Автор: ***@ckf.ru, 28 Ноября 2011 в 17:59, доклад
Қылмыстық құқықтың негізгі міндеттерінің бірі қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді анықтау, оларға жазаның түрі мен көлемін белгілеу болып табылады. Бірақ қылмыстық құқық осы міндеттерді іске асырып ғана қоймай, қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесін, кінәні ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайларды, жаза тағайындау және жазадан босату кезінде ескерілуге тиісті қажеттіліктерді тағы басқа анықтаумен айналысады. Қылмыстық заң нормаларын практикада, яғни сот тергеу қызметінде қолдану тәртібі туралы сөз қозғағанда және оны сот іске асырғанда қылмыстық квалификациялау туралы мәселе орын алады.
Қылмыстық құқық басты мақсаты ретінде қылмыс жасаған адамдардың іс-әрекеттерін бағалап, оған жауаптылық белгілеуді көздей отырып , осы мақсатқа жету үшін қажетті мәселерді осы құқық саласының мазмұнында қарастырылады. Ал қылмыстық квалификациялау қылмыстық құқықтық ережелерді ескере отырып қылмысты іс-әрекетке баға беруді немесе заң нормасын өмірге негізуді білдіретін қылмыстық құқықтың жеке мәселесі ретінде бағаланады.Демек қылмысты квалификациялау пәнінде қылмыстық құқық анықтаған, зерттеген дайын ұғымдар қолданылады.
Қылмыстық құқық қылмыс деп танылатын әрекеттерге құқықтық талдау жүргізуімен айналысқанмен , оның кейбір практикалық мәселерін көрсетумен айналыспайды, яғни заң бабтарын сот- тергеу қызметінде квалификация жасау ережелеріне сүйене отырып қолдануды толық ашып бермейді.Қылмысты квалификациялау курсы жеке ғылым саласын білдірмейді , ол қылмыстық құқық ғылымының құрамында қарастырылады.
Қылмыстық құқық ғылымы қылмыс және жаза категорияларын қарастыра отырып, жекелеген қылмыстардың өзіне ұқсас қылмыстардан айырмашылығын , ол қылмыстардың кейбір жағдайларда бағалану тәртібін, кінәні ауырлататын құрамдары тәрізді мәселерді қамтиды. Себебі бұл мәселер қылмыстық құрамдарды әр түрлі жағдайларды қолданып талдау, бұл қылмыстық құқықтық құрамына жататын квалификациялау курсының негізгі мағынасы және міндеті қылмысты іс әрекеттерге құқықтық баға беріп, заң бабтарын қолданғанда ескеру және білу керек болып табылатын негізгі қағидалармен , ережелермен, талаптармен таныстыруға бағытталған.
Қылмысты
--бір
қылмыс болып табылатын іс-
--қылмысты квалификациялаудың толық, әрі дұрыс болуы.
--
Қ.К Жалпы бөлімінде
--маңызы
ауыр емес қылмысты
Қылмысты іс-әрекетте Қ.К. Жалпы бөлімінде қарастырылған жағдайлар кездессе, онда Жалпы бөлімнің бабтарына және тиісті бөлімдеріне сілтеме жасай отырып квалификайия жүргізіледі. Жалпы бөлімнің нормаларына сілтеме жасау, ол іс-әрекетке баға берудің бір көрінісі болып саналады, ал құқықтық сауаты бар адамға қылмыс уақиғасы туралы жалпы түсінік бере алады.Мысалы тергеу құжаттарында 175 бап және 24 бабтың 3 бөлімі көрсетіліп тұрса, онда ұрлық жасауға оқталу үшін жауаптылық жүріп жатқанын аңғартады. Қылмысты квалификациялау туралы тергеу әрекеттерінде Қ.К Жалпы бөлімінің барлық бабтары емес, тек қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу және қылмысқа қатысушылардың түрлерін қарастыратын бабтарға сілтеме жасалады.
Қылмысты
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері қылмыстық құқықтық мәселе болып табылатынын жоғарыда ескерттік.Қылмысты квалификациялаудың жалпы тоериясы мәселесінің қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімде қарастырылуына, оның ішінде қылмыстық заң тақырыбында белгіленуіне де келісу қиын . Қылмысты квалификациялау мәселесінде Қ.К. Ерекше бөліміндегі қылмыстық құрамдарды меңгермей отырып, ол туралы сөз қозғай алмайды. Қылмысты квалификациялаудың ұғымы мен міндеттері қылмыстық құқықтың түсінігі тақырыбында жеке сұрақ ретінде қарастырылып келеді. Ал қылмысты іс-әрекеттерді бағалау , оларға заң нормаларын қолдану, яғни квалификация мәселесі қылмыстық құқықтың бүкіл бойында Жалпы бөлімінде де , Ерекше бөлімінде де кездесіп отырады.Қылмысты іс әрекетерді заң нормаларын отырып квалификациялау, сапасы бойынша қылмыстық құқықтық қағидаларды, негізгі ережелерді ескеруді талап ететіндіктен, ол осы сала бойынша алған білімді қорытушы роль атқарады.Квалификация жүргізудің жылдамдығы, яғни құқықтық баға беру мерзімі, ол тергеушінің , судьяның қылмыстық құқық және оны қолдану бағытындағы білімінің көлеміне, тереңдігіне байланысты.
Қылмыстық құқықтық нормалар қоғамның дамуына , қоғамның даму түоінің ауысуына қарай өзгеруі мүмкін. Бұл құқықтың нақты қоғамдағы жағдайды бейнелейтіндігіне байланысты. Өйткені , әрбір құқық саласы қоғамдық қатынастарды реттеумен айналысатындықтан, ал қылмыстық құқық ол қоғамдық қатынастарды қорғауды міндет тұратындықтан олар қоғамнан қалып қоймауды мақсат етеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесі нарықтық қатынастарға ауысуына байланысты , жаңа қатынастар туындап , сол заманға сәйкестендірілген қылмыстық заң дайындалды. Демек , құқық және оның нормалары қоғамның өзгеруіне немесе дамуына қарай өзгеріп отырады. Ал қылмысты квалификациялау мәселесі мұндай өзгерістерге тәуелді болып саналмайды. Қандай қылмыстық құқық өмір сүрсе де қылмысты квалификациялау туралы жалпы ережелер сақтала береді. Қылмысты квалификациялаудың жалпы теориясының өзгеруі немесе дамуы, ол қылмыстық құқық ғылымына байланысты және соған тәуелді болып табылады.
Сонымен қылмысты квалификациялаудың қылмыстық құқықпен байланысы, одан айырмашылығы және қылмыстық құқықтағы алатын орны осындай.
Қылмысты
квалификациялау сатылары
Жасалған қылмысты әрекеттерге қылмыстық- құқықтық баға беру, бірнеше сатылардан құралатын және ұзақ уақытты қамтитын құқытық құбылыс болып табылады. Қылмысты квалификациялауға байланысты қылмыстық құқық нормаларын қолданып, оны қылмыстық іс туралы құжаттарда көрсету- қылмыстық құқықты іс жүзінде қолдануды немесе өмірге енгізуді білдіреді.Демек, қылмыстық іс жүргізудің әрбір сатысында мысалы, қылмыстық іс қозғау , айып тағу, прокурорлық қадағалау, істі сотта қарау және үкім шығару кездерінде қылмысты квалификациялауға қатысты мәселелер шешіліп отырады. Қылмыстық іске байланысты атқарылатын құқық қорғау органдары жасалған қылмысқа заң тұрғысынан баға беруден басқа, дәлелдемелердіжинауға, қылмыстық уақиғасын толық ашуға , жаза белгілеуге қатысты қызметтерді де атқарады. Сондықтан, қылмыстық іс жүргізу сатыларымен қылмысты квалификациялаудың сатылары деген ұғымдар өзара ұқсас деп түсінуге болмайды. Қылмыстық іс жүргізу сатылары деген әлдеқайда кең ұғым болып табылады, тек қылмыстық іс жүргізудің барлық сатыларында қылмысты квалификациялауға қатысты мәселер туындап отыруы мүмкін . Қылмыс уақиғасы толық белгілі болғанда квалификацияны дұрыс беру-қылмыстық істі жүргізіп отырған қызметкердің біліміне байланысты.
