Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің түсінігі және оның маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 08:53, лекция

Описание работы

Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімде нақты қандай қоғамға қауіпті іс-әрекеттің қауіпті қылмыс болатыны жасалған қылмысқа қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің нормаларымен белгіленген нақты бір жаза түрін тағайындау мәселелері қарастырылады. Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі өзара тығыз байланыста болады, осы екі бөлімнің жиынтығы Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығын құрайды. Қылмыстық құқықтың өзін Жалпы және Ерекше бөлім деп белудің себебі, осы пәнді ғылыми-әдістемелік тұрғыдан терең оқытудың қажеттігінен туындап отыр.

Работа содержит 1 файл

КОНСПЕКТ.docx

— 14.06 Кб (Скачать)

КОНСПЕКТ

Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің түсінігі және оның маңызы

Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі қылмыстың  жеке түрлеріне қылмыстық жауаптылық негіздерін және осы қылмыстардың құрамының белгілерін, сондай-ақ оған тағайындалатын тиісті жаза түрлерін белгілейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.

Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімде  нақты қандай қоғамға қауіпті  іс-әрекеттің қауіпті қылмыс болатыны жасалған қылмысқа қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің нормаларымен белгіленген нақты бір жаза түрін тағайындау мәселелері қарастырылады. Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі өзара тығыз байланыста болады, осы екі бөлімнің жиынтығы Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығын құрайды. Қылмыстық құқықтың өзін Жалпы және Ерекше бөлім деп белудің себебі, осы пәнді ғылыми-әдістемелік тұрғыдан терең оқытудың қажеттігінен туындап отыр. Өйткені Қылмыстық құқықтың Жалпы бөліміндегі теориялық мәселелерді Ерекше бөлімнің әрбір бабы бойынша тағы да қайталамау үшін, сондай-ақ Ерекше бөлімдегі жеке кылмыстардың құрамының белгілерін қайталап сипаттап жатпау үшін осы пән екі бөлімге бөлініп оқытылады. Негізінен алғанда Жалпы және Ерекше бөлім тұтастай бір қылмыстық құқық ғылым пәнін құрайды.

Қылмыстық құқық нормаларының Жалпы  және Ерекше бөлімдерінің осындай бірлігі олардың алға қойған мақсаттарынан да айқын көрінеді. Жалпы және Ерекше бөлімдердін, мақсаты қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге зандылық баға беріп, істелген қылмыс үшін заңда белгіленген жазаны әділ қолдану болып табылады. Ерекше бөлім туралы жоғарыда айтылған анықтамаларды басшылыққа ала отырып, Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі курсының пәні туралы мәселені шешуіміз қажет.

Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің маңызы және қылмысты дұрыс саралаудың әділсоттылықты жүзеге асырудағы маңызы. Әділсоттылықты, заңдылықты жүзеге асыруда Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің маңызы ерекше. Қылмыстық құқықтың 19-бабының 3-тармағында көрсетілгендей қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлы деп танылады. Қылмыстық заңның осы нормасының өзі адамды қылмыстық жауапқа тарту үшін және оны қылмыс жасағаны үшін кінәлы деп табу үшін оның жасаған іс-әрекетінде белгілі бір қылмыс құрамының белгілері болуы керек екендігін және қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылатынын айқындайды (ҚК-тің 3-бабы). Осыған ұқсас нормалар Қазакстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінің көптеген нормаларында да бірнеше рет көрсетілген. Іс-әркетінде қылмыстың белгілері жоқ адамдар қылмыстық жауапқа және жазаға тартылмайды.

Адамды қылмыстық жауапқа тарту  оның іс-әрекетінде белгілі, нақты бір  немесе бірнеше қылмыс құрамының белгілері бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Мысалы, кісі өлтіру, бұзақылық, тағылық, әйелді зорлау, т. б. Қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы істелген іс-әрекетті нақты бір қылмыс құрамына жатқызу және осы әрекетке Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптар бойынша құқықтық баға беруді қылмыстық құқық теориясы қылмысты саралау — деп атайды. Қылмысты дұрыс саралау құқық қолдану органы қызметкерінің қызметтік борышы, негізгі міндеті.

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық  кодексінің Ерекше бөлімінде мынадай 16 тарау бар:

1. Жеке адамға қарсы қылмыс (1-тарау).

2. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар (2-тарау).

3. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар (3-тарау).

4. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар (4-тарау).

5. Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар (5-тарау).

6. Меншікке қарсы қылмыстар (6-тарау).

7. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар (7-тарау).

8. Коммерциялық және өзге ұйымдардың қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар (8-тарау).

9. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар (9-тарау).

10. Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар (10-тарау).

11. Экологиялық қылмыстар (11-тарау).

12. Көліктегі қылмыстар (12-тарау).

13. Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар (13-тарау).

14. Басқару тәртібіне қарсы қылмыс (14-тарау).

15. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар (15-тарау).

16. Әскери қылмыстар (16-тарау).


Информация о работе Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің түсінігі және оның маңызы