Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 22:58, реферат
«Идентификация» термині төмендегідей бірқатар түсінік талдауларын жасауда қолданылады:
идентификация — адамның ойлау қабілетінің заңдылығын ашуға мүмкіндіктер беретін ғылыми категория ретінде;
идентификация - танымның әдіс-тәсілі мен құралы ретінде;
идентификация - теңдестіру арқылы тану процесінің белгісі ретіңде қарастырылады.
І. Кіріспе .....................................................................................................................................................................3
ІI. Негізігі бөлім
II.1 Криминалистикалық идентификацияның түсінігі........................................................................
II.2 Криминалистикалық идентификация объектілерінін ұғымы (түсінігі). Идентификациялық белгілер және оның классификациясы (жіктелуі)
II.3 Идентификация қорытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы
ІІ.4 Диогностика криминалистиканың ілімі ретінде
Әлемде барлық объектілер қозғалыста болады - бұл материяның қасиеті, оның тіршілік ету әдісі болып табылады. Біз бүкіл табиғаттың қозғалыста болып өзгеріске ұшырайтынын білеміз. Бірақ бұл процесте кез келген материалдық денелердің салыстырмалы тыныштықта, яғни бір қалыпта болатын кезеңдері де кездеседі.
Заттардың осы объективті қасиеті арқылы объектілердің белгілі бір уақыт арасында өзінің бейнесін сақтай отырып, оларды шексіз материаддық объектілердің арасынан бөліп анықтауға мүмкіндік береді. Яғни, олар сәйкестендіру арқылы анықталады.
Салыстырмалы тұрақтылық — бұл материяның қасиеті, ол болмаса объектінің сапалық жағынан анықталуы мүмкін болмас еді. Қозғалыстың үзіліссіз процесіне қарамастан сапа әр уақытта сақталынады.
Диалектика заңы бойынша сандық өзгерістің шегі шарқына жеткенде, заттар бір сападан екінші сапаға өтеді. Идентификация үшін заттын салыстырмалы тұрақтылығы маңызды болып келеді, бірақ бір сападан екіншіге өту кезінде басты рөл атқарады.
Салыстырмалы тұрақтылық дәрежесі объектілердің әр ка-егориясы үшін жекеленген. Мысалы: адамның қол саусағының папиллярлы әрнектері өмір бойы өзгеріссіз бір қалыпта болады, олардың тек көлемі ғана өседі. Олар тек қана белгілі бір апатқа түсуден және т.б. жарақатталған, зақымданған не болмаса қандай да бір (ауруға байланысты) жара шығудан ғана өзгеріске ұшырап, қосымша жеке белгілері пайда болады. Адам өлгеннен кейін оның терісі шіріп жойылмайынша, папиллярлы өрнектер сол қалпыңда сақталады.
Идентификацияланатын объектілер жіктелінеді. Жіктеліну негіздері әртүрлі:
Үлгілер
— бұл зерттелінетін
Белгі туралы түсініктің теориялық және тәжірибелік мағынасына тоқтала кетейік.
Белгі ұғымының теориялық мағынасы объектілерді зерттеу әдістемесін өңдеп жетілдіруге және жеке сәйкестендірілетін объектілер шеңберін кеңейтуге мүмкіңдік беретін теориялық мәнінен көрініс табады. Тәжірибелік маңызы барлық идентификациялауға жататын сараптамалық объектілердің келемін идентификацияланатын сараптама шеңберінен, яғни ықтималды сараптамалық қорытынды түрлерінің мүмкін емес формаларын қысқартудан тұрады.
Идентификациялык белгі дегеніміз не?
Кез келген объектінің өзіндік қасиеттері бар. Объектінің қасиеті оның сапасын керсетеді. Объектілердің мәндік рөлін қасиеттер атқарады. Ал белгі объект қасиеттерінің сыртқы көрініс табу рөлін атқарады. Объектіні белгілері арқылы танып білеміз. Белгі түсінігімен таным қызметін байланыстырады. Белгі — қасиеттің көрініс табуы. Кез келген материалды объект көптеген қасиеттерге ие болады. Ал әр қасиет көптеген белгілер арқылы сипатталады. Белгі қасиеттерден бөлініп қарастырылмайды. Объектінің мәнін анықтау үшін оның белгілер жиынтығы айқындалуы керек. Белгілер жиынтығын белгілердің механикалық бірлестігі ғана емес, белгілі белгілер жүйесі ретінде түсіну кажет.
Осы белгілер жүйесі арқылы объектіні өзіне ұқсас көпшілік ортадан беліп карастыруға мүмкіндік береді, ал кепшіліктен жеке объектіні бөліп ала аламыз. Белгі түсінігі идентификациялық белгі түсінігінен кеңірек.
