Криминалистика ұғымдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2011 в 19:52, реферат

Описание работы

Куә, жәбiрленушi, сондай-аќ бостандыќта жүрген сезiктi, айыпталушы жауап алуға олардан ќолхат ала отырып тапсырылатын хабарлау ќағазы арќылы шаќыртылады, ал олар болмаған жағдайда кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң, көршiлерiнiң, жергiлiктi атќарушы орган өкiлдерiнiң бiрi арќылы немесе олардың жұмыс немесе оќу орындарының әкiмшiлiгi арќылы тапсырылады. Жауап алынатын адам өзге де байланыс ќұралдарын пайдалана отырып шаќыртылуы мүмкiн. Хабарлау ќағазында кiмнiң және кiм ретiнде, кiмге және ќандай мекен жай бойынша шаќыртылатыны, жауап алуға келетiн уаќыт (күнi, сағаты), сондай-аќ дәлелсiз себептермен келмеудiң салдары көрсетiледi. Кәмелетке толмаған адам оның ата-анасы немесе өзге заңды өкiлдерi арќылы шаќыртылады. Күзетпен ұстаудағы сезiктi және айыпталушы жауап алуға ол күзетте ұсталып отырған орынның әкiмшiлiгi арќылы шаќыртылады.

Работа содержит 1 файл

5 тапсырма РЕФЕРАТ.doc

— 147.00 Кб (Скачать)

      Алдын ала тергеу деректерi жария етiлмеуге тиiс. Олар, егер бұл тергеу мүдделерiне ќайшы  келмесе  және  басќа  адамдардың  ќұќыќтары  мен  заңды  мүдделерiн  бұзумен байланысты  болмаса,  онда  тек  тергеушiнiң,  аныќтаушының,  прокурордың  рұќсатымен ќандай көлемде жария ету мүмкiн деп танылса, сондай көлемде жария етiлуi мүмкiн.

      Тергеушi  ќорғаушыға,  куәларға,  жәбiрленушiге,  азаматтыќ  талапкерге,  азаматтыќ жауапкерге немесе олардың өкiлдерiне, сарапшыға, маманға, аудармашыға, куәгерлерге және тергеу  iс-әрекеттерiн  жүргiзу  кезiнде  ќатысќан  басќа  адамдарға  өзiнiң  рұќсатынсыз  iстегi мәлiметтердi жария етуге жол берiлмейтiнi туралы ескертедi, бұл туралы аталған адамдардан олардың жауапкершiлiгiн ескерте отырып, ќолхат алынады.

      Тергеу  іс – әрекеті

      1.Куә, жәбiрленушi, сондай-аќ бостандыќта жүрген сезiктi, айыпталушы жауап алуға олардан ќолхат  ала отырып  тапсырылатын хабарлау ќағазы  арќылы шаќыртылады,  ал олар болмаған  жағдайда  кәмелетке  толған  отбасы  мүшелерiнiң,  көршiлерiнiң,  жергiлiктi атќарушы орган  өкiлдерiнiң  бiрi  арќылы немесе олардың жұмыс немесе  оќу орындарының әкiмшiлiгi  арќылы  тапсырылады.  Жауап  алынатын  адам  өзге  де  байланыс  ќұралдарын пайдалана отырып шаќыртылуы мүмкiн. Хабарлау ќағазында кiмнiң және кiм ретiнде, кiмге және ќандай мекен жай бойынша шаќыртылатыны, жауап алуға келетiн уаќыт (күнi, сағаты), сондай-аќ  дәлелсiз  себептермен  келмеудiң  салдары көрсетiледi. Кәмелетке толмаған  адам оның  ата-анасы немесе  өзге  заңды өкiлдерi  арќылы  шаќыртылады. Күзетпен  ұстаудағы сезiктi  және  айыпталушы  жауап алуға ол  күзетте ұсталып отырған орынның әкiмшiлiгi арќылы шаќыртылады.

      Жауап  алу  алдын  ала  тергеу  өтетiн  жерде  жүргiзiледi.  Тергеушi  ќажет  деп  тапќан жағдайда жауап алуды жауап алынатын адам тұратын жерде жүргiзуге ќұќылы.

