Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 18:39, реферат
Интернет- кез келген компьютерлер мен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасумен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі.Интернет- байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы. Әрбір топтарда көбінесе UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютерсервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп деп атайды.Торапты оның иесі -провайдер деп аталатынұйым немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады .Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бүл ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді.Шлюз-басқаша тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің бірлескен жұмысын қамтамассыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді.
Басқа компьютерлерге анықталған сервис ұсынатын компьютерлерді серверлер (ағыл., to serve – қызмет көрсету) деп атайды, ал осы сервисті қолданатындар - клиенттер.
Көп жағдайларда үйдегі клиенттік компьютерлерде әр уақытта Интернетке кіруге мүмкіндігі болмайды, сондықтан Желіге тек керек уақытта ғана қосылады. Керісінше, компьютер-серверлер мәліметтерді берудің жоғары жылдамдықты арналары арқылы Интернетпен байланысқан, сондықтан оларға сұраныс арқылы хабарласуға болады.
Қосымша-серверлер және қосымша-клиенттер
Компьютерлерді серверлер мен клиенттер деп атағаннан гөрі, оларды бағдарламалық қамсыздандыру деңгейіндегі клиенттер немесе серверлер деп атаған жөн. Бір бағдарлама клиент есебінде, ал екіншісі сервер есебінде іске қосылатын қосымшалардың өзара байланысы клиент-сервер архитектурасы деп аталады.
Сервердің басты тапсырмасы – сервиске қайсыбір клиент сұраныс жібермейінше әр кезде жұмыс жасап және күту жағдайында болу болып табылады.
Серверде сұраныстардың көптігінен оның жұмысы баяулап және белгілі бір сұраныстарға қызмет көрсетуді тежейді. Серверге сұраныс белгілі бір протокол шегінде болады – бұл Желіде компьютерлер арасында байланысты қамтамасыз ететін стандарттар жиыны. Серверлік бағдарламалар клиенттік бағдарламаларға қызмет көрсету үшін компьютердің аппаратты ресурстарын қолданады. Клиент-бағдарлама сұраныс құрып, оны Желі арқылы белгілі бір адреске жібереді және алдын ала белгіленген протокол арқылы сервер-бағдарламамен өзара байланысады. Сол бір компьютерде бірнеше серверлік бағдарламалар орналаса алады. Клиенттік қосымша серверлік қосымша орналасқан компьютерде де, сонымен қатар, серверден керегінше жойылған компьютерде де орналаса алады, бірақ олар Желімен байланысса, бұл айырмашылық тек уақыт бойынша жауаптың кідіруіне сәйкестеледі.
Әрбір сервер-бағдарламаның типі үшін өзіндік клиент-бағдарламасы бар. Осылай, Web-клиент Web-серверге, почталық клиент – почталық серверге хабар береді және т.б. Серверлік бағдарлама әрқашан сұранысты орындауға дайын болу керек және сондықтан да сервер-бағдарлама жұмыс жасайтын компьютерлерге сенімділікке және өнімділігіне байланысты жоғары шарттар қойылады. Клиенттік компьютердің жұмысының тұрақтылығы бір адамның жұмысына әсер ететіндіктен, олардың жұмысына сенімділігіне байланысты аз талаптар қойылады, ал аппаратты сервердің жұмысының сенімділігіне байланысты көптеген клиенттердің жұмысының жүргізілуі тәуелді болады. Жоғарыда көрсетілген тәсіл (клиент-серверлік архитектура) дербес компьютердің қолданушысына өзінің жұмыс үстелінен Интернетке қосылған миллиондаған серверлердің ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Протоколдар стегі (тізімі) – бұл жүйе-лерді байланыстыруды ұйымдастыруға керекті әр түрлі деңгейдегі хаттамалар жиыны.
Бұл жағдайдағы протокол түсінігі - желімен жұмыс жасаған кездегі компьютерлер арасындағы мәліметтер алмасу «тілін» білдіреді. Әртүрлі компьютерлер бір-бірімен байланысу үшін, олар бір протоколмен байланысуы керек. Интернет протоколдар жүйесін TCP/IP протоколдар жиыны деп атайды. Transmission Control Protocol/Internet Protocol (TCP/IP) – глобальді желі үшін арналған протоколдар стандартының жиыны.
Стек АҚШ Қорғаныс Министрлігінің қолдауымен ARPAnet желісінің байланысы үшін 20жыл бұрын дайындалды. ARPA желісі әскер облыстарында зерттеушілерге арналған желі болып табылатын. ARPA желісінде екі компьютер арасында Internet Protocol арқылы байланыс жасалды, сол протокол қазірдеTCP/IP стектерінде қолданылып жетістікте.
TCP/IP стегінің
дамуына Беркли университеті қолдады,
OC UNIX версиясында протоколдар стегін қолданды.
OC UNIX IP және басқа да протокол стектерінің
дамуына жағдай жасады.
TCP/IP стегі мынадай қасиеттерге ие:
Төменде
кең тараған интернет-
Қолданбалы деңгейде:
DNS
FTP
HTTP
HTTPS
IMAP
LDAP
POP3
SMTP
SSH
Telnet
XMPP (Jabber)
SNMP
Сеанстық деңгейде/көрсету деңгейінде
SSL
TLS
Транспорттық деңгейде
TCP
UDP
Желілік деңгейде
BGP
ICMP
IGMP
IP
OSPF
RIP
EIGRP
IS-IS
Арналық деңгейде
Ethernet
Frame relay
HDLC
PPP
SLIP
Белгілі бір стандартқа келтірілмесе де, Интернетте кең тараған протоколдар бар. Бұл протоколдар көп жағдайда файлдармен және мәтіндік мәліметтермен алмасу үшін қажет, кейбіреулерінің негізінде бүтін файл алмасу желілері құрылған. Бұл протоколдар:
OSCAR
CDDB
eDonkey2000 (желінің аты; протокол MFTP деп аталады)
BitTorrent
Gnutella
Skype