамалық теңдестiру кезiнде және т.б.

--- Документ представлен для ознакомления  в сокращенном виде ---

6 Құжаттарды криминалистикалық тұрғыдан зерттеу 
Қылмыстық iстердегi дәлелдемелер арасында құжаттар ерекше орын алады. Олар құқық қорғау органдарының тәжiрибесiнде кеңiнен қолданылады. Құжаттардың криминалистикалық зерттеуiнде қолданылатын әдiс-құралдарды бiлу – әрбiр заңгерге қажет.

--- Документ представлен для ознакомления  в сокращенном виде ---

7 Криминалистикалық тiркеулер 
Криминалистикалық тiркеу түсiнiгi, мiндеттерi және оның қылмысты әшкерлеудегi маңызын ұғыну, осы тақырып төңiрегiнде қарастырылады.Тыңдаушылардың мiндеттi түрде бiлетiн мәселелерi: криминалистикалық тiркеу деген не; оны ұйымдастырудың ғылыми және құқықтық негiздерi; қылмыспен күресте қолданылатын, басқа да криминалистикалық құралдар жүйесiндегi криминалистикалық тiркеудiң алатын орны.

--- Документ представлен для ознакомления  в сокращенном виде ---

    
^ 1 Криминалистикаға кіріспе 
 
 
Криминалистика басқа да ғылымдар сияқты объективтік құбылыстар заңдылықтарының жиынтығы болып табылады. Бірақ та осы көптеген жиынтықтардан криминалистиканың айырмашылығы, ол қылмысты ойдағыдай ашуға, тергеуге және алдын алуға қажетті заңдылықтарды оқытады. Бұл заңдылықтардың қалыптасуы әрбір қылмыстың қоршаған ортамен байланысына және материалдық әлемдегі заттардың, жағдайлар мен іс-әрекеттердің өзара байланысы мен өзара қатынастылығы туралы диалектика заңына сәйкес. Осы заң негізінде міндетті түрде қоршаған ортада іздер мен көріністер қалады да әрбір қылмыс объективтік болмыста әр түрлі: идеалдық немесе заттың, құбылыстың ойда қалған түрінде және материалдық немесе материалдық іздер түрінде бейнеленеді. 
 
Қылмысты оқиға адамдардың әрекет-қимылдарынан болатындықтан қоршаған ортада, әсіресе қылмыс орнында көптеген іздер қалады да, қылмыскер туралы мәлімет көзіне айналады. Ал, осы іздердің пайда болу үрдісі объектінің қасиеті, белгілері және бейне түсіру ерекшеліктері негізінде қажетті бір заңдылықтарға бағынады. Іздерді, басқа да айғақ заттарды оқиға болған жерден тауып, оларды салыстыру, талдау, тексеру нәтижесінде қылмыстың тетігін анықтаймыз. 
 
Криминалистика пәні іздерді, айғақ заттарды іздеу, табу, бекіту, зерттеу әдістерінің және сол үшін қажетті техникалық криминалистік құралдары пайдалану жолдарын оқытып үйретеді. 
 
Криминалистика зерттейтін қылмыс тетігі деген ұғым бар-ол күрделі динамикалық жүйе болып саналады. Бұл жүйе қылмыстық әрекет затынан; қылмыс субъектісінен және оның өз іс-қимылымен, өзге қатысушы субъектілерімен қатынасынан; қылмыс жасауға дайындалу, оны іске асыру және жасыру жолдарынан; қылмыстық нәтижеден; қылмыс жағдайларынан (уақыты, орны, жағдайы және с.с.) және басқалардан тұрады.  
 
Қылмыс іздері тергеу жүргізіп отырған қылмыстық іс бойынша дәлелдеме тұрғысында көрінуі үшін олар құдіретті тұлғалармен заңды түрде жинақталуы, сарапталуы, бағалануы және пайдаланылуы қажет. Бұл жұмыстар да өз кезегінде криминалистика зерттеп оқытатын белгілі заңдылықтарға бағынады. 
 
Криминалистиканың практикалық маңызы да аталған заңдылықтар негізінде қылмысты ашу, тергеу және алдын алу мақсатына қажетті техникалы-криминалистік құралдарды, әдістермен тәсілдерді өңдеумен, жетілдірумен және дамытумен байланысты. 
 
Осы кезге дейінгі жарық көрген заң әдебиетінде криминалистикаға пәндік сипаттама беру мәселесіне үлкен назар аударылып, көп пікір таластар болғандығы байқалады. Ол орынды құбылыс, себебі әр пәннің мағынасын терең түсіну арқылы ғана оның маңызын біліп, негізгі қағидаларын дұрыс та тиімді пайдалануға болады. Берілген түрлі пәндік сипаттамаларды қорыта келгенде, олар негізінен криминалистиканың қылмысты ашуға және тергеуге қажетті ақпаратты, заттай дәлелдемелерді іздеп тауып, бекіту, зерттеу үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдер, сол үшін қылмысты-іс жүргізу заңға сәйкес пайдаланылатын техникалық құралдары, әдістер мен тәсілдерді оқытатын ғылым екені айтылады. Сонымен қатар, криминалистік тәсілдер мен әдістер тек қылмысты тергеу мен ашуда ғана емес, қылмыстың алдын алуға бағытталған және олар алдын ала тергеуде, сот мәжілісінде, кейбір сот іс-әрекетін жүргізуде қолданылады. 
 
Жоғарыда айтылған заңдылық элементтерін толығымен қамтып, жан-жақты тұжырымдай келіп, заманымыздың белгілі де беделді криминалист ғалымы, заң ғылымдарының докторы, профессор, академик Р.С.Белкин криминалистика пәніне төмендегідей пәндік сипаттама берген. 
 
 
^ 1.1 Криминалистиканың ұғымы, пәні, объектілері және мақсаттары мен       

                             міндеттері, қайнар көздері және қағидалары 
 
Криминалистика – бұл қылмыс тетігінің заңдылықтары, қылмыс және оның қатысушылары жөніндегі ақпараттың пайда болуы, сонымен бірге дәлелдемелерді жинақтау, бағалау мен қолдану туралы және қылмысты ашу, тергеу және алдын алуға бағытталған әдіс-тәсілдерінің танымдылық заңдылықтары туралы ғылым. 
 
Криминалистикада қолданылатын тәсілдер мен әдістер дәлелдемелерді жинақтауға бағытталған. Дәлелдемелерді жинақтау төрт кезеңнен тұрады, олар: 
 
- дәлелдемелерді немесе іздерді іздеп табу; 
 
- оларды бекіту; 
 
- оларды алу; 
 
- алынған заттай дәлелдемелерді немесе іздерді алу барысы мен қорытындысын рәсімдеу. 
 
^ Заттай дәлелдемелерді немесе іздерді табу дегеніміз-ол тергеу органдарының қылмысты ашуға, керекті дәлелдерді іздеуге байланысты жүргізілетін жұмыс әрекеті. Айғақ заттарды іздеуге арнаулы әдіс-тәсілдер және техника-криминалистік құралдар қолданылмаса, арнайы дайындықтан өткен маман болмаса, қылмысты дәлелдеуге қажетті іздерді, микрообъектілерді жай көзбен қарап тез арада тауып алу оңайлықпен келетін жұмыс емес. (Мәселен, қолдың майлы тер іздері). 
 
^ Дәлелдемелерді зерттеу-деп қылмыстық іс бойынша жинақталған заттай дәлелдемелерді немесе іздерді құзырлы тұлғалар заңды түрде қабылдап, олардың пайда болу тегін және қаралып отырған қылмыстың басқа да материалдарымен қарым-қатынасын тексеруін айтамыз. Іс бойынша заңды түрде жиналған және бекітілген заттай дәлелдемелер криминалистік тұрғыдан жан-жақты зерттеліп, қайдан қалайша пайда болғандығы тергеудегі қылмысты оқиғаға қандай дәрежеде қатысы бар екендігі анықталады. Сонымен қатар жеке іздерді, кейбір заттай дәлелдемелерді тексеруге арнаулы білімділік қажет болған кезде, күрделі криминалистік техниканы қолданып сарапшы зерттеуінен өткізеді. Сарапшылық зерттеуде дәстүрлі басқа да күрделі физикалық, химиялық әдістер спектрографиялық талдау,, газды, сұйық хроматографиялық зерттеулер және басқа да көптеген ғылыми-техникалық арнайы әдістер мен құралдар бар. 
 
^ Криминалистиканың пәні қылмысты сапалы тергеу мен болдырмау үшін қажетті білім және объективті заңдылықтар жиынтығы болып табылады. Криминалистиканың пәнімен, заңдылықтардың негізгі үш тобы қамтылады: 
 
- қылмыстың ішкі механизміндегі байланыс пен қатынастың пайда болу және даму заңдылықтары: іс-әрекетпен оның салдары арасындағы байланыс, әрекеттің ұқсас жағдайларда қайталануы қылмыстық субъект тәртібінің көріністері және т.б. с.с; 
 
- қылмыс заңдылықтары, қылмысты жасау мен жасыру әдістерінің қалыптасуы және жүзеге асуы, қылмыскер тұлғасы мен әдіс-тәсілдің байланыстары, қылмыс істеу тәсілінің қылмыс жасаудағы нақты жағдайларға тәуелділігі және т.б; 
 
- тергеуде маңызы бар қылмыспен байланысты пайда болу және өтпелі жағдай заңдылықтары; қылмысты жасауға жасырын дайындық, құралдарды таңдау, жағдайды тексеру, қылмыстық қол сұғушылық пәнін зерттеу және т.б. с.с. 
 
Көрсетілген заңдылықтардағы әрекеттер, байқалған деректер, құбылыстар, процестер криминалистикалық ғылым объектісі болып табылады: қылмыстық әрекет, қылмыстың пайда болуы, ашу және тергеу бойынша жасалынатын әрекет қылмыстық іс бойынша заттық дәлел ретінде көрсетілген материалдық объектілер, куәгерлердің, сезіктілердің, айыпкерлердің көрсетпелерін қалыптастыру және беру процесі, осы көрсетпелерді алу әдіс-тәсілдері т.б. Құқық қорғау органдарының қылмыспен күестегі ықпалы криминалистиканың жалпы мақсаты болып табылады. 
 
^ Криминалистиканың негізгі мақсаттары: 
 
а) криминалистика пәнінің негізін құрайтын объективті заңдылықтарды жалғастырып зерттеу оның жалпы және жеке теориясын, қылмысты ашу, тергеу және болғызбау бойынша құралдарды, әдістер мен ұсыныстарды қайталап қарау базасы ретінде дамыту; 
 
ә) техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдарды пайдалану арқылы қылмыстық тергеуді техника-криминалистикалық қамсыздандыру мақсатында қарастырып, дамыту; 
 
б) алдын ала және соттық тергеудің ұйымдастырылуы, тактикалық және әдістемелік негіздерін қарастыру және қатыстыру; 
 
в) қылмысты алдын-алудың криминалистикалық тәсілдері мен әдістерін қарастыру, осы мақсаттарда тергеу және сот практикасын зерттеу және қалыптастыру; 
 
г) шетелдік криминалист ғалымдардың жетістіктерін оқыту және оларды қылмысты тергеуде, ғылыми зерттеулер жүргізуде пайдалану. 
 
Криминалистиканың міндеттері жалпы, арнаулы және нақты болып үш топқа бөлінеді. 
 
Криминалистиканың жалпы немесе басты міндетті құқық қорғау органдарына қылмыспен күресуде қылмыстық құқық, криминология, қылмыстық іс жүргізу құқығы және басқа да ғылымдар саласы сияқты өз тұрғысынан көмектесу. 
 
Әрбір ғылымның пәндік сипаттамасы, мазмұны ол ғылымның міндеттерімен тығыз байланысты, сондықтан жоғарыда талдаған криминалистиканың пәндік сипаттамасы оның арнаулы міндеттерін анықтауға мүмкіндік береді. 
 
Криминалистиканың арнаулы міндеттері мыналар: 
 
- криминалистика пәнінің негізін құрайтын объективтік заңдылықтарды одан әрі кеңейтіп оқып зерттеу, осы ғылымның жалпы және жеке теорияларын дамыту, олардың жалпы әдістемелік негіздерін жасау. 
 
- Заттай дәлелдемелерді, іздерді тауып алу, бекіту, зерттеу үшін керекті жаңа криминалистік әдістер мен тәсілдерді одан әрі өңдеп жетілдіру және осы әдістерді пайдалануға лайықты жаңа техникалық құралдар жасап шығару; 
 
- алдын ала тергеу, сот тергеуінің және криминалистік сараптаманың ұйымдастырушылық, тактикалық және әдістемелік негіздерін жетілдіру. Әрбір тергеу әрекеттерінің тактикалық әдістерін өңдеу арқылы олардың нәтижелігін арттыру; 
 
- қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеудің әдістемесін өңдеп жетілдіру үшін жаңа ұсыныстар енгізу. 
 
- қылмысты азайту үшін криминалистік сақтық шараларын құқық қорғау органдарына ұсыну. 
 
- шет елдердегі криминалистика ғылымы жетістіктері мен тәжірибелерін қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін пайдалану. 
 
Криминалистиканың нақты міндеттері тез уақыт аралығында орындалатын сипатта болып келеді; мәселен, осы ғылым алдында өзінің кейбір кезеңінде қылмыстың жаңа түрлерін немесе топтарын (тапсырыспен адам өлтіру, компьютерлік ақпаратқа байланысты қылмыстар) тергеу әдістемесін шығару міндеті қойылады. Сонымен қатар, нақты міндет саласында соңғы кезде көтеріліп жүрген мәселеге, криминалистика жүйесіндегі бөлімдер санын төрттен беске дейін көбейту де жатады. 
 
Осы жерде криминалистика пәнінің міндеттерімен қатар оның негізгі қызметтерін (функцияларын) қарастыра кету төмендегідей болып келеді: 
 
- танымдық қызметі, яғни криминалистикамен жалпы таныстыру; 
 
- әдістемелік қызметі, бұл криминалистика ғылымы мен пәні арасындағы қарым-қатынасты, ғылыми және тәжірибелік мазмұндарын дұрыс тұжырымдау; 
 
- түсіндірмелік қызметі, криминалистика пәнінің ғылыми бейнесін, оның болмысын және элементтерін ашып көрсету; 
 
- жүйелендіру қызметі, бұл осы кезге дейінгі жиналған ғылыми және тәжірибелік материалдарды бір жүйеге келтіру; 
 
- құрастырмалық қызметі, яғни практикалық із танудағы құрал-жабдықтарды дамыту және жетілдіру; 
 
- криминалистік зерттеу қорытындыларын практикаға енгізу қызметі; 
 
- болжау қызметі, бұл қылмыспен күресте криминалистикаға ғылымында жинақталған деректерге, ақпараттарға қарап, болашақта қылмыс жасаудың қандай жолдары мен тәсілдері көбейетіндігін алдын ала болжап көрсету болып табылады. 
 
Криминалистикалық зерттеу ақпаратының негізгі қайнар көзі мыналар болып табылады: 
 
а) құқық бұзушылықпен күресті қалыптастыратын заңдар мен басқа да нормативтік актілер, қылмыстық іс жүргізуде тергелетін әрекеттер мен қатынастардың басқа да өрісі; 
 
ә) қылмыстық, моральдық және статистикалық жағдайлары; 
 
б) қылмысты ашу, алдын алу және қылмыскерлерді табу бойынша жүзеге асырылатын іс-шаралар, қылмыстық және басқа істердің, құқық қорғау органдарымен жүргізілетін әр түрлі тексерістердің материалдары, тергеу, сараптамалық, жедел іздестіруші-сот практикасының басқа құжаттары, сонымен бірге қадағалаушы органдардың құжаттары мен берілген анықтамалары; 
 
в) заңды және заңды емес салалардағы теориялық, әдістемелік, анықтама әдебиеттері, ғылыми-техникалық жетістіктер, басқа да ғылыми шығармашылық өнімдері, сонымен бірге оларды практика жүзінде қолдану тәжірибесі мен қорытындысын мінездейтін белгілері; 
 
г) тергеушілердің, прокурорлардың, сарапшылардың, соттардың, анықтау органдары жұмысшыларының қылмыспен күресуден алынған қорытындыларын енгізу мен ғылыми зерттеу шаралары бойынша қылмыс пен күреске пайдасы бар көзқарастары, қорытындылары, ойлары, ұсыныстары және т.б. 
 
^ Криминалистика қағидаларының қатарына 
 
келесі мәселелер кіреді: 
 
- құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті қылмыстар мен күресті жүзеге асырушы құқық қорғау органдарының талаптары бойынша криминалистикалық зерттеулердің қорытынды жағдайлары; 
 
-бұрын болған немесе қазіргі кезде және пайда болған криминалистикалық тұжырымдамалардың арасындағы байланыс және қатынас қағидасы; 
 
- заңды және заңды емес көріністегі басқа ғылымдардың жетістіктерін криминалистермен белсенді, белгілі бір кезеңге бағытталған, шығармашылық зерттеу қағидалары және оларды жеке өзіндік ғылыми мақсат үшін қалыптастыру; 
 
- жедел іздестіру, сараптамалық, тергеу, сот практикасының жетістіктерін тәжірибелерін зертеу қағидасы және осы бағыттағы ғылыми жұмыстарды пайдалану; 
 
- криминалистикалық зерттеу еліміздегі және одан тыс жерлердегі қоғамға қауіпті әрекеттердің даму жағдайы, құрамы, өзгерісі, тенденциясы және басқа да зерттелуші әлеуметтік процестер туралы көрсеткіштерді пайдалану мен тіркеу қағидасы; 
 
- қылмыспен және басқа да оған ұқсас құбылыстармен күресті бағыттаушы заңдар мен басқа да нормативтік материал ережелерін ғылыми реттеуде, сонымен бірге оны практика жүзінде ұтымды қолдану жайлы қағидасы. 
 
^ 1.2 Криминалистика дамуының қысқаша тарихы 
 
Қандай да болмасын ғылыммен танысқанда, білген оның тарихы, пайда болу мен даму сатыларын білген жөн. 
 
XIX ғасырда Еуропа мен Америка елдерінде ғылым мен техниканың айқын дамуы кәсіби ұйымдасқан қылмыстардың көбеюіне, ал ол өз кезегінде техника мен байланыстың жаңа құралдарының пайда болуына ықпал жасады. Мемлекеттердің жазалау органдарының бұрынғы пайдаланып келген құралдары мен әдістері енді қылмыстардың күрделі түрімен күресте дәрменсіз болып қалды. Бұл XIX ғасырдың соңына қарай жаңа ғылым саласы-криминалистиканың қалыптасуына себепші болды 
 
Жаңа ғылымның іргетасын қалаған бірнеше ғалымдар ішінде алғашқысы Франция ғалымы Альфонос Бертильон болды. Ол криминалистік тіркеудің, антропометриялық әдісін, сигналетикалық фотосурет негізін, оқиға болған жердегі метрикалық фотосуретке түсіруді, сөзбен айтқан бейнені шығаруды қалыптастырды.  
 
1882 жылы австрия сот тергеушісі Ганс Гросстың «Криминалистика жүйе ретінде сот тергеушілеріне жетекші құрал» атты жұмысы жарық көрді. Бұл еңбегінде автор сол кездегі қылмысты тергеудің жаңа әдістері мен тәсілдерін көрсетіп, олардың жаңа өңделу жолдарын көрсетті. Бұл кітапта Г.Гросс жаңа ғылым саласын «криминалистика» терминімен атауды тарихта бірінші болып ұсынды. Осы кезең, криминалистика-ғылымының жаңа саласы ретінде қалыптасуының басталуы болып саналады да, Ганс Гросс криминалистиканың негізін қалаушы деп танылады. 
 
Ағылшындар Вильям Гершель, Генри Фольдс, Френсис Гальтон, Эдвард Генри қазіргі трасология бөлімі ретінде дактилоскопияның негізін қалаған. Ал, Францияда Эдмон Локар өзінің «Қылмысты тергеудегі ғылыми әдістер» және «Криминалистикадан басшылық» және т.б. жұмыстарында заттай айғақтарды зерттеу әдістемелерін шығарды. 
 
Швейцария ғалымы Рудольф Арчибальд Рейс «Қылмысты тергеудің ғылыми техникасы» еңбегін жазып, дүние жүзінде ең бірінші болып сараптама-қриминалистік лабораториясын құрып, полиция қызметкерлерін заттай дәлелдемелерді зерттеудің ғылыми әдістеріне үйрететін оқыту курстарын ұйымдастырды. 
 
Криминалистиканың дамуына Ресей криминалистері де үлкен үлес қосты. «Құжаттардың сот сараптамасы, оны қолдану мен жүзеге асыру» кітабының авторы Е.Ф.Буринский 1903 жылы Петербургте бірінші сот-фотосурет лабораториясын іске қосты. С.Н.Трегубов өзінің (1915) «Қылмыстық техниканың негізі» атты практикалық жұмысында қылмысты ашуда, тергеуде ғылыми-техникалық құралдарды қолдану жолдарын ашып көрсетті. Ал, Б.Л.Бразоль «Тергеу бөлімі бойынша очерктер. Тарих. Тәжірибе» (1916) шығармасында тергеу қарауы тактикасын қарастырды. 
 
XIX ғ. Аяғы мен XX ғ. Басында ресейлік сот-сараптама мекемелерінің жүйесі пайда болды. 1892 жылы Петербургтің сот палатасы прокурорының сот фотографиялық лабораториясы, 1812 жылы Петербургте ғылыми-сот сараптама кабинеті құрылып, кейін (1913-1914) осындай мемекемелер Мәскеуде, Киевте, Одессада ашылды. 
 
Ресей криминалистері 1917 жылғы Қазан революциясынан кейін де криминалистиканың дамуына үлкен үлестер қосты. 
 
Өткен ғасырдың 20 жылдарында қылмысты ашу мен тергеуге, тергеу әрекеттерін жүргізу мәселелеріне байланысты көптеген жұмыстар жарық көрген. Солардың ішінде П.С.Семеновскийдің «Дактилоскопия-тіркеу әдісі ретінде» атты монографиясы (1923), С.М.Потаповтың «Сот фотографиясы» атты оқулық құралы (1926), И.Н.Якимовтың «Қылмыстық құралдар мен тәсілдерді қолдану» атты жұмысы (1925), кітабы Ресейде шыққан бірінші оқулықтар болды. 
 
Совет үкіметінің даму кезінде криминалистиканың көптеген мәселелерін дамытқан белгілі ғалым-криминалистер ішінде В.И. Громов, С.А. Голунский, А.И. Винберг, Е.И. Зицер, Б.М.Шавер, Н.В.Терзиев, Б.И. Шевченко, Б.М. Комаринец, Л.Е.Ароцкер, А.А. Эйсман, А.Р.Ратинов, Р.С. Белкин, Н.П.Яблоков, И.М. Лузгин, Гинзбург және тағы басқаларды айтуға болады.  
 
2 Кримналистік құжаттарды тану ұғымы, мазмұны, міндеттері 
 
 
^ 2.1 Құжаттар, криминалистік маңызды ақпараттардың түпнұсқалары 
 
Криминалистік құжаттар жазу табиғаты, құжаттарды жасау тәсілдері және жазбалар ерекшеліктері бойынша, нақты тұлғаның жалған құжаттар жасауын және оны анықтау тәсілдерін зерттейтін, қылмыстарды тергеу және ашу мақсатында құжаттардағы ақпараттарды пайдаланудың ғылыми негіздерін құратын саласы болып табылады. Криминалистік құжаттану жаратылыс, техникалық ғылымдар жетістіктеріне, тергеу және сот тәжірибелері қорытындыларына негізделеді. Криминалистік құжаттану атқаратын міндеттерді үш топқа бөлуге болады. 
 
^ Бірінші топ-құжатты жасайтын автордың белгілері мен қасиеттерін: жынысын, жасын, психикалық және физикалық жай-күйін, кәсіптік және басқа да дағдыларын анықтау. 
 
^ Екінші топ- құжат материалдарының (қағаз, бояғыш зат, сургуч, желім және т.б.) табиғатын, сапалық құрамын, қай топқа жататындығын, кейде материалдардың жасалу орнын және уақытын анықтау, құжатты, жалған құжатты немесе оның жеке реквизиттерін (қолдар, таңбалар, мөрлер, мөртаңбалар) дайындау құралдарын, шарттары мен тәсілдерін анықтау, өртенген құжаттардың мәтіндерін көрінбейтін және шамалы көрінетін мәтіндерді айқындау және т.б. 
 
Үшінші топ- сәйкестендіру міндеттерін орындау: құжатты жасаушыны жазу тілі мен қол жазуы бойынша; жазу техникасын-басылған мәтін бойынша; көбейткіш техникасын-онда дайындалған мәтіннің таңбалары бойынша және т.б. ұқсастыру. 
 
Бұл міндеттер құжаттарды зерттеудің екі түрін-жазуды криминалистік зерттеу және құжаттарды техникалық-криминалистік зерттеуден өткізу барысында нақтыланды және орындалады. Құжаттардың көптігіне (саласы, табиғаты, тегі бойынша), оларды жасау, көшіру, жалған жасау тәсілдерінің әр түрлілігіне қарамастан, жасандылар, ол үшін пайдаланылған материалдар мен құралдарға, сондай-ақ құжаттарды зерттеу әдістеріне және осы әдістер көмегімен орындалатын міндеттерге қарамастан құжаттар криминалиистік маңызы бар ақпараттар көзі ретінде, ал белгілі бір заңдылық шеңберіндегі бейнелеу және кейін қылмыстарды тергеу барысында осындай ақпараттарды зерделеудің объектісі болып қала береді. 
 
Криминалистикада құжаттармен жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстардың мән-жайы туралы ақпаратты қамтитын әр түрлі материалдық обектілер жатады. Бұл ақпараттың нақты мағыналық мазмұны болады және ол басылған немесе қолмен жазылған әріптермен, сандармен, белгілермен, кодтармен бейнеленуі мүмкін. 
 
Ақпараттарды бекіту тәсілдеріне байланысты жазу актілерін, сызба бейнелерін фото-кино-бейнематериалдарын, кодталған ақпаратты тасушы объектілерін (ЭВМ магнитті таспалары, магнитофон таспалары, компьютердің магнитті дискілері, перфотаспалар, перфокарталар және т.б.) ажыратады.

Информация о работе Криминалистика