Соғыс құрбандарын құқықтық қорғау.
Соғыс құрбандарын құқытық қорғауағы
негізгі халықаралық – құқықтық актілер
1949 жылғы Женева конвенциясы мен 1977 жылғы
I және II Қосымша хаттамалар.
Жарақат алғандар мен ауруларға
әскери қызметкерлер ғана жатпайды, сонымен
қатар жарақат алғаннан кейін, ауырған
немесе басқа физикалық немесе психикалық
бұзылудан кейін медициналық көмекті
немесе күтімді қажет ететін азаматтар
жатады. Бұларға тағы да кеме апатына
ұшырағандар, теңізде немесе басқа да
суларда қауіп-қатерге ұшырайтындар, және
де жас босанған әйелдер, жаңа туылған
балалар мен медициналық көмекті қажет
ететіндер жатады.
Жарақат алған мен аурулардың
тәртібі сонымен қатар жасақталғандарға,
ерікті топтарға, партизандарға, әскери
күштің құрамына кірмейтін, бірақ олардың
артынан ергендерге, әскери тілшілерге,
қызметтің жеке құрамы, сауда флотының
экипажының мүшелеріне, және де оккупацияланған
аймақтағы халыққа таралады.
Барлық жарақат алғандар мен
аурулар, кеме апатына ұшырағандар
қай жаққа кіретіндеріне қарамастан құрмет
пен қорғауда болады. Барлық жағдайларда
оларға адамгершілікпен қарайды және
мүмкіндігінше олардың жағдайы талап
ететіндей медициналық көмек және күтім
көрсетеді. Бұндай көмек тек қана соғыс
кезінде көрсетілмейді. Соғыс құрбандарын
құқықтық қорғау нормалары оккупацияның
барлық жағдайларына келеді.
Жарақат алғандар мен ауруларды
қалықаралық-құқықтық қорғауын қамтамасыз
ету бейтарап мемлекеттерге міндеттеледі.
Сонымен бірге бұл тұлғалар халықарлық
конвенцияда анықталған құқықтан жартылай
немесе толық бас тарта алмайды.
Егер де жарақат алғандар мен аурулар
бір соғысушы тараптың әскери күшінің
құрамында болып басқа тараптың билігінде
болса, олар әскеритұтқындарға жатады
және оларға сәйкес халықаралық құқық
нормалары қолданады.
Жарақат алғандар мен ауруларға
қатысты және кеме апатына
ұшырағандар мен соларың жағдайына
сәйкес құқықтықтары тең азаматтар
келесі іс әрекеттерді жасауға
тиым салынады: өмірге қол сұғуына және
физикалық тиіспеушілік, оның ішінде түрлі
өлтіру, зақым келтіру, қатаң қарым-қатынас,
қинау, азап көрсету; тұтқынға алу; адамның
ар-намысына қол сұғылмаушылық, мысалы,
тіл тигізіп және беделін тұсіретін қарым-қатынас;
медициналық және ғылыми тәжірибелер
жүргізу; сот шешімінсіз қамау.
Соғысушылар жарақат алғандар
мен ауруларды іздеу, жинау
және оларды жаман қарым-қатынастан
қорғау үшін барлық шараларды қабылдауға
міндетті. Сонымен қатар соғысушылар жарақат
алғандар мен ауруларды тауып алып, оларды
бағып күтуі туралы өтінішпен жергілікті
халықты сұрай алады, ондай кқмек көрсеткендерге
керек көмек пен жеңілдіктер көрсетіледі.
Әскери билік азаматтарға және
қайырымдық қоғамдарға өздерінің
бастауы бойынша жарақат алғандар
мен ауруларды алып, оларға күтім
жасауға рұқсат беру керек. Сонымен
қатар бұндай азаматтар жарақат алғандар
мен ауруларды күткені үшін қудалануға
және сотталуға ұшырамауы керек.
Халықаралық гуманитарлық құқық
соғысушы мемлекеттерге жарақат
алғандар мен ауруларды іздеуге,
алуға, тасымалға және емдеуге
азаматтық және әскери медициналық жасақтар
құруға міндеттейді. Олар жау әскери обьектілерге
жабуыл жасағанда қауыпсыз болатындай
орналасу керек.
Жарақат алғандар мен ауруларды
іздеп, тасымалдап және оларды
емдеуге арналған медициналық
топ халықаралық гуманитарлы құқықтық
нормалармен қорғалады. Соғыс құрбандарын
қорғау соғысушылардың міндеттемелері
әскери тұтқындардың құқықтық режимін
қамтамасыз ету. Халықаралық гуманитарлық
құқық орнатуы бойынша жаудың қолына түскен
әрбір комбатант әскери тұтқын болып саналады.
Әскери тұтқын ешқандай жағдайда халықаралық
гуманитарлы құқықпен және соғысушылардың
тараптарының арнайы келісімдерімен бекітілген
құқықтардан жартылай немесе толық бач
тарта алмайды. Халықаралық гуманитарлы
құқықтың мағынасы бойынша әскери тұтқындар
жеке тұлғалармен немесе әскери бөлімшелермен
тұтқынға алынбайды олар қарсы мемлекеттің
билігінде болады. Әскери тұтқындарды
тұтқында ұстап отырған мемлекет тек қана
гуманитарлы конвенциялардың мүшесі болып
табылатын мемлекетке ғана беріледі және
халықаралық құқық нормаларын қолданатыны
туралы көз жеткізген соң беріледі. Әскери
тұтқынды басқа мемлекетке жоғарыда айтылған
шарттарға байланысты бергеннен кейін
халықаралық құқық нормаларын қолдану
жауапкершілікті қабылдаған мемлекетке
оның бақылауында болғанынша беріледі.
Соғыс құрбандарының категориясының
құқықтық статусының негізіне
әскери тұтқындарға адамгершілікпен
қарауына сәйкес норма бекітілген.
Тұтқында ұстап отырған мемлекет
тарапынан әскери тұтқыннын өлуіне
немесе оның денсаулығын ауыр
жағдайға алып келетін қандайда бір
заңсыз актіге немесе әрекетсіздікке
тиым салады. Ешқандай әскери тқтқындалушы
физикалық қорлауға тиым салынады және
ғылыми немесе медициналық тәжірибелерге
жіберуге тиым салады. Ең бастысы әскери
тұтқындар қорғауда болады, оның ішінде
зорлау мен қорқыту.
Қандай жағдай болмасын тұтқындар
өздерінің тұлғалары мен абыройына
құрметпен қарауына құқылы. Әйелдерге
құрметпен қарау керек, және
еркектерден кем қарамау керек.
Әскери тұтқындар тұтқынға алған
кезде қолданған өздерінің азаматтық
құқыққабілеттігін сақтайды. Тұтқынға
алған мемлекет әскери тұтқындарды тегін
асырауға және медициналық көмек көрсетуге
міндетті. Халықаралық гуманитарлы құқық
әскери тұтқындарды нәсіліне, ұлтына ,
дініне, саяси көзқарастарына және басқа
да белгілерге байланысты құқықтарн шектеугежол
берілмейді.
Әрбір әскери тұтқын ұсталғаннан
кейін жауап алғанда тек қана
өзінің тегін, атын, туған жылын
және жеке номерін айтуға құқылы.
Олардан қандайда бір мәлімет
алу үшін физикалық және рухани
қинауға және басқа шаралар қолдануға
жол берілмейді. Жауап беруден бас тартқан
әскери тұтқындарды қорқытуға, тіл тигізуге
немесе шектеулер қоюға тиым салынады.
Олардан жауап алу олар түсінетін тілде
жүргізіледі.
Әскери тұтқындар тұтқынға алынғаннан
кейін қысқа уақытта әскери аймақтан
алыс орналасқан лагерге жәберіледі. Тұтқындарды
лагерлерге орналастыру шарттары сол
жерде орналасқан әскердің шарттарынан
кем болмауы керек. Олар әскери тұтқындардың
әдеттері мен дәстүрлеріне байланысты
орнатылады және олардың денсаулығына
зиян келтірмеу керек. Еркектер мен әйелдер
орналасқан лагерде әйелдерге ұйықтайтын
бөлек бөлме берілу керек.
Әскери тұтқындардың жасын, жынысын,
шенін, физикалық қабілеттілігін
және рухани жағдайын ескере
отырып жұмыс күші ретінде
қолдана алады. Әскери тұтқындарды
жұмысқа тарту шарттары 1949 жылғы соғыс
құрбандарын қорғау III Женев Конвенциясында
белгіленген. Сонымен қатар, халықаралық
гуманитарлы құқығы оларды тамақпен және
киіммен қамтамасыз етуді қарастырған.
Әскери тұтқындар хат жазысуға, ақшалай
аударуларды алуға, тамақ, киім, дәрі-дәрмектер
алуға құқылы. Әрбір әскери тұтқындардың
лагерін офицер басқарады. Бұл офицер
үкіметтің алдында лагердің қызметкерлері
халықаралық гуманитарлы құқық нормаларын
біліп, дұрыс қолдануына жауапты болады.
Халықаралық гуманитарлы құқық әскери
тұтқындардың құқық бұзушылық жасағаны
үшін жауапкершілікті қамтитын жағдайлар.
Әскери тұтқындар заңдарға, бұйрықтар
мен жарғыларға бағынады. Әрбір құықбұзушылық
үшін тергеу жүргізіледі. Бір іс-әрекет
үшін немесе бір кінә үшін бір рет қана
жазаға тартылады.
Әскери тұтқындар әскери іс-әрекеттер
аяқталғанда босатылады. Бірақ қылмыстық
іс қозғалған тұтқындар сот аяқталғанша
немесе жаза аяқталғанша сонда болады.
Бейбіт халықты және азаматтық
тұлғаларды қорғау.
Сонымен қоса халықаралық гуманитарлық
құқық халық пен жеке азаматтық тұлғалардың
халықаралық құқықтық қорғауын белгілейді.
Соғысушы тараптардың бебіт халыққа шабуыл
жасауына тиым салынғандығы туралы 1868
жылғы Петербург декларациясында айтылған,
жарылғыш заттарды қолдануға тиым салу.
Бұл норманың қалыптасуы оңай болған жоқ.
Соғыстың заңдары мен дәстүрлері туралы
жағдайлар 1907 жылы IV Гаага конвенциясында
азаматтық халық тек қана әскери оккупация
статусының бұрышымен ғана айтылған. Оккупацяланған
аймақта жау армиясының басқаруы уақытша
әкімшілік ретінде қарастырылды, оның
негізгі міндеттемелері қоғамдық өмір
мен жария тәртібін қалпына келтіру және
қамтамасыз ету үшін барлық керек шараларды
қабылдайды.
1949 жылғы IV Женев конвенцясының мағынасы
ол бірінші болып азаматтық халықтың қорғауын
қамтамасыз ету үшін жалпы сипаттағы шараларды
қарастырған. Бұл жағдайға баланысты БҰҰ-ң
Халықаралық Соты консультативті шешімінде
“Оккупацияланған палестиндік аумақтағы
жарлады салу нәтижесінің заңдылығы туралы”
көрсетті, 1907 жылғы Гааг жағдайдың авторлары
оккупацяланған аумақтағы халық құқығын
қорғауын емес, мемлекеттің құқығын қорғауға
мүдделі болды. Азаматтық халықтың нақты
анықтамасы 1977 жылғы I Қосымша хаттамада
көрсетілген. Онда айтылған “ Азаматтық
халық және жеке азаматтық тұлғалар шабуылдың
обьектісі болып табылмайды” деп.
Халықаралық гуманитарлы құқық
бойынша азаматтық халық - әскери
шиеленістердің категорияларыныі бірде
біреуіне кірмейтін және әскери іс әрекеттерге
қатыспайтын азаматтық тұлғалар. Азаматтық
халықты халықаралық құқықтық қорғау
негізіне азаматтық тұлғалар кез келген
жағдайда өздеріне құрметпен қарауына,
ар-намысына
құқылы,
отбасы құығына, діни көзқарастарға, әдет
пен дәстүрлерге құқықты бекітетін
қағида жатыр. Оларға әрқашан адамгершілікпен
қарайды, олар зорлаудан, қорқытудан қорғалады.
Әйелдер ар-намысына тиіспеушіліктен
қорғалады.
Азаматтық тұлғалар ешқандай
жағдайда халықаралық гуманитарлы
құқық нормаларымен және соғысушы жақтардың
арнайы келісімімен бекітілген құқықтан
толық немесе жартылай бас тарта алмайды.
Азаматтық халықтың құқықтық қорғауы
әскери шиеленістерде халықаралық та,
аймақтық сипатта да жүзеге асады. Соғысушы
мемлекеттер қажетті шаралар қолдану
керек, он бес жасқа толмаған балалар,
жетім қалған балалар, соғыстың нәтижесінде
өз отбасынан айрылғандарға асырауын
және өмір сүруін жеңілдету үшін қажетті
шаралар қолдану. Жарақат алғандар мен
аурулар, мүгедектер және екіқабат әйелдер
ерекше қорғауда болады. Азаматтық халықтан
қандайда бір мәлімет алуы үшін ешқандай
физикалық немесе рухани тәртіпте шаралар
қолданылмайды. Соғысушы мемлекеттерге
қандай да бір шаралар қолдануға, егерде
ол азаматтық тұлғалардың физикалық азап
көрсе немесе жойылып кетсе тиым салынады.
Бұндай тиым салу тек қана өлімге, зорлауға,
дене жарақаттарына, медициналық және
ғылыми тәжірибелерге ғана салынбайды,
сонымен қатар соғысушы тараптардың
азаматтық немесе әскери биліктің өкілінен
дөрекі азаптауы жатады. Сонымен қатар
азаматтық халыққа байланысты келесі
іс әрекеттер тиым салынады: азаматтық
тұлғамен жасалынбаған құқықбұзушылық
үшін жауапқа тартуды қолдану, ұжымдық
жауапқа тарту, тұтқынға алуға, қорқытуға,
беделін түсіретін қарым-қатынас.
Азаматтық халық және мүгедектер
әскери операцяларға байланысты
пайда болған қауіп-қатерден жалпы
қорғалынады. Азаматтық халық және де
азаматтық жеке тұлғалар шабуылдың обьектісі
болып табылмайды. Халықаралық гуманитарлы
құқық сайланбалы емес сипаттағы шабуылдарға
тыйым салады.