Қылмыстық істі жүргізу немесе қылмыс бойынша қызмет атқаратын құқықы қорғау органдарының тізбектелген жұмыстарына қарай қылмысты квалификациялау субьектілеріне алдын ала тергеу , прокуратура және сот органдары жатады. Ал қылмыстық іс бойынша нақты атқаратын қызметінің түріне қарай бөлгенде анықтаушылар , тергеушілер, прокурорлар және соттар деп бөлуге болады.
Қылмыс уақиғасы бойынша кінәлі адамның әрекеттеріне квалификация жүргізу –тергеу құжаттарында сезікті немесе айыпкер ретінде тану туралы қаулыларда және айыптау қорытындысында көрініс табады.Сот органдары қылмыстық іс бойынша қылмыстық құқытық екі қызметін іске асырады: заң жүзінде қылмысты дұрыс бағалау және қылмыскерге жауаптылықтың түрі мен көлемін белгілеу. Соттар тергеу органдарының қылмыс уақиғасын ашу деңгейіне қарай квалификациялау жүргізіп , бұл туралы өз құжаттарында негіздеп, түсіндереді.Қылмысты квалификациялау –бұл жасалған қылмыстық әрекетке қылмыстық заң нормаларын ның ішінен дәл келетін бапты қолдану деген түсінік бергенмен , оны іске асыру алдын –ала дайындықтың болуын және қажетті ережелерді сақтауды талап ететін қүрделі қызмет болып табылады.Ал қылмыстың тек зардабын немесе обьектісін ғана ескеріп квалификация жасағанда қылмыс құрамының бір немесе екі құрам элементіне қарай бағалау жүргізілген болып шығады.
Қылмысты
Қылмыстың тікелей обьектілерінң сәйкестігі анықталғаннан кейін құрамның обьективтік , субьективтік жақтарының және субьектісі белгілерінің дәлдігі анықталып, құрам элементтері түгел дәл келгенде ғана қылмысты квалификациялау сатысы аяқталады.
Бірақ
бұл сатыдағы квалификацияны түпкілікті
өзгермейтін бағалау деп тануға
болмайды. Себебі, қылмыстың уақиғасына
қатысты жаң мән-жайлардың ашылуына
байланысты берілген квалификация ауыр
немесе жеңілірек қылмыс түріне өзгеруі
мүмкін . Сонымен қатар қылмыстық іске
дұрыс квалификация берілмегенде , ол
бойынша қылмыстық –құқықтық қатынасқа
қатысушы кінәлі адамда , жәбірленушіде
тағы басқа наразылық болғанда қылмыстық
іс облыстық немесе Жоғарғы Соттың
қылмыстық істер бойынша алқасында, қадағалау
алқасында қаралып, қайта квалификация
жүргізілуі мүмкін.
Аяқталмаған қылмыстардың
жалпы сипаттамасы және квалификация
тәртібі
Аяқталмаған қылмыстардың
қатарына қылмыстық құқық қылмысқа
даярлану мен оқталуды жатқызады. Қылмыстық
заңның Ерекше бөліміндегі баптардың
диспозицияларында тек
Аяқталған
қылмыстармен аяқталмаған қылмыстардың
басты айырмашылығы , ол аяқталмаған
қылмысты әрекеттерде қылмыстық
құқықта бейнеленген қылмыс құрамы
белгілерінің толық болмауы болып
табыладыАяқталмаған
Информация о работе Қылмыстық кваликациялаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны