Имандылық – тәрбие негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 19:24, реферат

Описание работы

Қазіргі кезде ел болашағы – жастар, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ деген сөздерді жиі еститін болдық. Әлбетте, қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Бүгінгідей ақпарат пен техникалық жаңалықтар кезек шарпыған заманда, оқуға, ғылымға, тәжірибеге сүйеніп, бұл салалардағы жетістіктерге иек артқан дұрыс-ақ. Алайда жастардың саналы азамат болып қалыптасуының кілті тек құрғақ білімде тұр деп айтсақ, қатты қателескеніміз.

Работа содержит 1 файл

Имандылық.doc

— 110.00 Кб (Скачать)


                           Имандылық – тәрбие негізі

 

Имандылық – тәрбие негізі

 

Дін – адамгершілік тірегі

 

Адамгершілік тәрбиесінің қүрамды бөлігі - ұлтжандылық, ұлтжандылық,         отаншылдық (патриоттың) қасиеттер

 

Имандылық қасиет

 

Дiни бiлiм- тарбие бастауы

 

Дiни тарбие

 

 

 

Қазіргі кезде ел болашағы – жастар, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ деген сөздерді жиі еститін болдық. Әлбетте, қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Бүгінгідей ақпарат пен техникалық жаңалықтар кезек шарпыған заманда, оқуға, ғылымға, тәжірибеге сүйеніп, бұл салалардағы жетістіктерге иек артқан дұрыс-ақ. Алайда жастардың саналы азамат болып қалыптасуының кілті тек құрғақ білімде тұр деп айтсақ, қатты қателескеніміз.

Адам баласының тура жолдан адаспай, толық, кемел, ақыл-есі түзу азамат қатарына жетуі оның жас шағында алатын тәрбиесіне, ата-анасының мейірім көрсете алуына байланысты. Жасыратыны жоқ, бүгінде космополиттік идея кеуделерін улап, туған ұлтына жандары ашымайтын «мәңгүрт» типіндегі жастардың көбейіп келе жатуы алаңдатарлық жайт. Бұған «жол беріп жатырсың» деп, жетпіс жылдай уақыт бойы кеңестік сүзгіден әбден сүзіліп, қорғаншақтық күйге ұшыраған аға ұрпақ өкілдерін кінәлау қиянат та болар. Әйтсе де, кез келген нәрсеге көзді жұмып қарау, сүйекке сіңген салғырттық, көзді байлап, көрер алдымызды тұмшалап тастаған. «Құлдық психологиядан», қараңғы қорқыныштан, ит түртпектен арыла алмай отырғанымыз шындық. Мына мәселеге де байыпты көзқарас танытқанымыз жөн. Тәуелсіздік алған кезден былай қарай он бес жыл уақыт ішінде өмірге келген ұрпақ бойында ерекше ұмтылыс, ерекше қуат сезіледі. Қоғам мен адамды қатар шырмаған қат-қабат қиындықтардың, дауасыз даулардың көп уақыт өтпей, күні бітеріне күмәнсіз сенгіміз келеді. Бұл арманды біздің жас өскіндеріміз жүзеге асырмақ. Тек өскелең өркенді жаһанданудың жойқын соққысына, тілсіздік дертіне ұрындырып алмай, өз ұлтының мәдениет мәйегінен алшақтамай өсуіне жол ашуымыз керек. Ол үшін жүріп өткен ізімізге тағы бір бұрылып, жеткен жетістіктерімізді салмақтап, рухани құндылықтарымызды ұрпақ санасына ендірген абзал.

Бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға аманаттап, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп-ақ. Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен ұғатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген. Имандылық, әділеттілік, ізгілік, мейірімділік мұраттарын терең игеруге күш салған. Мал – мүлкінен, дәулетінен иманын жоғары бағалаған қазақ «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші – иманы, екінші – ырысының тұрағы, үшінші – дәулетінің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған. Қазіргідей «мал үшін біреуді алдап, біреуді арбаған» жандар кездесіп отырған кезде мұндай сөздің маңызы да жоғары. Жиған – терген дәулетіне жүрегін байламай, одан да биік нәрсе бар деп білген аталарымыздың имандылық төңірегіндегі түсінігіне біраз толғаныс жасауды жөн деп санадық.

Иман – қазақ халқының рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді ұғым. Ата – бабаларымыздың ақиқатқа жетелер сенімінің де басты тірегі – осы. Барлық бет – болмысының, мінез – құлқының айнасы. Яғни, Шәкәрім атамыз айтқандай,

Кімде болса шын мінез,
Болмас онда екі сөз.
Өлтірсе де көзбе – көз
Иманын сатып алмас бөз, - дегендегі иман. Имандылық деген бір ғана сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл жақсы қасиеттер түгел сыйып тұр. Қазақтың жүзі жылы жанды жолықтыра қалса, «бетінен иманы төгіліп тұрған адам екен» немесе «иманжүзді кісі екен» деп сөз етісетіні де сондықтан. Тіпті адам ғұмырының мәні болып саналатын махаббат сезімінің де негізі имандылықтан басталады. Оны Абай атамыз «үш сүюмен» байланыстырып, «иманигүл» деп атбереді:Махаббатпен-жаратқан-адамзатты,
Сен-де,сүй,ол-Алланы,жаннан..тәтті.Адамзаттың/бәрін.сүй-бауырым.деп
Және хақ жол осы деп әділетті.Дәстүрлі қазақ руханиятынан тамыр тартып, нәр алған данышпан тұлғалардың елді жақсылыққа үндеудегі көптеген ой – пікірлерінің имандылық маңына келіп тоғысатыны шындық. Кешегі «біз барлық қайратымызды ел үшін еселеп жұмсайық. Халық түзеуді жол қылайық» деген кемеңгер Мұхтар Әуезов те жас жеткіншектерге кемел тәрбие беру үлгісін имандылықтан іздеген. Бесікте жатқан жас сәбидің жүрегіне имандылық нұрын құйған жөн деп есептеген. Ендеше, арысы Абайдай бабалар, берісі Мұхтардай даналар ұлт болмысының дәнекеріне жатқызған имандылық негіздерінен бас тартуымызға мүлдем жол жоқ.

Имандылық қасиеттің сырына тереңірек үңілетін болсақ, қазақ халқы имандылықтың үш негізін өздеріне тірек еткен. Ол, біріншіден, дін. Яғни, ерте ғасырлардың өзінде – ақ ұлан – ғайыр қазақ сахарасына кең тарап, жергілікті ұлттардың (оның ішінде түркі тектес тайпалардың) арасына сіңіп, олардың өмір – тіршілігімен қабысып кеткен ақиқат дін – Ислам діні. Пайғамбарымыз Мұхаммед жайған діннің ең тазасын қаймағын бұзбай, сол қалпында елдің санасына жеткізген әулие аталарымыз. Халқымыз имандылық нұрының бастауларын сондай жүрек көзі ашылған перзенттерінен алды деп толық сеніммен айта аламыз. Екінші тірегі – салт – дәстүр. Қазақ тұрмысында «тал бесіктен жер бесікке» дейін қайталанып жататын далалық өркениеттің жарқын көрінісі. Салтынан, әдет – ғұрпынан қол үзбеген жұрттың кезінде талай өзге елдің өкілдерін, ғалым – зерттеушілерді тамсандырғанын білеміз. Имандылықтың үшінші тірегі – ана тілі. Ананың бал әлдиімен бойға дарып, жүрекке сіңген ана тілдің құдіреті байтақ даламызға береке дарытты, ұлттың ұлан – ғайыр жерде бытырап жоғалмай, бір шаңырақ астына бірігуіне күшті құрал болды.

Міне, осындай басты – басты үш қасиетті берік ұстаған ата – бабалар біздерге, кейінгі ұрпақтарына «адастырмас айқын жолды» көрсетіп кетті. Жоғалтып алсақ, кешірілмес күнә, келер ұрпақ алдында қарабет те біз болмақпыз. Данышпан Абай бір қара сөзінде: «ата – бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ол екі мінезі қайсы десең, әуелі, ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен… Екіншісі намысқор келеді екен,»- деп қапаланып жазады. Біз де Абай дана өкінішінің артын құшып жүрмейік. Иманымызды ту етіп, соған жету үшін бар күш – жігерімізді салып, аянбай еңбек етейік дегім келеді.

Дінге көзқарас өзгеруіне байланысты елімізде жер-жерлерде діни медреселер ашылып, балаларды имандылыққа баулуда игілікті іс-шаралар іске аса бастады. Жалпы білім беретін орта мектептерде діни-рухтық тәрбиеден хабардар ете бастауға болады. Балалардың жасына, білім дәрежесіне қарай діни-моральдық ахуалмен таныстыратын, балалар бойына адамгершілік, мейірімділік, болашаққа сенім, тазалық пен пәктік сияқты қасиеттерді түсіндіретін хадистерді үйрете беруге болады. Мұхаммед пайғамбардың хадистерін, мұсылмандықтың бес парызын, Халифа Алтайдық "ғылымхалін", Абайдың "Қара сөздеріндегі" дінирухтық идеяларды және қасиетті Құранның сүрелерінен бала қабылдасауына лайықтарын үйрете беру артық емес. Мұғалім молда не діни лауазымды кісілермен кездесулер ұйымдастырып, діни-рухтық тәрбие сағаттарын жүргізе беруіне болады. Діни-рухтық тәрбиенің ең негізгі мақсаты - баланың өзіне сенімін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.

Адамгершілік тәрбиесінің қүрамды бөлігі - ұлтжандылық, ұлтжандылық, отаншылдық (патриоттың) қасиеттер.
Патриоттық сезім және ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы Отанға деген сүйіспеншілік артып, оның қуатты, тәуелді болуы үшін жауапкершілікті сезіну пайда болады.
"Патриот" деген сөз, гректің раігів - отан деген сөзі, ең біріншііІ рет 1789-1793 жылдары Француз төңкерісі кезінде қолда-м ылды. Монархияғақарсы күресіп революцияны қорғаушылар-дІ.ІІ Іатриоттар деп атады. В.И. Даль сөздігінде: Патриот -отанын с үіоіпі, оның ңуатын арттырушы, отаншыл - деп жазылса, басқа сөздікте "патриот-отанын сүюші, өз халқына берілген, ол үшін жанын ңиып, отан қорғау үшін ерлік көрсететін адам" - делінген. Философия сөздігіндегі "патриотизм - Отанды сүю, оған берілгендік, оның өткені мен болашағы үшін мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға ұмтылу". Педагогикадағыанықтамасы: адамгершілік сапа, Отанға берілуді қажетсіну, оны сүю және адалдық көрсету, оның даңқын сезіну, рухани байланысын сезіну, ар-намысын қорғау, қуаты мен тәуелсіздігіне іс жүзінде үлес қосу.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті ұлтаралық экономикалық және рухани байланыстардан көрінедіБұл аса аяулы сезімдерді балалардың бойына ұялата білудің жолдары көп болғанымен, төрт саласына тоқталсаң.
-  Халқымыз баланың жақсы, жаман болуы оның жаратылысынан деген қағиданы келтірді. Шындығында бала әке, шешесінің бір-біріне деген таза сезімінен жаралуы, ана құрсағында ортаның, үлкендердің, қоғамның ықпалында дамып жетілуі, ана бауырында уызына тойып, ана сөзінің үніне бағынып өсуі, жаратылысының дұрыстығы.
•  Баланың ата-анасымен, өскен ортасымен ана тілінде қарым-қатынасқа түсуі.
•  Бала өзінің әке-шешесі, ата-бабасы өсіп-өнген жерінде өсуі, туған-тұрған жерінің қадір-қасиетін, табиғат сырын терең ұғынып, болашақты жалғастыратын ұрпақ екендігін сезініп өсуі, өз өлкесінің суын, нуын қастерлей білуі, ұғынуы.
•  Баланың туған халқының елдік, ұлттық тарихын білуі, оның ашы-тұщы кезеңдеріне мән беріп-өсуі.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл, абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ету үшін, әрбір тәрбиелі ұстаз, халық педагогикасын, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білуі қажет. Жетілген мінез-құлық үш нерсенің - жүректің, ақылдық және қолдық бірлігі мен келісімі. Бала өз жүрегін тыңдауға үйренсе, жүрегінің айтқанын істейтін болса, өмірден өз орнын табады. Адам баласының өмір тәжірибесінде қалыптасқан үлкендерге құрмет көрсету ізеті өшпес дәстүрге айналған. Қорыта келе, адамгершілік тәрбиесін мына сызбадағы құрамды бөліктерден көруге болады:
Адамгершілік тәрбиесі
Міндеттері.   Мазмұны мен негізгі бағыттары.

Бұл жолда мақсатқа жету үшін өрке­ниеттілігіміз бен азаматтық қоғам ретіндегі мәдени дамуымыздың жоғары деңгейі болып табылатын толеранттылық (өзгеге төзімділік, қамқоршылық, жұмсақтылық, кішіпейілділік, мейірімділік таныту) қасиетімізді сақтай білуіміз қажет.Дүние жүзіндегі оқиғалар экстремизмнің (шектен тыс қарсылық танытушылықтың) етек жаюын экономикалық және әлеуметтік прогреске қол жеткізу арқылы бөгеп қа­луға болатындығын көрсетті. Алайда, бұл прогресс дағдарыстардың тууына байланысты тоқырап, бұзылуы мүмкін. Сол кезде қандай экстремизм болса да алдына тосқауыл бола алатын бір-ақ нәрсе бар, ол – қоғамның толеранттылығы.Қоғамның толеранттылығы өздігінен пайда болатын нәрсе емес. Ол – тәрбие арқылы қалыптасатын қоғамдық мінез. Ал, мінездің негізі дінде. Дін білім арқылы келеді. Қа­зақстан Республикасы – түрлі конфессиялардың мекені. Әрбір конфессияның өзіне тән діни білім қоры бар. Соны пайдаланып кәдеге жарату үшін қоғам өмірінде діни білім беру жүйесін қалыптастыру қажет.Діннің Қазақстан қоғамы өміріндегі орны ерекше екендігін жергілікті әкімдіктердің діни бірлестіктермен бірлесіп, Құрбан айт, Ораза айт, “Рождество Христово”, “Пасха” мерекелерінің өткізілуіне атсалысуынан байқауымызға болады. Бұл құбылыстар мемлекеттің заман талабына сай көп векторлы саясатын түрлі бағыттарда, оның ішінде дін саласында да ұстанып келе жатқандығының айғағы. Қоғамымыздың бүгінгі басты мәселелерінің бірі – еліміздегі түрлі діндерді ұстанушылар арасында экстремистік көзқарастардың орын алуына жол бермеу. Бұл азаматтардың рухани білім алуы арқылы ғана жүзеге асуы мүмкін. Азаматтардың рухани білім алуын діндер де, мемлекет те, қоғам да әрқашан қолдаған. Алайда, сол рухани (діни) білімді “кім және қалай” беруі қажет деген сұраққа жауап беруге біз әлі де дайын емес сияқтымыз.

 Елімізге уақытша келген шетелдіктер немесе шет елдерге барып діни білім алған азаматтарымыз бөтен елдің идеологиялық келімсектік немесе жат түсініктері мен пиғылдарын діни тұрғыдан халық санасына сіңіруге бар күшін жұмсайды. 2006 жылы Шымкент, Петропавл, Қарағанды, Өскемен, Атырау, Астана, Алматы қалалары­ның жастары арасында жүргізілген әлеуметтік сауалдама бойынша: “Аума­ғыңыздағы таныс жастардың қатарынан шетелдік діни мекемелерде оқу үшін жол­данғандар туралы хабарыңыз бар ма?” деген сұраққа олардың 32,7%-ы “естігенім бар”, 11,7%-ы “таныстарым бар”, 55,6%-ы “бұл туралы ешнәрсе білмеймін” деп жауап берген. Қоғам мүшелерінің мемлекеттік бағдарламасынсыз шетелде діни бі­лім алу мақсатымен оқуға аттануы толғандыратын жәйт. Өйткені, мұның – келешекте ұлттық қауіпсіздігімізге нұқсан келтіруі ықтимал. Сондықтан, діни білім беру жүйесін мемлекет өз қолына алуға тиіс.

Мемлекет конфессиялардың өкілдерімен бірлесе отырып, Конституциямыз бен заңнамаларымыз шеңберінде әрбір конфессияға арналған діни білім беру жүйесін қа­лыптастыру мүмкіндігіне ие (Бұл  құқықтанушылар мен дінтанушылардың иығына түсетін ауыр жүк). Осылайша қалыптасқан білім беру жүйесі “дінтану” пәні аталып, Қазақстан Республикасының барлық оқу орындарының жоспарына енетін болса, қоғамымыздың мәдени және әлеуметтік өміріндегі тәрбиесінің айнымас негізі қаланар еді. “Дінтану” пәнін оқыту азаматтарға діни құндылықтардың маңыздылығын үйретіп қана қоймай, оларға құрметпен қарауға, қоғамымыздың мәдени әрі әлеуметтік көріністеріне түсіністік таныту сана-сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. “Дінтану” пәнін оқыған азамат діни идеялар мұхитында өз жолын табу ісінде алған білімін ерекше “компас” ретінде пайдалану мүмкіндігіне ие болады (Бұл мақалада “дінтану пәні” ұғымы дәстүрлі діндердің негіздерін барлық жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге арналған жалпы пән ретінде пайдаланылып отыр).

 

Діндердің барлығы “әділдік пен махаббат” жолына үндейтіндігі ақиқат. Бірақ, сол әділдік пен махаббатқа білімсіз жету мүмкін емес. Діни білім туралы мұсылман дін­танушысы Абу Хамид Мұхаммед ибн Мұхаммед Әл-Ғазали (1059-1111) былай деген: “Пайдалы біліммен шұғылдану бүкіл басқа істерге қарағанда әлдеқайда жақсы. Пайдалы білім – дүниенің жамандығын, ақыреттегі жағдайдың қауіптілігі мен қорқыныштылығын түсіндіретін білім. Дүниеге беріліп, ақыреттен бет бұрған адамдардың надандығы мен ақымақтығын, олардың бойындағы өркөкіректік, күн­шілдік, екіжүзділік, өзін-өзі сүюшілік, атаққұмарлық пен мансапқұмарлық, дүниеге құштарлық сияқты жүрек дерттерінің дауасы не екендігін білдіретін білім – пайдалы білім”.

2006 жылғы әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде Қазақстан имамдарының Ислам дінін оқытуға қатысты төмендегідей ұсыныстары анықталған болатын: мемлекеттің келісімі­мен орта мектептер мен жоғары оқу орындарында аз мөлшерде “дінтану” пәнін енгізу; мемлекеттің дәстүрлі емес діндер мен секталарды (негізгі діннен бөлінген топтарды) бақылауға алып, олардың қызметін шектеу; мемлекеттік іс-шараларға діни қызметкерлердің шақырылып отыруын қамтамасыз ету; Исламды тереңдетіп оқы­татын білім беру және ағартушылық мекемелер санын арттыру; радио және теледидар мүмкіндіктерін ауқымды түрде пайдалану; дінмен тікелей айналысатын мемлекеттік қызметкерлердің діни сауаттылығын арттырып, Қазақстан мұсылманда­рының діни басқармасымен тығыз байланыста болуын қамтамасыз ету.Бұл ұсыныстарды әрбір мұсылман азаматтың қолдайтындығы хақ. Дегенмен, Қазақ елінің толеранттылығы тұрғысынан қарайтын болсақ, тура осындай ұсыныстардың басқа да дінді ұстанушы азаматтарымыз тарапынан жасалуы мүмкін екендігін ойдан шығармағанымыз жөн. Азаматтарының рухани дамуын қамтамасыз етуге мүдделі зайырлы мемлекетіміздің басқа да дәстүрлі діндерді Ислам дінімен терезесі тең түрде қарастыруы ел Конституциясының 14-бабына сай келеді. Сондықтан, “дінтану” пәнінің бағдарламасы мен басқа да іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлары Қазақстан азаматтарының мүддесі мен діни наным бостандығы тұрғысынан ел Конституциясының 19-бабына (әрбір азаматтың өз дінін басқаларға білдірмеу құқығына) нұқсан келтірместен түзілуі қажет. Мұндай тұжырым жасауымызға 2007 жылы Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласының 18-30 жас аралығындағы Қазақстан жастары арасында жүргізілген әлеуметтік сауалдама көрсеткіштері негіз болды. Ол сауалдама бо­йынша: “Сіздің өміріңізде дін қандай рөлге ие?” деген сұраққа жастардың 37,4%-ы “өте маңызды”, 32%-ы “өте маңызды емес”, 10,8%-ы “рөлі жоқ”, 19,9%-ы “жауап бере алмаймын” деп жауап берген. “Дінді қай тұрғыдан қарастырған дұрыс?” деген сұраққа респонденттердің 18,6%-ы “адамгершілік, мораль тұрғысынан”, 19,6%-ы “философиялық дүниетаным тұрғысынан”, 5,8%-ы “ерекше психологиялық құбылыс (феномен) тұрғысынан”, 56,1%-ы “жауап бере алмаймын” деп жауап берген. “Дін туралы ақпаратты қандай ақпарат көздерінен аласыз?” деген сұраққа 7,7%-ы “теледидардан ғана”, 25,7%-ы “Интернеттен ғана”, 24,2%-ы “БАҚ-тардың барлық түрінен”, 17,8%-ы “басқа отбасыдан”, 24,7%-ы “жауап бере алмаймын” деп жауап берген. “Еліміздің оқу орындарының бағдарламасына “дінтану” пәнін енгізу қажет пе?” деген сауалға 57,6%-ы “қажет”, 0,5%-ы “қажет емес”, 31%-ы “факультатив ретінде қажет”, 11%-ы “жауап бере алмаймын” деп жауап берген. “Оқу орындарында “дінтану” пәнін кім оқытуы тиіс?” деген сауалға 76,5%-ы “оқытушы”, 9,2%-ы “дін қыз­меткері”, 14,3%-ы “жауап бере алмаймын” деп жауап берген.

Информация о работе Имандылық – тәрбие негізі