Кылмыстык кукык

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 22:51, лекция

Описание работы

Кылмыстық құқық туралы сөз болғанда онын үш түрлі мағынасын ескеруіміз кажет. Қылмыстық құқық — бұл жалпы құқық жүйесінін негізгі бір саласы және пәні болып табылады. Осы ұғым дардың бәрінің жиынтығы косылып қылмыстық құқық курсы деген түсінікті білдіреді. Қылмыстық құқык пәнін құқық саласы ретінде қарастырғанда жалпы құқық теориясына тән белгілердін, негізгі принциптердің осы құқық саласына да тән екендігін ескеру қажет. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің ерекшеліктерін белгілейтін және өзін жеке құқық саласы ретінде қарастыруға негіз болатын өзіндік мазмұн, өзгешелік белгілері мен принциптері бар құқық саласы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

кылмыстык кукык.docx

— 27.39 Кб (Скачать)

Қылмыс құқылық  құбылыс ретінде осы құбылыстық мәнді жақтарын бейнелейтін белгілі бір белгілермен сипатгалады. Қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қылмыстың түсінігі заңның өзінде көрсетіледі.

Бұрынғы кеңестік жүйеде қылмыстың  ұғымы алғаш рет 1919 жылы РСФСР-дың  Қылмыстық құқық жөніндегі басшылық негіздерінде (5-бап): «Қылмыстық құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар тәртібін бұзушылық қылмыс деп танылады»  делінген. РСФСР-дың 1922жылғы Қылмыстық  кодексінде «Қылмыс дегеніміз кез  келген қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік» деген ұғыммен  түжырымдалады.

1924 жылы КСРО және одақтас  республикалардың қылмыстық заңдарының  негізгі бастамаларында қылмыс  туралы ұғымға арнаған бап  болған жок. 1926 жылғы кодексінде  «қылмыс дегеніміз коғамға кауіпті  іс-әрекет» деп көрсетіледі (1-бап). Бұл жерде кеңестік құрылысқа  немесе құқық тәртібіне бағытталған  әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға  қауіпті деп жарияланды. Дәл аныктама бұрынғы Одаққа кірген барлық республикалардың оның ішінде 1959 жылы 22 шілдеде қабылданған Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде де (7-бап) берілді. 1997 жылы жақа Қылмыстық кодекс кабылдады. Осы Кодексте өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістерге сәйкес қылмыстың жаңа ұғымы берілген. Онда «жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады» делінген (9-бап). Осы анықтамадан қылмыстық қүқыққа қайшылык, қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылық қылмыстың белгілері екендігі көрініп түр.

Қылмыстың белгілері:

1. қылмыстық құқыққа қайшылық

2. қоғамға қауіптілік

3. кінәлілік

4. жазаланушылық

Қылмыстың түсінігі және әлеуметтік мәні. Қолданылып жүрген қылмыстық  заңдағы қылмыстың анықтамасы. Қылмыс жеке тұлғаға, оның құқықтары мен  бостандықтарына, қоғам және мемлекет мүддесіне қолсұғушылықтың ең қауіптісі. Қылмыс деп танылған әрекеттердің тарихи өзгермелік сипаты.

Материалды және формальді  қылмыстар анықтамасы және олардың  айырмашылығы. Қылмыс белгілері және онын мазмұны.

Әкімшілік, азаматгық, тәртіптік  және тағы басқа құқық бұзушылықтардан  қылмыстың айырмашылығы.

Қолданылып жүрген заңнамадағы  қылмыстарды жіктеу және оның сипаттамасы. Қылмыстық заңда бөлінген қылмыстың  әр топтарының белгілері. Қылмыстарды  жіктеу түсінігі.

Қылмыстың әлеуметтік құбылыс  ретінде түсінігі. Қылмыс және қылмыстылық.

Қылмыстық құқықтың негізгі мәселерінің бірі қылмыстың  ұғымын анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғамарасындағы қатнастардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің  басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық  шараларды қолдану арқылы осы  қатнастарды реттеу- қылмыстық заңның негізгі міндеттері болып табылады.

Адамға құқыққа  қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе әрекетсіздік күйде  болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның қылмыстық  заң тыйым салған салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз  адамның заң, нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген  міндетін орындамауы болып табылады.

Қылмытың негізгі  сапалық белгісі оның қоғамға  қауіптілігі болып табылады. Бұл  белгі қылмыстың материалдық  мәнін білдірумен бірге не себепті  осы немесе басқадай іс-әрекеттер  қылмыс болып табылатының түсіндіреді .

Қоғамға қауіптілік қоғамға зиянды іс-әрекеттің өзінің тікелей ерекшелігіне, оны істеу  уақыты, орны тәсілі, жағдайына байланысты болуы мүмкін.

Мысалы: тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, төтенше экологиялық аймақтар) не тыйым салынған құстар мен аңдарға  қатысты аң ауланса , ол заңсыз болып  табылады

(288-бап 1-бөлігі). Төтенше жағдайлар кезінде тыйым  салынған ереуілге басшылық жасау  , кәсіпорынның , ұйымның жұмысына  кедергі келтіру қылмыс болып  табылады (355-бап). Қылмыс санаттары  (ҚР ҚК-нің 10 бабы):

- онша ауыр емес;

- ауырлығы орташа;

- ауыр;

- аса ауыр. 

Қылмыстықкодекестің 10-бабына сәйкес :

1. Қылмыс жасалғаны үшін Кодексте көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады.

2. Қылмыс жасалғаны үшін Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.

3. Қылмыс жасалғаны үшін Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылдан бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.

4. Қылмыс жасалғаны үшін Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы - қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.

 


Информация о работе Кылмыстык кукык