Сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 21:00, реферат

Описание работы

Сыбайлас жемқорлық қылмысының орын алу себептеріне мемлекеттің экономикалық тұрақсыздығын, әлеуметтік тұрақсыздықты, мемлекеттік бақылаудың жеткіліксіздігін, кадрлық таңдау мен іріктеудің жетілдірілмегендігін және құқықтық мәдениеттің төмендігін жатқызуға болады. Яғни, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жасалуына экономикалық және әлеуметтік себептер мен шаралар ықпал етеді, бұл факторлар өз кезегінде біркелкі комплексті құрайды және сәйкесінше оған көпжақты және тиімді күрес жүргізу шараларын қолдану қажет.

Работа содержит 1 файл

сыб.жем-пен күрес АГУ. 2009.doc

— 40.50 Кб (Скачать)

              Қаржы полициясы Академиясының 

              оқытушысы, заң магистрі,

              қаржы полициясының аға  лейтенанты

              М. Бодықова  

Сыбайлас  жемқорлықпен күрес шаралары 

   Сыбайлас  жемқорлық қылмысының орын алу себептеріне  мемлекеттің экономикалық тұрақсыздығын, әлеуметтік тұрақсыздықты, мемлекеттік бақылаудың жеткіліксіздігін, кадрлық таңдау мен іріктеудің жетілдірілмегендігін және құқықтық мәдениеттің төмендігін жатқызуға болады. Яғни, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жасалуына экономикалық және әлеуметтік себептер мен шаралар ықпал етеді, бұл факторлар өз кезегінде біркелкі комплексті құрайды және сәйкесінше оған көпжақты және тиімді күрес жүргізу шараларын қолдану қажет. [1, 34]

   2007 жылғы 21 шілдеде Елбасының тапсырмасы  бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстар  үшін жауапкершілік күшейтілді.

   Мәселен, қолданыстағы заң бойынша парақорлыққа делдал болғаны үшін айыппұл мөлшері 2000 айлық есептік көрсеткішке  дейін өсірілді. Ал, аса ірі мөлшерде пара алғаны немесе бергені үшін мүлікті  тәркілеу арқылы 15 жылға дейін бас  бостандығынан айыру көзделген.

   Елімізде  парақорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан күрестің нәтижелілігі туралы Global Integrity Index американ ұйымының жарияланған  есебі куә. Олар: «күшті», «қалыпты», «нашар», «өте нашар» деген төрт деңгей бойынша парақорлыққа қарсы күрестегі  бірқатар елдердің қызметін бағалады. Қазақстан рейтинг бойынша Ресей, Литва, Индонезия, Түркия, Пәкістан сияқты «нашар» елдер санатына жататын мемлекеттерді басып озып, «қалыпты» деңгейдегі мемлекеттер қатарына кірді.

   Бұл күреске азаматтық қоғамды белсенді түрде тарту арқылы ғана біз оң нәтижеге қол жеткізе аламыз.

   Қазіргі кезде азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күреске барынша тарту  мақсатанда парақорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды материалдық  ынталандыру ережелерін заңи бекітуді ұсынылып отыр.

   2008 жылы 187 парақорлық фактілері анықталды, оның 84 пайызын немесе 158 фактісін ең қауіпті нысаны - пара алу құрады. 288 қылмыстық іс сотқа жіберіліп, 195 адам сотталды.

   Ал  биыл осы санаттағы 75 қылмыс анықталды. Оның ішінде пара алудың 40 фактісі анықталып, параның жалпы соммасы 4,5 млн. теңгені құрады. 15 адам сотталды.   

   2008 және ағымдағы жылдары парақорлықтың көпшілігі: ішкі істер органдарының қызметкерлерімен – 36, білім беру саласының қызметкерлерімен – 19, салық органдарымен – 20 (5/15), қылмыстық-атқару жүйесінде – 6, ауыл шаруашылық қызметкерлерімен – 18, сот орындаушыларымен – 13, әкімдіктің қызметшілерімен – 14, халықты әлеуметтік қорғау қызметкерлерімен – 6 қылмыс жасалған. [2, 7]

   Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күресте еріктілік  қажетті фактор болып табылады, өйткені сыбайлас жемқорлық саяси элитаға терең тамырларын жіберген. Осыдан көрінетіні, саяси еріктілікті күшті лидерлер ғана қолдана алады – бұл күрестің екінші шарты болып табылады. Үшінші шарт мұндай күреске қоғамның өзі де дайын болуы міндетті. [3, 98]

   Тек анықталған осы үш фактордың өзара қарым-қатынасты нәтижесінде қоғамның белгілі бір аясында шаралар қабылдау керек:

   Экономика және қаржылық саясаты саласында:

   1) салықтық заңнаманы жетілдіру,  көлеңкелі экономикалық зонаның  аясын тарылту мақсатында, кәсіпкерлерді мемлекеттік қызметкерлердің тарабынан қысымға түсіру мүмкіншілігін шектеу;

   2) ақша қаражатын бақылауды жеңілдету  мақсатында, яғни қолма-қол пара  беруді қиындату мақсатында, қолма-қол  ақша айналымын төмендету, қазіргі  заманға сай электрондық есеп айырылысуды дамыту, қазіргі заманға сай есеп беру нысанын енгізу.

   Мемлекеттік қызмет аясында:

   1) мемлекеттік қызметкерлердің айлық  жалақысын көтеру;

   2) мемлекеттік қызмет мәртебесін  көтеру;

   3) мамандыққа қатысты конкурстар  өткізу және адалдық пен кәсіпқойлықты парасаттау мақсатында корпорациялық сый институтын енгізу.

   Атқарушы  билік аясында:

   1) шешім қабылдаудағы нақтылық, шешімнің  қолданысқа енуі, бақылануы; 

   2) қаражаттар мен мүліктерге иелік  ету аясында лауазымды тұлғаларға  жауаптылықты енгізу;

   3) мемлекеттік тапсырыстар мен  сатып алу аясында ашық конкурстарды  енгізу.

   Әлеуметтік қамтамасыз ету аясында:

   1) әлеуметтік бөліктерді (сонымен  қатар коммуналдық қызметтерді)  нарықтандыру;

   2) қазіргі заманға сай практикалық  қолданыстағы әдістерді қолдана  отырып, әлеуметтік төлемдерді электрондық  құралдар арқылы жүзеге асыру,  ол бізге қолма қол ақша  айналымын қысқартып шенеуніктердің қарастыруынан шектейді.

   Сот жүйесі саласында:

   1) соттар мен барлық сот жүйесін  тиісті қамтамасыз етуді кепілдендіру;

   2) кадрларды дайындау және бекіту  жүйесін жетілдіру; 

   3) әкімшілік және экономикалық  әділеттілікті дамыту.

   Құқық қорғау органдары қызметі саласында:

   1) еңбек ақыны көтеру, болашақта олардың мөлшері азаматтық қызметтер жұмыскерлерінің жалақы мөлшерінен көп болу керек;

   2) құқық қорғау органдарды техникалық  қамтамасыз ету деңгейін көтеру, қазіргі замаңғы ақпараттық технологияларды  еңгізу;

   3) мемлекеттік қызметкерлердің қызметінен кетуін, кейін коммерциялық кәсіпорындардың жетекшілері лауазымына өтуін қадағалау;

   4) сыбайлас жемқорлықпен күресуге  қатысатын кадрлардың біліктілігін  арттыру; 

   5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  бағдарламалары сәтті жүзеге  асырылған елдерде қазақстандық мамандардың тағылымдама өтуін ұйымдастыру.

   Бұқаралық ақпарат  құралдарына үлкен міндет артылған, олардың мақсаты:

   1) үнемі сыбайлас жемқорлық туралы  есептілікті және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы саясат шараларының жүзеге асырылуы туралы жариялау;

   2) тұрақты түрде азаматтық қоғамға мемлекеттік жүйе туралы максималдық мөлшерде ақпарат ұсыну;

   3) сыбайлас жемқорлықпен күресті  зерттеудің ғылыми бағдарламасына  елдегі әр түрлі этникалық  топтардың сыбайластық жүріс-тұрыс  және әдет типтерін қабылдаудағы  мүдделердің қарама-қайшылығын зерттеуді енгізу.

   Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру барысында басты  бағыттардың бірі болып халықаралық  ынтымақтастық және әртүрлі деңгейлердегі  механизмдердің ара қатынасын жетілдіру  болып табылады. Бұл жұмыс келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:

   1) халықаралық ақпаратпен алмасуды  жүйелендіру (нақтырақ – пара  алу және беру тәжірибесіндегі  нысандар бойынша);

   2) сыбайлас жемқорлық саласындағы  дәлелдемелік база туралы көзқарасты  жүйелендіру (бұл, мысалы қылмыстық құдалаудағы тұлғаларды беру туралы сұрауды дәйектілендіру үшін қажет);

   3) бірге жасалған жедел шаралар  туралы екі жақты және көп  жақты клісімдерге келу;

   4) қылмыстық қудаланатын тұлғаларды  беру, куәлардан сұрау жүргізу,  банк шоттарынан ақпарат алу және оларға тыйым салу мен байланысты  өзара көмек көрсету келісімдерін бекіту.

   Осы шаралардың басты мақсаты – қылмыстық  капиталдың және оның иелерінің өзге мемлекеттерге кету тәуекелін барынша төмендету. 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Мусаев С.А. Коррупция в государственных органах глазами государственных служащих // Проблемы борьбы с коррупцией в современных условиях: Материалы конференции. – Астана 2006.
  2. Человек и закон // № 6 от 31 марта 2009 года. – 8с.
  3. Девятый конгресс ООН по предупреждению преступности и обращению с правонарушителями // справочный документ о международной борьбе с коррупцией. А/CONF. 769/14. 1995. 13APR.
 
 

   Түйін

   Автор, мемлекеттіліктің негіздеріне зиян келтіретін және жылдан жылға ұлттық қауіпсіздіктің басты қатеріне айналып бара жатқан сыбайлас жемқорлықтың жоғарғы қоғамдық қауіптілгін ескере келе, оны түпкілікті жоюдың өзіндік жолдарын ұсынады. 

   Резюме

   Автор рассматривая повышенную общественную опасность коррупции, которая подтачивает основы государственности и все в большей степени становятся угрозой национальной безопасности, предлагает свое ведение путей искоренения коррупции.  

   Summary

   Considering the raised public danger of corruption which undermines basis of state – hood and all in the greater degree becomes threat of national safety, authors offer the vision of ways of eradication of corruption.

Информация о работе Сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары