Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 06:50, реферат
Ауылшаруашылығында жер негізгі өндіріс құралы болып табылады, сондықтан да шаруа (фермер) қожалықтарының қызметін ұйымдастыру саласында жер құқық қатынасын реттеуі үлкен маңызды мәселе оған себеп шаруа (фермер) қожалығының дамуына жер құқық қатынастарының тұрақты жағдайы үлкен әсер етеді.
Аграрлық реформаны жүзеге асырудың бір бағыты жер қатынастарын қайта құру болды.
І Кіріспе
1.1. Жалпы шаруа (фермер) қожалығына түсінік
ІІ Негізгі бөлім
1.2. Қазақстан Республикасында шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдардың қалыптасуы
1.3. Қазақстан Республикасында шаруа (фермер) қожалығының даму тарихы
ІІІ Қорытынды
ІV Қолданылған әдебиеттер тізімі
Шаруа (фермер) қожалығы – жеке кәсіпкерліктің бір түрі ретінде қарастырылады. Жеке кәсіпкерлік дегеніміз – жекеше кәсіпкерлік түрі ретінде азаматтардың бастама жасайтын қызметі, ол табыс табуға бағытталған азаматтардың меншігіне негізделген және олардың тәуекел мен мүліктік жауапкершілігі арқылы азаматтар атынан жүзеге асырылатын қызмет. Бұл қызметтің субъектісі ретінде тек жеке тұлға болып тиабылады.
Шаруа (фермер) қожалығына заңды тұлға деген мәртебе берілмеген, ал бұрыңғы заңда ол мәселеге тиым салынбаған.
Шаруа (фермер) қожалығына мұндай мәртебе беруді түсіндіретін болсақ, заңды тұлғаны құру көптеген шығындарды қажет етеді, мысалы құрылтай құжаттарын дайындау жарғылық қордың белгіленген мөлшерін төлеу; заңды тұлғалар жеке кәсіпкерлерге қарағанда салықты көп телейді. Заң актілерінде бұл субъектілердің мәртебесі жөнінде әртүрлі көзқарастар айтылады.
Шаруа (фермер) қожалығы ауылшаруашылық қызметі негізгі кәсіпкерлік қызмет ретінде танылады. Сонымен қатар, олар басқа да кәсіпкерлік қызметтермен, егер заңда тиым салынбаса, айналысуға құқығы бар. Ауылшаруашылығымен байланысты қызмет міндетті түрде ауылшаруашылығына арналған жерлерінде жүзеге асырылуы тиіс.
Шаруа (фермер) қожалығы отбасылық еңбек бірлестігі болып танылады, былайынша айтқанда аталған қызмет тек қана жанұяның негізінде жүргізіледі. Сондықтан, осы ережені жүзеге асыру мақсатында, заңда шаруа (фермер) қожалығының мүшелерінің толық тізімі көрсетілген. Олар келесі азаматтар болып танылады: жұбайлар, балалар, асырап алған балалар, ата-аналар, туыстар.
Шаруа (фермер) қожалығы тек қана жеке тұлғалармен құрылады. 1990 жылғы заңға сәйкес шаруа шаруашылығын тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана құруға құқығы бар еді, ал қазіргі кезде ондай шектеу жоқ.
Былайша айтқанда, шаруа (фермер) қожалығының мүшесі ретінде шетел азаматыда болуы мүмкін. Бірақ қожалықтың басшысы ретінде 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының әрекет қабілеттілігі бар азаматыда болуға міндетті.
Шаруа (фермер) қожалығының қызметін мемлекеттік тіркеу.
Шаруа (фермер) қожалығы жер пайдалану құқығын мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап құрылды деп есептеледі.
Шаруа (фермер) қожалығының жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу тәртібі «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңында көрсетілген. Ол тәртіп тіркеуші органдардың қызметін жергілікті салық органдары жүзеге тасырады.
Шаруа (фермер) қожалығы жеке кәссіпкер ретінде барлық уақытта мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті емес, бірақ келесі жағдайларда олар міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Шаруа (фермер) қожалығының қызметіне бұл жағдайда тиым салынады, сот шешімінің негізінде тоқтатылуы мүмкін.
Мемлекеттік тіркеусіз өз қызметін жүзеге асырушы шаруа (фермер) қожалығы мәміле жасау негізінде өзінің кәсіпкер болып табылмайтынына сілтеме жасауға құқығы жоқ..
Шаруа (фермер) қожалығын тіркеу
кезінде өтінішті қожалықтың
әрбір мүшесі жеке береді, сондықтан
мемлекеттік тіркеу туралы
Шаруакәсіпкер (фермер) қожалығы жеке кәсіпкер ретінде шаруашылық қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқылы бірақ негізгі қызмет ретінде ауылшаруашылық өнімін өндіру сондай-ақ осы өнімді ұқсату мен және өткізу мен тығыз байланысты, қызметі шаруа (фермер) қожалығының негізгі қызмет түрінің бірі болып табылады.
Шаруа (фермер) қожалығының қызметінің шарттары яғни бағыттары бойынша, шаруа (фермер) қожалығы қызметінің шарттары яғни бағыттары бойынша, шаруа (фермер) қожалығы өз шығындарын алынатын табысының есебінен жабады және өндірістік, коммерциялық және өзгеде қатынастары шарт негізінде жүзеге асырылады сондай-ақ шаруа (фермер) қожалығының қызметіне, ҚР-ның заңдарында көзделген басқа жағдайларда, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар тарапынан араласуға тиым салынады.
Шаруа (фермер) қожалығының мүлкі ортақ
бірлескен немесе ортақ үлестік меншік
құқығында оның мүшелеріне тиесілі болады,
және мүшелерінің меншігінде екпелер
шаруашылыққа арналған өзгеде қорақопсылар,
және ауылшаруашылығына арналған өзгеде
техника мен жабдықтар, керек-жабдықтар
және қожалық үшін оның мүшелерінің ортақ
қаражатына сатып алынған басқа да мүлік
болады. Сондай-ақ шаруа (фермер) қожалығы
қызметінің нәтижесінде алынған жемісі,
өнім мен табыс сол қожалық мүшелерінің
ортақ бірлескен немесе ортақ үлестік
мүлкі болып табылады және өзара келісім
бойынша пайдаланады.
Қорытындылай айтқанда шаруа (фермер) қожалығының ұғымын қарасақ ол отбасылық еңбек бірлестігі болып танылады. Өзіндік кәсіпкерлік нысанында құрылатын қожалықтар жоғарыда көрсетілген негізгі шаруа (фермер) қожалықтарына тән белгі қамтамасыз етілмейді. Менің пікірімше бұл заңға қайшы келеді деп санаймын.
«Жер туралы» жарлыққа сәйкес шаруа (фермер) қожалықтарға жер тек қана пайдалануға беріледі, мен бұл шешімді дұрыс деп санаймын.
Шаруа (фермер) қожалықтарға жерді жеке меншікке беруін дұрыс деп санаймын.
Шаруа (фермер) заңына сәйкес оның мүшесі ретінде ата-аналар, балалары, жұбайлар былайша айтқанда жақын туыстар болып табылады. Бұл жерде олардың азаматтығына ешқандай тиым салынбаған бұл қожалықтың басшысы ретінде ҚР-ның азаматы болуы көрсетілген.
Менің ойымша шаруа (фермер) қожалықтары
тек қана ҚР-ның азаматтары құру мүмкіндігі
көрсетілуі дұрыс. Ал шетелдіктер ауылшаруашылық
қызметімен айналысқысы келсе кооператив,
жәй серіктестіктер құруға құқылы.
Қолданылған әдебиеттер
тізімі: