Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 06:28, доклад
Трасология термині француз тілінде «trace» – із және грек тілінің «logos» – ілім, ғылым сөздерінен шыққан, тура аудармасы «іздер туралы» ғылым. Бұл терминді алғаш рет М.Н. Гернет 1936 жылы Минск қаласында жарыққа шыққан библиографиялық көрсеткіштің бір бөлімінің тақырыбында қолданған.
Трасология термині француз тілінде «trace» – із және грек тілінің «logos» – ілім, ғылым сөздерінен шыққан, тура аудармасы «іздер туралы» ғылым. Бұл терминді алғаш рет М.Н. Гернет 1936 жылы Минск қаласында жарыққа шыққан библиографиялық көрсеткіштің бір бөлімінің тақырыбында қолданған.
Трасология ілімін түсіну үшін, ең алдымен «із» түсінігіне анықтама беру керек. Із ұғымы кең және тар мағыналарда қолданылады. Кең мағынасында із дегеніміз – қылмыс салдарынан туындайтын айналадағы әр түрлі өзгерістер. Осы мағынасында іздерді сипатына қарай жіктеуге болады:
1. Көрінетін іздер. Мысалы, қылмыскер көлшікке басып, кейін құрған жерде жүрген кезде аяқ киімінің қалдырған іздері, немесе құлыпты бұзған кезде қалған іздер. Сондай-ақ, бұл категорияға адам саусақтарының іздері және көлік дөңгелектерінің асфальтта қалған іздері де жатады.
2. Материалдық іздер. Бұл – қылмыскердің оқыс жерінде ұмытып кеткен не қалдырып қойған заттары. Мысалы, гильза, бөгеттерді бұзұда қолданған заты, бас киімі, қалам және басқада заттар.
3. Заттық іздер. Бұл категорияға кез келген органикалық не бейорганикалы заттар (шаң, баяу, талшық және т.б.), сондай-ақ, кез-келген биологиялық іздер де (қан, сілекей, адам ағзасынан бөлінетін басқада заттары) жатады.
Үшінші топ іздерін зерттеу тек Ғылыми техникалық прогресс нәтижесінде ғана мүмкін болды. Ал алғашқы екі топтың іздерін зерттеу бұрыннан қалыптасқан, әсіресе, аяқ пен қолдың іздері арқылы қылмыстарды ашу ерте кезден қолданылады.
Жалпы, бұл үш категория да із ұғымының кең мағынасында түсіндіреді. Ал тар мағынасында із ол тек бірінші категорияда айтылатын іздер ғана, яғни бір объектің сыртқы құрылысының екінші объект бетіне түсуі. Дәл осы іздер мен олардың пайда болу механизмі және оларды зерттеу, табу, белгілеу әдістері мен тәсілдері «трасология» ұғымының негізін құрайды.
Трасологияда із деген ұғыммен әрекеттесу салдарынан бір заттың бетінде екінше заттың сыртқы құрылысының көрініс табуын айтады. Сонымен қатар, тариғи қалыптасқан жағдайларға байланысты, адам ағзасы бөлетін заттар , шаң, шылымның іздерін анықтау, белгілеу, алу және зерттеу әдістері мен тәсілдері трасологияда зерттелінеді. Олай болудың себебі, криминалистикада қылмыстың кез-келген іздерін анықтау, алу, белгілеу және зерттеумен айналысатын жалпы ортақ түсініктердің болмауымен байланысты. Криминалистиканың кейбір салаларында бұл іздердің өзіндік ерекшеліктері ғана қарастырылады. Сонымен қатар, трасология жоғарыда аталған іздердің (қан, шаң, шылым) зерттеу, бағалау, қолдану міселелерінмен айналыспайды, себебі ол криминалистиканың басқа салаларының зерттеу пәні болып табылады. Сондықтан трасологияға басқа заттық іздер жатқызылмайды, себебі онда криминалистиканың қылмыс салдарынан туындаған заттық іздерін зерттейтін салалары (баллистика, құжаттарды зерттеу және т.б.) трасологиямен жұтылып қалар еді.
Криминалистикалық трасология – қылмыстық іс жүргізуде маңызды болатын жағдайларды анықтау үшін із қалдырушы объекттердің сыртқы құрылысының көрінісін, іздердің қалу механизмі мен оларды анықтау, бегілеу, алу, сақтау және зерттеу әдіст-тәсілдерімен айналысатын криминалистиканың іздер туралы саласы.
Трасологияның мақсаттары болып келесілер анықталады:
‒ қалдыратын іздерінің ұқсастығы бойынша объекттерді топтастыру;
‒ объектті (не оның бөлігін) қалдырған ізі бойынша идентификациялау;
‒ іздің қалу механизмін анықтау.
Ал криминалистиканың салаласы ретінде трасологияның міндеттері мақсаттарынан көбірек. Олар:
‒ қылмысты зерттеуде трасологиялық іздерді қолданудыі теоретикалық негізін жасау;
‒ іздерді анықтау, белгілеу және алудың ғылыми-техникалық әдістері мен тәсілдерін жасау;
‒ іздерді зерттеудің әдістері мен тәсілдерін жасау;
‒ қылмыстың алдың алу әдістері мен тәсілдерін жасау.
Трасологияның негізін бір қатар принципиалды жағдайлар құрайды:
із қалдырмайтын қылмыс болмайды. Әздер қылмыспен қатаржүреді және оның сипатын көрсетеді;
іздер арқылы қылмыстың қалай жасалғандығы туралы ақпаратты алуға болды;
іздердің сақталу мерзімі қоршаған орта жағдайымен тығыз байданысты. Неғұрлым ол қолайсыз болса, соғұрлым іздердің сақталу мерзімі аз болады;
ізді қалдырған уақыттан оны зерттегенге дейінгі уақыт аралығы ұзақ болған сайын, ізден алынатын ақпарат көлемі азаяды;
қоршаған ортаның барлық объекттері макро- микрорельефке ие болады. Теп-тегіс бетті заттар табиғатта жоқ.
Көрінетін іздер іздік байланыс деп аталатын прецесс негізінде пайда болады. Іздік байланыс белсенді болады, егер із қалдыруды із қалдырушы объектін өзі жасаса, және пассивті болады, егер із қалдыруда бөгде зат әсер етсе.
Іздік байланысқа қатысушы объекттер із қалдырушы (яғни, із қалдаратын объект) және із қабылдаушы (яғни, із қалатын объект) болып аталады. Олар тұрақты сыртқы құрылысқа ие болу керек, және із қабылдаушы объекттің тығыздығы із қадырушы объектіге қарағанда азырақ болады.
Сонымен, трасология – қылмысты сипаттайтын іздердің пайда болу механизмдері мен олардың теориялық негізін зерттейтін, қылмысты ашу, тергеу, алдын алу, жалпы мән-жайды түсіну үшін маңызды жағдайларды анықтау үшін іздерді анықтау, белгілеу, алу, зерттеудің әдіс-тәсілдерін жасайтын іздер туралы криминалистикалық ілім.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Е.П. Ищенко, А.А. Топорков «Криминалистика: оқулық», «ИНФРА» баспасы, Мәскеу, 2006;
2. Савельева М.В., Смушкин А.Б. Криминалистика: оқулық. «Дашков и К» баспасы, Мәскеу, 2008;
3. Криминалистикалық сөздік. Мәскеу, 1993