Қылмыстық заңның түсінігі және оның мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 19:04, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері.
қылмыстық құқықтың негізгі бөлімдерінің бірі — қылмыстық заң туралы ілім болып табылатынын анықтау;
қылмыстық заң дегеніміз — Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған нормативтік құқықтық акт екендігіне сипаттама беру;
қылмыстық заңның міндеттері — бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, ҚК-тің 2-бабында көрсетілген басқа да құндылықтарды қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылатындығын зерттеу болып табылады.

Содержание

І. КІРІСПЕ--------------------------------------------------------------------------------3-5


ІІ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ: ЖҮЙЕСІ, ҚҰРЫЛЫМЫ----------------------------6

2.1 Қылмыстық заңның түсінігі және оның мәні-----------------------------6-7
2.2 Қылмыстық заңның құрылымы----------------------------------------------7-9
2.3 Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші------------------------------------9-14

ІІІ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ БОЙЫНША ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАР----15

Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру--------------------------------15-16
3.2 Қылмыстық заңның мезгілдегі күші------------------------------------17-20
3.3 қылмыстық заңды түсіндіру----------------------------------------------21-23

ІV. ҚОРЫТЫНДЫ------------------------------------------------------------------24-25

V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР-------------------------------------------26

Работа содержит 1 файл

kylmystyk_zan.doc

— 155.00 Кб (Скачать)

Каспий теңізіндегі ішкі су аумақтарына жататын акватория Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен анықталады.

Қылмыстық заң Республикамыздың құрлықтық шельфінде және ерекше экономикалық аймағында жасалған қылмыстарға да қолданылады (ҚК-тің 6-бабының екінші бөлігі).4

Шельф — аумаққа тиесілі судың астыңғы (200 м және одан да терең) және үстіңгі кеңістігі болып табылады.

Қойнау (жер қойнауы) — шаруашылық және басқа да қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдаланылатын құрлық және су аумағындағы кеңістік — табиғи ортаның бір бөлігі (жер қойнауының астыңғы және үстінгі қабатындағы пайдалы қазбалар, өнімдер).

ҚК-тің 6-бабының үшінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының портына тіркелген, Қазақстан Республикасының шегінен тыс ашық су немесе әуе кеңістігінде жүрген кемеде қылмыс жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе КР ҚК бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасының әскери кораблінде немесе әскери әуе кемесінде қылмыс жасаған адам да оның қай жерде болуына қарамастан ҚР ҚК бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

Дипломатиялық өкілдермен және иммунитетті пайдаланатын өзге де азаматтармен қатынасқа түскен сәттен бастап қылмыстық заң, аумақтық қағидаттарға сүйеніп және соған сәйкес іске асырыла бастайды.

ҚК-тің 6-бабының төртінші бөлігінде шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің және иммуниттеті пайдаланатын өзге де азаматтардың қылмыстық жауаптылығы туралы мәселе осы адамдар Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған жағдайда халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі делінген.

Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері мен қызметкерлеріне берілген құқықтар мен артықшылықтардың жиынтығы — дипломатиялық иммунитет деп аталады.

Дипломатиялық иммунитет мәселелерін реттейтін халықаралық құқықтың нормалары 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясында кодификацияланып, бекітілген.

Шет мемлекет өкілдерінің  иммунитеті — дипломатиялық өкілдердің тұрғын-жайларына қол сұғылмаушылықты белгілейді. Дипломатиялық өкілдердің келісімінсіз олардың тұрғын-жайларына мемлекет тарапынан кіруге болмайды. Шет мемлекеттін Қазақстан Республикасы аумағында дипломатиялық иммунитетке ие болған дипломатиялық өкілдері жене басына қол сұғылмаушылықты қолдана алады, яғни өкілдіктің басшысын қамауға немесе ұстауға, оны сот тәртібімен қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.

Дипломатиялық және консулдар өкілдіктері туралы ережеге сәйкес жеке басына қол сұғылмайтындығы иммунитегін елші, өкіл, сенімді өкіл және дипломатиялық өкілдіктің/басқа да мүшелері: кеңесшілер, сауда өкілі және оның орынбасары, әскери, әскери-теңіз, әскери-әуе атташелері және олардың көмекшілері; бірінші, екінші және үшінші хатшылар, архивариус-хатшылар пайдаланады. Жеке басына қол сұғылмаушылық және қылмыстық жауаптылық иммунитеті құқығын олардың өздерімен бірге тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болып танылмайтын отбасы мүшелері де пайдаланады.

Осы негіздерге сәйкес, сондай-ақ еліміздің азаматы болып танылмайтын әкімшілік-техникалық қызметшілер және олармен бірге тұратын, отбасы мүшелері болып табылатын адамдар да осындай иммунитетті пайдалана алады. Бірақ мұндай құқықты тек қызмет барысындағы міндетті атқару кезінде қылмыс жасаған реттерде ғана пайдалана алады. Әрине, мұндай құқық, дипломатиялық өкілдіктердің қызметтерінде өз иммунитеттері пайдаланып, заңсыз әрекеттер жасасын дегенді білдірмейді. Заң осы аталған адамдардың қылмыстық жауаптылығы дипломатиялық жолмен шешілетіндігін белгілейді.

ҚР Президентінің 1995 ж. 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы шет ел азаматтарының құқықтық жағдайлары туралы" з. к. б. Жарлығының 28-бабына сәйкес мұндай адамдар белгілі бір уақыт ішінде Қазақстан Республикасы аумағынан кетіріледі.

ҚК-тің 6-бабының екінші бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғастырылған не аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмыс деп танылады. Мысалы, шпионаждық әрекеттің жасалған орны ҚК-тің 166-бабында қарастырылған әрекеттердің біреуі болса да жасалған орын болып есептеледі; мемлекеттік құпияны құрайтын мәлімет Қазақстан аумағында ұрланып, басқа мемлекетке берілген болса да, кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа Қазакстан Республикасынын Қылмыстық кодексі бойынша тартылады.

Егер қылмыс істеуге  даярланғандық немесе қылмыс істеуге оқталғандық шекарадан тысқары жерде жүзеге асырылып, біздін елімізде аякталса, қылмыс Қазақстан Республикасының аумағында жасалған деп танылады. Осы секілді қылмысқа қатысу, қылмысты ұйымдастыру немесе қылмыс жасауға азғырушылық әрекеттері үшін де жауаптылық дәл осындай тәртіппен белгіленеді.

Қылмыстық занның кеңістіктегі күші аумақтық қағидаттармен ғана шектеліп қоймайды. Ол Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған ҚР азаматтарына колданылатын азаматтық қағидаттармен де толықтырылады.

Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңы төмендегілерді орнықтырды:

осы Заң күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын:

осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады". Осы заңның 6-бабына сәйкес "Қазақстан Республикасы территориясындағы және оның азаматтары емес адамдар барлық құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдары мен мемлекетаралық шарттарында белгіленген барлық міндеттерді атқарады, бұған олардың Қазақстан Республикасының шарттары мен мемлекетаралық шарттарында белгіленіп алып тасталғандары қосылмайды".

Қылмыстық Заңның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы ҚК-тің 7-бабымен анықталуы: "Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемлекетте қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған адамдарды соттау кезінде жазаны аумағында қылмыс жасаған мемлекеттін заңында көзделген санкцияның жоғары шегінен асыруға болмайды. Азаматтығы жоқ адамдар да осындай негіздерде жауапты болады.

Басқа мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған адамның соттылығының және өзге де қылмыстық-құқықтық зардаптарының, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе немесе басқа мемлекеттің аумағында жасалған қылмыс Қазақстан Республикасының мүдделеріне қатысты болмаса, бұл адамның Қазақстан Республикасы аумағында жасаған қылмысы үшін қылмыстық жауаптылығы туралы мәселені шешу үшін қылмыстық-құқықтық мәні болмайды.

Қазақстан Республикасының одан тыс жерлерде орналасқан әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері шет мемлекеттің аумағында жасаған қылмысы үшін, егер Казақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған шетелдіктер қылмысы Қазакстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталған жағдайларда және Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайларда, егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса және Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық жауапқа тартылса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс".5

 

 

IІІ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ БОЙЫНША ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАР

 

    1.  Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру

 

Қылмыстық кодекстің 8-бабымен қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру мәселелері реттелген. Осы бапқа сәйкес басқа мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтарын, егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, сол мемлекетке ұстап беруге болмайды.

Қазақстан Республикасының  шегінен тыс жерлерде-қылмыс жасаған және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қылмыстық жауапқа тарту немесе жазасын өтеу үшін шет мемлекетке ұстап берілуі мүмкін.

ТМД бойынша қылмыс жасаған адамды ұстап беру немесе қылмыстық құдалауды жүргізу 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және құқықтық қатынастар туралы Минск Конвенциясымен реттеледі. Осы Конвенцияның 56-бабына сәйкес, қылмыстық жауаптылыкқа тарту немесе үкімді орындауды іске асыру үшін Конвенцияға қатысушы мемлекеттер өзара сұрау салулар бойынша бір-біріне өздерінің аумағындағы қылмыс жасаған адамдарды ұстап беруге міндеттеніп, келісімге келді. Ұстап беру сұрау салған және сұрау салынған жақтың заңы бойынша жазалануға жататын және жылдан кем емес мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда неғұрлым ауыр жаза көзделген әрекеттер жасалғанда жүргізіледі.

Егер ұстап беру, үкімді орындауды іске асырумен байланысты болса — бас бостандығынан айыруға соттау 6 айдан кем болмауы керек немесе ауыр жаза көзделуі қажет.

Егер қылмыскер сұрау  салынған (сұрату жасалынған) елдің  азаматы болып табылса ұстап беруден бас тартылады. Бұл жағдайда Конвенцияның 72-бабына сәйкес Конвенцияға қатысушы елдер сұрау салған жақтың аумағында қылмыс жасаған өз азаматтарын қылмыстық құдалауды өз заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

1994 жылғы 12 шілдеде  Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе үкімді орындауды іске асыру үшін қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру туралы келісімді бекітті. Осы келісім бойынша егер келісуші екі жақтың да заңнамасында 2-бапта көрсетілгендей әрекет қылмыс деп табылса келісім бойынша адамды ұстап беру жүргізіледі.

Сұрау салынған жақтың келісуінсіз ұстап берілген адамды ұстап беруге негіз болғаннан басқа қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа немесе жазаға тартуға болмайды. Ұстап беру мәселелерінің шешілу барысы жөніндегі жауап қылмыс жасаған адамды ұстап беру туралы өтінішті алған сәттен бастап 15 күннің ішінде берілуге тиіс. Ұстап беру жөніндегі өтініштің мазмұнында сұрау салушы мекеменін атауы жөніндегі мәліметтер, сұрау салушы келісуші жақтың әрекеттің қылмысқа жататындығын негіздейтін заңының мәтіні, қылмыскердің жеке басының мінездемесі, сондай-ақ келтірілген материалдық залалдың мөлшері қамтылуы қажет.6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1.   Қылмыстық заңның мезгілдегі күші

 

Қылмыстық заңның мезгілдегі күші Қылмыстық кодекстің 4 және 5-баптарымен реттеледі.

ҚК-тің 4-бабында әрекеттің қылмыстылығы мен жазаланушылығының сол әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленетіндігі көрсетілген.

Осы ережелерді басшылыққа ала отырып қылмыстық заңның мезгілдегі күші кезіндегі әрекеттің ғана қылмыстылығын және жазаланатынғын анықтауға болады.

Іске асырылудағы, күшіндегі  заң деп өзінің күшіне енген және белгіленген тәртіп бойынша өз күшін  жоғалтпаған заң танылады.

Республиканың заң және езге де нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы заңмен және Парламент пен оның палаталарының регламенттерімен реттеледі. Мұндай арнаулы заң Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңы болып табылады.

Қылмыстық заңды жариялау және күшіне енгізу тәртібі былайша белгіленген:

а) егер заңның күшіне ену мерзімі сол заңның өзінде белгіленсе, онда заң сол мерзімде көрсетілген күннен бастап (жарияланған күннен немесе нақты көрсетілген мерзімнен бастап) заңды күшіне енген болып саналады;

ә) егер заңда оның күшіне ену мерзімі көрсетілмесе ол Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысында немесе "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда", "Заң", Юридическая газета", газеттерінде ресми түрде жарияланғаннан кейін он күн өткен соң Республиканың барлық аумағында заңды күшіне енеді.

Мерзімдерді есептеудің жалпы қағидаттарына сәйкес белгіленген мерзімнің соңғы тәулігі өтісімен заң күшіне енген болып саналады.

Қылмыстық занды дәлме-дәл, дұрыс қолдану үшін қылмыстың жасалу уақытын анықтаудың маңызы зор.

ҚК-тің 4-бабына сәйкес қоғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекетсіздік) жасалған уақыт, зардаптың басталған уақытына қарамастан қылмыс жасалған уақыт деп танылады.

Бұл норма материалдық  сондай-ақ формальды қылмыс құрамының жасалу уақытын анықтайтын бірыңғай ережені бекітеді.

Қылмыстық заң мынадай әр түрлі негіздерге байланысты өзінің күшін жоюы немесе тоқтатуы мүмкін:

а) сол заңды басқа жаңа заң алмастыруына байланысты;

ә) заңда көрсетілген мерзімнің өтуіне я болмаса басқа заңдардың болуына байланысты;

б) егер қылмыстық заң белгілі бір мерзімге немесе ерекше мән жайларға қатысты шығарылса, онда ол белгіленген мерзімнің өтуімен немесе аталған мән-жайлардың жойылуымен өзінің күшін жоюы не тоқтатуы мүмкін.

ҚК-тің 5-бабы қылмыстық заңның кері күшін қолдануға, яғни жаңадан қабылданған қылмыстық занның күшінің ол заңды күшіне енгенге дейінгі болған әрекеттерге қолданыла беруіне мүмкіндік береді.

ҚК-тің 5-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жөңілдететін заңның кері күші болады, яғни мұндай заң күшіне енгенге дейін тиісті әрекет жасаған адамдарға оның ішінде жазасын өтеп жүрген немесе өтеген, бірақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.

Жаңа қылмыстық заң мына жағдайларда әр кезде де кері күшке ие:

1)  әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жойғанда;

2) жауаптылықты немесе жазаны женілдеткенде;

3) қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолдармен жақсартқанда.

Әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын заң болып әрекеттің қылмыс қатарынан (яғни Қылмыстық кодекстен) алынып тасталуын көздейтін немесе осы әрекет үшін оның жазаланушылығын жоятын заң танылады.

Информация о работе Қылмыстық заңның түсінігі және оның мәні