Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 22:11, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының Конституциясы - мемлекеттің Ата Заңы
1993 жылы 28 қаңтарда егеменді тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің бірінші Конституциясы қабылданды. Ол құқықтық мемлекет құру, оның мемлекеттілігінің тәуелсіздігін қамтамасыз етудің кепілі болып табылатын тарихи орын алатын ҚР Конституциясы болды. Алайда, қоғам дамуының қажеттілігі негізінде жаңа Конституция жобасы жасалды.
1995 жылы 30 тамызда Республикалық референдум өткізу (бүкіл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Осы Конституцияға конституциялық реформалар нәтижесінде екі рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Алғашқысы 7 қазан 1998 жылы болса, екіншісі 21 мамыр 2007 жылы болды.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы ұғымы және принциптері.
Қазақстан Республикасының экономикалық негіздері.
Қазақстан Республикасы – зайырлы, демократиялық және құқықтық мемлекет.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 2 файла

2.doc

— 51.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негіздері

 

 

Жоспары:

1 Қазақстан Республикасының  конституциялық құрылысы ұғымы  және принциптері.

2 Қазақстан Республикасының  экономикалық негіздері.

3 Қазақстан Республикасы  – зайырлы, демократиялық және құқықтық мемлекет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Қазақстан Республикасының  конституциялық құрылысы ұғымы  және принциптері.

Әрбір мемлекет өзінің Консттуциясына сәйкес мемлекеттік билікті ұйымдастыруды  белгілейді сонымен қатар олардың  адам және азаматтың аталмыш қоғам өмірімен қарым қатынасын бекіте отырып, мемлекеттік органдар жүйесінің негізін қалайды.

Қазақстан Республикасының  құрылысы мемлекетті ұйымдастыру тәсілдеріне, оның тұлғамен қатынасына негіз болатын, Конституция нормаларымен бекітілген және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын қоғамдық қатынастардың жүйесі болып табылады.

Конституцияда Қазақстан Республикасының  құрылысына негіз болатын барлық принциптер бекітілген. Олар – халықтық билік, мемлекеттік егемендік, біртұтастіқ, биліктерді бөлу принципі, құқықтың үстемдігі, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешу, идеологиялық және саяси әр алуандылық және т.б. принциптер болып жіктеледі.

Қазақстан Республикасының мемлекетін құру концепциясында Қазақстан Респубикасы  конституциялық құрылысның негізгі белгісі ретінде халықтық билікті атап айтуға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясына «Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық» деп белгіленген (3-б). Халық билікті республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады. Сондай-ақ халық өз илігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасын демократиясының тікелей және өкілді нысандары туралы берік сеніммен айтуға болады.

Мемлекеттің егемендігі конституциялық құрылыс негіздерінің бірі ретінде Конституциямен жария етіледі. Егемендік республиканың бүкіл аумағын қамтиды, өз аумағында және одан тысқары жерлерде Қазақстан Республикасы халқының ерік жігері негізінде басқа мемлекеттерге тәуелсіз жағдайда, өз алдына дрбес мемлекет функцияларын жүзеге асыруына мумкіндік береді. Қазақстан Республикасының егемендігін қаматамасыз етуде 1995 жылы 25 қазанда қабылданған «ҚазССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» айрықша рөлге ие.

Қазақстан Республикасының егемендігін 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы одан әрі нығайта түсті. Ол Қазақстан Республикасын дербес және тәуелсіз мемлекет ретінде бекітті. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болып табылады.

Қазақстан Республикасы егемендігінің  негізін оның аумағы, жері, қойнауы, табиғат байлықтары, мәдени құндылықтары және барлық экономикалық потенциал  құрайды. Егемендіктің бастауы –  халық, сонымен қатар егемендік Қазақстан Республикасының әрбір азаматына таратылады. Мемлекеттік егемендік ең алдымен мыналардан көрініс табады: Қазақстан Республикасы ішкі құрылымына қатысты және басқа мемлекеттермен арадағы қатынастарға байланысты барлық мәселелерді өз алдына дербес шешуге хақылы. Егемендік идеясы 1995 жылы Қазақстан Республиксының Конституциясында да алдынғы қатарда тұр.

Біртұтастық Қазақстан Республикасының  конституциялық құрылысының маңызды  бір белгісі болып табылады. Біртұтас мемлекет ретінде Республика өз алдына дербес мемекетке ие емесәкімшілік-аумақтардан тұратын ьірыңғай саяси біртекті құрылымымен сипатталады. Біртұтастық бірыңғай азаматтыққа, заңдарға және мемлекеттік органдар жүйесіне негіз болады.

Қазақстан Республикасында билік  біртұтас дегенмен ол Конституция мен заңдар нгізінде заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінуі, олардың тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс қимыл жасау принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады (4-б, 3-т). Бұл ретте биліктерді бөлудің Республика жағдайына бейімделген механизм көзделген.

Президенттік институт Қазақстан  халқының мемлекеттік бірлігін бейнелеуге және жүзеге асыруға бағытталған. Қазақстан  Республиксының Президенті Конституцияның 40-бабына сәйкес мемлекеттің басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Республика азамттарының құқықтарымен бостандықтарының нышаны, әрі кепілі.

Президент Қазақстан қоғамын үйлестіруші  және нығайтушы фактор бола отырып, мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Президенттік билікті күшейту  қоғамның саяси және экономикалық жүйесін  реформалауды барынша тиімді жүргізуге  және алға қойған мақсатқа жетуге қабілетті  әлеуетті әрі үйлесімді мемлекеттік  билік жүйесінің қажеттілігімен негізделеді.

 

2 Қазақстан Республикасының  экономикалық негіздері. 

Қазақстан Республикасының  экономикалық құрылымы негіздерінде меншік нысандарының әр алуандылығы жатыр, сөйтіп, нарықтық қатынастар конституциялық түрде бекітілген. Қазақстан Республикасы Конституциясы бірдей дәрежеде мемлекеттік меншік пен жеке меншікті таниды және қорғайды (6-б, 1-т). Нарықтық қатынастарға көшу соңғы бірнеше жылдар торабында жүзеге асырылып келе жатыр, бұл жөнінде оның заңды аяқталуы ретінде жерге жеке меншік құқығының белгіленгенің атап өтуге болады. Қазақстан Республикасының Конституциясы 6-бабының 3-тармағы «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер сондай-ақ заңа белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» деп мойындайды. 1995 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес жеке және заңды тлғалардың меншігінде болуы мүмкін шарттар мен шектер белгіленген.

Мемлекет меншік құқығына кепілдік береді. Соттың шешімінсіз ешкімді  де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру  оның құны тең бағамен өтелген  кезде жүгізілуі мүмкін (26-б, 2-т). Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына да конституциялық заңмен кепілдік беріледі (26-б, 4-т).

Конституцияға сәйкес меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен  қатар қоғам игілігіне де қызме  етуге тиіс. Меншік субъекілері мен  обектілері меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді (6-б, 2-т).

Конституция қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудың негізгі принциптерін белгіледі. Оларға қоғамдық келісім  және саяси тұрақтылық, идеологиялық және саяси әр алуандылық, қоғамдық және мемлекеттік институттарды  бқлу сияқты принциптерді жатқызуға  болады.

Қазақстан Республикасының  саяси жүйесін билік үшін күресте, оны ұйымдастыруды және қызмет етуін  жүзеге асырушы сан-салалы ұйымдар, институттар және мекемелер құрайды. Саяси жүйенің элементтеріне  қоғамдық бірлестіктекр және мемлекет органдары жатады. Конституция ең алдымен мақсаты мен іс-әркеті конституциялық құрылысты күштеп қзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұсқан келтіруге, т.б. бағытталған қғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне тыйым салады (5-б. 3-т). Идеологиялық әр алуандылықты конституциялық бекіту (5-б. 1-т) ешқандай да идеологя мемлекеттік болып белгіленбейді дегенді білдіреді. Саяси әр алуандылық деп қоғамда өмір сүруші түрлі әлеуметтік-саяси құрылымдардың болуын айтамыз. Саяси әр алуандылық негізінде Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызмет нысандарының сан алуандылығы да жатады.

Әртүрлі бірлестіктердің  қызметі Қазақстан Республикасындағы  саяси процестерге барша ықпал  етеді және Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңымен реттееді. Қазақстан Республикасындағы негізгі қоғамдық бірлестіктерге саяси партияларды, кәсіптік және шығармашылық одақтарды, әйелдер бірлестіктерін, ардагерлер ұйымдарын, діни бірлестіктерді, кәсіпкерлер одақтарын, қоғамдық, қайырымдылық қорларын және басқаларды жатқызу керек.

Партиялар оларға Президенттікке және Парламент депутаттығына кандидаттар  ұсыну құқығын беруге байланысты саяси жүйеде және жалпы алғанда  олар қоғамда уақыт санап барынша  маңызға ие болуда. Республикад көп  партиялы жүйенің қалыптасу процесі жүріп жатыр, ол һз кезегінде саяси оппозицияның жариялылығын қаматамасыз етіп және саяси өмірге тұрғындардың қалың бөлігін тартуға ықпалын жасайтын болады. Саяси партиялардың қызметі  «Саяси партиялар туралы» заңмен реттеледі. Кәсіптік одақтар қызметінің негізгі бағыттарын реттеуші «кәсіптік одақтар туралы» заң қабылданды. Республикадағы кәсіптік одақтардың рөлі барынша байыпты, олар қоғамдағы демократиялық процестерге айрықша ықпал етеді.

Қазақстан Республикасындағы  қоғамдық құрылыстың негізін қалаушы принциптердің бәрә қоғамдық кеоісім мен саяси тұрақтылық болып табылады.

Саяси жүйенің кез  келген институтының қызметі қоғамдағы  саяси тұрақтылыққа қол жеткізуге  бағытталуы тиіс. Қазақстан Республикасының  бір ерекшелігі оның көп ұлттылығы, сондықтан қоғамдық бірлестіктер өз қызметтерінің нысандары мен бағыттарын белгілеген кезде осы жағдайды есепке алуға және қоғамдық келісім орнатуға ұмтылуға тиіс. 

 

3. Қазақстан  Республикасы – зайырлы, демократиялық  және құқықтық мемлекет.

Қазақстан Республикасы зайырлы және құқықтық мемлекет болып табылады. Мемлекеттің демократиялық құрылымы Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздері және оның принциптерінен келіп шығады.

Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болып табылады. Ол діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлек болуынан және білім берудің зайырлық сипатымен, мектептер діни бірлестіктерден бөлектенді, қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында бірде бір діни конфессия міндетті не артықшылықты деп танылмайды, сондай ақ республикада ресми, мемлекеттік дін жоқ. Конституцияға сәйкес Республикада діни негіздегі партиялардың қызметіне жол берілмейді.

Қазақстан Республикасының  Конституциясында Қазақстан құқықтық мемлекет ретінде анықталады. Құқықтық мемлекеттің белгілеріне мыналар жатады:

  • Конституцияның және заңдардың басқа нормативтік актілердің алдындағы үстемдігі;
  • Мемлекет және азаматтың өзара ортақ құқықтар және міндеттерінің байланыстылығы;
  • Азаматтық құқықтар мен бостандықтарды іске асырған кезде «Заңмен шектелмегеннің бәріне рұқсат етілген» принципін пайдалану

Құқықтық мемлекеттің  маңызды бір шарты заң алдындағы  жұрттың бәрінің теңдігі, құқықтың үстемдігі принципі болып табылады. Қазақстан Республикасы өзін егемен мемлекет ретінде бекіте отырып, мемлекеттің  барлық барлық белгілеріне ие болады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне Ту, Елтаңба және Гимн жатады (9-б). Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылдың 24 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заңдық күші бар жарлығына сәйкес азаматтар және Қазақстан  Республикасы аумағына тұрақтаған барлық тұлғалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын, мемлекеттік елтаңбасын және мелекеттік әнұранын құрмет тұтуға міндетті (3-б).

Қазақстан Республикасында  екі тілдің пайдаланылуы конституциялық түрде реттелген. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі болып табылады (7-б). Конституцияның 7-бабына, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңның 5-бабына сәйкес мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Мемлекеттік және мемлекеттің басқа тілдерін білмеу себебі бойынша кемсітуге жол берілмейді. Мемлекеттік тілдерді оқыту және дамыту үшін жағдай жасау міндетті. Қазақстан Республикасында мемлекеттік және басқа тілдерді оқып үйрену және қолдануға лауазымды тұлғалар тарапынан кедергі блса, онда олар жауапқа тартылады. Тіл саясаты саласында мемлекеттің алдында түрған маңызды бір міндет мемлекеттік тілді Республикадағы қоғамдық қатынастарды үйлестіруші құрал дәрежесін көтеру болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланатын  әдебиеттер:

1.«Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы». С.К.Амандықова. Астана, 2001 жыл.

2.«Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы». Ғ.Сапарғалиев. Алматы, 2004  жыл.

3.«Қазақстан Республикасының Конституциясы»  Астана 2007 жыл.

4.«Салыстырмалы құқықтану негздері  »Табанов. Алматы, 2003 ж.

5.«Құқық негіздері ».С.Д.Баққұлов  Алматы, 2004 ж. 

6.«Конституционное  право», В.В.Лазарева Москва ,1998 г

 

 


акерке.doc

— 63.50 Кб (Открыть, Скачать)

Информация о работе Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негіздері