Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 21:21, реферат
“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағнасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.
Сыбайлас-жемқорлық деген не, онымен күрес қағидалары
“Сыбайлас-жемқорлық”
деген түсінік мағнасына этимологиялық
қарау мұны “параға сатып алу”, “пара”
ретінде, "corruptio" деген латын сөзін
алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим
құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік
болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру,
бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға
сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа
қарсы іс-әрекетті білдірген.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты
пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың,
саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде
сипаттайды. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен
күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа
келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік
міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ
соларға теңелген адамдар, тікелей өзі
немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды
құзыреттерін және онымен байланысты
мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін
басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу
үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік
жайлылықты және артықшылықты қабылдау,
сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен
аталмыш жайлылықты және артықшылықты
оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен
сатып алу”.
Сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі
қағидаларына келесі жатады:
1. Баршаның заң және
сот алдында теңдігі.
Бұл қағиданы сақтау және жүзеге асыру
сыбайлас-жемқорлықпен күресте өте маңызды.
Өкінішке қарай, заңнаманы таңдап қолдану
өте жиі кездеседі, ондайда заң біреу үшін
бар, басқалар үшін жоқ. Жеке соттар, мемлекеттік
қызметшілер, құқық қорғау органдарының
қызметкерлері сондай-ақ сыбайлас-жемқорлыққа
беттелген.
Бұл қағиданың сақталуының кепілі азаматтардың
өздерінің белсенділігі болып табылады—сыбайлас-жемқорлық
үдерістерді БАҚ-та жариялау, оның ішінде
БАҚ, бұқара өкілдерінің сот үдерістерінде
болуы; өтініштерді прокуратураға, экономикалық
және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес
жөніндегі Агенттікке және басқа құқық
қорғау органдарына беру.
2. Мемлекеттік органдар
қызметінің нақты құқықтық
тәртібін, заңдылығын
және осындай қызметтің
жариялылығын, оған
мемлекеттік және қоғамдық
бақылауды қамтамасыз
ету.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің 2005 жылғы
23 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген
2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас-жемқорлықпен
күрес бойынша Мемлекеттік бағдарламаға
сәйкес, 2008 жылға дейін мемлекеттік органдар
қабылдаған шешімдердің ақпараттық мөлдірлігін
қамтамасыз ету,мемлекеттік басқару органдарының
рұқсат ету және әкімшілік құзыреттерін
оңтайландыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып
алудың электронды жүйесіне көшу негізінде
мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау.
Бағдарламада ерекше орын азаматтық қоғам
ұйымдарын сыбайлас-жемқорлыққа қарсы
қызметке тартуға, құқықтық сана мен құқықтық
мәдениетті қалыптастыруға бөлінеді.
Нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас-жемқорлыққа
қарсы сараптаудың пәрменді тетігін енгізу,
бюджеттік қаражаттың жұмсалуын қоғамдық
бақылау жүйесін құру, жеке рұқсат беру
міндеттерін азаматтық қоғам институттарына
беру, ақшалай қаражаттың қолма-қол айналымын
мейлінше көбірек қысқарту бойынша шаралар
енгізу, заңға қайшы жолмен ақшалай қаражатты
заңдастыруға қарсы іс-әрекет жасау қарастырылған.
ҚР Әділет министрлігі “Мүддес болу туралы”
заң жобасын әзірлеп, парламентке ұсынды,
онда заң жобаларын мүддестендіру үдерістерін
құқықтық реттеу және лауазымды адамдардың
өз функционалдық міндеттерін орындаған
кезде даудың алдын алу бекітілген.
3.Жеке және заңды тұлғалардың
құқығы мен заңды мүдделеріне
қатысы бар сұрақтарды
шешу процедурасын және
кадр жұмысын, мемлекеттік
аппарат құрылымын жетілдіру.
Мемлекеттік бағдарламамен мемлекеттік
органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің
өзара іс-әрекетінің нақты құқықтық тәртіптеу
формалары мен механизмдерін жүзеге асыру
, сондай-ақ сот шешімдерін қабылдаудың
мөлдірлігін және олардың дер кезінде
орындалуына ықпал жасау қарастырылған.
Заңға сәйкес аталған қағидалар:
-мемлекеттік функцияларды орындауға
өкілетті;
-лауазымды, сондай-ақ олардың қатарына
жататын басқа адамдардың құқықтарын
және еркіндігін ҚР Конституциясының
39 бабы 1 тармағына сәйкес шектеу;
-жеке және заңды тұлғалардың бұзылған
құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына
келтіру, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықтың
зиянды салдарын жою және алдын алу:
-сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықпен
күреске ықпал жасайтын азаматтардың
жеке қауіпсіздігін;
-кәсіпкерлік қызметке бақылау жасайтын
жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік
реттеу өкілеттігін беруді болдырмау.
Сыбайлас-жемқорлық бірталай экономикалық
заңдардың іс-әрекетін төмендетеді және
әлемдік қауымдастық алдында елдің беделін
түсіреді, оған тиімді шетел инвестиция
жолында басты кедергі болып табылады.Адал
және әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан
ысырылады, себебі сыбайлас-жемқорлық
мұндай бизнесті тиімсіз етеді.
Сыбайлас-жемқорлық әсіресе мемлекеттік
билік органдарында қауіпті. Мұндай жағдайда
ол биліктің монополиясын, мемлекеттік
қызметшілердің шешім қабылдау өкілеттігін
күшейтеді және шенеуніктердің қатал
құқықтық есеп беруін және бақылауда болуын
жою симбиозын көрсетіп-білдіреді.
Практика көрсеткендей, сыбайлас-жемқорлық
мемлекеттік жүйенің барлығын бұзады,
мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік
қызмет абыройның құлдырауына ықпал етеді.
Сыбайлас-жемқорлық экономиканың дамуына
кедергі жасайды және ұйымдастырылған
қылмыстың, әсіресе экономика саласында,
өсуіне ықпал жасайды.
3.1. Қандай мемлекеттік
органдар сыбайлас-жемқорлыққа
қарсы қызметті жүзеге
асыра алады?
Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықты
анықтау, болдырмау, алдын алу және өз
құзыреті шеңберінде оларды жасаған адамдарды
жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік,
ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі,
қаржы және әскери полиция органдарымен
жүзеге асырылады.
Аталмыш органдардың лауазымды адамдары
заңнама белгілеген мерзімде іс, материал,
хаттама жіберген адамға немесе органға
жазбаша сыбайлас-жемқорлық қылмыс, әкімшілік
құқық бұзушылық туралы көрсетіп-білдіру
жіберуге , оларды қарағанның нәтижелеру
туралы хабарлауға тиіс.
Заңға сәйкес бұл органдар олардың құзырынан
шығатын шаралар қабылдауға және жауапты
мемлекеттік лауазымда отырған адамдардың
жасаған сыбайлас-жемқорлық қылмысын
анықтаған әр оқиға туралы құқық статистикасы
және ақпарат органдарына дереу мәліметтер
жіберуге міндетті.
ҚПК 192 бабына сәйкес т.тг) 176 бап.3 б.,193 бап.3
б., 209 б.1 б., 307 б.,1 б.,308 б.1 б.,310,310 б.1,2 б.,312-315
б.қарастырған қылмыстар туралы алдын
ала тергеу қаржы полициясы тергеушілерімен
жасалады.
ҚП ҚПК 307 бабының 2,3,4 б., 308 бабының 2,3,4 б.,
311 бабының 3,4, б. Қарастырған қылмыс туралы
қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу
қылмыстық іс қозғаған ұлттық қауіпсіздік
немесе қаржы полициясы органымен жасалады.
ҚР ҚПК 380 бабы қарастырған қылмыстар туралы
қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу
қылмыстық іс қозғаған ішкі істер, ұлттық
қауіпсіздік немесе қаржы полициясы органымен
жасалады.
Сыбайлас-жемқорлықпен байланысты қылмысты
анықтау, ашу, жібермеу және алдын алу
мақсатында жедел-іздестіру және басқа
қызмет, сондай-ақ заң белгілеген тәртіпте
заңға қайшы табылған мүлікті заңдастыруға
жол бермеу мақсатында қаржы бақылауының
арнайы шараларын қолдану ҚР 1994 жылғы
15 қыркүйектегі “Жедел-іздестіру қызметі
туралы” Заңына сәйкес жүзеге асырылуға
тиіс.
3.2. Сыбайлас-жемқорлықпен
күресуге ықпал жасаған
адамдардың қауіпсіздігіне
кепілдік
Сыбайлас-жемқорлықпен келіскісі келмейтін
азаматтардың белсенді іс-әрекеттері
өз нәтижелерін беруде. Мысал ретінде
нақты болған жағдайды айтуға болады:
кәсіпкер өзіне шабуыл жасаған адамдардың
қатыстылығын анықтауға ықпал жасау үшін
криминалдық полиция бастығына жүгінді.
Криминалды топтардан (және полиция қызметкерлерінен,
бұл енді тіпті қызық) қорғайтыны үшін
бастық кәсіпкерден айына 100 мың теңге
талап еткен, олай болмаса оның қауіпсіздігіне
кепілдік бере алмайтынын айтқан. Кәсіпкер
оның ұсынысымен келеді. Соңынан парақор
жәбірленушіден талап етілген соманың
бөлшегін қалалық криминалдық “бедел”
болып келген жалған адам арқылы алған.
Кәсіпкер Бас басқарма бастығының орынбасарына
криминал полициясы бастығының заңсыз
іс-әрекетінен қорғауын өтінеді. Орынбасар
оған мезетте келіседі де алдын ала кәсіпкердің
дүкенінен “Мерседес” автомашинасы үшін
58 мың теңге тұратын төрт доңғалақ дискілерін
алып кетеді. Онымен қоймай, волейбол командасына
200 мың теңгелік демеушілік көмек көрсетуді
сұрайды. Ішкі істер органдарының қызметкерлері
криминалды адамдармен бірге пара талап
етіп отырғанын көріп, кәсіпкер ҰҚД өтініш
береді, бұл органның қызметкерлері ішкі
істер қызметкерлерін 200 мың теңге және
500 доллар алып жатқан жерінде ұстайды.
Басқа міндеттерін былай қойғанда, органдар
жедел-іздестіру қызметтің міндеттерін
орындаған кезде өз құзырына сәйкес заңмен
қорғалатын жеке және заңды тұлғалардың
құқықтарын, бостандығын және мүдделерін,
қоғамның , мемлекеттің меншігін, қауіпсіздігін
және оның экономикалық және қорғаныс
потенциалын қорғауға міндетті.
“Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы”
Заңның 7 бабында сыбайлас-жемқорлықпен
күреске ықпал жасап жүрген адамдарды
қорғауға келесі кепілдік бекітілген:
сыбайлас-жемқорлық қылмыс фактісі туралы
хабар берген немесе басқаша бір тәсілмен
сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал
жасап жүрген адам мемлекет қорғауында
болады;
-сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал
жасап жүрген адам туралы ақпарат мемлекеттік
құпия болып табылады және тек қана прокуратура,
ұлттық қауіпсіздік, , ішкі істер, салық,
кеден және шекара қызметі, қаржы және
әскери полиция органдары, соттың сұрауымен
заң белгілеген тәртібі бойынша беріледі.
Бұл ақпаратты жариялау заң белгілеген
жауапкершілікке әкеліп соғады:
-қажет болған жағдайда сыбайлас-жемқорлықпен
күресетін органдар сыбайлас-жемқорлықпен
күресуге ықпал етіп жүрген адамның жеке
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Куәгерлерді қорғау үшін, оның ішінде
құқық бұзушылық туралы, мемлекет мемлекет
бюджетінде жеке жолмен жазылған қомақты
қаржы бөледі.Оның үстіне, ҚР экономикалық
және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес
жөніндегі Агенттігінде сыбайлас-жемқорлық
туралы хабарлағандарды қорғау жөніндегі
департамент іске кірісіп, ойдағыдай істеп
жатыр. Егер қажет болған жағдайда, мұндай
адамдарды физикалық қорғау, тіпті жасыру,
тұратын орнын, аты-жөнін,тіпті түрін өзгертуге
дейін. Қорғау жалған ақпарат берген адамдарға
жатпайды.
Оның үстіне, “ҚР сыбайлас-жемқорлықпен
күрес туралы” Заңның 17 бабына сәйкес
сыбайлас-жемқорлықпен күрес жүргізетін
органға басқа мемлекеттік қызметші, құқық
қорғау органның қызметкері жөнінде жалған
хабар берген мемлекеттік қызметші, құқық
қорғау органының қызметкері тәртіптік
тәртіппен сыбайлас-жемқорлықпен күрес
жүргізетін органның көрсетіп-білдіруімен
жұмыстан босатылғанға дейін жазаланады.
3.3.Мемлекеттік функцияларды
орындауға өкілетті
және оларға теңелген
адамдардың қандай іс-әрекеттері
сыбайлас-жемқорлық
үшін жағдай жасайды
деп табылады?
“Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы”
Заңның 12 бабына сәйкес мемлекеттік функцияларды
орындауға өкілетті және оларға теңелген
адамдардың іс-әрекеттері сыбайлас-жемқорлық
үшін жағдай жасайды деп табылады:
-заңсыз басқа мемлекеттік органдардың,
ұйымдардың қызметіне араласуы;
-өз қызмет өкілеттігін аталған адамдардың
немесе олардың жақын туыстарының және
жақындарының материалдық мүдделерін
қанағаттандырумен байланысты сұрақтарды
шешкен кезде пайдалану;
-мемлекеттік және соған теңелген қызметке
түскен және жылжыған кезде заң қарастырмаған
басымдық беру;
-шешімді дайындаған және қабылдаған кезде
заңды және жеке тұлғаларға заңсыз басымдық
беру;
-кім болса да кіріс алумен байланысты
кәсіпкерлік және басқа қызметпен айналысуды
жүзеге асыруға кез-келген заңнамамен
қарастырылмаған ықпал ету;
-мемлекеттік міндетті орындау кезінде
алынған ақпаратты жеке немесе топ мүддесінде
пайдалану, егер ол ресми таратылуға болмаса;
-жеке және заңды тұлғаларға заңнамамен
беруге қарастырылған ақпаратты негіссіз
бермеу, оны кешіктіру, жалған немесе толық
емес ақпарат беру;
-жеке және заңды тұлғалардан заңнамамен
қарастырылмаған ақпаратты талап ету;
мемлекеттік және материалдық ресурстарды
жеке үміткерлердің немесе қоғамдық бірлестіктердің
сайлау қорларына беру;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін
қарау және олардың құзыретіне енетін
басқа сұрақтардың шешу тәртібін бірнеше
дүркін бұзу;
жоғарғы ресми адамдарға сыйлық беру және
қызметтен тыс қызмет көрсету жасау, егер
ол ырым жасау ишараты және қонақжайлылық
нормалар, сондай-ақ хаттамалық және басқа
ресми іс-шараларды өткізгенде болмаса;
-жеке және заңды тұлғаларға олардың құқықтарын
және заңды мүдделерін жүзеге асыруға
ашықтан-ашық кедергі жасау;
-жеке және заңды тұлғаларға кәсіпкерлік
қызметті мемлекеттік реттеуге құзыретін
беру;
-мемлекеттік мәртебесі жоқ ұйымдарға
мемлекеттік бақылау және қадағалау міндеттерін
беру;
-жоғарғы немесе төменгі лауазымды адамдармен
немесе олардан басқаша тәуелділермен
ақшалай немесе басқа мүліктік сипаттағы
құмарлы ойын ойнауға қатысу;
Мемлекеттік міндеттер
орындауға өкілетті немесе соларға теңелген
адамдар өз мемлекеттік міндетін орындағаны
үшін ақшалай, қызмет көрсету және басқа
формада ұйымдардан, жеке тұлғалардан
сыйақы алса сыбайлас-жемқорлық құқық
бұзушылық болып табылады, егер басқаша
ештеңе заңмен қарастырылған болмаса.
Сыбайлас-жемқорлық қылмыстың
салдарын жою бойынша қандай шаралар қолданылуы
мүмкін?
Заңға сәйкес мемлекеттік
міндеттер орындауға өкілетті адамдар
немесе соларға теңелген адамдар заңсыз
байыған барлық жағдайда, сыбайлас-жемқорлық
құқық бұзушылық нәтижесінде алынған
мүлік қайтарылуға жатады, ал заңсыз пайдаланған
қызмет көрсету құны—мемлекет кірісіне
қайтарылады.
Заңсыз алынған мүлікті өз еркімен
қайтарудан немесе мемлекетке оның құнын
төлеуден бас тартқан жағдайда қайтарып
алу сот шешімі бойынша прокурор, салық
қызметі немесе басқа мемлекеттік органдар
және лауазымды адамдардың талабы бойынша
жасалады.
Сот шешім шығарғанға дейін
өкілетті органдар құқық бұзушыға жататын
мүлікті тәркілей тұрады. Егер мемлекеттік
міндет атқарған адам немесе соған теңелген
адам жұмыстан босатылғаннан кейін бұл
талапты орындаудан бас тартса лауазым
иесі немесе мұндай босату туралы шешім
қабылдаған орган кінәлі адамның мекен-жайы
бойынша заңсыз алынған кіріс туралы хабарды
салық органына жібереді. Оның үстіне,
сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық жасаумен
байланысты келісімдер заң тәртібімен
белгіленген бойда заңсыз деп мойындалады.
Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық нәтижесінде
жасалған актілер органмен немесе лауазымды
адамдармен мүдделі жеке тұлғалар немесе
заңды тұлғалар, немесе прокурордың талабы
бойынша күшін жояды.
Информация о работе Сыбайлас-жемқорлық деген не, онымен күрес қағидалары