Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 15:23, реферат

Описание работы

Қылмыстық құық теориясында қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін өте маңызды және әмбебап қылмыс құрамы туралы ілім бар. Бұл ілім тек заң ғылымдарының жетістігі негізінде ғана пайда болған жоқ. Онда философияның ұғымдары (объекті, себепті байланыс мәселелері). Медицина ұғымдары (есі дұрыс еместік ұғымын анықтаумен байланысты мәселелер) психологиялық ұғымдар (қылмыстық жауаптылық басталатын ең төменгі жас мөлшерін анықтау кінә, пиғыл ұғымдары) пайдаланылады. Аталған ілімнің әмбебаптағы бұл ілімді әртүрлі сипаттағы қылмыстық заңдарға қолдануға болады. Қылмыстық құқылық норма және жасалған іс-әрекеттің оқиғалық мән-жайы қылмысты саралау процессінде біріктірілетін құбылыстардың екі өрісі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

қылмыс құрамы Word (3).doc

— 70.00 Кб (Скачать)

       Екінші жағынан көптеген құрамдар  өзара конструкциясы бойынша айырмашылыққа ие болады. Мысалы жәбірленушінің қайтыс болуына алып келген денсаулыққа қасақана ауыр зардап келтіру (103б.) адам өлтіру құрамынан тек объекті, объективтік және субъективтік жақтарының белгілерімен ғана емес өзінің құрлысының ерекшеліктерімен айырмашылықтарға ие болады: онда зиянды салдардың екі түрі (денсаулыққа ауыр залал келтіру және өлім) қарастырылған және кінәнің екі нысаны бар. Оның есесіне кісі өлтіру құрамы үшін ауырлататын мән-жайлардың күрделі құрылымы тән болады.

      Бұл мысалдан байқайтынымыз құрамдар  құрлысындағы айырмашылықтар жекелеген  белгілердің мазмұнымен емес, қылмыстың  белгілі бір элементтерін сипаттайтын  белгілердің тобымен анықталатындығы.  Суреттей айтқанда егер қылмыс  құрамы ірі типтік блоктарда  тұратын ғимарат дейтін болсақ, онда конструкция осындай блоктардың жиынтығымен анықталады. Я.М. Брайниннің пікірінше «Қылмыс құрамының құрылымдық негізін оның элементтерінің жүйесі құрайды: объект, объективтік жағы; субъекті және субъективтік жағы құрайды». /23/

      В.Н. Кудрявцевтің ойынша: мәнісі  бойынша дұрыс болып табылатын  бұл пікір термонологиялық жағынан  тиянақтауды қажет етеді. Ол  жаңылысу болмау үшін «элемент»  терминімен қылмыстың тек төрт  бөлігін білдіруді ұсынады, ал  құрам мазмұнына қатысты «белгі» немесе «белгілер тобы» сөзін пайдалануды ұсынады. Аталған көзқарас тұрғысынан құрам қылмыстың тиісті төрт элементін сипаттайтын белгілердің төрт тобына ие болады және бұл оның құрылымдық негізі болып табылады.

       Алайда тек аталғандармен шектелу  жеткіліксіз болады. Құрамның конструкциясын оның белгілерінің барынша ұсақ топтары да құрайды. Осындай топтар барлық немесе көптеген қылмыстарға тән болатын құрамдардың жекелеген белгілерінің қортындыланған сипаттамасы болып табылады. Бұлар мазмұндық белгілердің өзі емес олардың санаттары немесе сыныптары болып табылады. Мысалы, қылмыстың объективтік жағына әрекет немесе әрекетсіздік, зиянды салдар және т.б. кірістіріледі «Әрекет» (немесе «әрекетсіздік») жүріс-тұрыстың әртүрлі нысандарын кірістіретін санат болып табылады. Субъектіні сипаттайтын белгілердің кейбір санаттары туралы біз осыған дейінде айтқан болатынбыз (ақыл-асі дұрыстық, жас мөлшері)

       Жоғарыда аталған белгілер санатының  болуы құрамды толық сипаттама  жасауға жеткіліксіз болады, себебі  санаттар белгілердің тектік тиістілігін көрсетеді және қажетті нақтылыққа ие бола алмайды: әлдеқандай құрамды суреттеу үшін оған не кіретінін көсетіп ғана қоймай осы қортындыланған белгінің мазмұнында ашу қажет болады, яғни әңгіме мүлікті жасырын талан-таражға салу немесе эпидемиялармен күресу ережелерін бұзу туралы жөнінде болып отырғанын анықтау керек. Ендеше құрамға кіретін белгілердің санаттарын атап шығу оның мазмұнын ашпайды бірақ, оның конструкциясына сілтеме жасайды. Сонымен бірге құрам белгілерінің әлдеқандай ресми сыныптамасының жоқ екендігін және аталған мәселе бойынша ғалымдар пікірінің толық бірдей емес екендігін естен шығармаған дұрыс.

       Жоғарыда көрсетілген қылмыстық  құқық ғылымындағы қылмыс құрамы  мен оның атқаратын қызметі  және оның қылмысты саралаудағы маңызы туралы пікірталастарды осымен қоя тұрып, қазіргі кездегі оқулықтардағы бекітілген көзқарастарды талдап көрейік.    

       Қазақстан Республикасының 1997 жылғы  ҚК-ін дұрыс қолдану аталған  ілімсіз мүмкін болмайды. Мысалы  құқық қорғау органдарына белгілі бір тұлғаның бұзақылық іс-әрекеттерді жасағаны туралы хабар келіп түсті. Әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануға жататын ұсақ бұзақылық па немесе қылмыстық жауаптылықты туындататын бұзақылық іс-әрекеттер болып табылама дұрыс шешу үшін Қ.Р. ҚК-нің 257 бабында қарастырылған (бұзақылық) қылмыс құрамының белгілерін білу қажет. Одан кейін жасалған іс-әрекеттің мән-жайлары мен сипатын, кінәліні сипаттайтын белгілерді анықтап оларды бұзақылық құрамымен салыстыру қажет. Егер жасалған іс-әрекетте қылмыстық тәртіппен жауапқа тартылатын бұзақылықтың белгілері бар болса, кінәлі адам ҚК-тің 15 бабында көрсетілген қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа толса онда бұл жағдайда ҚК-тің 257 бабында қарастырылған қылмыстың жасалғандағы туралы қортынды жасауға болады.

       Ендеше қылмыс құрамы туралы  ілімсіз қылмыстық заңды дұрыс  қолдану негізінен алғанда   мүмкін болмайды. Қылмыс құрамы  туралы ілімнің маңыздылығы мен  мәнділігі осында.

       Жасалған іс-әрекетті саралау  негізделетін және ескерілетін  қылмыс құрамы туралы мәселені қозғаудан бұрын құрам ұғымына не кіретіні және оның бөлшектеріне ненің жатқызылатынын дұрыс анықтап алу керек. Құқықтың әдебиетте тиісті терминология қолданылды. Бірақ кей кездерде «элемент», «белгі», «тарап», «жүйе бөлшегі», «жүйе» терминдері бір мәнде, бір мағынада білдіреді, қылмыс құрамы және қылмыс деген аталымдар біріктіріліп жіберіледі.

         Жалпы алғанда ғылыми терминология  мәселесі оңай емес және ойлап  табылған емес қылмысты саралауға  тікелей қатысты болып табылады. Дегенмен біз осы мәселе төңірегіндегі ғылыми пікірталастарды өз жұмысымыздың мазмұнына кірістіруді қажет деп таппадық.

        Енді қылмыс құрамы оның қылмыстық  әділ соттылықты жүзеге асырудағы,  қылмысты дұрыс саралаудағы маңызы  туралы, құқықтық әдебиеттерде қылмыс құрамына көптеген анықтамалар берілген. Олардың көпшілігі бойынша қылмыс құрамы дегеніміз іс-әрекетті нақты қылмыс ретінде бағалауға мүмкіндік беретін объективтік және субъективтік ерекшеліктерге ие заңи белгілерінің жиынтығы болып табылады. Адамның іс-әрекетінде қылмыс құрамының болуы қылмыстық жауап кершілікке тартудың бірден-бір негізі болып табылады. Қылмыстық-құқықтық норманың диспозициясында қылмыстың атауы немесе қылмыс белгілері сипатталады. Құрылымдық техникасы және қылмыс белгілерін сипаттау әдісі бойынша диспозицияларды жай, сипаттамалы бланкеттік және сілтемелі қылып бөлеміз.

        Мысалы заңшығарушы жалпылай  белгілі терминмен қылмыстық  іс-әрекетті атап, оның белгілерін  ашып көрсетпеген жай диспозицияда  немесе қылмыс құрамының барлық  белгілері айқындалмаған және оларды анықтау үшін өзге нормативтік актіге жүгінуді қажет ететін бланкеттік диспозицияларда іс-әрекеттерді қалай саралау қажет? Сонымен қатар қылмыстық заңның Ерекше бөлімінде қылмыстың объектісі мен субъектісі оның субъективтік жақтары  көрсетілмеген баптар бар. Әдетте қылмыстық құқықтық норманың дспозициясында қылмыс құрамының тек объективтік жағының белгілері ғана көрсетіледі және олда толық күйінде емес. Мысалы ҚК-тің 96 бабында іс-әрекетті оның нәтижесімен байланыстыратын себепті байланыс туралы аталмаған. Осыдан шығатын қортынды қылмыс құрамы терең мазмұнға ие және заң диспозициясы мәтінінен айыптарлықтай кең, көлемдірек болады. Сондықтан іс-әрекетті саралау барысында ҚК-тің жалпы бөлімінің нормаларына оларды құзіретті органдардың түсіндірулеріне жүгіну қажет болады.

        Қылмыс құрамын қылмыстық-құқықтық  норманың диспозициясын яғни  ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптарын  қарастыру барысында заң шығарушы  қоғамдық қауіпті іс-әрекетті  сипаттайтын белгілердің ішінен  барынша маңыздыларын ғана іріктеп алады. Өзінің жиынтығында олар жеке тұлғаға, қоғам мен мемлекетке қауіп төндіреді.

        Қылмыс құрамы нақтылыққа ие, алайда оның нақтылығы жалпы  сипатта болады. Онда іс-әрекет  сипатталып жазылмайды, анықталған  қол сұғушылықтың жеке ерекшеліктері және белгілері болмайды. Жалпы айтқанда қылмыс құрамы іс-әрекетке сәйкес келмейді. Сондықтан жалпы қалыптасқан түсінікпен сәйкеспейтін белгілі бір жағдайда үйреншікті емес нақты жағдай қалыптасады яғни қылмыс құрамы әрқашан нақты, бірақ өзі ақылға қонымды жалпылама қортындылаудың нәтижесі болып табылады. Қылмыс құрамы туралы жалпы ілімде, нақты құрамдардың барлық белгілерін негізгі және қосымша қылып бөлу қалыптасқан. Барлық нақты қылмыстарға тиісті белгілер жалпы белгілер болып табылады. Осыған сәйкес әрбір құрамда нақты объект, іс-әрекет, кінә, есі дұрыстық және қылмыс субъекетісінің заңда көрсетілген жасқа толуы анықталуы тиіс. Қосымша белгілер заң шығарушымен жеке қылмысты немесе қылмыс топтарын сипаттау барысында қолданылады.

       Қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралауды құрам элементтері объекті, объективтік жағы, субъект және субъективті жағы бойынша жүргізу қабылданған. Сондықтан жасалған іс-әрекеттің белгілері олардың анықталуы бойынша, заңның тиісті нормасымен салыстыру және талдау үшін тиісінше топтастырылады.

       Тергеу және сот органдарының  қылмысты саралаудағы қызметінің  мәні мынада: жасалған іс-әрекет  белгілері мен ҚК-тің Ерекше  белгілерінде қарастырылған қылмыс  белгілерін салыстыру және сәйкестігін  табу сол арқылы жасалған іс-әрекетке қылмыстық-құқықлық баға беру. Сонымен қылмысты саралау басқаларымен салыстырғанда тұрақты түрде әрекет ететін, дербес қылмыстық құқық институты ретінде негізінен қылмыс құрамы туралы теоретикалық ілімдерге сонымен қатар дәлелдеу теориясының жалпы негіздеріне негізделді. Дәлелдеу фактілерін, қылмыстық істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттемейінше жасалған іс-әрекетін саралауды оның жасалуының мәністерін есепке алу және талдау арқылы ҚК-тің ауырырақ немесе жеңілдеу жауапкершілік көзделген бабына ауыстыруы мүмкін. Сотта жағдай өзгеше: 1) сотталушыға тағылған айыпты тани отырып, сот алайда қылмысты саралауды ҚК-тің жеңілдеу жауапкершілік көздеген бабына өзгерту қажет деп санауы мүмкін, ондай реттерде сот қылмысты саралауды ҚК-тің бір бабынан өзгесіне ауыстырудың қажеттілігін үкімде көрсетуі тиіс. 2) егер сот әрекетті саралауды ауырырақ жауапкершілік қарастырылған бапқа ауыстыру турасында айтатын болса істі КІЖК-нің 303 бабына сай қайта тергеуге жіберуге міндетті. Жалпы айтқанда соттың сотталушыға тағылған айыпты жеңілдетуі мүмкін, алайда бұрын тағылмаған жаңа айыппен толықтырып басқамен ауыстыруға құқығы жоқ.

        Бұл өз кезегінде анықтама  және алдын ала тергеу органдарын  қылмысты саралауды барынша мұқият, сауатты, кәсіби деңгейде жүргізуге  міндеттейді, олай болмаған жағдайда жіберілген қателіктер анықтама немесе алдын ала тергеу жұмыстарына белгілі процессуалист М.С. Строговичтің айтуынша: «қылмыс құрамы... қылмыстық құқық нормаларымен берілген қылмыс түрін қарастыратын ҚК-тің тиісті бабымен анықталады. Қылмыс құрамын жеке жағдайда, әрбір іс бойынша анықтау қылмыстық іс жүргізу кодексінің дәлірек айтқанда КІЖК-нің тиісті тергеу және сот әрекеттерін қарастыратын баптарымен анықталатын іс жолымен жасақталады. (айыпталушыдан және куәлерден жауап алу, басқа да дәлелдемелерді жинау)». Осы айтылғанмен келісу қажет себебі қылмыстық құқықпен қылмыстық процестің өзара байланысы – бұл екі философиялық ұғым «форманың» және «мазмұнның» диалектикалық байланысы. Сондықтан аталған материалдық және процессуалдық құқық салаларын кейде юриспруденцияда «материалдық және процессуалдық қылмыстық құқық» деп те айтады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі