Машина жасаудың қалыптасуы
мен дамуы
Машина жасау өндіріс
саласы ретінде Ұлы Отан соғысы жылдарында
эвакуациямен көшіріліп өкелінген
кәсіпорындардың негізінде құрылды.Металлургиялық
құрал-жабдык (Алматы), автоматты сығымдау
(Шымкент), , аппаратураларын (Ақтөбе), автокөлік
қозғағыштарын (Петропавл), ауыл шаруашылық
техникасын (Астана) шығаратын ірі
зауыттар осылайша пайда болды.Соғыстан
кейінгі жылдарда ондаған машина
жасау зауыттары салынды. Аспап
жасаудың, электротехникалық өнеркәсіптің,
трактор жасаудың жаңа салалары пайда
болды. Яғни машина жасау салаларының
кешені калыптаса бастады.1990 жылдардың
басында машина жасау кешенінің
құрамында 2500-дей өнім түрлерін шығаратын
370 зауыт болды. Дегенмен, машина жасаудың
жалпы даму деңгейі бойынша Қазақстан
басқа одақтас республикалардан
бірталай артта калып келді. КЦПО-да
ол жалпы өнім шығарудан үшінші,
ал машина жасаудан он екінші орындағы
республика болды.Бірақ кешеннін, құрылымы
Қазақстан үшін қолайлы болмады.Барлық
зауыттардың 1/3 белігі тек ескірген
техниканы жөндеумен айналысса,
ал тағы да сондай бөлігі металл конструкцияларын
өндірді. Қалған бөлігінің жартысын
Қорғаныс-өндірістік кешен (ҚӨК) құрады.1990
жылдары машина жасау кешені оның
өнімдеріне деген сұраныстың күрт төмендеуіне
байланысты терең дағдарыс жағдайында
болды. Басқа республикалардағы
кәсіпорындармен көптеген өндірістік
байланыстар үзілді. ҚӨК зауыттарының
алдында өндірісті конверсиялау,
яғни халық пен экономикаға кажетті
өнім шығару міндеті тұрды. Конверсия
өте баяу жүрді. Өнеркәсіптердің
барлығы жаңа жағдайға бірден үйреніп
кете алмады. Нарықтық қатынасқа табысты
етудің мысалын Петропавлдағы зауыттардың
бірінен көруге болады.
Қазіргі жағдай
Қазіргі уақытта машина жасау
кешенінің құрамында 1500-ден астам
кәсіпорын бар.Онда өндірістің барлық
салаларының арасында ең көп (13%) жүмыскерлер
қызмет етеді. Бірак кешеннің өнім өндіру
үлесі небөрі 3%-ды ғана құрайды..Өзірге
біздің елімізде тек құрастыру көсіпорындары
ғана құрылған. Олардың ішіндегі ең
ірісіне Өскемен (жеңіл автокөлік),Көкшетау
(жүк таситын автокөлік), Семей (автобус)
қалалары жатады. Өскемендегі «Азия-Авто»
автомобиль құрастыру зауыты казірдің
езінде олар аккумуляторды Талдықорғаннан
алады. Болашақта бөлшектер мен
басқа материалдардың 50%-ын Қазақстанның
зауыттары шығаратын болады.Машина
жасаудың дамуына шетелдік серіктестермен
біріккен кәсіпорындар (Оңтүстік Корея,
Ресей, Қытай, АҚШ) жағдай жасайды. Олар
автомобиль, трактор, компьютерлік құралдарды
жасау немесе дамытуға ықпал ететін болады.3.
Машина жасаудағы мамандану мен кооперативтендіру.Машина
жасау кешенінің орналасуына бірқатар
қиыншылықтар әсер етеді. Ең алдымен бұл
- шығарылатын енімдердің күрделілігіне
байланысты. Ол кәсіпорындардың салалары
мен ішкі салалық маманданудың қажеттілігін
туғызады.
Машина жасаудағы мамандану
Машина жасаудың әр саласы
белгілі бір өнім түрлерін: трактор
жасайтын - тракторлар, станок жасайтын
- станоктар, аспаптар жасау - аспаптар
шығарады. Бір салаға өнім шығаратын
зауыттар сол өз саласына орай маманданады.
Мысалы, Қызылордадағы ауыл шаруашылық
машиналарын шығаратын зауыт - күріш
жинайтын машина, Астанадағы зауыт - тұқым
сепкіш трактор, Павлодардағы зауыт - тракторлар
шығарады. Өнімдер бойынша ондай
мамандануды - бұйымдық мамандану деп
атайды.Машина жасау зауыттары, кеп
жағдайда, дайын өнім емес (станок, автомобиль),
оның бөлшектерін шығарумен айналысады.
Ондай мамандануды бөлшектер
бойынша мамандану деп атайды. Мысалы,
Степногордагы зауыт темір жол подшипниктерін,
Қостанайдағы - ауыл шаруашылық машиналары
үшін дизель қозғағыштарын, ал Талдықорғандағы
- аккумуляторлар шығарады.Машина жасау
зауыттарының үшінші бір түрі - технологиялық
мамандану.
Машина жасау кезеңдері
Машина жасау үш негізгі
технологиялық кезеңнен тұрады . Бірінші
кезең - құю, соғу немесе сығымдау арқылы
бөлшектер даярлау. Екіншісі - бөлшектерді
станоктарда механикалық өңдеуден
өткізу, ал үшіншісі - бөлшектерден дайын
өнімдер құрастыру. Егер зауыт ендірістің
барлық үш кезеңін жүзеге асырмай, тек
біреуімен ғана айналысса, ол технологиялық
мамандану, яғни технологиялық процестер
кезеңі бойынша мамандану болып
табылады. Мысалы, Өскемендегі автокөлік
құрастыру зауыты автокөліктерді тек
дайын бұйымдар жиынтығынан құрастырады.
Яғни бұл - технологиялық мамандану
болып саналады.Кез келген мамандану
(технологиялық, тетіктік, бұйымдық) кәсіпорындар
арасындағы кооперативтендірусіз (ынтымақтасусыз)
мүмкін емес. Кез келген автокөлік
түрлі белшектерден (мысалы, электровоздарда
олардың саны 200 мыңнан астам) тұрады.
Бір зауытта олардың барлык түрлерін
шығару мүмкін емес және тиімсіз.Сондықтан
бір зауыт екінші біреумен кооперативтендіріледі.
Мысалы, «Азия-Авто» зауыты «Нива» көлігіне
аккумуляторларды Талдықорғаннан әкеледі.Сонымен,
машина жасау кешені салааралык емес
ішкі салалық дамуымен ерекшеленеді.[1]
Машина жасау кешенінің құрылымы
өте күрделі. Оның кұрамына үш топқа біріктірілген
30-ға жуык салалар кіреді: 1)машина жасау
(машиналар мен күрал-жабдықтар шығару);
2)металл өңдеу (металл конструкцияларын
даярлау, машиналар мен құрал-жабдықтарды
жөндеу); 3)«кіші металлургия» (машина жасау
зауыттарында металл балқыту). Жалпы өнім
шығарудағы машина жасау кешенінің үлес
салмағы.Машина жасау кешені - шаруашылыктың
әр түрлі салаларына құрал-жабдық, елдің
корғаныс жағдайы үшін кару-жарақ, халыққа
қажетті тауарлар (мысалы, автокеліктер
теледидарлар, кір жуатын машиналар) шығарумен
айқындалады.
.Машина жасау кешені
басқа да салааралык кешендермен
тығыз өндірістік байланыста
болады. Ол жылу электр кешені
(ЖЭК) өнімдерінсіз жұмыс істеуі
мүмкін емес, сондай-ақ ЖЭК машина
жасаудан энергетикалық, тау-кен
өндірісі машиналарын жөне басқа
да құрал-жабдықтар, өр түрлі
машиналар алады. Машина жасау
кешені металлургия балқытқан
металды пайдаланып, оған техника,
шикізат (мысалы, металл сынығы) жеткізеді.
Машина жасау үшін кеп мөлшерде
химиялық тауарлар (пластмасса, синтетикалық
талшық пен каучук, бояу) жұмсалады.
Оларды ендіру, керісінше,машина
жасау өнеркәсібінсіз мүмкін
емес.Машина жасау кешені мен
агроөнеркәсіптік және көлік
кешендерінің арасында қандай
байланыстар бар?
Машина жасау зауыттары
өр түрлі факторлардың әсерімен орналасады.
Жалпы, Қазақстандағы машина
жасау өндірісіне кіретін кәсіпорындардың
жартысы дерлік Алматы, Ақмола, Павлодар
өңірінің үлесіне тура келеді.
Өскемен қаласында жобалық
қуаты жылына 15 мың автокөлік
құрастыратын «Азиа-Авто» зауыты жұмыс
істейді. Кәсіпорын ресейлік «АвтоВаз»,
чехиялық «Шкода», америкалық-оңтүстіккореялық
«Дженерал Моторс» кәсіпорындарының
қолдауымен «Лада», «Шевроле» және
«Шкода» көліктерін шығарады. Қазірше
ол еліміздегі автокөлік құрастыратын
ең ірі өндіріс орны. ҮИИД бағдарламасының
арқасында зауыт биылғы жылдың бірінші
жартысында 2609 автокөлік шығарды. Бұл
өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда,
2,6 есе артық. Елімізде шығарылатын
автокөліктердің дерлік 90 пайызы осы
кәсіпорынның үлесінде. Жалпы, өндіріс
көлемі де дағдарысқа дейінгі деңгейден
асып түсті. Бұл жерде 2010 жылдан бері
қарай автокөліктердің 12 түрлі жаңа
модельдері шығарыла бастады. Егер Өскеменді
республиканың «автокөлік астанасы»
десек, енді осындай тағы бір өсу
нүктесі пайда болды: Қостанайда
«Агромашхолдинг Қазақстан» АҚ Allur
Auto қазақстандық автомобиль компаниялары
тобы және оңтүстіккореялық SsangYong Motors
Corporatіon автоөндірушісімен бірлесіп,
ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының
аясында Ssang Yong жол талғамайтын көліктерін
шығаратын құны 16 миллион АҚШ
доллары тұратын жобаны жүзеге асыра
бастады. Оған сәйкес алғашқы жылы осы
маркадағы 1000 автокөлік шығарылса,
тағы төрт жылдан кейін бұл көрсеткіш
7500 данаға жеткізілмек. 2010 жылы ел көлемінде
3176 жеңіл көлік шығарылып, 2009 жылға
салыстырғанда, өсім 4,33 пайызды құрады.
Ал 2011 жылдың алғашқы жартысында 3012
жеңіл көлік шығарылып, ол 2010 жылдың
тиісті мерзімімен салыстырғанда, үш есеге
артты. Сонымен бірге тек жалпы
өндіріс көлемі ғана емес, жеңіл
көлік шығаруда ішкі нарықтағы қазақстандық
үлестің де өткен жылдың алғашқы
алты айымен салыстырғанда, биыл 20,8 пайызға
артып отырғаны қуантады. Бұл - отандық
автокөлік өндірісі сала ретінде
қалыптасқанын және индустрияландырудың
алғашқы бесжылдығында оның жедел
дами бастағанын көрсететін тарихи көрсеткіш!
Жалпы, Қазақстанда барлығы
30-дай әртүрлі құрастыру өндірісі
жұмыс істейді. Олардың көбі «Газель»
автомобилінің негізінде микроавтобустар,
шағын жүк көліктерін, рефррижераторлар
шығарады. Алматы қаласында троллейбустар,
автобустар, ауыр жүк таситын «КамАЗ»
автокөліктері құрастырылады. Орал
қаласында ресейлік «Россельмаш» зауытының
«Нива-Эффект» комбайны шығарыла бастады.
Жоспарлы экономика кезінде
Қазақстанда КСРО-ның басқа республикаларында
жоқ бірнеше ерекше зауыттар болғанын
да айта кеткен жөн. Қой қырқатын машинкалар
шығарған «Ақтөбесельмаш», жерасты
тұзды суларын тұщыландыратын қондырғылар
шығарған «Алматы электроника», жер
қабаттарын үйіндісіз өңдеу құралдары
мен дестелегіш және қар тоқтатқыш
механизмдер шығарған «Целиноградсельмаш»
зауыттарын солардың қатарына жатқызуға
болады
Отандық машина жасау өнеркәсібіндегі
ең ірі жобалардың бірі - Астана қаласында
америкалық «Дженерал электрик»
компаниясымен бірлесіп құрылған ірі
локомотив құрастыру зауыты. Қазірдің
өзінде бұл зауыт бір локомотивті
құрастырып шығарса, тағы бірнешеуі
аяқталу алдында тұр. Жалпы, бұл зауыт
отандық және шетелдік нарық үшін ДЭ «Эволюция»
маркалы 150 локомотив шығаруы тиіс. Бүгінгі
күні еліміздің барлық өңірлерінде дерлік
машина жасауға қатысты өндіріс орындары
бар. Айталық, Алматы мен Арал қаласында
вагон шығару зауыттары жұмыс істесе,
Оралда - кеме, комбайн, Қостанайда - ауыр
жүк көліктерінің қозғалтқышы, Өскеменде
- «Беларусь» тракторлары мен автобус,
жеңіл көліктер құрастырылады. Талдықорғандағы
«Қайнар» зауытының аккумуляторлары болса
шетелдік нарыққа шығатын сапалы тауарларымыздың
бірі.
Машина жасау саласын қолдау
жөніндегі қабылданатын шаралар
Лизингтік қызметтер. Лизингті
енгізу және дамыту негізгі құралдарды
жаңартуды жеделдетуге мүмкіндік
береді, өткені лизинг құралының өзі
кепіл ретінде көрініп, қосымша
кепілді қажет етпейді.
Бүгінде қазақстанда бірнеше
ондаған лизингтік компаниялар
бар.
Ауыл шаруашылық техникасын
жеткізу бойынша “қазагрофинанс”
лизингтік компаниясы белсенді жұмыс
істеп жатыр.
Қазіргі кезде “Қазақстан
Даму банкі” АҚ жанынан “БРК- Лизинг”
АҚ лизингтік еншілес компаниясы
құрылды, оның негізі мақсаты республиканың
машинажасау кәсіпорындарының негізіг
қорларын лизинг арқылы жаңарту үшін
қажетті жағдайлар жасау болып
табылады.
«Қазақстанның даму банкі» АҚ,
«Қазақстанның инвестициялық қоры»
АҚ даму институттарының аталған
институттарды капиталдандыруды ұлғайту
жолымен машина жасау саласындағы
жобаларды қаржыландыру.
«Экспортты сақтандыру жөніндегі
корпорация» АҚ арқылы отандық машина
жасау өнімдерінің экспорты –
импорты операцияларына байланысты
тәуекелдерді сақтандыру.Машина жасау
кәсіпорындарынан сатып алу көлемі 2011
жылы 29 млрд тенгеден асады, ал 2012 жылы
– шамамен 31 млрд тенге, 2013 жылы бұл көрсеткіш
шамамен 32 млрд тенге болатыны болжануда.1990
жылы Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінің
жалпы көлеміндегі машина жасау кешені
өнімінің үлесі 15,9 пайыз болса, ол 2008 жылы
2,9 пайызға дейін төмендеген.