Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2011 в 16:51, реферат
Құрылыс қалдықтары құрылыс жұмыстарының барысында жинақтау кезінде пайда болатын керек жарақсыз құрылыс материалдарымен олардың қалдықтарын құрылыс алаңынан жинақтау жұмыстары болып табылады.
Жүктердің түрлеріне, көлемдеріне және олардың тасымалдау қашықтығына әр түрлі көлік құралдары, тасымалдау, арту және түсіру тәсілдері пайдаланады.
Құрылыс
қалдықтары және оны
тасымалдау
Құрылыс қалдықтары құрылыс жұмыстарының барысында жинақтау кезінде пайда болатын керек жарақсыз құрылыс материалдарымен олардың қалдықтарын құрылыс алаңынан жинақтау жұмыстары болып табылады.
Жүктердің түрлеріне, көлемдеріне және олардың тасымалдау қашықтығына әр түрлі көлік құралдары, тасымалдау, арту және түсіру тәсілдері пайдаланады.
Үймереттер
мен ғимараттар құрылысы құрылыс
қалдықтарын тасымалдаумен
Құрылыс қалдықтары олардың ерекшеліктерін және физикалық күйін еске алумен келесі түрлерге бөлінеді:
Сусымалы – құм, малта тас, қиыршық тас, топырақ;
Ұнтақ тәрізді – цемент, гипс, минералды ұнтақ;
Қамыр тәрізді – бетон және асфальт қоспалары, ерітінді, ізбес қамыры;
Ұсақ даналы – кірпіш, керамикалық тастар, шой тас, т.б.;
Даналы-темір-бетон тақталар, панельдер, блоктар, ағаш шеберлігі бұйымдары;
Ауыр салмақты – едәуір салмақты темір-бетонды элементтер, ауыр жабдықтар;
Өлшемі ұзындары – бағаналар, қадалар, фермалар, арқалықтар,құбырлар, ағаш материалдар;
Ірі көлемді – тазалық техникалық кабиналар, блок бөлмелер, ірі габаритті контейнерлер, резервуарлар және басқа сыйымдылықтар;
сұйық – бензин, керосин, дизель отыны, жағар-жанармайлар және т.б.
жүктердің түрлеріне, көлемдеріне және олардың тасымалдау қашықтығына байланысты әр түрлі көлік құралдары, тасымалдау, арту, түсіру тәсілдері пайдаланады.
Құрылыс жүктерін көліктің көлденең және тік түрлерімен тасымалдайды. Көлденең көлікпен құрылыс объектісінен апаратын жерге дейін және объектінің ішінде қолданады. Жүктерді тік көлікпен құрылыс жинақтау жұмыстарын орындайтын алаңда және арту-түсіру жұмыстарында пайдаланады.
Көлденең құрылыс алаңы және құрылыс объектілер жөнінде сыртқы және ішкі құрылыстыққа бөлінеді.
Сыртқы
көлік жалпы пайдалану
Ішкі құрылыстық көлік құрылыс алаңы территориясы бойынша және жеке объектілер шегінде жүк тасымалдау үшін пайдаланады. Өндірістік- азаматтық құрылыста қазіргі көліктердің барлық түрлері де пайдаланады: темір жол (рельсті), автомобиль (рельссіз), су әуе көліктері және басқа арнайы түрлері.
Құрылыста ең кең тараған рельсті және рельссіз көлденең көлік болады. Бұдан едәуір сирек су, әуе және арнайы көліктер пайдаланады. Құрылыста олардың пайдалану саласы жүк түріне, арту-түсіру жағдайына, тасымалдау қашықтығына, жол күйіне, жыл мезгіліне байланысты.
Рельсті көлік. Рельсті көлік ретінде кең (1524 мм) және тар (750 мм) табанды темір жол пайдалпнылады. Құрылыста оны негізінде өнеркәсіптік және гидротехникалық ғимараттар салғанда және құрылыс материалдарын шығару бойынша ірі карьерлер өндегенде қолданылады. Жылжымалы құрам тартушы және тіркелмелі құралдардан тұрады. Тіркелмелі құралдарды құрылысқа қажетті жүктер арту үшін пайдаланады. Бұлар – ашық платформалар (құрылыс түзілістері және ұзын өлшемді жүктер үшін), бүйірінентөңкерілетін (толтырғыштар және топырақтар үшін) өзі түсіргіш – вагондар (дун карлар); түбінде люктері бар (сусымалы және дара материалдар үшін) жарты вагондар (гондолдар), сусымалы материалдар үшін бункер тәрізді шанағы бар хоперлер. Сусымалы материалдар гондолдар мен хоперлерден түсіру орындарына бункерлер арқылы төмен түсіріледі. Бұдан басқа цемент, битум және осы сияқты материалдар тасымалдау үшін арнайы вагондар болады.
Негізгі тіркелмелі құралдардың жүк көтергіштігі кеңтабанды жолдар үшін – 50-60 т, тар табандылар үшін – 20-25 т. өте ауыр жүктерді тасымалдау үшін төрт білікті вагондар пайдаланылады. Төрт білікті платформаларда және жарты вагондарда тасымалдайтын жүктің мүмкін ұзындығы 12,8 – 14,3 м болуы керек.
Рельссіз көлік. Құрылыста рельссіз көліктің негізгі түрлері автомобиль мен тракторлар болады. Соңғысын көбінесе ауыр жүктер тасу үшін, әсіресе жолсыз жағдайларда пайдаланылады. Автомобиль көлігін кеңінен қолдануды қамтамасыз ететін факторларға жататындар: басқалармен салыстырғанда өте төмен күрделі қаржы бөлуі арту- түсіру жұмыстарына шығатын аз үлес шығындар және олардың жоғарғы техникалық мүмкіншіліктері (үлкен шапшаңдылығы, жоғары маневрлігі, жүктерді пайдаланатынорнына жеткізу мүмкіншілігі). Сонымен автомобиль көлігінің үлесі құрылыс жүктерін тасымалдағанда 85%-ке дейін барады және оның тиімділігі жүкті 200 км-ге дейін тасымалдағанда анағұрлым артық. Құрылыс көлік құралы ретінде жүк көтергіштігі 1,5- 40 т әр типті автомобильдерпайдаланады.
Су кғөліктері. Едәір үлкен қашықтыққа жеткізгендегі ең арзан тасымалдау әдістерінің бірі. Ең басты кемшілігі – мезгілдік қолдану мерзімі.
Әуе жолдарымен тасымалдау қол жетімсіз немесе жетуге тым қиын кездерде қолданылады. Бұнда үлкен габаритті жүк тасымалдаушы самолеттер, дерижабльдер және қосымша құрылымдары бар вертолеттерді қолданады.
Құрылыста пайдаланылатын автомобильдер өздерінің атқаратын және технологиялық міндеттеріне қарай екі топқа бөлінеді:
Халық шаруашылығының әр саласында пайдаланатын жалпы көліктік автомобильдер – шанағы бар жүк таситын автомобильдер, өзі түсіргіш автомобильдер, жүк тіркемелерін тасымалдауға арналған тартқыш- автомобильдер.
Жүктердің арнайы түрлерін тасымалдау үшін пайдаланатын мамандандырылған автомобильдер – автобетон тасушылар, автоерітінді тасушылар, тақта тасушылар, арқалық тасушылар, ферма тасушылар, тазалық-техникалық кабиналар тасушылар, тіркелмелі ауыр жүк тасушылар (трейлерлер), автогудронатор. Бұдан басқа олардың кейбіреулері тасымалдау міндетінен басқа технологиялық операциялар орындай алады (мысалы, бетон қоспасын дайындау, ерітіндіні мөлшерлеп беру).
Мамандандырылған автокөлік құралдары жоғары моневрлік және жылжымалықпен ерекшеленеді және құрылыс жүктерінің әртүрлерін тасымалдауды ұтымды ұйымдастыруға, көлік жұмыстарында еңбек өнімділігін көтеруге, ауыр қол жұмысының үлесін азайтуға, тасымалдағанда материалдар шығынын кемітуге мүмкіндік береді.
Уақытша құрылыстық жолдардың негізгі параметрлері жүріс қатары саны, жүріс қатары және жүріс бөлігінің ені болады.
Құрылыста автокөлікпен тасымалдаудың екі негізгі үлгілері қолданылады – маятникті және қайықты.
Маятник үлгісінде ажырамайтын үзбелері бар автокөлік пайдаланады. Бірақ бұл жағдайда көлік құралдарын артып- түсірген автосүйрегіштің тұрып қалуы мүмкін.
Қайық үлгісінде бір автосүйрегіш кезекпен екі немесе бірінші автотіркелгіштермен жұмыс істейді. Бұл автосүйрегіштің арту – түсіру мезгілінде тұрып қалу уақытын кемітеді және автокөлік құралдарының өнімділігін арттырады.