Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:10, лекция

Описание работы

Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымы:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;
2) уәкiлетті орган;
3) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдар;

Работа содержит 1 файл

Лекция №8.doc

— 79.00 Кб (Скачать)

Дәріс № 8

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік

техникалық реттеу жүйесі

 

Дәріс жоспары:

  1. Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымы
  2. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар.

 

  1. Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымы

 

Мемлекеттiк  техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымы:

1) Қазақстан  Республикасының Үкiметi;

2) уәкiлетті  орган; 

3) өз құзыретi  шегiнде мемлекеттiк органдар;

3.1) аккредиттеу жөніндегі орган;

4) мемлекеттiк  органдар жанындағы техникалық  реттеу саласындағы сарапшылық  кеңестер;

5) саудадағы техникалық кедергiлер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөнiндегi ақпарат орталығы (бұдан әрi - Ақпарат орталығы);

6) стандарттау  жөніндегі техникалық комитеттер;

7) сәйкестiктi растау  жөнiндегi органдар, зертханалар; 

8) сәйкестiктi растау, тауар шығарылатын елді анықтау және аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-ayдиторлар;

9) техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттiк қоры құрайды.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң техникалық реттеу саласындағы құзыретiне мыналар  жатады:

1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;

2) мемлекеттiк  техникалық реттеу жүйесiн құру;

3) техникалық  реттеу саласында құқықтық реформаны  қамтамасыз ету; 

4) мемлекеттiк  техникалық реттеу жүйесiн дамыту  бағдарламасын бекiту;

5) қорғау технологияларын  қолдану ережелерiн және мiндеттi  қорғалуға жататын құжаттар мен  объектiлер тiзбесiн бекiту;

6) техникалық-экономикалық  ақпарат жiктеуiштерiнiң депозитарийiн  құру және жүргiзу ережелерiн  бекiту;

7) өнiмнiң, процестердiң  қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесi үшiн консультациялық-кеңесшi органдар құру;

8) техникалық регламенттерді бекіту;

8-1) техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібін белгілеу;

9) аккредиттеу жөніндегі органды айқындау;

10) Қазақстан  Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы  Президентiнiң актiлерiнде жүктелген  өзге де функцияларды атқару.

10-1) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту.

Уәкiлеттi органның функциялары. 

Техникалық  реттеу саласында:

1) мемлекеттiк  техникалық реттеу жүйесiн құруға  қатысады;

2) техникалық  реттеу саласында мемлекеттiк  саясатты жүзеге асырады; 

3) техникалық  реттеу саласындағы мемлекеттiк  органдардың, жеке және заңды  тұлғалардың қызметiн салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

4) мемлекеттiк  органдармен бiрлесе отырып, мемлекеттік  техникалық реттеу жүйесiн дамыту  бағдарламасын әзiрлейдi және  олардың орындалуын үйлестiредi;

4-1) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды әзірлейді;

5) техникалық  реттеу саласындағы жобалардың  және нормативтiк құқықтық актiлердiң  техникалық реттеу саласындағы  мемлекеттiк саясатқа және Техникалык  реттеу заңның 4-бабы 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестiгiне талдауды және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;

6) стандарттау  жөніндегі техникалық комитеттермен,  жеке және заңды тұлғалармен  техникалық реттеу мәселелерi  бойынша өзара iс-қимыл жасайды; 

7) стандарттау,  сәйкестiктi растау және аккредиттеу  жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi, халықаралық және өңiрлiк стандарттау, сәйкестiктi растау нәтижелерiн өзара тану жөнiндегi жұмыстарға қатысады;

8) мемлекеттiк  техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмiн  жүргiзудi ұйымдастырады;

9) техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттiк қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;

10) Ақпарат орталығының  жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;

11) сәйкестікті растау, тауар шығарылатын елді анықтау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау тәртібін айқындайды және оны ұйымдастырады, сондай-ақ оларды кәсіби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырады;

11-1) тауар шығарылатын елді анықтау жөнінде сертификат береді және оның тәртібін белгілейді;

12) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестiредi;

Стандарттау саласында:

1) мемлекеттiк  стандарттарды және техникалық-экономикалық  ақпараттың жiктеуiштерiн әзiрлеудiң, келiсудiң, есепке алудың, бекiтудiң, сараптаудың, өзгертудiң, жоюдың және қолданысқа енгiзудiң тәртiбiн белгiлейдi;

2) техникалық регламенттермен үйлестiрiлген стандарттарды талдауды және әзiрлеудi ұйымдастырады;

3) халықаралық,  өңiрлiк және ұлттық стандарттарды, шет мемлекеттердiң техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртiбiн белгiлейдi;

4) мемлекеттік,  халықаралық және өңiрлiк стандарттардың, шет мемлекеттер стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi ережелер мен ұсынымдарды басып шығаруды және таратуды ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды;

5) мемлекеттiк стандарттаудың жоспарларын әзiрлеу тәртiбiн белгiлейдi;

6) стандарттау  жөнiндегi нормативтiк құжаттардың  мемлекеттiк тiлдегi және орыс  тiлiндегi аудармаларын растауды  ұйымдастырады. 

7) өнімді таңбалау тәртібін белгілейді және оларды бақылауды жүзеге асырады;

Сәйкестiктi растау және аккредиттеу  саласында:

1) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу тәртібін белгілейді;

2) заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

3) сәйкестiк  сертификатының, сәйкестiк туралы декларацияның, аккредиттеу аттестатының, тауар шығарылатын елді анықтау жөнінде сертификаттың нысандарын белгiлейдi және оларды шығаруды ұйымдастырады;

4) мемлекеттiк  техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiн  әзiрлейдi;

5) шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшiн апелляциялық комиссия құрады;

6) егер басқа  ұйымдар шығарған сәйкестiктi растау  мәселелерi жөнiндегi құжаттар Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес  мемлекеттiк техникалық реттеу  жүйесiнiң талаптарына сай болмаса, олардың күшiн жою туралы ұсыныстар дайындайды;

7) зертханааралық  салыстыру сынақтары (салыстырмалар)  бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. 

Уәкiлеттi орган  Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес өзге де функцияларды орындайды.

Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде техникалық реттеу саласында:

1) техникалық регламенттердің және олармен өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейiн талдауды;

2) уәкiлеттi органға  Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгiленген тәртiппен техникалық регламенттерді әзiрлеу немесе техникалық регламенттерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар әзiрлеу, стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға өзектi сипат беру және оларды бiр iзге салу туралы ұсыныстар дайындау мен енгiзудi;

3) Қазақстан Республикасында қабылданатын жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес техникалық регламенттерді және мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды;

4) техникалық регламенттердің жобаларын әзiрлеу, мемлекеттiк органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшiн сарапшылық кеңестер құруды;

5) өз құзыретiне кiретiн  мәселелер бойынша техникалық  регламенттердің, стандарттардың  және өзге де құжаттардың қорларын  басқаруды; 

6) Қазақстан Республикасының  заңнамасында айқындалатын тәртiппен техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың орындалуын мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды;

7) стандарттар мен өзге  де құжаттарды әзiрлеу және  оларды халықаралық нормалармен  және талаптармен үйлестiру жөнiндегi жоспарлар мен бағдарламаларды  дайындауды және iске асыруды;

8) стандарттау  жөніндегі техникалық комитеттердi, сәйкестiктi растау жөнiндегi органдарды  және сәйкестiгi мiндеттi расталуға  тиiстi өнiм жөнiндегi зертханаларды  құру бойынша ұсыныстар дайындауды  жүзеге асырады. 

Аккредиттеу жөніндегі орган.

Аккредиттеу жөніндегі органды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды және ол уәкілетті органның жанынан құрылады.

Аккредиттеу жөніндегі орган мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) аккредиттеу мәселелері жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;

2) аккредиттеу аттестатын үш жыл мерзімге береді;

3) аккредиттеу аттестатының қолданылуын алты ай мерзімге дейін тоқтата тұрады.

Аккредиттеу аттестатының қолданылуының тоқтата тұруына негіз болған себептер жойылған кезде немесе аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі ішінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар қайталап бұзылғаны анықталған кезде аккредиттеу органының өтініші бойынша аккредиттеу аттестатының күші сот шешімімен жойылады;

4) инспекциялық тексеруді жүзеге асырады.

 Мемлекеттiк органдар жанындағы  техникалық реттеу саласындағы  сарапшылық кеңестер.

Мемлекеттiк  органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер техникалық регламенттердің жобаларын әзiрлеу, техникалық регламенттерді әзiрлеуге және қолдануға байланысты салада мемлекеттiк органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшiн құрылады.

Мемлекеттiк органдар жанындағы  техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестердiң құрамын және олар туралы ереженi мемлекеттiк органдар бекiтедi.

Сарапшылық  кеңестiң құрамына мемлекеттiк органдардың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң және басқа да мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.

Ақпарат орталығы.

Ақпарат орталығы мүдделi тараптарға және шет мемлекеттерге олардың сауал салуы бойынша:

1) техникалық  реттеу саласындағы қолданылып  жүрген немесе әзiрленiп жатқан  нормативтiк құқықтық актiлер,  стандарттар, оларға енгiзiлетiн  өзгерiстер және өнiмнiң, көрсетiлетiн  қызметтiң сәйкестiгiн растау рәсiмдерi;

2) Қазақстан  Республикасының халықаралық ұйымдарға  және стандарттау, сәйкестiктi растау, аккредиттеу жөнiндегi екi жақты және  көп жақты сипаттағы халықаралық  шарттарға мүшелiгі немесе қатысуы; 

3) техникалық  реттеу саласындағы әзiрленiп  жатқан және қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттардың жобаларын немесе олар туралы ақпаратты жариялау көздерi туралы құжаттардың көшiрмелерi мен ақпаратты беру мақсатында Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығымен, Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүше елдермен, халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен құрылады және жұмыс iстейдi.

Ақпарат уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде хабарлама түрiнде орналастырылады. Хабарлама нысанын, оны толтыру және ұсыну тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер.

Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер мемлекеттік  органдардың және мүдделi тараптардың  ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жүргізу үшiн экономика салаларында құрылады.

Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құрамына мемлекеттiк органдардың және мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.

  Стандарттау жөнiндегi техникалық  комитеттердiң құзыретiне:

1) бекiтiлiп берiлген  объектiлер және қызмет бағыттары  бойынша мемлекеттiк техникалық  реттеу жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды  дайындау;

2) мемлекеттiк  стандарттарды және техникалық-экономикалық  ақпарат жiктеуiштерiн, халықаралық, өңiрлiк, ұлттық стандарттар мен шет мемлекеттердiң техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн және оларға енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге және оларға сараптама жасауға белгiленген тәртiппен қатысу;

3) мемлекеттiк  техникалық реттеу жүйесiн дамыту бағдарламаларына техникалық регламенттер мен мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау жатады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі