Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2012 в 10:22, курсовая работа
Тақырыпты зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы 1-бөлігінде «Адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары еліміздің ең қымбат қазынасы».
Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең маңызды міндеттерінің бірі – құқықтық жүйенің реформаларының конституциялық, халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес келуі. Елімізде мызғымас құқықтық мемлекет орнату үшін осындай шарттарды қажет етеді.
Кіріспе
I Тарау. Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы.
1.1.Қылмыстық істі қысқартудың түсінігі.
1.2.Қылмыстық істі қысқартудың маңызы.
II Тарау. Қылмыстық істі қысқартудың негізі және шарттары.
2.1.Қылмыстық істі қысқартудың мәні мен классификациялаудың негізі.
2.2.Ақтайтын негіздері бойынша өндірісті қысқарту
2.3.Ақтамайтын негіздер бойынша өндірісті қысқарту
III Тарау. Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің заңды және дәлелді болуы.
3.1.Қылмыстық істі қысқартудың процесуалдық тәртібі.
Қорытынды.
Нормативті құқықтық актілер
Пайдаланылған әдебиеттер
Сот тәжірибесі
2.3. Ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту
Қылмыстық істерді ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту негіздерінің шеңбері біршама кең. Олардың барлығын ақтамайтын негіздердің кез-келгені бойынша істі тек қана тұлғаның бұрын ол бойынша қылмыстық іс қозғалған қоғамға қауіпті әрекетті шындығында жасағаны анықталған және ол әрекет қылмыс сияқты қоғамға қауіпті болып келетін жағдайда қысқарту мүмкіндігін біріктіреді1.
Осыған сәйкес ақтамайтын негіздерді екі топқа бөлуге болады2:
1. Олардың негізінде тұлға өз өндірісіндегі қылмыстық істі қысқартуға міндетті болатын негіздер:
- ескіру мерзімінің өтуі;
- егер ол жасаған әрекет үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актісінің болуы, сонымен бірге жекелеген тұлғаларға кешірім жасау;
- егер тұлға қоғамға қауіпті әрекет жасау сәтінде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық жүктеу мүмкін болатын жасқа толмаса;
- жәбірленушінің немесе оның өкілінің арыздары бойынша қозғалатын істер бойынша айыпталушы мен жәбірленушінің татуласуы;
- айыпталушының қайтыс болуы (қайтыс болған адамды ақтау немесе жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша өзге тұлғаларға қатысты істі жаңғырту үшін іс бойынша өндірістің қажеттігі жағдайын қоспағанда);
- нақ сол айыптау бойынша заңды күшіне енген дәл сол негіз бойынша істі қысқарту туралы сот үкімінің не ұйғарымы не қаулысының болуы (өз өндірісіндегі қылмыстық істі қозғау қажеттігін сотталған жағдайынан басқа жағдайда);
2. Олардың негізінде тергеушіде қылмыстық істі қысқартуға құқығы бар болатын, бірақ мұны жасау міндетті емес болып табылатын негіздер:
- жағдайдың өзгеруі;
- жәбірленушінің күдіктімен немесе айыпталушымен татуласуы;
Бірінші және екінші топтағы негіздер арасындағы айырмашылықтар сонымен бірге бірінші топтағы әрбір негіз бойынша кез-келген қоғамға қауіпті әрекет туралы істер оның қоғамдық қауіптілік дәрежесіне байланыссыз қысқартылуы мүмкін.
Ал екінші топтағы негіздер бойынша, егер тұлға ауыр немесе аса ауыр қылмысты жасаған деп айыпталғанда істі қысқарту мүмкігдігі туындайды.
___________________________
1 Дубинский А.Я. Основания к прекращению уголовного дела стадии предварительного расследования. Киев, 1973г. С. 65
2 Голунский С.А. О прекращении уголовных дел. 1970г.
Бірінші топтағы негіздерді қарастырайық:
1. Ескіру мерзімінің өтуі;
П.М. Давыдов пен Д.Я. Мирский дұрыс айтып өткендей, ескіру – бұл заңмен белгіленген мерзім, оның өтуі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартудың мақсаттылығы жойылса да іс міндетті түрде қысқартуға жатады1. Ал қылмыстық құқық ғылымына өз үлесін қосқан ғалымдар төмендегідей анықтама береді2.
Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату дегеніміз – бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы және өлім жазасы тағайындалуы мүмкін қылмыстарды қоспағанда, қылмыс жасаған уақыттан бастап кінәлі адамды сол қылмысы үшін заңда көрсетілген шарттарға сәйкес жауапқа тартуға мүмкіндік беретін уақыттың өтуіне байланысты кінәліні жауаптылықтан босату жөніндегі құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң бұл институтты қолданудың үш жағдайын көрсетеді3:
1. Заңда көрсетілген мерзімнің өтуі;
2. Осы мерзімдер ішінде адам жаңадан ауыр немесе аса ауыр қасақана қылмыс жасамаса;
3. Тергеуден немесе соттан жалтармаса.
Заңда қылмыстық жауаптылықтан босату қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзімдер өтсе мүмкін болады:
а) кішігірім қылмыс жасағаннан кейін екі жыл;
б) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін бес жыл;
в) ауыр қылмыс жасағаннан кейін он жыл;
г) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін он бес жыл
Ескіру мерзімдері қылмыс жасаған күннен бастап және заңды күшіне енген кезге дейін есептеледі.
Ескіру мерзімі мынадай екі жағдайда тоқтатылады:
1. Егер қылмыс жасаған соттан немесе тергеуден жалтарса, яғни қылмыстық жауаптылықтан босату мақсатын көздейтін қасақана әрекеттер: тұрғылықты жерінен кетіп қалу, аты-жөнін өзгерту, бөтен фамилиямен жаңа жерде өмір сүру және т.б. Бұл ретте ескіру мерзімінің өтуі адамның ұсталған немесе айыбын мойындап келген мерзімінен басталады, яғни осыған дейінгі өткен ескіру мерзімі күшін жоймайды деген сөз. Ал егер ескіру мерзімі тоқтатылмастан қылмыс жасаған уақыттан бері жиырма бес жыл өтсе, адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.
2. Егер ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адам осы қылмыстыр үшін ескіру мерзімі өткенге дейін (10-15 жыл) жаңадан қылмыстар
_____________________
1 Давыдов П.М., Мирский Д.Я. Прекращение уголовных дел в советском уголовном процессе. М., Госюриздат 1973г. С.30
2 А.Н. Ағыбаев Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы, Жеті Жарғы 1999ж. 242-бет.
3 ҚР Қылмыстық кодексіне түсініктеме. Жауапты редакторлар:С.М.Рахметов, Т.Ә.Бапанов, Алматы 2001ж. 140-бет.
жасаса ескіру мерзімі тоқтатылады. Мұндай жағдайларда ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейінгі уақытта жойылып,
жаңадан жасалған қасақана қылмыс пен бұрынғы ауыр немесе аса ауыр қылмыс үшін ескіру мерзімдері жаңадан жасалған қылмыстардың жасалу уақытынан бастап қатар есептеледі.
Осы уақыттан бастап біріктірілмейтін, сіңірілмейтін екі жеке ескіру мерзімдері қатар басталады. Тиісінше, егер адам жаңа қасақана қылмыс жасағанға дейін ауырлығы онша емес немесе орташа ауыр қылмыс жасаған болса ескіру мерзімдері тоқтатылмайды. Сондай-ақ, егер адам ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаса, бірақ жаңа жасаған қылмысы қасақана қылмыс категориясына жатпаса ескіру мерзімі тоқтатылмайды. Мұндай жағдайда әрбір жеке қылмыс үшін ескіру мерзімдері олардың жасалған кезінен бастап есептеле береді1.
Қылмыстық заңда нақты белгіленген қылмыстың түрі бойынша жеңілдететін жаққа қарай өзгерістер ескіру мерзімінің өтуін есептеуде жаңа заң ескеріледі. Егер жаңа заң жазаны күшейтетін болса, онда ескіру мерзімі ескі заңмен ескеріледі. Ескіру мерзімі қылмыс жасаған күннен басталады. Жасау күні деп-24 сағатты қоса есептегенде, қылмыстық зардапты келтірілгендігімен байланыссыз немесе байланысты уақытты айтуға болады2.
Ескіру мерзімі жалпы белгіленген мерзімнің өтуіне байланысты соңғы күннің 24 сағаты өтуімен жойылады, басқа жағдайларда жылдық күнтізбе бойынша, сонымен қатар мерзімнің тоқтатылуы болғанда жылдың айлары не күндерімен есептелінеді. Егер үкім ескіру мерзімнің өтуінен кейін күшіне енген болса, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Осы мерзімнің өтуі созылмалы қылмыстар үшін уақыт бойынша, оның, яғни адамның өз еркімен тоқтатуына байланысты есептелінеді (айыбын мойындап келу, еркінен тыс құқық қорғау органымен ұсталуы). Ал жалғаспалы қылмыстар үшін – соңғы жасаған қылмыстан бастап есепке алынады3.
Ескіру мерзімнің өтуі, егер адам сотта немесе тергеуде бойтасаласа үзіледі. Өткен мерзім өзінің маңыздылығын жоғалтпайды, керісінше адамның кінәсін мойындап келуі немесе құқық қорғау органдарымен ұсталуы кезінен бастап жаңартылған мерзімге қосылады. Мысалы, 20 қаңтарда қылмыс жасалды. 3 айдан соң айыпкер тергеуден жалтарып 5 айдан кейін ұсталады, яғни 20 қыркүйекте деп белгіленсе, бұл жағдайда ескіру мерзімі 20 сәуірден 20 қыркүйекке үзіледі, 3 айлық ескіру мерзімінің өтуі 20 қыркүйектен кейін жаңартылады.
_____________________
1Д.С. Темирова Соотношение вменяемости, невменяемости и психических расстройств не исключающих вменяемости. Караганда 2001г , С.50-57.
2 Д.Б. Бұғыбай Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы, 2003ж. 273-бет.
3Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. Жауапты редакторлар: С.М.Рахметов, Т.Ә.Бапанов А., 2001ж. 140-бет.
Өлім жазасы түріндегі жаза қолданылуы мүмкін қылмысты жасаған адамға ескіру мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Ол мәселені сот шешу кезінде қылмыс жасағаннан кейінгі кінәлінің мінез-құлқын Отан алдындағы еңбегін, наградасының барлығын және қоғамдық пікірді ескеруі тиіс. Ескіру мерзімінің бітіуіне байланысты сот адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін деп таппаса, өлім жазасы тағайындалмайды, оның орнына 25 жыл бас бостандығынан айыруды немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруды тағайындайды. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар Қылмыстық кодекстің 156-164 бабындағы қылмыстарға ескіру мерзімі қолданылмайды1. Яғни тұлғаның тек қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуі туралы ережелер тарайтын қылмыстарды жасауы. Сондықтан қылмыстық істі аталған негіз бойынша қылмыс жасаған тұлғаның кінәсінің толық дәлелденбеуінсіз қысқарту заңдылықты қатаң бұзуды, қылмыстық әрекеті туралы тергеу жүргізілген тұлғаның құқығын елеулі түрде шектеуді бұзуды білдіреді2.
Бұл пікір негізінен дұрыс, бірақ амнистияланған қылмысты жасаған тұлға белгілі болған жағдайда ғана, бірақ кім жасағанына байланыссыз іс-әрекеттің өзі амнистияланатын болса, онда міндетті түрде тұлғаны анықтау және оны айыпталушы ретінде жауапқа тарту, одан соң, барып қылмыстық істі қысқарту қажет деп түсіну дұрыс емес. Қылмыстық-процесуалдық заң мұны талап етпейді. Онда қылмыстық істің қозғалмайтыны, ал қозғалған іс қысқартылуға жататыны анық айтылған3.
Тұлғаларды белгілі бір категориялары да сол сияқты іс-әрекеттерде оны кім жасағанын байланыссыз немесе кім жасағанына қарамастан амнистияланады. Мысалы, қызметтік жалғандық қылмыстарының барлығы осыған жатқызылады.
Жоғарыда аталып көрсетілген негіз бойынша қылмыстық іс тек екі жағдайда бар болғанда қысқартылуы мүмкін:
1) Амнистия актісінде нақты осы жағдайға байланысты шектеулерінің болмауы;
2) Осы негіз бойынша істің қысқартылуына тұлғаның қарсы болмауы.
Мерзімнің ескіруі екі түрі белгіленген:
а) дифференциялық, яғни қылмыстың ауырлығына байланысты болатын аралық;
б) бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасаудан басқа, жалпы қарастырылатын қылмыстардың түрлері, тергеуден немесе соттан бойтасалап жүрген адамдарға 25 жылдық мерзімнің болуы.
_____________________
1 ҚР Қылмыстық кодексіне түсінік. Жауапты редакторлар:С.М.Рахметов, Т.Ә.Бапанов А., 2001ж. 141-бет.
2 Д.Б. Бұғыбай Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы, 2003ж. 172-бет.
3 Давыдов П.М., Мирский Д.Я. Прекращение уголовных дел в советском уголовном процессе. М., Госюриздат 1973г. С. 41
Сонымен қорыта келе ғалымдардың айтуы бойынша және тәжірибеде қылмыстық істі ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қысқарту сирек кездеседі.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37- бабы 1-бөлігінің 3-тармағында көрсетілген қылмыскер жасаған әрекет үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актісінің салдары. Бұл негізді қарастыра отырып профессор ғалым А.Я. Дубинский мынадай қорытындыға келді:
Рақымшылық ету актісін қолданудың негізгі талабы ретінде тұлғаның жасаған қоғамға қауіпті әрекетінде қылмыс құрамының бар екендігі міндетті түрде нақты дәлелденген болуы тиіс деп көрсетеді1. Егер тұлғаның жасаған қоғамға қауіпті әрекетінде қылмыс құрамының бар екендігімен қоса оның жасаған әрекетіне кінәлілігі дәлелденбесе, онда біріншіден заңдылық принципінің бұзылуына алып келіп соқтырса, екіншіден әрекетті жасаған, жасамаған адамның құқықтары мен бостандықтары қатаң түрде бұзылып шектеледі.
Бұдан шығатын қорытынды алдын ала тергеу барысында тиісті орган өз қызметін тиісінше жүргізбегені және заңдылықтың бұзылуының көрсеткіші болып табылады.
Сонымен рақымшылық жасау туралы актіні адамдардың жеке айқындалмаған тобы жөнінде Қазақстан Республикасының Парламенті шығарады. Бұл бірқатар қылмыс санаттарына қатысты немесе жеке айқындалмаған сотталғандар тобына, мысалы жүкті әйелдерге, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, алпыс жастан асқан ер адамдарға бірінші, екінші топтағы мүгедектерге және тағы басқаларға қатысты шығарылатын нормативтік акті, яғни рақымшылық қолданылатын адамдар аладын ала анықталмайды осы белгісі арқылы рақымшылық нақты сотталғандарға қатысты шығарылатын кешірім актісінен ерекшеленеді2.
Жоғарыда көрсетілген акт белгілі бір қылмыстар үшін жауаптылықты белгілеген қылмыстық заңдарды немесе сот үкімін жоймай-ақ қылмыстық жауаптылықты немесе жазада немесе оған сот тағайындаған жазаны жеңілірек жазамен ауыстыруға не қысқартуға құқылы.
Рақымшылық актісі әдетте, елде болған елеулі оқиғаларға немесе мерей тойларға байланысты қабылданады. Мысалы, 1993 жылы 5 қазанда «Халықаралық отбасы жылына байланысты рақымшылық туралы», 1996 жылы 15-маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының бір жылдығына байланысты рақымшылық туралы Қазақстан Республикасының заңдары қабылданды.
Информация о работе Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің заңды және дәлелді болуы