Идентификациялық белгілерге объектінің мәнді белгілері жатқызылады.
Белгілер келесі талаптарға сай болуы керек:
Идентификациялық белгілердің бірнеше жіктелу негіздері бар:
Дәстүрлі жіктелу:
Идентификациялық белгілер жалпы және жеке болады. Жалпы белгілер дегеніміз — біртектес объектілерге тән жалпы бслгілер мен касиеттерді көрсететін объектінің параметілері. Жеке белгілер — сирек кездесетін өзіне ұқсас объектілер арасынан бөліп алуға мүмкіндік беретін белгілер, олар пайда болу, тіршілік ету ерекшеліктерін көрсетеді.
Келесі жіктелу — бұл топтық, біртектік және жекелеуші белгілерге бөлу. Бір тектік — биология, химия, ботаника, зоология, материалтануда қолданылатын классификациялық белгілер.
Топтық белгілер - ішкі тектік қатыстылықты дифференциялауға мүмкіндік береді, мұнда тексерілетін объектілер шеңбері кысқарады, топтық объектілер олардың табиғатына, технологияға, пайдалануына, қылмыстық оқиғаға байланысты болуы мүмкін.
Жекеленуші белгілер — өте сирек кездеседі. Олар шығу тегімен, өндіру технологиясымен, қолдану шарттарымен, қылмыс жағдайларымен байланысты. Объектінің жеке сәйкестігін жиықтау үшін, міндетті түрде жалпы және жеке белгілерін немесе топтық, бір тектік және жекеленуші белгілерін анықтау қажет.
II.3 Идентификация қорытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы
Криминалистикалық
идентификация процессуальды
Криминалистикалық идентификацияның негізгі процесс-альдық түрі бұл тану үшін көрсету, сот сараптамасын жүргізу болып табылады. Бірақ, теңдестірудің қарапайым актілерін жүргізу кезінде құжаттар мен заттарды қарау, куәлаңдыру т.б. сол сияқты тергеу әрекеттері жүргізілуі мүмкін. Мысалы, тергеу барысында тергеуші құжаттардың жыртылған парақ кесінділерін немесе жүзі, ұшы зақымдалып бөлініп қалған қанжар т.б. табады. Мұндай жағдайларда тергеуші екі куәгердің катысуымен аталған объектілерге бүтіңді бөлшек бойынша құрастырып қарау әрекетін жүргізе алады.
Куәландыру
әрекеті кей жағдайларда
Идентификация қорытындыларын дәлелдеме ретінде нәтижелі пайдалану, жүргізілген процессуальдық әрекетгің сапасына ғана емес, сонымен қатар іс бойынша процессуальдық шешім кабылдайтын субъектілердің дұрыс бағалануымен де байланысты.
Идентификация нәтижелері басқа да дәлелдемелермен қатар істің жағдайына байланысты, оларды жинақтап, толық, жан-жақты және объективті түрде қарау арқылы ішкі сенім негізіңде бағаланады.
Идентификация қорытындыларын дәлелдеме ретіңде бағалау төмендегідей екі кезеңнен тұрады:
* бірінші кезең, сарапшының корытындысы негізінде процессуальдық және ғылыми бағалау;
• екінші кезең, сараптама шеңберіндегі идентификация көмегімен анықталған дәлелдемелік маңызы бар жағдайларды бағалау.
Бағалаудың бірінші кезеңінде - сарапшының берген корытындысының мазмұнына; мамандаңдырылу деңгейіне; зерттелетін объектіге сәйкес тәжірибесіне; алған үлгілері мен басқа да зертгеуге қодданылған қаулыда немесе анықтамада көрсетілген материалдарына талдау жасалады. Сарапшының қолданылған тәсілдері, олардың саны мен кезектілігі, сондай-ақ пайдалану жағдайлары мен сарапшымен бағаланған қорытындылары, оның қорытындысының логикалық дұрыстығы талданады.
Идентификациялық зерттеулер жүргізу кезіндегі сарапшы-ның қорытындысы бірнеше нүсқада болуы мүмкін:
1. Іздестірілетін объектінің тепе-теңдігін анықтау мүмкіндігінің болмауы идентификациялау үшін алынған іздердің жарамсыздығына байланысты, мысалы, есіктің тұтқасындағы қол іздері кіммен қаддырылғанын анықтау мүмкін емес.
