Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 10:59, доклад

Описание работы

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға алынған.

Работа содержит 1 файл

Доклад уа-11-1 Джумабаева Айнур.doc

— 93.00 Кб (Скачать)

 

  Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға алынған. Бұл «Неке және отбасы туралы», «Отбасылық үлгідегі балалар деревнялары және жасөспірімдер үйлері туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Еңбек туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Дене тәрбиесі және спорт туралы» заңдары, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер және т.б.  Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтың қайнар көздерінің осылайша  көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесіннің көзделгендігін көрсетеді. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай мемлекеттіміз отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға аса назар аударып отыр.Отбасында тұрақтылық пен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету әрекеттері сәтсіз болған жағдайда, тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет.Баланың келешегіне кері әсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата-анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іс жүзіне асыру қажеттігінің мәні зор. 

Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының  алдын алудың ең маңызды алғы шарты  болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағымсыз құбылыстары жатыр. Ол ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмауы нәтижесінде, соңғы жылдары қараусыз, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп құқық бұзушылық жасауға баратын балалар саны көбейіп отыр. Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, ата-анасының қарауынсыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың келесі бір бағыты білім беру саласындағы заңнаманы жетілдіру, оның дәл және біркелкі қолданылуына тиісті бақылау және қадағалау жасауды қамтамасыз ету болып табылады. Оқу орындары, кәмелетке толмағандарға медициналық, кеңестемелік және басқа да көмек көрсететін, атап айтқанда осындай жәрдемге мұқтаж немесе қатыгездік құрбаны болған, ата-анасының мейірімін көрмеген және қудалау мен қанауға душар болған жасөспірімдерге қолұшын беретін базалық және анықтама орталықтарына айналуы тиіс. Нормативтік құжаттарда мектепке бару ережесін сақтау қиынға  соғатын, сондай-ақ мектепті тастап кететін кәмелетке толмағандарға арнайы көмек көрсетілетіні көзделіп, жастар арасындагы қылмыстың және кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың тиімді жолдарын табуға қатысты, ғылыми-зерттеу жүргізуде білім беру жүйесінің барлық буындарының арасында ынтамақтастық болуын ынталандыруға, сондай-ақ осындай зерттеулердің кең таралуы көзделуге тиіс. Осындай зерттеу нәтижелерінің негізінде білім басқармалары кәмелетке толмағандарға, заңға сәйкес мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелік құралдар әзірлеп, білім беру мекемелерінің жұмыс тәжірибесіне енгізу керек. Жасөспірімдер арасындағы заңға қайшы мінез-құлықтың алдын алудың неғұрлым тиімді шарасы девиантты мінез-құлқымен ерекшеленетін кәмелетке толмағандарды, әсіресе қоғамға қарсы бағдарланған жасөспірімдер топтарының лидерлерін дер кезінде анықтауға және олардың айналадағы адамдарға теріс ықпал жасауына жол бермеу болып табылады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, осындай жасөспірімдерді арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне орналастыру мүмкіндігі болғанда бұл жұмыстың пәрменділігі артады. Осының өзі құқық бұзушылықтың  қайталануын болдырмауға, сондай-ақ оларды ересек адамдардың тарапынан болатын теріс әсерден оқшаулауға мүмкіндік береді. Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, қараусыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың тағы бір бағытты әр түрлі қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің, клубтардың және т.б. қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру болып табылады, себебі кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алу көбіне жасөспірімдердің бос уақытын  да ұйымдастырылатын әр түрлі қызметтердің жұмыс сапасына байланысты.Мәдениет, ойын-сауық, спорт және туризм мекемелерінің, әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған кәмелетке толмағандарды көркемөнер, техникалық, спорт және т.б. үйірме, секцияларында үйренуге тарту, оларды отандық және дүниежүзілік мәдениет құндылықтарына баулу басты бағдарлама болуы тиіс.      

Менің ойымша  кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдары зор рөл атқарады. Бірақ, бұл істе айтарлықтай кемшіліктер бар екендігі барлығымызға белгілі. Мысалы: теледидар арқылы адам өлтіру, қатыгездік, қанкұйлы оқиғалар, алдап-арбау, эротикалық мағанадағы журналдар, фото суреттер, жарнамалар мұнын өзі келешек ұрпақтың мінез құлқының қалыптасуы мен даму процестеріне зиян келтіретіндігі айтпаса да түсінікті. Осы жағдайға байланысты бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңда, жастарға арналған тиісті қызметтер мен мүмкіндіктерді БАҚ-ы арқылы тарату қажеттігі туралы норма императивті түрде баяндалу керек. Заңда бұқаралық ақпарат құралдарын есірткімен, зорлықпен байланысты материалдар көрсетуді мейлінше азайтуға, сондай-ақ зорлық пен қанауды жағымсыз жағынан көрсетуге мүдделі ететін, осыған ынталандыратын нормалар көзделуі тиіс. БАҚ-ы өз бағдарламаларын дер кезінде түзетуі аса қажет, олардағы ақпарат балалар мен жасөспірімдердің ақылын кемітпей, қатыгез етпей, дұрыс бағдар беруі тиіс. Сонымен қатар есірткі мен алкогольді пайдаланудың алдын алудағы, бұл заттардың зияны туралы ақпаратты барлық деңгейде таратудағы рөлі мен жауапкершілігі заң жүзінде анықталғаны жөн. Жоғарыда айтылғандай, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауының себептеріне кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның, прокурорлық қадағалау, полиция, сот-тергеу органдарының  қызметін жетілдіру шаралары көзделіп, кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың тиімділігін арттыру үшін барлық құқық қорғау, мемлекеттік басқару органдарының, балалар мен жасөспірімдер мәселелерімен айналысатын жастар және қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің өзара ықпалдасуын, қызметтерін үйлестіру жөнінде кешенді шараларды әзірлеу қажет. Осы мақсатта үйлестіруші орган, балалар мен жасөспірімдер құқық бұзушылығының алдын алу іс шараларын жүзеге асыру кезінде жинақталатын ақпарат, тәжірибе, білім мен мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейде алмасуды жандандыруға тиіс. Осы орайда айта кететін бір жағдай, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялар, білім басқару мекемелері, ішкі істер органдары,  балалар мен жасөспірімдердің жалпы әлеуметтік нормалар мен құндылықтарға сай келмейтін мінез-құлқы, көп жағдайда есею процесімен байланысты болатындығын және есейген сайын олардың мінез-құлқы өзгеретіндігін, ал жасөспірімдерді тәртіп, құқық бұзушы немесе бастап келе жатқан құқық бұзушы деп анықтау көп жағдайда жастардың бойында тұрақты жағымсыз мінез-құлық қалыптасуына әкеліп соғатындығын да терең ескерілуі қажет деп ойлаймын.  

Жалпы кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы мән-жайлар Қазақстан Републикасының Қылмыстық кодексінің VІ бөлімінде кеңінен қарастырылған. Аталған заңның 78 бабында сәйкес, кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезде 14-ке толған, бірақ 18-ге толмаған адамдар танылады, яғни қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталады.

Сонымен қатар айта кететін болсақ жасалған қылмыс санатына байланысты (аса ауыр, ауыр, орташа, кішігірім) қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға қылмыстық жаза тағайындауы мүмкін немесе оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады.Кәмелетке толмағандарға төмендегіше жаза түрлері тағайындалады: айыппұл, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, бас бостандығынан шектеу және бас бостандығынан айыру.

Айыппұл түріндегі жаза кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл 10/500 (оннан бесжүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе кәмелетке толмаған адамның жалақысының немесе өзге табысының екі аптадан алты айға дейінгі кезеңдегі мөлшерінде тағайындалады. Кәмелетке толмағандарға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылдан екі жылғы дейінгі мерзімге тағайындалады.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза 40 сағаттан 160 сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады және кәмелетке толмаған адамның қолынан келетін жұмысты жасауға ғана тартылады. Қоғамдық жұмыс оқудан немесе негізгі жұмыстан бос уақытта атқарылады. 16 жасқа толмаған адамдардың жаза түрін орындауының ұзақтығы күніне 2 сағаттан, ал 16-дан 18 жасқа дейінгі адамдар үшін күніне 3 сағаттан аспауы керек. Түзеу жұмыстары түріндегі жаза сот үкімі шығарған кезде 16 жасқа жеткен кәмелетке толмаған адамдарға ғана және бір жылғы дейінгі мерзімге тағайындалады.

Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын айыру жазасы 10 жылдан аспайтын, ал, ауырлататын мән-жайларды кісі өлтіргені үшін немесе қылмыстардың жиынтығы бо йынша қылмыстардың біреуі ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін 12 жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін. Кішігірім ауырлықтағы қылмысты бірнеше рет жасаған кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезінде оның жауаптылығы мен жазасын жеңілдедетін және ауырлататын мән-жайлар толық ескерілуі тиіс. Мысалы, жеңілдетін мән-жай ретінде жасы кәметке толмаған сотталушының жеке басы, жанұясы, тұрмыс жағдайы, оның өмірі мен тәрбиесінің жағдайлары, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзге де ерекшеліктері, сондай-ақ, оған жасы үлкен адамдардың ықпалы, іс бойынша жәбірленушімен қарым-қатынасы, жәбірленушіге көмек көрсетуі, қылмыспен келтірген залалдың өтеуі, жәрбірленушінің соттағы позициясы, сотталушының жасының кәмелетке толмағандығы, тағы басқа да мән-жайлар ескеріледі. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ҚК-ның 54 бабында көрсетілген және құрамы шектеулі болып табылады. Мысалы, қылмыстың бірнеше рет жасалуы, қайталануы, қылмыспен ауыр зардаптар келтіруі, адамдар тобы боп жасау, қылмыс жасағанда айрықша белсенді рөл атқару, алкогольдік, есірткілік еліту жағдайында қылмыс жасау, тағы басқалар.

Әрине, қылмыстық заңда жасы кәмелетке толмаған сотталушының жас ерекшелігін ескере отырып кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылуы мүмкін. Кішігірм ауырлықтағы қылмыс жасаған кәмелетке толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылықққа тартпай-ақ түзеуге болады деп тапса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. Бұндай жағдайда оған Қылмыстық кодекстың 82 бабында көзделген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотталған кәмелетке толмаған адамды, егер оны түзеуге тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткізуге болады деп танылса, сот оны жазадан босатуы мүмкін.

Адамның қайтыс болуымен немесе денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты бірінші рет жасаған кәмелетке толмаған баланы сот осы Қылмыстық Кодекстің 67 бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. Жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жаупкершілігі осындай. Оны білген дұрыс және ондай жағымсыз іс-әрекеттерден қашық болған жөн, себебі, заңға қайшы әр іс әрекеттердің сұрауы және өтеуі бар.

ҚР 82 бабында Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары.

  1. Сот кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік әсері бар мынадай мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкін:

А) Ескерту

Б) ата аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру

В)келтірілген зиянды қалпына келтіру міндетін жүктеу;

Г) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның  жүріс тұрысына ерекше талаптар белгілеу.

Д) Кәмелетке толмағандарға  арнаулы тәрбиғ немесе емдеу тәрбиелеу  мекемесіне орналастыру.

2. Кәмелетке толмаған  адамға бір мезгілде тәрбиелік әсері бар бірнеше тәрбиелеу шаралары тағайындалуы мүмкін.

 

Кәмелетке толмағандардың құқығы мен мүддесін қорғау – мемлекеттің әлеуметтік-құқықтық саясатының басты бағыты болып табылады.

Жалпы адамдар құқығын  сақтауға, соның ішінде балалардың құқығын сақтау үшін, яғни кәмелет жасқа толмағандарға қатысты сот ісін жүргізу барысында туатын барлық сұрақтарды толық шешу үшін, халықаралық құқықты сақтау нормаларында бірқатар жалпы принциптер қаралған. Соның ішінде ең маңыздысы бала мүддесін толық қамтамасыз ету, оның көзқарасын сыйлау, баланың жан-жақты өсуін қамтамасыз ету. 
Бала құқығы жөніндегі Конвенция 1990 жылдың 2 қыркүйегінде заң күшіне еніп, 2002 жылғы 191 мемлекет тарапынан ратифицияланған. Бұл Конвенция балалардың мүддесін қамтамасыз ету принциптері көзделген ең өзекті ереже болып табылады. 
Біздің елімізде құқыққа қарсы әрекет жасаған жасөспірім Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береді. Бұл заң актілері балалар құқын сақтау жөніндегі халықаралық талаптарға сай келеді. Заң талаптарында «кәмелетке толмағандар» деп, қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегіз жасқа толмаған балалар танылады. 
2011 жылдың 18-ші қаңтарында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. 
Сол заңмен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірқатар бабтарына қылмыстық заңнаманы ары қарай ізгілендіру жолына байланысты, қылмыстық қуғын-сүргінді қолдану саясаты біртіндеп қысқартылуына байланысты өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Заңмен бас бостандықтан айыру жазаларының жоғарғы және төменгі мерзімдері азайтылды, кейбір ауыр емес қылмыс жасағандарға бас бостандығынан айыру жөніндегі жазалар алынып, қолдану үшін бас бостандықтан айырмайтын (альтернативтік) жаза түрлері енгізілді. 
Жоғарыдағы заң талаптарына сәйкес, кәмелетке толмағандарға келесі жаза түрлері тағайындалады; айыппұл, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру. 
Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жаза түрі 1 жылдан 2 жылға дейінгі мерзімде тағайындалады. Кәмелетке толмаған сотталушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту 40 сағаттан 160 сағатқа дейінгі мерзімге ғана тағайындалуы тиіс. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған бала тек қолынан келетін жұмыс қана орындауы керек. Жұмыстың ұзақтығы 16 жасқа толмаған балаға күніне екі сағаттан, ал, Ауыр емес немесе бірінші рет орташа ауыр қылмыс жасағандарға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды. 
Кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған немесе бірінші рет орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған кәмелетке толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ түзетуге болады деп белгіленсе, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатып, тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкін. 
Өлімге душар етуге немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге байланысты емес бірінші рет ауыр қылмыс жасаған кәмелетке толмаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылып, оған тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Кәмелетке толмағандар жауапкершіліктен қылмысты алғаш рет жасаса, жәбірленушімен татуласса, жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырса ғана босатыла алатынын ескерген жөн. 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 82 бабына сәйкес, сот кәмелетке толмаған адамға келесі тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкін;ескерту, ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың, не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру, келтірілген зиянды қалпына келтіру міндетін жүктеу, бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған

адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу, кәмелетке  толмағандарды аса қатал режимдегі  оқу мекемесіне орналастыру, жәбірленушіден кешірім сұрау міндетін жүктеу. Кәмелетке толмаған адамға бір мезгілде тәрбиелік әсері бар бірнеше тәрбиелеу шаралары тағайындалуы.

 

 

Қылмыс жағдайы заңнамадағы  өзгерістер немесе оны іс жүзінде  қолдану салдарынан өзгеруі мүмкін. Тіпті заң аясында сот тәжірибесінің ауытқуы да қылмыс статистикасын өзгерте алады. Сол немесе басқа әрекет үшін немесе қылмыстық әрекетті жоятын қылмыстық жауапкершілікті тағайындайтын қылмыстық заңды қабылдау, ол да қылмыс жағдайының әрдайым өзгеріп отыруына әсер етеді.Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығына жеке тарау арналып, оларға жаза тағайындаудың ерекшеліктері ескеріліп, кәмелетке толмағандарға жаза тағайындауда заң талаптарының қатаң сақталуын, олардың құқықтарының өрескел бұзылмауы қамтамасыз етілген. 
Осыған орай, кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, кәмелетке толмаған айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуіне және өмірі мен тәрбиесінің жағдайлары, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзге де ерекшеліктері, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалы ескерілуі керек. 
Кәмелетке толмағандарға тек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79-шы бабында көрсетілген жаза түрлері тағайындалуы керек, сонымен қатар жазаның мерзімі мен мөлшері заңда көрсетілгеннен артық болмауы керек. Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтың қайнар көздерінің осылайша  көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесіннің көзделгендігін көрсетеді. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай мемлекеттіміз отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға аса назар аударып отыр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Пайдаланылған әдебиеттер

Құқық негіздері 10 сынып.

http://www.dua.kz/

adilet.zan.kz

http://adamzat.kz

 

 

Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

 

                                Экономика және құқық институты

 

                                        « Құқықтану кафедрасы »

Информация о работе Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі