Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2012 в 14:29, реферат
Осы Стандарттың мақсаты құрылыс салуға жасалған шарттармен байланысты кірістер мен шығыстар есебі тәртібін белгілеу болып табылады.
Құрылыс салуға жасалған шарттар
ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1. Осы стандарт құрылыс салуға жасалған шарттар үшін мердігерлердің қаржы есептілігінде қолданылуға тиіс.
2. Осы Стандарт 1978 ж. бекітілген 11-«Мердігер шарттарын есепке алу» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартын алмастырады.
Анықтамалар
3. Осы Стандантта мына терминдер төменде көрсетілген мәндерінде пайдаланылады:
Құрылыс салуға жасалған шарт - бұл активтің немесе олардың құрылымы, технологиясы мен қызметі немесе түпкі мақсаты немесе пайдалануы жағынан өзара тығыз байланысты немесе өзара тәуелді активтер кешенін салуға арнайы жасалған шарт.
Белгіленген бағасы бар шарт - бұл шарт, оған сәйкес мердігер шарт бойынша өнімнің әрбір бірлігі бойынша белгіленген бағасына немесе белгіленген ставкасына келіседі, мұның өзі шығындардың өсуіне байланысты көтерілуі мүмкін.
«Шығындарды қосу» шарты - бұл құрылыс салуға жасалған шарт, оған сәйкес мердігерге жол берілетін немесе өзгеше анықталатын осы шығындардан шығындарға қосылған пайыздар немесе белгіленген сыйақы өтеледі.
4. Құрылыс салуға жасалған шарт бір объектінің ғимараты, мысалы, көпірлер, үйлер, бөгеттер, труба құбырларын, жолдар, кемелер мен үңгіме жолдар алу үшін жасалуы мүмкін. Мұндай шарт құрылымы, технологиясы мен қызметі немесе олардың түпкі мақсаты немесе пайдалануы жағынан өзара тығыз байланысты немесе өзара тәуелді бірқатар объектілер құрылысы үшін де жасалуы мүмкін; мұнай өңдеу зауыттарын немесе басқа күрделі негізгі құралдарды салуға жасалған шарттар осының мысалы бола алады.
5. Осы Стандарттың мақсаттары үшін құрылыстар салу шартына мыналар жатады:
(а) объектілерді салумен, мысалы, жобаларды басқару және сәулетшінің қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтер көрсетуге тікелей байланысты жасалған шарттар; және
(b) объектілерді қиратуға және қалпына келтіруге, объектілерді бұзғаннан кейін қоршаған ортаны қалпына келтіруге жасалған шарттар.
6. Құрылыс салуға жасалған шарттар әр алуан қалыптастырылуы мүмкін, бірақ осы Стандартқа сәйкес олар белгіленген бағасы бар құрылыс салуға жасалған шарттар және «шығындарды қосу» шарттары ретінде сараланады. Кейбір құрылыс салуға жасалған шарттар, мысалы, келісілген ең көп бағасы бар «шығындарды қосу» шарттары жағдайындағы сияқты шарттарының екі түрінің сипаттамасы болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда мердігер 23 және 24-параграфтарда мазмұндалған жағдайларды құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсімдер мен шығындарды қай кезде тану керектігін анықтау үшін қарауы қажет.
7. Әдетте осы Стандарттың талаптары құрылыс салуға жасалған шарттың әрқайсысына бөлек қолданылады. Алайда белгілі бір жағдайларда Стандартты бірыңғай шарттың бөлек анықталатын құрамдас бөліктеріне немесе шарттың немесе шарттардың тобының мәнін көрсету үшін шарттар тобына бірге қолдану керек.
8. Шарт бірқатар объектілерді қамтыған кезде олардың әрқайсысы құрылыс салуға жасалған бөлек шарт ретінде қарастырылуға тиіс; егер:
(а) әрбір объектінің құрылысына жеке жоба берілетін болса;
(b) әрбір объекті бойынша жеке келіссөздер жүргізілетін және мердігер мен тапсырыс берушінің әрбір объекті жөніндегі шарттың бір бөлігін қабылдау немесе қайтарып тастау мүмкіндігі болса; және
(с) әрбір объекті бойынша шығыстар мен түсім анықталуы мүмкін болса.
9. Шарттар тобының, бір немесе бірнеше тапсырыс берушімен жасалуына қарамастан, құрылыс салуға жасалған бірыңғай шарт ретінде қарастырылуға тиіс, егер:
(а) келіссөздер шарттардың тобынан тұратын пакет бойынша жүргізілетін болса;
(b) шарттар пайданың жалпы нормасымен осы шарттар іс жүзінде бірыңғай жобаның бөлігі болып табыла отырып өзара мейлінше тығыз байланысты болса; және
(с) шарттар бір мезгілде немесе үздіксіз жүйелілікте орындалатын болса.
10. Шарт тапсырыс берушінің қалауы бойынша қосымша объекті құрылысын салуды көздеуі мүмкін немесе қосымша объектінің құрылысы туралы ережені енгізу үшін өзгеруі мүмкін. Қосымша актив құрылысы құрылыс салуға жасалған жеке шарт ретінде қарастырылуға тиіс, егер:
(а) объекті өзінің құрылымы, технологиясы мен қызметі жағынан объектіден немесе бастапқы шартпен көзделген объектілерден елеулі түрде өзгешелігі болса; не
(b) объектінің бағасы туралы келіссөздер бастапқы шарттың құнына қарамастан белгіленетін болса.
ҚҰРЫЛЫС САЛУҒА ЖАСАЛҒАН ШАРТ БОЙЫНША ТҮСІМ
11. Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсімге мыналар енуге тиіс:
(а) шартта келісілген табыстың бастапқы сомасы; және
(b) шарттың талаптарынан ауытқулар, наразылықтар мен ынталандыру төлемдері:
(і) олардың түсімнің туындауына әкеп соқтыратын деңгейіндегі; және
(іі) олардың шынайы бағалауға лайықтылары.
12. Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсім алынған немесе алынуға тиісті өтеудің әділ құны бойынша өлшенеді. Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсімді бағалау болашақ оқиғалардың нәтижесіне байланысты болатын әр түрлі екіұштылыққа ұшырайды. Есептік бағалаулар көбінесе оқиғалардың басталуы мен екіұштылықтардың жойылуына қарай қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсім сомасы бір кезеңнен келесі кезеңге артуы немесе кемуі мүмкін. Мысалы:
(а) мердігер мен тапсырыс беруші шарт жасалғаннан кейінгі кезеңде құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсімді арттыратын немесе кемітетін ауытқуды немесе қарсылықты келістіруі мүмкін;
(b) белгіленген бағасы бар шартта келісілген түсім сомасы бағалардың артуына жол беретін ескертулер нәтижесінде ұлғаюы мүмкін;
(с) құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсім сомасы мердігердің кінәсінен шартты орындауда кешіктірулер нәтижесінде туындаған айыппұл санкцияларының нәтижесінде кемуі мүмкін; не
(d) белгіленген бағасы бар шарт шығарылатын өнімді шығаруға белгіленген үлесті көздеген кезде құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсім шығарылған бұйымдар санының артуына қарай ұлғаяды.
13. Ауытқу - бұл тапсырыс берушінің құрылыс ұйымына құрылыс салуға жасалған шарт бойынша орындалатын жұмыстар ауқымының өзгеруіне берген нұсқауы. Ауытқу құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсімнің артуына немесе кемуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Ауытқудың мысалы объекті сипаттамасының немесе құрылымының өзгеруі және шарт мерзімінің ұзақтығының өзгеруі болып табылады. Ауытқуға құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсім сомасы жатады, егер:
(а) тапсырыс беруші осы ауытқудың және осыған байланысты туындайтын кіріс сомасының ықтималдығы болуын мақұлдайтын болса; және
(b) түсім сомасы сенімді түрде өлшенетін болса.
14. Шағым - құрылыс ұйымы мердігер тапсырыс берушіден немесе басқа тараптан шарт бағасына енгізілмеген шығындарды өтеу ретінде алуға ұмтылатын сома. Шағым, мысалы, тапсырыс берушінің кінәсінен кідірістердің, құрылыс салуға жасалған шарт бойынша техникалық сипаттамалардағы немесе құрылымдардағы қателіктер және даулы ауытқулар нәтижесінде туындауы мүмкін. Шағымдар нәтижесінде туындайтын түсім сомасының өлшемінде екіұштылықтың жоғары деңгейі болады және көбінесе келіссөздердің нәтижелеріне байланысты болады. Сондықтан шағымдар құрылыс салуға жасалған шарт бойынша кіріске тек мына жағдайларда ғана жатады:
(а) тапсырыс беруші шағымды танығанда келіссөздер ілгерілеу сатысына жеткен кезде; және
(b) тапсырыс беруші танитын сома, әлбетте, сенімді түрде бағаланған кезде.
15. Ынталандыру төлемдері - бұл, егер жұмыстарды орындаудың белгіленген стандарттары сақталатын немесе артып кететін болса, құрылыс ұйымы төлейтін қосымша сома. Мысалы, шартта мердігердің құрылыс салуға жасалған шарт бойынша жұмыстарды мерзімінен бұрын аяқтағаны үшін ынталандыру төлемі көзделуі мүмкін. Ынталандыру төлемдеріне құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсім жатады, егер:
(а) жұмыстарды орындаудың белгіленген стандарттары сақталуының немесе артып кетуінің мейлінше ықтималдығы болған кезде шарт атқарылу сатысына жететін болса; және
(b) ынталандыру төлемдері деңгейі сенімді түрде өлшенуі мүмкін болған кезде.
ҚҰРЫЛЫС САЛУҒА ЖАСАЛҒАН ШАРТ БОЙЫНША ШЫҒЫНДАР
16. Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша шығындарға мыналар жатады:
(а) нақты шартпен тікелей байланысты шығындар;
(b) тұтастай алғанда мердігер шарты бойынша іс-шараларға жатқызуға болатын және нақты шартқа жатқызылуы мүмкін шығындар; және
(с) шарт талаптарына сәйкес тапсырыс берушілерге төленуге тиіс осындай басқа да шығындар.
17. Нақты шартқа тікелей қатысты шығындарға мыналар жатады:
(а) құрылыс алаңындағы қадағалауды қоса алғанда, құрылыс алаңындағы жұмысшылардың жалақысы;
(b) құрылыс салу кезінде пайдаланылған материалдардың құны;
(с) шартты орындау үшін пайдаланылған негізгі құралдардың амортизациясы;
(d) құрылыс алаңына және одан машиналарды, жабдықтар мен материалдарды көшіріп орнатуға жұмсалған шығындар;
(е) машиналар мен жабдықтар жалдауға жұмсалған шығындар;
(f) шартпен тікелей байланысты конструкторлық және техникалық қолдауға жұмсалған шығындар;
(g) қателіктерді түзету мен кепілдік жұмыстарға жұмсалған болжамды шығындар, оның ішінде кепілдік жөндеу шығындары; және
(h) үшінші тараптардың шағымдары.
Бұл шығындар құрылыс салуға жасалған шарт бойынша кіріске енгізілмеген кездейсоқ табыспен, мысалы, шарт орындалғаннан кейін материалдардың артықтарын сатудан және машиналар мен жабдықтардың шығарылуынан түскен табыспен кемуі мүмкін.
18. Тұтастай алғанда құрылыс салуға жасалған шарт бойынша қызметке жатқызылуы мүмкін шығындар, сондай-ақ нақты шарттарға жатқызылуы мүмкін, ол шығындарға мыналар жатады:
(а) сақтандыру төлемдері;
(b) нақты шартпен тікелей байланысты емес конструкторлық және техникалық қолдауға жұмсалған шығындар; және
(с) құрылыс бойынша үстеме шығыстар.
Мұндай шығындар ұқсас сипаттамалары бар барлық шығындарға дәйекті түрде қолданылатын жүйелі және ұтымды әдістер көмегімен бөлінеді. Оларды бөлу құрылыс қызметінің қалыпты көлеміне негізделеді. Құрылыс бойынша үстеме шығындарға құрылыс қызметкерлері құрамының жалақысы бойынша деректерді әзірлеуге және өңдеуге жұмсалатын шығындар сияқты шығыстар жатады. Тұтастай алғанда құрылыс салуға жасалған шарт бойынша қызметке жатқызылуы мүмкін шығындар нақты шарттарға жатқызылуы мүмкін, егер мердігер 23-«Қарыздар бойынша шығындар» IAS Халықаралық стандартында берілетін баламалы әдісті қабылдайтын болса, қарыздар қаражатын пайдалану бойынша шығындар қосылады.
19. Шарттың талаптары бойынша тапсырыс беруші тікелей алып жүретін шығындар өтелуі шартпен көзделген жалпы әкімшілік шығыстар мен әзірлеуге жұмсалған шығындардың бір бөлігіне қосылуы мүмкін.
20. Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша мердігердің қызметіне жатпайтын және құрылыс салуға жасалған шартқа жатқызылмайтын шығындар құрылыс салуға жасалған шарт бойынша шығындарға қосылмайды. Мұндай шығындарға мыналар жатады:
(а) өтелуі шарттың талаптарымен көзделмеген жалпы әкімшілік шығыстар;
(b) өткізу бойынша шығындар;
(с) өтелуі құрылыс салуға жасалған шартпен көзделмеген зерттеулер мен талдамаларға жұмсалатын шығындар; және
(d) нақты шарт бойынша пайдаланылмайтын тоқтатылып қалған машиналар мен жабдықтардың амортизациясы.
21. Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша шығындарға оған қол қойылған күннен бастап толық аяқтауға дейінгі кезең ішінде құрылыс салуға жасалған шартқа жатқызылатын шығындар жатады. Алайда шартпен тікелей байланысты және оны жасасу үшін шеккен шығындар да, егер олар жеке анықталатын және сенімді түрде өлшенетін болса, сонымен бірге, егер шарт жасалған болса, құрылыс салуға жасалған шарт бойынша шығындардың бір бөлігі ретінде жатқызылады. Егер де шарт жасауды қамтамасыз ету кезінде шеккен шығындар олардың туындауы кезеңінде шығыстар ретінде танылатын болса, егер шарт келесі кезеңде жасалатын болса, олар құрылыс салуға жасалған шарт бойынша шығындарға жатпайды.