Басқарудағы коммуникацияның ролі және оның түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 17:10, реферат

Описание работы

Коммуникация дегеніміз қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінісуге негізделген байланысы: бір бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы.
Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу және шешім қабылдау үшін, біреулермен байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды. Басқарудың жоспарлау, ұйымдастыру мотивация және бақылау қызметтерін орындау да қарым-қатынас орнатуға байланысты. Коммуникация — басшылық етудің байланыстырушы процесі больп саналады.

Работа содержит 1 файл

история.doc

— 109.50 Кб (Скачать)


МЕНЕДЖМЕНТТЕГІ КОММУНИКАЦИЯ

1. Басқарудағы коммуникацияның ролі және оның түрлері

Коммуникация дегеніміз қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінісуге негізделген байланысы: бір бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы.

Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу және шешім қабылдау үшін, біреулермен байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды. Басқарудың жоспарлау, ұйымдастыру мотивация және бақылау қызметтерін орындау да қарым-қатынас орнатуға байланысты. Коммуникация — басшылық етудің байланыстырушы процесі больп саналады.

Менеджерлер өз жұмысын ойдағыдай орындау үшін тиімді қарым-қатынас орнатуы қажет.

Шетел зерттеушілерінің пікірінше, тиімсіз карым-катынас -проблемалардың туындауының басты себептерінің бірі. Тиімді жұмыс істейтін басшылар — бұлар тиімді қарым - қатынас орната білетіндер. Ұйым ішінде де, одан тысқары жерде де тиімді қарым-қатынас ұйым аралықтары үшін де, сыртқы орта үшін де аса қажетті, сол мақсатта олар түрлі амалдарды пайдаланады.

Олар тұтынушыларға жарнама арқылы және басқадай жолдармен байланысады. Қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас орнатуда жергілікті ұйымдармен, жалпы ұлттық немесе халықаралық деңгейде байланыс жасауға ерекше көңіл бөледі. Ұйым мемлекеттік реттеу тәртібіне бағынуына тура келеді, сол себептен де есеп беріп, онда қаржы және маркетинг туралы мәлімет береді, сондай-ақ өзінің орналасуы мүмкіндіктері, жеңілдіктері т.б. туралы деректер келтіреді. Ұйымның сыртқы ортадағы оқиғалар мен факторларға қатысуының басқа да толып жатқан әдістері бар.

Сыртқы орта арқылы пайда болатын алуан түрлі проблемаларға байланысты ұйым ішінде әр түрлі талқылаулар, жиналыстар, телефон арқылы келісімдер жүргізіліп, қызмет жазбалары, есептері, бейнетаспалар т.б. жасалады.

Ұйымда мәліметтер бірінен бірі беріліп, алмасып отырады. Жоғарғы басшылықтан төменгі басшылыққа күнделікті міндеттер, нақты тапсырмалар, ұсыныстар т.б. беріледі. Төменгі деңгейдегі ықпалын жоғары деңгейдегі басшылыққа берілетін мәліметтер енбек өтімділігіне айтарлықтай ықпал етеді.

Төменгі деңгейден жоғарғы деңгейдегі басшылыққа берілетін мәліметтер не істеп жатқандығы айтылады. Басшы осындай жолмен ағымдағы және толғағы жеткен мәліметтерді біліп отырады, істі оңға бастырудың мүмкін болатын варианттарын ұсынады. Жоғарғы басшылар мен төменгі басшылардың мәлімет алысуы әдетте есеп беру, ұсыныс айту және жазбаша түсініктеме нышанында болады. Әр түрлі бөлімшелер аралығындағы коммуникация көлбеу коммуникацияға жатады. Кез келген ұйым мұндай коммуникацияны қажет етеді, өйткені, оның өзі өзара байланысты элементтерден тұратындықтан, басшы мақсатқа жетуі үшін біркелкі жолға қойылған жұмысқа қол жеткізуі тиіс.

Басшы мен бағыныштылар коммуникация компоненттері болып саналады. Олар бөлімшелердегі міндеттерді анықтау үшін мәліметтер алмасады, жұмысты тиімді орындау проблемаларын талқылайды. Басшы мен жүлмысшы топтарының арасындағы коммуникация, басшы мен бағыныштылар арасындағы қосымша мәлімет алу болып саналады. Әрі басшыға топтың іс-әрекетінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

2. Коммуникация процесі

Коммуникациялық процесс — бұл екі немесе одан да көп адамдар арасындағы мәлімет алмасу, әрі оның негізгі мақсаты мәліметтің тусінікті болуын қамтамасыз ету. Коммуникация — бұл күрделі процесс және де оны жақсы түсіну үшін процесс сатыларын білу қажет.

Мәлімет (ақпарат) алмасу процесінің элементтері мыналар болып саналады:

- мәліметті жіберуші идеяны қорытушы немесе мәліметті жинаушы және оны таратып беруші болып саналады;

- символдар көмегімен кодталған мәліметтің өзін хабарлау;

         -  канал - мәліметті беру құралы;

- алушы – бұл мәліметті қажет ететін адам.

Мәліметті алмасу барысында жөнелтуші мен алушы белсенді роль атқарады, әрі мұның өзі бір біріне қатысты бірнеше кезеңде өтеді. Бұлардың міндеті хабарды дайындау және каналды пайдалана отырып, екі жаққа да түсінікті болуын қарастыру. Мәлімет алу кезеңдері мынадай: а) идеяның пайда болуы; е) кодтау және канал таңдау; б) беру; в) декодтау.

 

Мәлімет алмасу процесінің моделі

 

Мәлімет алмасу процесінің кезеңдерін қарастырайық. Мәлімет алмасу идеяны тұжырымдаудан немесе мәліметті таңдаудан басталады. Бұл кезеңде жөнелтуші ақпарат алмасу үшін қандай концепцияны басшылыққа алу қажет екендігін шешеді де, мүнда ол көптеген факторларды ескереді. Мәселен, басшы жүмыс нәтижесін бағалау туралы мәлімет алмасқысы келсе, ол мынадай жайтты есте сақтауы тиіс: идеяның мәнісі сол, өзінің қарамағындағыларға олардың күшті және әлсіз жақтары туралы нақты мәліметті хабарлау, әрі олардың жұмыс нәтижесін қалайша жақсартуға болатындығы жөнінде кеңес беру.

Мәліметті жөнелтуші кодтауға пайдаланатын, символ типіне үйлесетін каналды тандай білуі тиіс. Каналдарға берілген сөздер мен жазылған материалдар, сондай-ақ электрондық байланыс құралдары, компьютер желілері, электроникалар, пошталар, бейнетаспалар мен бейнеконференциялар жатады. Хабарды беру тек бір каналмен шектелмеуі тиіс. Көп жағдайда екі және одан да көп коммуникациялық кұралдар пайдаланылады.

Үшінші кезеңде жөнелтуші идеяны екінші бір адамға жеткізу үшін мәліметті береді. Жөнелтуші хабарды жібергеннен кейін алушы оны декодтайды. Декодтау — бұл жөнелтушінің жіберген символын алушының түсінігінде аудару.

Басшы мынаны ескеруі қажет: олардың басқа орындардан алған мәліметі дәл болмауы және алмасу барысында әр түрлі ауытқулар болуы мүмкін. Осыған орай кері байланысты жолға кою қажет.

 

 

Коммуникация

Коммуникация (латыпша – communicatio - ортақ iстеймiн, ұластырамын) дегеніміз қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінуге негізделген байланысы. Бір-бірімен ақпарат, мәліметтер алмасуы.

Коммуникация - басшылық жасаудың байланыстырушы процесі болып саналады.

Коммуникация вербальды және вербальсыз, сөзсіз, дене сезінушілік болады. Хабарлардың 55% бет әлпетінің білдіруімен, дене және қол кимылдарымен, ал 38% дауысының мәнеріне, тек 1% сөз арқылы қабылданады.

Коммуникация түрлері:

-         ұйымның  және  оның ортасы  арасындағы коммуникация;

-         бөлімдер     мен     деңгейлер     арасындағы коммуникациялар.

-         олардың түрлері келесідей:

-         ұйымдардағы деңгей аралық коммуникация;

-         төменнен жоғарыға көтеру коммуникациясы;

-         әр бөлімдер арасындағы коммуникация

-         басқарушы басқарылатын коммуникациясы.

-         жұмысшы  тобы жане   басшы арасындағы коммуникациялар.

 

Коммуникация процесі — бұл екі немесе одан да көп адамдар арасындағы мәлімет алмасу және оның негізгі мақсаты алмасу заты болып есептелінетін мәліметтердің түсінікті болуын камтамасыз ету.

Мәлімет алмасу процесінің элементтері

1. Мәлімет жіберуші — идеяны қорытушы немесе мәліметті жинаушы және оны таратып беруші тұлға.

2. Хабар — символдар көмегімен кодталған мәліметтер.

3. Канал — мәлімет беру құралы.

4. Алушы - тұлға,  оған бағытталған және оны қызықтыратын мәлімет.

Жіберуші және алушы арасындағы мәліметтермен алмасу кезеңдері:

1. Жаңа идеяның пайда болуы немесе мәліметтерді таңдау.

2. Кодтау және каналды тандау, идея хабарға айналады.

3. Басқа тұлғаға идеяны жеткізу үшін мәліметті жіберу.

4. Декодтау — бүл жөнелтушінің жіберген символын алушының түсінігінде аудару.



Информация о работе Басқарудағы коммуникацияның ролі және оның түрлері