Қылмыстық іс жүргізу құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 12:16, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыс қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдеу мәселелеріне, қылмыс туралы хабарламалар мен арыздарды алдын ала тексеру амалдары, жедел іздестіру қызметінің нәтижелерін дәлелдеме ретінде қолданудың тәртіптері мен осы тәртіптері мен осы сатыдағы дәлелдеу қызметі мен дәлелдемелерді бағалаудың ерекшеліктеріне арналады. Қылмыстық іс қозғау сатысында қылмыс белгілерінің бар немесе жоқ екенідігін дәлелдеуді қаматамасыз етуге байланысты пайда болатын құқықтық қатынастар зертеудің объектісі болып табылады. Ал қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдемелер мен дәлелдеу қызметі, қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүделерінің мәселелері мен оны қаматамасыз етуге бағытталған қылмыстық іс жүргізу заңнамасы мен құқық қолдану қызметі зерттеудің пәні болып табылады.

Содержание

I. Кіріспе
Қылмыстық іс жүргізу құықының түсінігі, пәні, заңдары.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидалары мен қайнар көздері
II. Қорытынды
III. Қолданған әдебитеттер

Работа содержит 1 файл

БАҚЫЛАУ ЖҮМЫСЫ.doc

— 97.00 Кб (Скачать)

Адам мен азаматтың  құқықтары мен бостандықтарын сот  арқылы қорғау қағидасы Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленген. Бұл қағида негізіне Конституцияның 34-бабы алынған, онда былай делінген: "Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті". Бұл негіз адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтыны туралы Конституцияның басқа қағидасымен күшейтіле түскен.

Адамның жеке басының  бостандығына конституциялық құқығы оның жеке басына тиіспеушілікпен тікелей  байланысты. Конституцияның 18-бабындағы ереже ҚІЖК-тің 16-бабында келтірілген: "Азаматтардың жеке өмірі, жеке және отбасылық құпия заңның қорғауында болады. Әркімнің жеке салымдар мен жинақтардың, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясына құқығы бар. Қылмыстық процесс барысында бұл құқықтарды шектеуге заңда тікелей белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі". 
Адамның жеке басына тиіспеушіліктен заңды түрде айырудың кепілдіктері (іс жүргізу шарттары) мыналар:

-мәжбүрлеу шараларын тек қылмыстық іс жүргізу шегінде қолдану; 
-адамның жеке басына тиіспеушіліктен айырылуы мүмкін субъектілерді заңмен белгіленген толық шеңбері (сезікті және айыпталушы); 
-мәжбүрлеу шараларын қолданудың дербес іс-әрекетін белгілеу (адамды қамауға алу, ұстау, күштеп әкелу, тінту және т.т.);

-мәжбүрлеу шараларының  қолданылуын іс жүргізу мерзімдерін  шектеу; 
-іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының заңсыз қолданылғанына шағым жасау мүмкіндігі;

-іс жүргізушілік мәжбүрлеу  шараларын заңсыз қолданудың нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу;

-прокурор мен соттың  іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары  қолданылуының заңдылығын қадағалауы  және адамның Құқықтары бұзылған  жағдайда қажетті шаралар қолдануы.

Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдардың, салалық құқықтық актілердің кейбір ережелерінің мәнінен қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларының жүйесі әлдеқайда қомақты да ауқымды екенін көруге болады.

Қолданылып жүрген қылмыстық  істі жүргізу кодексінде «қағида» ұғымы  мүлдем берілмеген, алайда екінші тарау қағидаларға арналған. Бұрын қолданылып келген қылмыстық істі жүргізу кодексінде тіпті «қағида» терминінің болмауы қылмыстық іс жүргізу құқығы қағидаларының мәнін түрліше талқылау үшін негіз болды деп ойлаймыз. Заңның ортақ арқауынан осы қағидаларды зерттеушілер логикалық жолмен айқындады. Логикалық қателіктер түрлі ұғымдардың (қағидалардың, сот процесінің жалпы жағдайларының) араласуына әкеліп соқты.

Еліміз әлемдегі дамыған 50 мемлекеттің қатарына ену мақсатын алға қойып отыр. Осыған байланысты қылмыстық заңды жетілдіру, халықаралық норма-лар-дың тиімді жақтарын пай-да-лану, қоғамға қауіптілігі шамалы іс-әрекеттерді қылмыс қатарынан шығару, қылмыстық жазаны із-гілендіру, қылмыстық құқықтың жұрт таныған халықаралық тиімді қағидаларын заңдарды жетіл-діру-ге пайдалану, оны зерттеу – өзекті мәселе болып табылады.

Қылмыстық сот ісін жүргізу  қағидаларын тұжырымдау үшін оларға қойылатын талаптарды білу маңызды. Сондықтан да қылмыстық іс жүргізу  қағидаларының түсінігі мен мәнін, маңызын, жүйесі мен мақсатын ашу осы зерттеудің мақсаты болып табылады.

Зерттеудің  міндеттері:

- Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының ұғымы мен маңызын зерттеу;

- олардың қылмыстық  сот ісін жүргізудің міндеттерін  жүзеге асыруда және социалдық  әділеттілікті жүргізудегі ролін қарастыру;

- Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларын бекітудің құқықтық нысанын анықтау;

-олардың нормативтік сипаттамасын көрсету;

- ҚР Конституциясындағы  және қылмыстық іс жүргізу  заңындағы бекітілген қылмыстық  іс жүргізудің қағидаларын қарастыру;

- Қылмыстық іс жүргізудің әр түрлі стадияларындағы қылмыстық іс жүргізудің қағидаларын жүзеге асыру;

- Қылмыстық іс жүргізудің  әр түрлі стадияларындағы жалпы  шарттар мен қағидалардың ара-қатынастарын  зерттеу.

Процессуалдық әдебиеттер, заң мақалалары және прокуратура органдарының тәжірибесіне көп көңіл бөлінді. Сонымен қатар ғылыми ұғымдарды қалыптастыру туралы еңбектер, оқулықтар мен әдістемелік құралдар,  озық тәжірибелер.

Зерттеу жұмысының дәлелділігі  мен негізділігі: Қорытындылардың  әдіснамалық және теориялық қағидалар арқылы дәлелденуімен, зерттеудің ғылыми ақпаратының мазмұнына сай болуымен, кешенді әдіс-тәсілдердің пайдаланылуымен, ұсынылып отырған әдістеменің тиімділігімен, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін тәжірибелік-эксперимент жұмысы арқылы тексеру және практикаға енгізумен қамтамасыз етілді.

Қылмыстық іс жүргізу  қағидалары қылмыстық іс жүргізу  құқығының қағидаларымен сәйкес келеді. Бұлар — заңдылық, жариялылығы, судьялардың тәуелсіз болуы және олардың тек заңға бағынуы, азаматтардың заң және сот алдында тең дәрежеде болуы. Сонымен бірге қылмыстық іс жүргізу құқығының төмендегідей негізгі қағидалары бар:

— Қылмыстық процестегі жариялылық — мемлекеттіліктің негізін белгілейді, оның мәні азаматтардың ісі имес, құқық қорғау органдарының маңызды және жауапты міндеті қоғам мен азаматтарды қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғау болып табылатындығында. Мемлекет өзіне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қылмыс жасаған адамға зиян шегушінің (жәбірленушінің) өз еркімен немесе еркінен тыс жағдайда қылмыстық қудалауды қозғау міндетін жүктейді.

— Іс мән-жайларының жан-жақтылығы, толықтығы объективтілік қағидасы. Сот, прокурор, тергеуші және жауап алуды жүргізуші адам істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін жауапкершілікті жеңілдететін және қылмысты әшкерелейтін мән- жайларын да анықтауға міндетті. Олардың дәлелдеу міндетін айыпталушыға жүктеуге құқықтары жоқ. Айыптаушылардан, іске қатысушы басқа адамдардан күш көрсету, қорқыту және өзге де заңсыз тәсілдер арқылы жауап алуға тыйым салынады.

Істің мен-жайын жан-жақты  зерттеу, іс бойынша шығарылған барлық болжамдарды тексеруді, айыпталушыны (күдіктіні) әшкерелейтін немесе ақтайтын мән-жайды зерттеуді білдіреді. Зерттеудің толықтығы, дөлелденуі тиіс барлық мән-жайлар Зіррттеліп болғанда ғана істің толық қаралғандығын білдіреді. Дәлелдеудің объективтілігі іс жүргізуде тек бір тергеушінің (анықтау жүргізетін адам) ғана емес, сонымен бірге кез келген бақылаушы немесе қадағалаушы органның көзқарасына ғана сүйенбейтіндігін көздейді.

— Айыпталушының қорғалу  құқығын, қамтамасыз ету қағидасы. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы. Мемлекеттік органдар күдіктінің, айыптаушының жеке және мүліктік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.

— Кінәсіздік презумпциясы қағидасы. Презумпция дәлелдеуді талап етпейтін топшылама. Кінәсіздік презумпциясы адамның кінәсіздігі туралы топшылама. Қарапайым сөзбен айтқанда: «Ұсталмаса ұры емес».

Кінәсіздік презумпциясы қағидасының негізгі идеялары:

  • Айыпталушы соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады.
  • Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Адамды оның мойындауына негіздегі қана кінәлі деп тануға болмайды.
  • Айыпталушының кінәлілігіне сейілмеген күдік оның пайдасына түсіндіріледі.
  • Ешкім өзіне-өзі қарсы айғақ беруге міндетті емес.
  • Сот төрелігін жүзеге асырған кезде заңды бұзып алған дәлелдемелерді қолдануға жол берілмейді.

— Тараптардың бәсекелестік қағидасы. Тараптардың бәсекелестігі  мынадай төрт ережені білдіреді:

  • дәлелдемелерді зерттеуді айыптау (мелекеттік айыптау, жәбірленуші, aзаматтық талапкер және оның өкілдері және қорғау (қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның әкілі) тараптары арқылы жүзеге асырады.
  • тараптардың құқықтары тең.
  • сот істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге қажетті барлық шартты жағдайларды жасай, процеске басшылық етеді.

— Қылмыстық процестің  жариялылығы. Барлық соттарда және сот төрелігін жүзеге асырудың кез келген тәртібінде істі қарау ашық түрде жүргізіледі. Істі жабық сот отырысында қарауға заңда қарастырылған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Соттың үкімдері барлық жағдайларда көпшілікке жария етіледі.

— Сот төрелігін жүзеге асыруға қоғамның қатысуы. Тергеуші тергеуді жүзеге асырғанда, қылмысты ашуға және оны жасаған адамдарға іздеу салуға, сондай-ақ қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен шартты жағдайларды анықтауға және жоюға қоғамның көмегін кеңінен пайдалануы тиіс. Қылмыстық істер бойынша сотта іс қаралғанда қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымдары өкілдерінің қатысуына жол беріледі.

Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығы — бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін құқықтық нормалар жүйесі. Ол қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура жене соттың қызметін және үкімнің орындалуының іс жүргізу мәселелерін реттейді.

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Қылмыстық іс жүргізу құқығы