Идентификациялауға мүмкіндік бермейтін себептер мен негіздер міндетті түрде көрсетілуі тиіс;
2. Ықтимал (болуы мүмкін): мысалы, окиға болған жерден табылған гильза сезіктіден алынған нөмірі жоқ тапаншадан атылуы мүмкін; оқиға болған жердегі шегелер мен сезіктінің күртешесінің қалтасынан табылған шегелер бір шеге жасау мәшенкәсімен дайындалып шығарылуы мүмкін; жәбірленушінің денесіндегі жарақат сезіктіден алынған пышақтан түсуі мүмкін және т.б.
Мұндай нұсқаға келесідей қорытынды түрлерін жатқызуға болады:
жәбірленушінің көйлегінен табылған талшықтар мен сезіктінің шалбары материалының жалпы топтық қатыстылығының болуын;
Ықтималды қорытындылар бойынша сарапшы объектілердің Калпы белгілермен қатар жеке белгілерін де анықтайды, бірақ анықталған жеке белгілер саны аз болғандықтан олардың идентификациялық деңгей маңыздылығы төмен болып табылады.
3. Макұлданбаған тұжырым (қорытыңды): мысалы, кепілдеме қағазындағы мөртаңба — «Каспий» банкісінің мөрімен басылмаған; мәйіттен алынған оқ, тінту барысында алынған «Наган» револьверімен атылмаған; жәбірленушінің қолы байланған темір мен Н.-нің үйінен табылған темір бұрын бір бүтіңді құрастырмаған; К.-дан алынған марихуанасы бар пакет пен ұшақ салонынан алынған марихуанасы бар пакеттің шығу көздері бір жерден емес және т.б.
Сарапшының
мақұлданбаған тұжырым
4. Макұлданған
тұжырым: мысалы, бас бухгалтердің атынан
берілген кепілдеме қағазындағы қойылған
қол Н.-нің өзімен пайдаланған; жәбірленуші
мәйіттен және сезіктіден алынған
бытыра бұрын бір бүтінді кұраған; жәбірленуші
мен сезіктінің кепілдемелеріндегі
қатпарланған лак-бояу бөлшектерінің
шығу қайпар көздері бір; «фомиктен» табылған
лак-бояу қабаттарының
үгінділері Өтепов көшесіндегі 8-үйдің
кіре беріс есігінің бояу қабатына жатады.
Дұрыс шешімді қорытындылар беру үшін сарапшы жалпы белгілердің сәйкес келуіне ғана емес, сонымен қатар қайталанбайтын жүйені кұрайтын жеке тұрақты белгілердің де сәйкестігіне көңіл аударуы қажет.
Сарапшының құзыретіңдегі процессуальдық ереже талаптарын дұрыс орындауына және сараптамалық зерттеудің әдістемелік талаптарымен сәйкес жіберілген материалдардың толықтығына тергеуші (прокурор, сот) көз жеткізе отырып, бағалаудың келесідей кезендеріне өтеді.
Сарапшының қорытындысын бағалаудың екінші кезеңі дәлелдемелік маңызы бар идентификацияларды анықтаудан тұрады.
Жоғарыда көрсетілген қорытынды нұска түрлерінен шыға отырып, дәлелдемелік маңыз - ол тек мақұлданған тұжырым түрде берілген, яғни, дұрыс немесе дұрыс емес деген сияқты қорытындыларды көрсетеді. Дегенмен де басқа да, нақты айтқаңда: қорытындының ықтималды түрі жанама дәлелдеме ретінде бағаланады деген пікірлер де бар.
Ықтималды қорытындылардың дәлелдемелік маңызы болмағанымен де, олардың кандай да бір дәрежеде пайдасы бар. Олар тергеушінін ұстанған бағытының дұрыстығын бекітетін белгілі бір дәрежеде болжаулар жасауға мүмкіңдік береді. Ықтималды қорытындылар көмегі арқылы ақиқатқа жету жолы ашылуы мүмкін.
Тәжірибеде кеңінен тараған кемшіліктердің біріне сарапшының тектік және топтық қатыстылық бойынша берген корытындысын тергеушілердің (сот, прокурордың) іздестірілетін объектінің тепе-тең деп пайымдауы саналады. Мысалы, сарапшының пышақ жүзінен табылған талшық пен жәбірленушінің көйлек матасының жалпы топтық қатыстылығы бір және олар мақта мата түріне жатады деп берген қорытындыларын тергеушілер бағалауда, олар пышақ жүзіндегі талшықтар жәбірленушінің көйлегінікі деп санайды.
Сарапшының бұл тұжырымдары бір жағынан объекттің оқиғаға қатыстылығын жоққа шығармайды, екінші жағынан алып қарастыратын болсақ қылмысқа қатысты басқа да объектілер болуы мүмкін.
Информация о работе Криминалистикалық идентификация және диагностика