      Жауап алу кейiнге ќалдыруға болмайтын  жағдайлардан басќасында күндiзгi  уаќытта  жүргiзiледi. Жауап алу үзiлiссiз төрт сағаттан артыќ жүргiзiлмеуге тиiс. Жауап алуды демалу мен  ас  iшуге  арналған кемiнде бiр  сағат үзiлiстен кейiн жалғастыруға жол берiледi, мұның өзiнде  жауап  алудың  бiр  күн  iшiндегi  жалпы  ұзаќтығы  сегiз  сағаттан  аспауға  тиiс.

      Медициналыќ  дәлелдер  болған  жағдайда  жауап  алудың  ұзаќтығы  дәрiгердiң  жазбаша  ќорытындысының негiзiнде белгiленедi.

      Жауап алудың алдында тергеушi жауап алынатын адамның жеке басын аныќтауға  тиiс. Егер жауап  алынатын  адамның  iс  бойынша  iс жүргiзiлiп  отырған  тiлдi  бiлетiндiгiне күмән  туса, оның ќай тiлде жауап бергiсi келетiнi аныќталады. Жауап алуға шаќырылған адамға одан кiм ретiнде,  ќандай  ќылмыстыќ  iс  бойынша  жауап  алынатыны  хабарланады,  ќұќыќтары  мен мiндеттерi түсiндiрiледi, бұл туралы хаттамаға белгi ќойылады.

      Жауап  алу жауап  алынатын  адамға  iс  бойынша  өзiне  белгiлi  мән-жайларды  айтуды ұсынудан басталады. Егер жауап  алынатын адам iске мүлде ќатысы жоќ мән-жайлар туралы айтса,  оған  бұл  туралы  ескертiлуге  тиiс.  Еркiн баяндау аяќталғаннан  кейiн жауап алынып отырған адамға  айғаќтарды  наќтылау  мен толыќтыруға бағытталған сұраќтар  ќойылуы мүмкiн. Жетектеушi сұраќтар ќоюға тыйым салынады. Егер айғаќтар цифрлыќ деректермен немесе есте саќтау ќиын өзге мәлiметтермен байланысты болса, жауап алынатын адам өзiнiң өтiнiшi  бойынша немесе  оның  келiсiмiмен хаттамаға ќоса  тiркелуi  мүмкiн ќұжаттар  мен жазбаларды  пайдалануға ќұќылы. Жауап алу барысында тергеушi  жауап алынып  отырған адамға заттай дәлелдер мен ќұжаттарды көрсете алады, ал еркiн баяндау аяќталғаннан кейiн ќылмыстыќ  iс  материалдарындағы  айғаќтарды  жария  ете  алады,  дыбыс  және бейнежазбаларды немесе кино түсiру материалдарын тыңдатып, көрсете алады.

      Мылќау  немесе  саңырау  куәдан,  жәбiрленушiден,  сезiктiден,  айыпталушыдан жауап алу оның  белгiлерiн түсiнетiн және  онымен  белгiлер арќылы  сөйлесе алатын  адамның ќатысуымен  жүзеге  асырылады.  Мұндай  адамның жауап алуға ќатысуы хаттамада көрсетiледi.

      Жауап алынатын  адамның психикалыќ немесе өзге  ауыр науќасы болғанда одан жауап алу дәрiгердiң рұќсатымен және оның ќатысуымен жүзеге асырылады.

      Тергелетiн  iстiң мән-жайлары бойынша бұрын  берiлген айғаќтарды наќтылау немесе толыќтыру  ќажеттiлiгi  пайда  болған  жағдайда  ќайтадан  (ќосымша)  жауап алу жүргiзiлуi мүмкiн.

      Бiр  iс  бойынша  шаќырылған  куәлардан,  жәбiрленушiлерден  басќа  куәлардан  және жәбiрленушiлерден  бөлек  жауап  алынады.  Тергеушi  бiр  iс  бойынша  шаќырылған  куәлар, жәбiрленушілер жауап алу басталғанға дейiн өзара сөйлеспейтiндей шаралар ќолданады.

      Жауап алу алдында тергеушi куәнiң, жәбiрленушiнiң  айыпталушыға немесе сезiктiге ќандай ќатысы бар екенiн аныќтайды, оларға iс жүргiзудегi ќұќыќтары мен мiндеттерiн  түсiндiредi, айғаќ  беруден  бас  тартќаны  үшiн  ќылмыстыќ  жауапкершiлiгi  туралы  ескертедi.  Бұл  ретте тергеушi куәгерге, жәбiрленушiге өзiнiң, ерiнiң (зайыбының), жаќын туыстарының, ќылмыс жасағанын  ашатын,  сондай-аќ дiни ќызметшiге  тәубе үстiнде оған  iшкi  сырын  сенiп  ашќан адамдарға ќарсы айғаќтар беруден бас тартуға ќұќығы бар екенiн түсiндiруге мiндеттi.

      Он  төрт  жасќа  дейiнгi  куәдан  немесе жәбiрленушiден  жауап  алуға  ќатысу  үшiн,  ал тергеушiнiң  ќалауы  бойынша  он  төрт  жастан  он  сегiз  жасќа  дейiнгi  куәдан  немесе жәбiрленушiден жауап алуға ќатысу үшiн педагог шаќыртылады. Кәмелетке толмаған куәдан немесе жәбiрленушiден жауап  алу  кезiнде  оның  заңды  өкiлдерi  ќатысуға  ќұќылы. Он  алты жасќа дейiнгi куәлар мен жәбiрленушiлерге айғаќ беруден бас тартќаны үшiн және көрiнеу жалған  айғаќ бергенi  үшiн жауапкершiлiк туралы  ескертiлмейдi.  Мұндай  куәлар  мен жәбiрленушiлерге iс жүргiзудегi  ќұќыќтары мен мiндеттерi  түсiндiрiлген  кезде оларға  тек шындыќты  ғана  айтудың ќажет екенi  атап  көрсетiледi.  Кәмелетке  толмаған  куә  мен жәбiрленушiге  өздерiнiң  немесе жаќын  туыстарының  ќылмыс жасағанын  ашатын  айғаќтар беруден бас тарту ќұќығы түсiндiрiледi.

      Жауап алу хаттамасы

      Бiрiншi жауап алу хаттамасында жауап  алынып отырған  адамның жеке басы туралы деректер,  соның  iшiнде:  тегi,  аты,  әкесiнiң  аты,  туған  уаќыты мен жерi,  азаматтығы,  ұлты, бiлiмi, отбасылыќ жағдайы, жұмыс орны, жұмысының түрi немесе лауазымы, тұратын жерi,сондай-аќ iстiң мән-жайы бойынша ќажет болатын басќа мәлiметтер көрсетiледi. Сезiктiден, айыпталушыдан  жауап  алу  хаттамасында  бұрын  сотталғаны  немесе  сотталмағаны  туралы көрсетiледi.  Бұдан  кейiнгi  жауап  алуларда  жауап  алынып  отырған  адамның  жеке  басы туралы  деректердi,  егер  олар  өзгермеген  болса,  оның  аты-жөнiн  көрсетумен  шектеуге болады.

      Заттай  дәлелдер  мен  ќұжаттарды  көрсету,  хаттамаларды  жариялау  және  тергеу  iс-әрекеттерiнiң  дыбыс-  және  бейнежазбаларын,  киноға  түсiрiлуiн,  сондай-аќ  осыған байланысты жауап алынушы берген айғаќтарды көрсету мiндеттi түрде хаттамада жазылуға тиiс.

      Жауап  алынып  отырған  адам  тергеу  iс-әрекетi  барысында  схемалар,  сызбалар, суреттер, диаграммалар жасай  алады, олар хаттамаға ќоса тiгiлiп, хаттамада  ол туралы белгi ќойылады.

      Еркiн  баяндаудан  кейiн жауап алынып отырған  адам айғаќтарын өз ќолымен жазуға ќұќылы.  Жауап  алынатын  адам  өз  ќолымен  жазып,  оған  ќол  ќойғаннан  кейiн  тергеушi толыќтыратын және наќтылайтын сұраќтар ќоя алады.

      Жауап  алу  аяќталғаннан  кейiн  хаттама  оќып  шығу  үшiн  жауап  алынып  отырған адамға  ұсынылады  не  оның  өтiнiшi  бойынша  дауыстап  оќылады. Жауап  алынып  отырған адамның  хаттамаға  толыќтыру  мен  наќтылау  енгiзу  туралы  талабы  мiндеттi  түрде орындалуға тиіс.

      Айғаќтармен  таныстыру  фактiсi  және  олардың  дұрыс  жазылғанын  жауап  алынып отырған  адам  хаттаманың  соңында  өз  ќолын  ќою  арќылы  куәландырады. Жауап  алынып отырған  адам  сонымен  ќатар  хаттаманың  әрбiр  бетiне  ќол  ќояды. Жауап  алынып  отырған

адам  хаттамаға ќол ќоюдан бас тартќан  жағдайда тергеушi бас тарту себептерiн  аныќтайды, оларды хаттамаға енгiзедi және хаттаманы өзi ќол ќойып куәландырады.

      Егер  жауап алынып отырған адам тән  кемiстiгiне немесе өзге себептерге байланысты хаттамаға  өзi  ќол ќоя алмайтын  болса,  оның  өтiнiшi  бойынша хаттамаға ќорғаушы, жауап алынып отырған адам сенетiн өкiл немесе өзге адам ќол ќояды, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.

      Егер  жауап алуға аудармашы ќатысса, онда ол да хаттаманың әрбiр бетiне және тұтас хаттамаға  ќол  ќояды.  Ол  жауап  алынатын  адамның  өз  ќолымен  жазған  айғаќтарының аудармасына да ќол ќояды.

      Хаттамада  жауап  алуға  ќатысќан  барлыќ  адам  көрсетiледi.  Олардың  әрќайсысы  хаттамаға ќол ќоюға тиiс.

      Беттестіру

      Егер  бұрын жауап алынған  екi адамның көрсетпелерiнде елеулi ќайшылыќтар болса, тергеушi  осы  ќайшылыќтардың  себебiн  аныќтау  үшiн  оларды  беттестiредi. Беттестiрудiң басында  беттестiрiлiп  отырған  адамдардың  бiрiн-бiрi  бiлетiн-бiлмейтiндiгi  және  олардың арасында ќандай  ќарым-ќатынас бар екенi  аныќталады.  Куә мен жәбiрленушiге  айғаќ беруден бас тартќаны,  айғаќ беруден жалтарғаны және  көрiнеу жалған  айғаќ бергенi  үшiн ќылмыстыќ жауаптылығы туралы ескертiледi, сондай-аќ оларға өзiне, ерiне (зайыбына) және өзiнiң жаќын туыстарына, ал дiни ќызметшiлерге, - тәубе үстiнде өздерiне iшкi сырын сенiп ашќан адамдарға ќарсы куәлiк етпеу ќұќығы түсiндiрiледi.

      Беттестiруге шаќырылған адамдарға аныќтау үшiн  беттестiру жүргiзiлiп отырған iстiң  жайы  туралы  айғаќ  беру  кезек бойынша ұсынылады.  Мұнан соң тергеушi  сұраќ ќояды.

      Беттестiруге шаќырылған адамдар тергеушiнiң рұќсатымен бiр-бiрiне сұраќ ќоя алады.

      Беттестiру  кезiнде  тергеушi  iске  ќоса  тiгiлген  заттай  дәлелдер  мен  ќұжаттардыкөрсетуге ќұќылы.

      2. Ќылмыс iзiн, өзге материалдыќ  объектiлердi аныќтау, сондай-аќ iс  үшiн маңызы бар жағдайларды  айќындау маќсатында тергеушi, ал  ол жоќ болған жағдайда аныќтаушы  немесе ќылмыс  туралы  арыз  немесе  хабар  түскен  аныќтау   органының  лауазымы жағынан  жоғары ќызметкерi  жердi,  үй-жайларды,  заттарды,  ќұжаттарды,  көзi  тiрi  адамдарды,  мәйiттердi, жануарларды тексередi.

      Тексеру  бұған  ќажеттiлiк  пайда  болған  кезде,  әдетте,  кейiнге  ќалдырылмай  жүргiзiледi.

      Ќылмысты  ашу  үшiн  тергеу  талап  етiлетiн  ќылмыс  туралы  арыз  немесе  хабар алғаннан кейiн тергеушi оќиға болған жерге дереу келiп, тексеру жүргiзуге тиiс.

      Тергеушi  уаќытында  келе  алмайтын  жағдайда  тексерудi  аныќтаушы  немесе  арыз немесе  хабар  келiп  түскен  аныќтау  органының  лауазымы  жағынан  жоғары  ќызметкерi жүргiзедi.

      Тексеру куәлерді ќатыстыра отырып жүргiзiледi. Айрыќша жағдайларда (баруы ќиын жерлерде,  тиiстi  ќатынас  ќұралдары  болмағанда  немесе  басќа  объективтi  себептергебайланысты  азаматтарды  куә  ретiнде  тарту  мүмкiн  болмаған  кезде,  сондай-аќ  тексеруді жүргiзу  адамдардың  өмiрi мен  денсаулығына  ќауiп  төндiрумен  байланысты  болса)  тексеру куәлердi  ќатыстырмай,  бiраќ  бұл  ретте,  әдетте,  оның  барысы  мен  нәтижелерiн  бекiтудiң техникалыќ ќұралдарын ќолдану арќылы жүргiзiлуi мүмкiн.

      Ќажет болған жағдайда тексеру сезiктiнiң,  айыпталушының, жәбiрленушiнiң, куәнiң, сондай-аќ маманның ќатысуымен жүргiзiледi.

      Байќалған  iздердi  және  өзге  де  материалдыќ  объектiлердi  тексеру  тергеу  iс-әрекетi жүргiзiлетiн жерде өтедi. Егер тексеруге ұзаќ уаќыт ќажет болса немесе ќылмыс аныќталған жерде тексеру елеулi түрде ќиын болса, объектiлер ол жерден алынып, буып-түйiлiп, мөрмен бекiтiлiп және бүлiнбеген күйде тексеруге ыңғайлы басќа жерге жеткiзiлуге тиiс.

      Тексеру  кезiнде  аныќталғанның  және  алынғанның  бәрi  куәгерлерге,  басќа  да тексеруге ќатысушыларға  көрсетiлуi тиiс, бұл туралы хаттамада  белгi жасалады.

      Ќажет  болған  жағдайларда  тексерiлетiн  объектiлерге  өлшеу  жүргiзiлiп,  олардың жоспарлары  мен  схемалары  жасалады,  сондай-аќ  суретке  түсiру  және  өзге  ќұралдармен бейнелеу жүргiзiледi,  бұл  туралы хаттамада  белгi  ќойылып,  оған  аталған материалдар ќоса тiгiледi.

      Тұрғын  үйдi  тексеру  тек  онда  тұратын  кәмелетке  толған  адамдардың келiсiмiмен немесе прокурордың санкциясымен ғана жүргiзiледi. Егер онда тұратын адамдар кәмелетке толмағандар болса немесе  психикалыќ  немесе  өзге  ауыр  науќастан зардап шегетiнi  белгiлi болса немесе  тексеруге ќарсы болса,  тергеушi  прокурордың  санкциясы  алынуға  тиiс мәжбүрлеп  тексеру  туралы  ќаулы  шығарады.  Прокурор  санкция  беруден  бас  тартќан жағдайда тексеру жүргiзiлмейдi.

      Егер  оќиға  тұрғын  үйде болса және  оны  тексерудi  кейiнге  ќалдыруға  болмаса,  онда тұрғын  үйдi  тексеру  тергеушiнiң  ќаулысы  бойынша  жүргiзiлуi  мүмкiн,  бiраќ  кейiн  оның заңды  екенiн  тексеру  үшiн  жүргiзiлген  тексеру  туралы  бiр  тәулiк  мерзiмде  прокурорға хабарланады. Аталған  хабарды  алғаннан  кейiн прокурор  тексерудiң  заңды  екенiн  тексередi және  оның  заңды  немесе  заңсыз  екенi  туралы  ќаулы  шығарады.  Тексерудiң  заңсыз  екенi туралы  шешiм  ќабылданған  жағдайда  бұл  iс-әрекет  iс  бойынша  дәлел  ретiнде  жiберiле алмайды.

Информация о работе Криминалистика ұғымдары