Құрылыс сметасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 07:06, лекция

Описание работы

Құрылыс сметасы, Құрылыстың сметалық құны — кәсіпорынды, жекелеген үйлер мен ғимараттарды не олардың кешендерін (өндірістік комбинаттарды, тораптарды, тұрғын үй орамдарын, көлік жолдарын, т.б.) салумен, қайта жаңғыртумен байланысты жұмсалатын барлық шығындардың мөлшері; құрылыстағы өнімнің бағасы. Сметалық нормалар, сметалық баға, мөлшерлемелер мен тарифтер негізінде есептеледі.

Работа содержит 1 файл

курылыс сметасы викепедия Microsoft Office Word.docx

— 12.51 Кб (Скачать)

Құрылыс сметасы

Уикипедия —  ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

 Мында өту: шарлау, іздеу

 

Құрылыс сметасы, Құрылыстың сметалық құны — кәсіпорынды, жекелеген үйлер мен ғимараттарды не олардың кешендерін (өндірістік комбинаттарды, тораптарды, тұрғын үй орамдарын, көлік жолдарын, т.б.) салумен, қайта жаңғыртумен байланысты жұмсалатын барлық шығындардың мөлшері; құрылыстағы өнімнің бағасы. Сметалық нормалар, сметалық баға, мөлшерлемелер мен тарифтер негізінде есептеледі. Құрылыс-құрастыру жұмыстарының құнын, жабдыққа жұмсалатын шығындарды (технологиялық, энергетикалық көтергіш-көлік жабдықтары мен нысанды іске қосуға қажетті басқа да жабдықтарды, аспаптар мен құрал-саймандарды сатып алу), өзге де күрделі шығындарды қамтиды. Оның негізгі бөлігі – құрылыс-құрастыру жұмыстарының сметалық құны – тікелей шығындардан (жұмысшылардың жалақысы, құрылыс материалдарына, құралым бөлшектеріне, құрылыс машиналарын пайдалануға жұмсалатын шығындар), үстеме шығыстардан (әкімшілік-шаруашылық шығыстар мен жұмысшыларға қызмет көрсетуге және өндіріске жұмсалатын шығындар), жоспарлы қорланымнан (құрылыс ұйымдарының, әдетте, тікелей шығындары мен үстеме шығыстарының пайызы түрінде белгіленетін жоспарлы пайда бөлігі) құралады.

 

Жобаланатын нысанның сметалық құнын анықтау үшін техникалық жоба (техникалық жұмыс жобасы) бойынша орындалатын жұмыстардың жалпы құнын айқындайтын жиынтық смета; жекелеген нысандар мен жұмыс түрлеріне, жабдық сатып алуға және оны құрастыруға арналған смета; жекелеген шығын түрлеріне арналған есептер; материалдардың, көлік шығыстары мен басқа да шығыстардың калькуляциясы; жобалау және іздестіру жұмыстарының сметасы жасалады. Құрылыс сметасыларын жасау үшін қажетті бастапқы материалдар: жобаланатын үйлер мен ғимараттардың тізбесі, олардың құнының есебі; жабдықтың, такелаж бен құрал-сайманның, сызбада келтірілген материалдардың сипаттамасы; тасымалдың қолданыстағы бағасы мен тарифтері; каталогтар мен басқа да сметалық-нормативтік материалдар; үстеме шығындардың мөлшері және құрылыс-құрастыру жұмыстарының құнына енгізілетін түзетулер; құрылыс бойынша өзге де шығындардың шамасын айқындайтын нормативтер, т.б.[1]


Информация о работе Құрылыс сметасы