Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 15:33, реферат
Қылмыстық құқық жеке қүқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сүғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қаты- настарды реттейді. Мүндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық қүқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастар- ды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен (субъекті мен) мемлекет арасывда пайда болады.
Қылмыстық құқықтың түсінігі.
Қылмыстық құқық жеке қүқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сүғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қаты- настарды реттейді. Мүндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық қүқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастар- ды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен (субъекті мен) мемлекет арасывда пайда болады. Мүндай қүқықтық қатынасқа қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән қүқықтары, міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол мівдетгі орьшдауға күшпен міңдеттейді. Сонымен, қылмыстық қүқықтық қатынастарды реттейтін бұл функция орын алған қылмыс оқиғасына байланысты кылмыстық жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қьшмыстық жауаптылықтан және жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады. Екіншіден, қылмыстық қүқық нормасы арқылы жазамен қорқытьш, тыйым сальшған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі. Яғни, қылмыстық заңның болуы және оны бүзған адамдарға қолданылатын жазаның қылмыстық қүқықтық нормаларда көрініс алуы осы көрсетілген қүқықтық функдиянъщ толық жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстық қүқық қылмыстық қүқықтьщ нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Мысалы, қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді үстауда әрбір азамат занда белгіленген тәртіппен қорғануға қүқылы. Бүл мәселе тек қылмьгстық қүқықтық норма арқылы реттеледі. Қылмыстық қүқық туралы сөз болғанда оның үш түрлі мағынасын ескеруіміз қажет. Қылмыстық қүқық — бүл жалпы қүқық жүйесінің негізгі бір саласы және пән болып табылады. Осы үғымдардың бәрінің жиынтығы қосылып қылмыстық қүқық курсы деген түсінікті білдіреді. Қылмыстық қүқық пәнін қүқық саласы ретінде қарастырған- да жалпы қүқық теориясына тән белгілердің, негізгі принциптердің осы қүқық саласына да тән екеңдігін ескеру қажет. Сонымен бірге қылмыстық қүқық өзінің ерекшеліктерін белгілейтін және өзін жеке қүқық саласы ретінде қарастыруға негіз болатын өзіндік мазмүн, өзгешелік белгілері мен принциптері бар қүқық саласы болыптабылады. Қүқық саласы ретінде қылмыстық қүқық заң шығарушы оргаңдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жау аптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тәртібі мен шарт- тарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін зандылық нормаларының жиынтығы болып табылады. Басқа қүқық салалары сияқты қылмыстық қүқықтың да негізгі зандылық базасы — Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық қүқықтың ережелері мен институттарының мазмүны қолданылып жүрген қылмыстық қүқықтың нормаларында анық корсетілген. Қылмыстық құқык нормалары мазмүнына қарай екі түрлі қызметті жүзеге асырады. Оның біріншісі қылмыстық қүқықтың жалпы ережелерін, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы негізгі екі ұғым - қылмыс пен жазаны анықтайды.
Бүл нормалар қылмыстық қүқықтың Жалпы бөлімінің мазмұнын құрайды.
Екінші бір нормалар қоғамға қауіпті әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жататын белгілерін, шеңберін және оны істегені үшін тағайындайтын жазаньщ түрлері мен шегіп белгілейді. Мұндай нормалар қылмыстық қүқықтың Ерекше бөлімінің мазмүнын қүрайды.
Қылмыстық қүқық жеке қүқық саласы ретінде мынадай өзіндік ерекшелік белгілерімен көрініс табады:
Қылмыстық қүқық пәні қылмыс істеуге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді. Ал мүндай ретте қылмыстық қүқықтық қатьшастардьщ субъектілері болып бір жағьшан қылмыс істеген адам және қылмысы үшін соларға мем- лекет атынан шара қолданатын мемлекеттік қүқық қолдану және қүкяқ қорғау органдары болады.
Белгілі бір әрекетті немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызып, оған жаза тағайындау, қоғамға, жеке адамға және мемлекетке қарсы қылмыстық іс-әрекетке тыйым салып, оны бүзғаны үшін қылмыстық жауапқа және жазаға тартатын нормалар- ды белгілеу — мемлекеттің қүзыреті. Осы түрғыдағы қоғамдык катынастарды ретке келтіру кылмыстық күқыққа ғана тән әдіс болып табылады.
Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімнен түрады.
Қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері, қылмыстық жауаптылықтың негізі және одан босату, қылмыс құрамыңың түсінігі, қылмыстық заңньщ кеңістіктегі және мезгілдегі күші, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоятын мән-жайлар туралы түсініктер, сондай-ақ қылмыс істеу сатылары туралы ұғыммен, қылмысқа бірге қатысу, жазаның мақсаты және жүйелері, жаза тағайьшдаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың мәселелері осы жалпы бөлімде зерттеледі.
Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және оларды істегені үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі. Жалпы және Ерекше бөлім өзара тығыз байланысты, осы екі бөлімнің жиынтығы қылмыстық қүқықты құрайды. Жалпы және Ерекше бөлімнің бірлігі олардың алға қойған мақсаты мемлекетті, қоғамды, азаматтарды және қүқық тәртібін қылмысты қол сүғушылықтан қорғау арқылы айқын көрінеді. Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің нормаларын қолдану арқылы Ерекше бөлімнің нормалары жүзеге асырылады. Жалпы бөлімнің ережелері мен институттары Ерекше бөлімдегі нақты нормаларды қолданғанда негізгі басшылыққа алынады. Сол себепті осы екі бөлім нормалары бір-біріне сәйкес болуы қажет. Мысалы, бөтеннің мүлкін тонау деген не екенін білу қажет болды делік. Бұл үшін Қылмыстық кодекстің 178-бабьша жүгінеміз. Бүл бапта тонаудың зандылық , үғымы, сипаттамасы берілген. Бірақ та осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін міндетті түрде қылмыс қүрамы, жас мөлшері, кінәнің нысандары мен түрлері, қылмыс істеу сатыларын, қылмысты бірлесіп істеу мәселелерін анықтау қажет. Ол үшін міндетті түрде Қылмыстық кодекстің жалпы бөліміндегі 3,9,15,19,20,21,24,29 - баптарына жүгініп, сонда көрсетілген зандылық үғымдарды басшылыққа алу керек. Егер тонау туралы осы қылмыстық іс сотта қаралатын болса, онда сот жазаны белгілеу (немёсе жазадан босату), жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін де Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің осы мәселелерге арналған III, IV, V бөлімдерінің тиісті баптарына сөз жоқ жүгінеді.
Қылмыстық қүқық қүқық саласының жеке саласы болуымен бірге ол басқа қүқық салаларымен де тығыз байланысты. Сонымен бірге қылмыстық қүқық өзінің бағыты, атқаратын ролі, мәні мен қүқықтық реттеу әдісінің ерекшелігіне байланысты басқа қүқық салаларыяан оқшауланьш, ажыратылады.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҮҚЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстық зандардың міндеттері болып:
Адам
мен азаматтың құқықтарьш, бостандықтары
мен занды мүдделерін, меншікті,
үйымдардың құқықтары мен
Бүл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыс - тық қүқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді делінген.
Жаңа Қылмыстық кодексте қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде орын алған сапалық өзгерістер еске алынған. Яғни, азаматтардың жеке басы, олардың қүқыктары мен бостандықтарын, занды мүдделерін қорғау бірінші кезекке қойылған. Қылмыстық-қүқылық қорғау объектісінің қатарына қоғамдық тәртіппен қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау, Рес- публиканьщ Конституциялық қүрылысы мен аумақтық түтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін кыл- мыстық қол сүғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету міндеттері енгізілген. Яғни, қылмыстық қүқықтың негізгі міндеті қылмыстық қүқықтык қүралдардың комегімен занда корсетілген осы маңызды объектілерді қорғау, қылмыстылықпен барынша пәрменді күрес жүргізу болып табылады. Қылмыстық заңдарда корсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін Қылмыстық кодекс қылмыстық жауаптылықтың негізін белгілейді. Яғни, қылмыстық занда көрсетілген іс-әрекеттерді істеген адам осы занда белгіленғен негізде ғана жауапқа тартылады. Ол үшін қылмыстық заң жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қандай қауіпті іс-әрекеттер қылмыс болып табылатыньш белгілейді және оларды кінәлі түрде істегендерге жазалар мен өзге де қылмыстық-қүқылық ықпал ету шараларын белгілейді. Жаңа Қылмыстық кодекс бүрынғы кодек ске қарағанда ізгілік принципі басшылыққа алына отырып, қоғамға онша қауіпті емес іс-әрекеттер жасағандарға оларды қоғамнан оқшауламайтын жаза түрлерін (түзеу жүмысы, шартты жаза, міндетті жүмыс, шын жүректен өкінуіне немесе тараптардың келісімге келуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату) қолдануға кең жол ашылған. Мүндай ізгілік қағидалар қылмыспен күресуге пәрменді әрі тиімді жағдай туғызады.
Қылмыстық қүқықтьщ міндеттері қылмыстылықтың жағдайы мен деңгейіне де тікелей байланысты. Үзақ жылдар бойы орын алған әміршілдік-әкімшілік, тоталитарлық жүйе, жеке адамға табыну, тоқырау және қайта қүру кезендерінде қылмыстылық өрши түсті, нарықтық экономикаға көшудің қиын процестері, экономикалық кризистер, қоғам мүшелерінің едәуір бөлігінің өмір сүру деңгейінің қиьшдауы, өтпелі кезеңге байланысты қоғамдағы орын алып отырған жүмыссыздық, жоқшылық, қүқык қорғау, қүқық қолдану органдарының да жүмысын қиындата түсті, қылмыстылықтың сандық және сапалық жағынан өсу қарқыны үдеді. Бүрын жүртқа беймәлім үйымдасқан, кәсіптік, банк жүйесіндегі қылмыстар кең белес алды. Жалпы қылмыстылық қүрылымында түрақты үйымдасқан қылмысты құрылымдар жетекші роль атқаруда. Үйымдасқан топ пен кылмыстық бірлестіктердің істеген ауыр қылмыстарының саны осетүсуде. Кісіні қасақана олтіру, денеге ауыр жарақат түсіру, ботеннің мүлкін қарақшылықпен тонау, үрлау немесе алаяқтьгқ жол мен талан-таражға салу, бандитизм, контрабанда сияқты қылмыстардың саны арта түсті.
Қылмыстылықтың санын азайтуда мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан кең колемдегі саяси, экономикалык және әлеуметтік шаралардың маңызы зор. Экономикалық реформаны дүрыс жүргізу, нарықтық экономикаға кең жол ашылу, ондірістің.құлдырауын тоқтатып, еңбекті дүрыс үйымдастыру, оның онімділігін арттыру, жұмыссыздықты жою, қоғам мүшелерінің омір Сүру қажеттілігін тиісті деңгейге көтеру, қүқыктық реформаны заман талабына сай іске асыру мемлекеттің алға қойған осы саладағы міндеттерін жүзеге асыруына кепілдік берді.
Қылмыстық заңның басты міндеттерінің бірі — қылмыстаи сақтандыру болып табылады. Қылмыстық қүқық жалпы және арнаулы сақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Жалпы сактандыру қылмыстық заң арқылы кез келген қылмысты істеуге тыйымсалу, нақты қылмысты істеген адамдарға әділ жаза тағай- ындауды белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Арнаулы сақтандыру қылмыстық заң тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздіктерді істеген адамға қылмыстық-қүқықтық нормалар арқылы белгіленген тиісті ықпал ету шараларын қолдану ретімен іске асырылады. Қылмыстық қүқыққа, сондай-ақ тәрбиелік функция да тән. Қажетті қылмыстық зандардың болуы, оның іс жүзінде әділ қолданылуы, азаматтардың, олардың қүқықтары мен бостандықта- рьшьщ қорғалуы, қылмыс істеген адамның лайықты қылмыстық жауаптылыққа тартылуы азаматтарды заңды құрметтеуге тәрбиелейді және олардың заңға деген сенімділігін арттырады.
Қылмыстық қүқыққа
тән тағы бір функция бар. Ол —
көтермелеу функциясы. Мұндай функция
азаматтардың қылмысқа қар- сы күрес саласындағы
белсенділігін арттырады. Қылмыстык заң-
дарда мемлекеттің, қоғамның мүддесін,
өзінің немесе басқанын. мүддесін қорғауға,
мысалы, қажетті қорғану, мәжбүрлі қорғану,
сондай-ақ пара берген адамның осы жайында
шын жүректен ерікті түрде мәлімдемесі
болса, олар қылмыстық жауапқа тартылмайды
деген нормалар бар. Бүл нормалар көтермелеу
функциясының нақты қолданылатындығын
көрсетеді. Қылмыстық заң, сондай-ақ, қылмыстық
саясатты жүзеге асырудың да қүралы болып
табылады. Қылмыстық саясат әлеуметтік
саясаттың бір бөлігі, оның негізгі мазмүны
— қылмыстық заңдарды қолданудың міндеттерін,
қылмыстан сақтандырудың тиімді жолдарын
табу, қылмыспен күресуде зандылық принциптерін
қатаң сақтау. Ауыр қылмыс істегендергеқолданылуға
жататын қылмыстық қүқыктық шараларды
жетілдіру, ал керісінше қрғамға онша
қауіпті емес қылмыстарды істегендерге
қоғамнан оқшауламай-ақ қолдануға жататын
шараларды белгілеу болып табылады.
Қолданылған Әдебиет.
1. Қылмыстық құқық - Алматы: Жеті Жарғы, 2001. Автор - А.Н.Ағыбаев