Жаза түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2012 в 17:59, дипломная работа

Описание работы

Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Жаза - мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, оның құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен корғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен кауіпсіздігін ңылмыстық қастандықтан қорғайды.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................3-5
І-тарау. Қазақстан Республикасындағы жазаның түсінігі және оның мақсаттары.
1.1. Жазаның түсінігі..........................................................6-9
1.2.Жазаның мақсаттары.................................................10-17
ІІ-тарау. Қазақстан Республикасында Жазаның жүйесі және олардың түрлері.
2.1. Жазаның жүйесінің ұғымы және маңызы...............18-23
2.2. Жазаның түрлері......................................................24-30
ІІІ-тарау. Жаза тағайындалуы.
3.1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері.........................31-36
3.2. Қылмыстың жауапкершілікпен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән жайлары.......................................................37-44
3.3.Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылы 24 маусымдағы №2 қаулысы пленумның 1994ж. 23 желтоқсандағы № 4 қаулысымен енгізілген өзгерістері.................................. 45-53
Қорытынды...........................................................................54-55

Работа содержит 1 файл

жаза тусінігі курсовая.doc

— 284.00 Кб (Скачать)

   Жаза қолданылған әрбір жағдайда осы мақсаттар бірге карастырылуы тиіс.

  Сонымен әлеуметтік әділеттілікті калпына келтіру — жаза мақсатгарының бірі болып табылады. Кандай қылмыс болмасын әлеуметтік әділеттілікті бұзады. Мысалы, күші басым адам әлсіз адамды соққыға жығады. Ер адам күш көрсетіп, әйел зорлайды. Лауазымды адам өз қызмет бабын пайдаланып, азаматтардың құқықтары мен занды мүдделеріне елеулі нұқсан келтірді. Осы көрсетілген жағдайлардың әрқайсында біреу жасаған қылмыстың нәтижесінде екінші адамға қатысты әлеуметтік әділеттілік бұзылған.

   Айыпкерге жаза тағайындағанда сот тек жәбір шеккен адамға ғана емес, жалпы қоғамға қатысты әлеуметтік әділеттілікті біршама болса да қалпына келтіруге әрекет жасауға тиіс. Қылмыскерді бас бостандығынан айыру, оны күйзелту жәбірленгеннің аз да болса көңілін басады, жасалған қылмыс нәтижесінде өзінің бұзылған құқықтары мен занды мүдделері қалпына келеді деп үміттенеді. Мысалы, мүлкі ұрланып жәбір көрген адам ұрланған мүлкін қайтарып алады немесе өзіне келген залалды ақшалай өндіріп алады.

   Ал, жалпы қоғам көлеміңде әлеуметтік әділеттілік қалпына келу үшін сот әділ жазаны көпшілік алдында (сот процестері негізінен ашық мәжілістерде өтеді) тағайындайды, сол арқылы көпшілікке қылмыстық заңды бұзған адамды мемлекеттің жазалайтындығын, жазалай отырып қоғамдық төртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, жалпы халық денсаулығын, басқа да игіліктерді қорғайтындығын білдіреді. Қылмыскердің жазаланғанын естіген адамның көңілі орнына түседі.   Жазаның мақсатын заң әлеуметтік әділеттілікпен байланыстырады, сондықтан сот тек ғана әділ жаза тағайындау үшін өте ұқыптылық танытуға тиіс. Онсыз жазаның әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудегі мақсатына қол жеткізу мүмкін емес.

   Жаза қолданғанда адамдар әділеттікті сезінеді, ал кейбір жағдайларда қылмыскердің жасаған әрекеті олардың наразылық сезімін тудырады. Сондықтан да қатаң болса да әділ жазаны көпшілік қанағаттанғандық сезіммен кабылдайды. Керісінше, әділетсіз, кінәсіне сай емес жаза тағайындау жазаның мұндай маңызды мақсатын жоққа шығарады. Жазаның басқа бір маңызды мақсаты — сотталғанды түзеу. Ондай мақсаттың болуы Қазақстан Республикасы қылмыстық заңындағы адамгершілік сипатты көрсетеді.

   Қылмыс жасаған адамға заңды қолдана отырып, мемлекет ол адамның жазаны өтегеннен кейін қоғамға басқа қылмыс жасамайтындай болып оралуын көздеуге тиіс.

   Түзеу дегеніміз - адам бойындағы қылмыс жасауға итермелейтін қасиеттерді жою.

  Түзеудің мақсаты адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін қайта қалыптастыру, жаңа қылмыс жасауға себеп болатын бойындағы теріс қасиеттерден оның арылуына мүмкіндік туғызу. Түзеу барысында сотталғанның бойына бұрын онда болмаған әлеуметтік-пайдалы қасиеттер егіледі, бұрын болып кейін жоғалып кеткен жақсы қасиеттердің көзі ашылады. Ол қасиеттер, мысалы, басқа адамды, оның құқықтары мен мүддесін сыйлау, қоғамдық тәртіпті сақтау, т.б. Жазаны орындау барысында сотталған адамның көзқарасы, сенімі, әдет-салты жақсы жаққа қарай өзгерсе - түзеу мақсатының орындалғаны болып табылады. Түзелген адам қылмысты жазадан қорыққандықтан ғана емес, жазаны орындау барысында қандайда бір дұрыс ықпал болғандықтан жасамайды.

  Түзеу процесі алдын ала тергеу кезінен басталады, бірақ сот мәжілісі кезінде белсендірек жүргізіледі. Содан кейін, жазаның нақты түрі тағайындалғаңда, сол жазаның орындалу барысында ол өз жалғасын табады.

  Әртүрлі жаза шаралары түзеудің әртүрлілі төсілін, әдісін және жолын қарастырады. Жазалау шарасы да, түзеу тәсілдері мен қайта тәрбиелеу әдістері де қылмыстың ауырлығына, оны жасаған адамның жеке басына карай қолданылуға тиіс.

Бас бостандығынан  айыру жазасын өтегенде сол жазаны өтеу режимі, қоғамдық-пайдалы еңбек, тәрбие жұмыстары түзеудің басты тәсілдері болып табылады. Қылмыстық-орындаушылық заңдарда түзеудің басқа да тәсіддері қарастырылған.

  Бұл мақсатқа барлық уақытта бірдей қол жете бермейді, ал өлім жазасы сияқты жаза тағайындалғанда оған қол жеткізу тіптен мүмкін емес.

Сотталған адамды түзеу мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мақсатымен тығыз байланысты. Егер тағайындалған жаза өте қатаң немесе өте жұмсақ болса, бұл жағдай әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің орнына сотталған адамды түзеу процесіне кесірін тигізеді, себебі жосықсыз катаң жаза оны алған адамның ыза-кегін тудырады, ал өте жеңіл жаза алған адам қандай қылмыс жасасам да қатаң жаза алмаймын деген сенімде болады.

   Жазаның өзіндік, жеке мақсаты — арнайы (жеке) сақтандыру мақсаты. Оның мәні де, мазмұны да — сотталған адам тарапынан жаңа қылмысты болдырмау. Қылмыстан сақтандыру шарасы сол қылмыс жасаған адамға тікелей бағытталады.

   Әдебиеттерде арнайы сақтандыру шараларының мазмұны және оған қол жеткізу төсілдері жайында ортақ пікір жоқ. А.И. Марцевтің пікірінше, арнайы сақтандыру шараларының мәні — «қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамның жаңа қылмыс (немесе жаңа қылмыстар) жасауына жол бермеуде» және бұл мақсатқа жазалау, тәрбиелеу арқылы тікелей қол жеткізуге болады.

  Ал, И.И. Карпецтің пікірінше, нақты адамға жаза тағайындағанда арнайы сақтандырудағы мақсатқа мына әдістермен қол жеткізуге болады: қылмыскерді қылмыс жасау мүмкіндігінен айыру; қылмыскердің көңіл-күйіне ықпал жасау; зәресін алу.

  Арнайы сақтандырудағы мақсатқа мына жолдармен қол жеткізуге болады. Біріншіден, сотталған адамды жаңа қылмыс жасау мүмкіндігінен айырады.

  Қылмыстық заңда белгіленген жазалар жүйесінде сотталған адамның жаңа қылмыс жасау мүмкіндігін жоққа шығаратын көптеген амалдар қарастырылған.

  Мысалы, бас бостандығынан айырғанда, қамауға алғанда тиісті режим сақталады, тұрақты күзет қойылып, кадағалау жасалынады, туыстарынан, дос-жарандарынан оқшау ұсталады, қылмыс жасау құралы немесе қаруы боларлықтай ақшаны немесе заттарды өзінде ұстауына тыйым салынады.   Белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айырғанда адам бұрынғы жұмысын атқара алмайды, жаңа қылмыс жасау үшін ол қызметті пайдалана алмайды.

  Екіншіден, арнайы сақтандырудағы мақсатқа жазамен қорқыту арқылы қол жеткізуге болады. Жазамен қорқыту сол жазаның қалай да болатындығына байланысты. Егер де жаңадан жасаған қылмыс үшін жазадан құтылмайтынын мойындаса, ол қылмыстан бас тартуы мүмкін.

  Сотталған адамның басына қандай да бір күйзеліс келсе, ол жаңа қылмыс жасаудан бас тартуы мүмкін, себебі қайталап жасалған қылмыс үшін заңда катаң жаза қарастырылған (ҚК-тің 54-бабының 1 бөлімінің «а» тармағы).   Бұрынғыдан да бетер қатаң жазалану үрейі адамды жаңа қылмыс жасаудан бас тартуға мәжбүр етеді.

  Үшіншіден, арнайы сақтандырудағы мақсатқа жазаны өтеу барысында сотталған адамның көңіл-күйіне ізгі ықпал ету арқылы қол жеткізуге болады, ол да сотталған адамның жаңа қылмысқа бармауына сеп болады.

Сонымен қылмыстан  арнайы сақтандырудағы мақсат сотталған адамды түзеу мақсатымен тығыз байланысты.

   Ал, қылмыстан жалпы сақтандырудағы мақсат қылмысты сотталған адам тарапынан болдырмау емес, негізінен, қылмысты басқа адамдарға, заң талаптарын сақтауда сенімсіздік танытатын адамдарға жасатпау.

  Қылмыстан арнайы сақтандырудан оның айырмашылығы - мұндағы мақсат қылмыс жасаған жеке адамға емес, заңды, басқа да нормативтік актілерді бұзуға икемді, тиянақсыз адамдарға ықпал жасау. Жазамен қорқыту, қылмыс жасаған жағдайда оны қолдану қаупі қылмысқа бейім адамдарға тосқауыл болады, қылмыстық ниеттен қайтарады. Жасалған қылмыс үшін жаза қолдану үрейі тұрақсыз адамдарды қылмыс жасаудан сақтандырады.

  Жазаның жалпы сақтандыру шараларындағы ықпалы, біріншіден, қылмыстық заңның жарияланып, онда әрбір нақты қылмыс үшін белгіленген жазаның көрсетілгендігінде; екіншіден, қылмыс жасаған нақты адамға согтың жаза тағайындауында, үшіншіден – тағайындалған жазаның орындалу процесінде, деп жазады М.Д.Шаргородский.

   С.В. Полубинская жалпы алдын алу шараларын екі түрге бөледі: жалпы сақтаңдыру шаралары, тар мағынада түсінгенде, негізінен қорқыту шаралары және біршама тәрбие арқылы қылмыс жасауға бейім адамға ықпал жасау; жалпы сақтаңдыру шаралары, кең мағынада түсінгенде,  қоғамның барлық мүшелеріне жазаның тәрбиелік ықпал етуі.

   Жазаны қолданғанда жазаның барлық мақсаттары бірден қамтылады. Бірақ бұл, сол мақсаттардың бәріне бірдей қол жеткізу емес. Мысалы, қылмыскерді колонияда үстап оны оқшаулағанда, ол сол жаза өтеп жатқан кезінде ешқашан жаңа қылмыс жасай алмайды (мұнда арнайы сақ-тандырудағы мақсатқа қол жетеді), бірақ бұл жағдайда барлық уақытта бірдей түзеу мақсатына қол жеткізе алмаймыз. Жаза мақсаттарына байланысты Сот үкіміне мысал келтірсек. Болған оқиғаның мән жайы:

05.11.2007. жылы  шамамен сағат 2130 –да С.А. Бегалиев Шымкент қаласы   Республика данғылы «Шымкент» қонақ үйінің бірінші қабатында орналасқан «Джой» атты түнгі клубқа  өзінің танысы А.Пузыреваның туылған күнін аттап өтуге келді және өзінен бөлек басқа да таныстарының туған күнге шақырылғанын атап айтқанда Е. Дружкова, А.Аруханова, А.Бандаренканы көрді. Кейін С. Бегалиев жоғарыда көрсетілген тұлғалармен клубтың ашылуын клуб алдында күтіп тұрды. Осы уақытта С. Бегалиев өзінің қалтасында пышақ бар екенін біліп және клубқа кірер уақытта күзет қызметкерлерінің тексеретінін біліп кірер уақытта өзінің пышағын уақытша сақтауға А. Пузыреваға берді.  Себебі,  күзет қызметкерлері тек ербалдарды тексереді. Ешбір қыйындықсыз С.Бегалиев өзінің таныстарымен түнгі клубқа кіріп А. Пузыреваның туылған күнін атап өтуді бастады. С. Бегалиев бірнеше бакал сыра ішіп А.Бандаренкаға тиісуді бастады және күзет қызметкерлерінің тарапынан ескерту алып тынышталды. С. Бегалиев клуб ішінде А. Пузыревадан өз пышағын қайтаруын бірнеше рет сұрады. Отырыс уақытында столға А. Пузыреваның танысы осы клубта аспазшы болып қызмет атқаратын С.Ю. Чибисов келді, ол туылған күн иесін құтықтап өз жұмыс орынына қайтты. Түнгі сағат 300 –ге дейін клубта болған С. Бегалиев өз таныстарымен бірге клубтан шығып үйлеріне қайтуын шешті. Осы уақытта А. Пузырева мен С. Чибисов екеуінің кетіп бара жатқанын С. Бегалиев көріп оларға жүгіріп жетіп алады және А. Пузыревадан өз пышағын қайтаруын сұрады. өз пышағын қайтарып алғаннан соң А.Пузыреваның шетке қашуын сұрады себебі, С. Чибисовпен сөйлесіп алатынын айтты. С. Бегалиевпен С. Чибисовтың сөйлесулерінің ақыры ұрысқа айналып С. Чибисов   С. Бегалиевті итеріп жібергендігі салдарынан С. Бегалиев жерге құлап түсті. С. Бегалиев қалтасынан пышағын алып С. Чибисовты өлтіру мақсатында өмірге қауіпті жерлеріне атап айтқанда: көкірегіне, ішіне бірнеше рет пышақ ұрды. Нәтижесінде С. Чибисов алынған дене жарақаттарының салдарынан біраз уақыт өткеннен кейін Шымкент қаласы БСМП №2 «жан сақтау» бөлімінде қайтыс болады.

Сот Медицина сараптамасының қорытындысы бойынша  №  12. 97. 29. 11. 2007ж.  С. Чибисовтың өлімінің себебі денеге пышақ кіруі яғни көкірегінің, ішінің жарақаттауы және көп қан жоғалтуынан.

Сонымен сотталушы  С. Бегалиев алкогольдік  зат пайдаланған  яғни мас күйінде кісі өлтіру қылмысын яғни басқа бір адамды С. Чибисовты қасақана денесіне бірнеше рет пышақ ұрып осы арқылы Қазақстан   Республикасының Қылмыстық Кодексінің 96 –бабының бірінші тармағы бойынша қылмыс жасады. Осы оқиға бойынша сот үкімі:

   Бегалиев Султанбек Арсенұлы Қазақстан Республикасының Қылмыстық   

   Кодекісінің 96 –бабының бірінші тармағы бойынша кінәлі деп танылып осы бап бойынша Қатаң режімдегі Түзеу колониясына 8 –жыл бас бостандығынан айырылуға сотталды. Осы үкім бойынша өз пікірім:

   Сот үкімін өте орынды деп есептеймін, себебі жасалған қылмысына берілген жаза сай және өте орынды С. Бегалиев жазасыны өтеп шыққаннан соң тәрбиеленіп жаңа қылмысқа бармайды деп ойлаймын.

 

  ІІ-тарау. Қазақстан Республикасында Жазаның жүйесі және олардың түрлері.

2.1. Жазаның жүйесінің ұғымы және маңызы.

    Жазалар жүйесі дегеніміз – ауырлығы ескеріліп белгілі бір ретпен орналасқан, толық берілген және сот үшін міндетті болып табылатын, қылмыстық заңда бекітілген жазалар түрінің тізімі. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде жазалар жүйесі 39-баптың  

   1 бөлігіңде орналасқан.

   Әділқазылық мәселелерін шешуде жазалар жүйесін белгілеудің методологиялық және практикалық елеулі маңызы бар.

  Оның методологиялық маңызы сол - әрбір жазаның қолдану жағдайын, дәл шегін және төртібін көрсетіп, олардың толық тізімін беру арқылы қылмыспен күресте жазалау саясатының бірлігіне, сот қызметінде заңдылық принципін сақтауға қол жетізе аламыз. Ал оның практикалық маңызы сол - онда жазаның түрлері бір жүйемен (ең жеңілінен бастап ең ауырына қарай) берілген, соның нәтижесінде сот заңға сүйене отырып, сот практикасының төжірибесін, қоғамдық көзқарасты және ғылыми ұсыныстарды ескеріп, сотталғанға ықпал жасаудың әртүрлілі  шараларын тиімді де үтымды пайдалана алады.

Заңмен белгіленген жазалар  жүйесінің маңыздылығы сонда - ол арқылы қай жазаның аса қатаң, ал қай жазаның онша қатаң емес екендігін анықтай аламыз. Бұл тек жаза тағайындалғанда ғана емес, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның жұмсақтау түріне ауыстырғанда да керек (ҚК-тің 71-бабы).

Жалпы жаза түрлерінің жүйесі және жазаның әрбір жеке түрі көптеген тәсіл арқылы сотталғанға ықпал жасау мүмкіндігің береді, сол тәсілдер арасынан сот ең орынды шараны тандап ала алады. Осы жүйеге сәйкес соттар ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға қатысты да, онша қауіпті емес қылмыс жасаған адамдарға қатысты да ауырлығы әртүрлі жаза қолдануға құқылы.

Сонымен, жаза түрлерінің біршама  көптігі қылмыстың да, оны жасаған қылмыскердің де қоғамға қауіптілігін ескеріп әділ жаза тағайындауға мүмкіндік береді, алдында тұрған мақсатқа жетуге көмектеседі (23-баптың 1 бөлімі).

Жазаның түрлері мен жүйесі, сонымен қатар, қылмыскерлікпен  күресу тәсілдеріне және қылмыстың өзіне деген қоғамда қалыптасқан пікірдің көрінісі. Адамның өмірі, денесі, бос-тандығы, ар-ожданы жазаның объектісі, ал өлім, жарақат, күш көрсетіп қинау, қамау, қудалау, мүлкінен айыру, масқаралау - жаза қолданудын салдары болып табылады. Жаза қолданғанда қылмыскер әруақта мемлекет атынан айыпталады.

Информация о работе Жаза түсінігі