Қылмыстық құқық ұғымы,түсінігі және жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 21:10, курсовая работа

Описание работы

Қылмыстық құқықтың негізгі бөлімдерінің бірі — қылмыстық заң туралы ілім болып табылады.
Қылмыстық заң дегеніміз — Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған нормативтік құқықтық акт. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың қағидаттары мен жалпы ережелерін, қандай әрекеттін қылмыс екендігін айқындайды және олар үшін жаза тағайындауды белгілейді.

Работа содержит 1 файл

Қылмыс.doc

— 62.50 Кб (Скачать)

Қылмысқа дайындалу  – бұл адамның қылмыс жасау  құралдары мен қаруларын іздеу, дайындау немесе ыңғайлауы, бірге қылмыс жасаушыларды іздеуі, қылмыс жасауға  сөз байласу немесе қылмыс жасауға  қасақана басқа да қолайлы жағдайлар жасауы, егер қылмыс мұндай жағдайда адамның еркінен тыс мән – жайларға байланысты аяғына дейін жеткізілмесе.

Қылмыс құралдарын сатып алу тәсілдері заңды  болуы мүмкін: қаруды заңға сәйкес сатып алу, сыйлық ретінде алу,немесе заңсыз да болуы мүмкін: қаруды, мөрлерді, кілттерді және т.б. ұрлау.

Дайындау –  бұл шикізаттардан қылмыс жасау  үшін қарулар мен құралдардың  жартылай фабрикаттарын жасау.

Бейімдеу –  затарды өңдеу, сол арқылы олар қылмыс жасау үшін жарамды болады (мысалы, кілттің түрін өзгерту).

Қылмыс жасауға  оқталу деп – адамның еркінен  тыс мән – жайларға байанысты, аяғына дейін жеткізілмеген жағдайда адамның қылмыс жасауға тікелей  бағытталған қасақана әрекеті немесе әрекетсіздігі танылады.

Аяталған қылмыс. Егер адам жасаған әрекетте қылмыс құрамының барлық белгілері болса, онда қылмыс аяталған болып есептеледі. Кейбір қылмыстар бегілі бір қоғамға қауіпті жағдай туғызғанда ғана аяқталған болып есептеледі. Яғни, бұл қылмыстың материалдық құрамы (мысалы, адам өлтіру өлім туындаған жағдайда аяқталған деп есептеледі. Егер өлім болмаса, онда адам өлтіруге қастандық жасау болып табылады). 

Қорытынды.

Сонымен, қылмыс – бұл Қылмыстық кодекспен  тыйым салынған қоғамға қауіпті  іс - әрекет.

Барлық қылмыстар  сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай төртке бөінеді: онша ауыр емес қылмыс, орташа ауыр қылмыс, ауыр қылмыс және аса ауыр қылмыс.

Қылмысқа қатысу, бірнеше адамның біртұтас қоғамға  қауіпті нәтижеге жету үшін өз күш  әрекеттерін біріктіруін білдіретін қылмыстық әрекеттердің ерекше нысаны. Қылмысқа қатысу тек қасақана қылмыстарда ғана болады, қылмысқа қатысушылардың барлығы қасақаналықпен әрекет етеді. Қылмыс жасау салалары – бұл адамның қылмысты қасақана жүзеге асыруының белгілі бір сатылары боып табылаы.  

Пайдаланылған әдебиет:

Құқықтану

Авторлары: А.Ибраева, Б.Қуандықов,

Ш.Маликова, С.Есетова.

Информация о работе Қылмыстық құқық ұғымы,түсінігі және жүйесі