Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 18:48, доклад
«Суицид» латын тілінен алынған «қасақана өзін-өзі өлтіру» деген мағынаны білдіретін сөз. Өкінішке орай, бұл термин қазір көп қолданатын сөзімізге айналды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жақында таратқан мәліметтеріне сүйенсек, жылына миллионнан астам адам өзін-өзі өлтіреді екен. Бұл қайғылы құбылыс 2020 жылдарға қарай бір жарым есеге артады дейді мамандар. Қысқасы, өзіне-өзі қол жұмсаған адамдардың саны соғыста өлгендерден әлдеқайда асып түспек. Ең көп адам құрбан болатын Жапония елі өткен жылы осы мәселе бойынша мемлекет қазынасынан 32 миллиард АҚШ долларын бөліпті. Себебі, 2003 жылы бұл елде 34 мыңнан аса адам өзін-өзі мерт еткен. Алла сақтасын, Қазақстанның ортаңқол ауданының халқы.
Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ заң факультетінің
1курс студенті Ш.Темірбаева
Ғылыми жетекші:А.А. Есекеева
СУИЦИД – ҚАСІРЕТТІҢ ҚАРА ТҮНЕГІ
«Суицид» латын тілінен алынған «қасақана өзін-өзі өлтіру» деген мағынаны білдіретін сөз. Өкінішке орай, бұл термин қазір көп қолданатын сөзімізге айналды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жақында таратқан мәліметтеріне сүйенсек, жылына миллионнан астам адам өзін-өзі өлтіреді екен. Бұл қайғылы құбылыс 2020 жылдарға қарай бір жарым есеге артады дейді мамандар. Қысқасы, өзіне-өзі қол жұмсаған адамдардың саны соғыста өлгендерден әлдеқайда асып түспек. Ең көп адам құрбан болатын Жапония елі өткен жылы осы мәселе бойынша мемлекет қазынасынан 32 миллиард АҚШ долларын бөліпті. Себебі, 2003 жылы бұл елде 34 мыңнан аса адам өзін-өзі мерт еткен. Алла сақтасын, Қазақстанның ортаңқол ауданының халқы. Бірақ нәтиже шамалы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзін-өзі өлтіру көрсеткіші бойынша әлем елдерін жоғары, орта, төмен деп үш топқа бөлген. 100 мың адамға шаққанда өлім көрсеткіші жылына 20 адамнан асса жоғары, 10-20 адам аралығында болса орта, 10 адамнан аспаса төмен болып есептеледі. Жоғарыдағы ұйымының деректеріне сенсек, 100 мың адамға шаққанда әлемдегі ең көп суицидтік жағдайлар тіркелген елдер:
бірінші орында – Латвия (96-99 адам),
екінші орында – Венгрия (88 адам),
үшінші орында – Қазақстан (53 адам).
Ары қарай
Жапония (47,1 адам),
Эстония (50 адам ),
Ресей (49,4 адам) деп кете береді.
Төменгі көрсеткіштегі елдер:
Грекия,
Италия,
Армения (2,3),
Гватемала (2-3),
Филиппин (2),
Албания (1,4),
Доминикан республикасы (2,1) екен.
Ал, мұсылман мемлекеттері мен
Африка елдерінде бұл көрсеткіш
жоққа тән. Соңғы жылдары «Жасөспірімдер
суициді» деген ұғым өз алдына бөлек
отау тікті. Таяуда шведтердің «өзін-өзі
өлтіру ісін» зерттеу орталығы 15
пен 19 жас аралығындағы жастардың
өзіне қол жұмсауы жағынан
Ресей дүниежүзі бойынша
ӨЗІН – ӨЗІ ӨЛТІРУ ҮЛКЕН КҮНӘ
Суицидтің салқыны Қазақстанда
қаулап өсіп келеді. Қажет статистиканы
жоғарыда келтірдік. Қасіреттен қара жамылған
қауымның жағдайын халық қалаулылары
енді ғана қозғай бастады. Айтпасқа амал
да қалмай бара жатыр. Өйткені, оқушылар
арасындағы суицид жылдан жылға өрттей
қаулап өсіп келеді. Ресми деректерге
сүйенсек: 2010 жылы елімізде 237 жасөспірімнің
балғын өмірі қиылған. Бұл құзырлы
органдарда ресми тіркелгені ғана.
Шындығында бұдан екі есе көп.
Соңғы бес жылда (аман қалғандарын
қоспағанда) өз-өзіне қол жұмсаған
16 жасқа дейінгі жасөспірімдер
саны 7 пайызға өскен. Өткен жылдың
желтоқсан айының 6-12 аралығында еліміз
аумағында үш қыз, екі ер бала суицидтік
жағдаймен қайтыс болғанын жергілікті
ақпарат құралдары жазды. Алты күннің
ішінде бақандай бес жеткіншек! Қазіргі
жағдайда Солтүстік және Шығыс Қазақстан
облыстары қаралы көштің алдында
келеді. Әрқайсысында жылына 40 шамалы
жасөспірім өздерін мерт етеді. Оңтүстік
Қазақстан, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды
облыстарының әрқайсысында 25-тің үстінде
бала өз қолдарынан ажал құшқан. Біздің
елде кісі қолынан жазым болатындардың
санынан, өзін-өзі өлтіретіндер саны
әлдеқайда көп. Енді қайтпек керек?
Статистикалық мәліметке
Депрессия дегеніміз бір сөзбен айтқанда торығу деген ұғымды білдіреді. Сонда суицид жағдайында жан үзетіндердің көбі торығудың торынан құтылудың жолы – өлім деп біліп, солай шешім қабылдайды деген сөз ғой. Қара түнектей қаптап келе жатқан бұл зұлмат мұсылман елдерін неге айналып өтеді? Өйткені, олар жан – Алланың адам баласына берген аманаты екенін, өз өмірін қию – сол аманатқа жасалған қиянат екенін біледі. Сонымен қатар өзін-өзі өлтіру ауыр күнә екенін, ауыр күнә жасағандығы үшін тозақта азапқа тартылатынын да жақсы біледі. Құдіреті күшті Алла Тағала қасиетті Құранда: «өз өздеріңді өлтірмеңдер (және соған апаратын бұзықтыққа бармаңдар). Расында (сендерді бұдан тыйған) Алла сендерге ерекше мейірімді» («Ниса» сүресі, 29-аят) дейді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әл-Бұхариден жеткен хадисінде: «Кімде-кім өзін темір қарумен өлтірген болса, ол тозақта әрқашан сол темірді көтеріп жүреді. Ал кімде-кім у ішіп өлетін болса, ол адам тозақта мәңгі у ішіп жүретін болады. Егер біреу өзін өлтірмек болып таудан құласа, ондай адам тозақта мәңгі құздан құлап бара жатады» депті. Ендеше, бұл қасіреттен құтылудың жолы – балаларымызға ерте бастан ислам тәрбиесін үйретіп, жүректерін тыныштандырғанымыз абзал. Алланы еске алмайтын жүрек тыныш таппайды. Ақиқатқа жүгінер болсақ Құранда: «Сондай иман келтіргендер; Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын; Алланы еске алумен жүректер орнығады» («Рағыд» сүресі, 28 аят) дейтін аят бар. Болашақта суицидтен құтылу үшін: Жапонияның тірлігін қайталау дұрыс па, әлде мұсылман елдерін үлгі тұту жөн бе? Көзқарақты адамның қауашағына сыймайтын ауыр сұрақ емес бұл. Үкіметтің де ақылы осыған жетеді деп ойлаймыз. Ол үшін жастарға имандылық ілімін үйрететін оқшау бағдарлама керек. Мүмкін оны орта мектептерде оқытылатын «Дінтану» сабағы негізінде жүргізген дұрыс шығар.
Суицид – рухани дерт
Суицид деген термин 17 ғасырда пайда болған.
Бірақ 18 ғасырдың ортасына дейін бұл ұғым
қоғамда кеңінен пайдаланылған емес. Тек
20 ғасырдың басында адамдардың өз-өзіне
қол жұмсауының етек алуына байланысты
ғылымда «суицидология» атты дербес зерттеу
саласы қалыптасты.
Ғалымдардың айтуынша суицидтің үш түрі
бар.
Біріншісі – шынайы суицид.Оған барған
адам өмірден түңіледі, үнемі көңілсіз
болып жүреді, өлгісі келеді. Нақтырақ
айтқанда өмірдің мәнін жоғалтады.
Екінші түрі – жариялық суицид. Өзін-өзі
өлтіргісі келгендердің көбі өлместен
бұрын өзгелердің назарын өзіне аударғысы
келеді. (Мысалы біреумен ренжіссе, қолына
суық қару алып, болмаса арқан, жіп ала
жүгіріп, «өлем» деуі.)
Үшінші түрі – жасырын суицид. Бұл түрінде
адам өз-өзін өлтіру жақсы іс еместігін
түсінеді. Бірақ қиындықтан шығар шара,
жол жоқ болып көрінгендіктен, өлімге
апаратын істерге бас тігеді. (Мысалы:
нашақорлық, алкоголизм т.б).
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының
мамандары адамдардың өз өміріне қол жұмсауына
себеп болатын мынадай факторларды көрсетеді:
1. Денсаулығының нашарлығынан-1.2 %
2. Қаражат қиындығынан -3 %
3. Өмір сүрудің ауырлығынан- 1.4 %
4. Құмарлықтан- 6%
5. Отбасы келіспеушілігінен- 18 %
6. Рухани дерттен -18 %
7. Жазасын өтеуден жалтару мақсатында
осындай қатерлі қадамға барады екен-19
%
Ал өзін-өзі өлтіру фактілерінің 41 % -і
неден болатыны белгісіз күйде қалып отыр.
Бұл мәселедегі ең күйзелтетіні, суицидтің
жасөспірімдер мен жастар арасында көптеп
кездесуі.
Меніңше әлеуметтік фактор – негізгі
себеп бола алмайды. Мысалы қазіргі қоғамдағы
«суицидке себеп болып жатыр» деп есептелінетін
факторларды тізіп шығайықшы: кедейлік,
жұмыссыздық, жақынынан айырылу, отбасындағы
түсініспеушіліктер, қаржылай қиындықтар
көру, қарызын, я болмаса, банктегі несиесін
төлей алмау, өзін туған-туыстарына және
жалпы қоршаған ортаға әбден қажетсіз
сезінуі т б. Қысқасы, тізе берсек өлімге
жетелейтін ғалымдар есептегендей 800 түрін
мысалға келтіруге болады. Алайда, бұлардың
барлығын негізгі себеп деуден көрі –
сылтау деп атағанымыз дұрыс шығар. Ал
сылтау әрқашанда көп болады. Адамның
өмірден түңіліп, өзіне қол салуының негізгі
себебі-психикасының бұзылуынан деп жатады.
Осыдан жарты ғасыр ғана бұрын «бәленшекең
өзіне қол жұмсапты» десе естіген жұр
өре түрегелетін. Бұл қауесет бір ауылдан
екінші ауылға одан ел арасына тарап естіген
жұрт жағасын ұстайтын. Мәселен, Ислам
мемлекеттерінде суицид оқиғасының пайыздық
көрсеткіші нөлге жақын. 100 мың адамға
0.1 оқиға ғана тіркеледі. Ал, Христиан дінін
ұстанатын мемлекеттерде бұл көрсеткіш
11,2-ге дейін жоғарылайды. Будданы тәуәп
етушілердің қоғамында бұл көрсеткіш
17,6-ға дейін жоғарылайды. Ал қайбір діннен
қалыс қалған атеист елдерде оның көрсеткіші
тіпті жоғарылап кетеді екен.
Осы тақырыпта Сократтың айтқан бір сөзі
бар еді: «Адамдардың өз өміріне балта
шабуына апаратын жалғаз нәрсе бар: ол
– адам өмірінің мәні деген сұраққа келіп
тірелу» дейді. Яғни не үшін өмір сүріп
жүргенін түсінбеуден туындайды. Ал тағдырдың
қалауы да сол, адам баласына бұл берілген
өмірдің мәнін іздеп, соны түсіну үшін.
Келдім қайдан?
Нетсем пайдам?
Өлгеннен соң не болам?
Болмаса:
Келіп қайдан,
Барам қайда?
Не қылғаным болар пайда?
Мола боп қалам ба сайда?- демейтін бе еді
Шәкәрім Құдайбердіұлы?
Бұл сұрақты данышпан атаулы өзіне өзі
қойып, соның жауабын іздеп өткен. Сонау
Сократ, Аристотель, Платон, Әл-Фараби,
Толстой, Шәкәрім тағы басқа данышпандар
осы сұрақтардың жауабын тауып, өмірдің
мәніне жеткен.
Суицид пен әлеуметтік
себептердің байланысы жөніндегі ой ең
алғаш «суицидология әкесі», әлеуметтану
профессоры Э. Дюркгейм (1912) еңбектерінде
көрініс тапты.Жалпы суицидті әрекетке
дайындалып жүрген жасөспірімдерді мына
белгілер арқылы анықтауға болады:
Сөздік белгілер:
1.Жасөспірім өлім туралы ашық және тура айта бастайды: «Мен одан әрі өмір сүре алмаймын».
2.Өзінің тілегі туралы жанама түрде түсінік береді: «Мен енді ешкім үшін проблема тудырмайтын боламын…» .
3.Өзіне өзі қол жұмсау тақырыбында көп әзілдеу.
4.Өлім тақырыбындағы
Мінез-құлық белгілері:
1. Өзі үшін маңызды болған нәрселерді өзгелерге тарату, барлық жұмыстарын ретке келтіру.
2. Жасөспірім іс-әрекетінде
келесідей радикалды
3. Әлсіздік, үмітсіздік белгілерінің көрінуі.
Суицидті әрекетке баратын жасөспірімдердің ситуациялық белгілері:
1. Әлеуметтік оқшауланған
(жолдастары болмайды немесе
2. Қалыпты емес ортада
өмір сүретіндер(отбасындағы
3. Өздерін денелік, сексуалды, эмоционалды зорлықтың құрбаны сезінетін жасөспірімдер.
4. Бұрын суицидті әрекетке барған жасөспірімдер.
5. Жолдастары,таныс адамдары
немесе отбасы мүшелері суицид
жасағандықтан жасөспірімнің
6. Оның жақын адамдарының өлімі , ата-аналарының ажырасуы.
Өзін өзі өлтірудің төрт негізгі категориялары болады:
1.Эгоистік өзін-өзі өлтіру.
2.Альтруистік өзін-өзі өлтіру. Бұл жағдайда адам өзге адамдармен, ұжыммен тығыз байланыста болады және олар үшін кез-келген әрекетке дайын болады.
3.Аномиялық өзін-өзі өлтіру.
4.Фаталистік өзін-өзі
өлтіру.Бұл көбіне тұлғаны
Суицидті әрекетті болдырмауға көмектесетін жағдайлар:
- Тұлғаның когнитивті
стилі-өзіндік жеке құндылық
- Отбасылық стереотиптер–
- Мәдени және әлеуметтік
факторлар-мәдениетке тән
-Қоршаған орта факторлары – дұрыс тамақтану, ұйқы бұзылыстарының болмауы, күннің астында көбірек болу. Денелік жаттығулар, зиянды әдеттерден бас тарту, жағымды қоршаған ортаның болуы.
Суицидтен қалай құтыламыз? Оның жолдары қандай? Әлде арнайы заң қабылдау керек пе? Мәселен, Англияда осы iндетке қарсы арнайы заң қабылданған. Жапонияда психикасы әлсiз балалармен жұмыс iстейтiн суициодолог деген мамандар бар. Тiптi Еуропада өз-өзiн өлiмге қимақ болғандарды қылмыскер ретiнде тiркеп, қамауға алып, жазаға тартады екен. Суицидтің адам үшін ғана емес, жалпы мемлекет үшін де зияны мол. Ол елдегі өлім жітімнің артуына, халық санының азаюына ғана әкеп қоймай, мемлекетті әлеуметтік – экономикалық шығынға да батырады. Сондықтан да жақын жандарымызға, осындай күйзеліске ұшыраған кездерін сезсек, мейІрім – шапағатымызды аямай, сөйлесіп, көңілін жұбатып, оқыс оқиғадан сақтайық!!!
Пайдаланған әдебиеттер: