Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2012 в 22:12, реферат
Қазақстан Республикасының Прокуратура органдары қадағалаушы, соттағы заңға қайшы істерге наразылық білдіруші орган болып табылады. Прокуратура органдары көптеген істерге қатысады, соның ішінде менің рефераттық жұмысымның негізгі тақырыбы яғни азаматтық істерде де өзіндік рөл атқарады.
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 ҚР Прокуратура органдары және олардың қызметі
2.2 Азаматтық іс жүргізуге прокуратура органдарының қатысуы.
ІІІ Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қылмыстық ахуал статистикасының маңызды көрсеткіштері мен санаттары бойынша төмендеу байқалып отыр. Мәселен, жалпы қылмыс саны 6,1 пайызға төмендеді. Ал ауыр қылмыс саны 10 пайызға төмендеп, қылмыстың ашылуы 71,8 пайыз артты.
Қазақстан Конституциясында белгіленгендей, ешкімді де азаптауға, қинауға, қатал немесе адамның ар-ожданын кемсітетін басқа да әрекеттермен жазалауға жол жоқ.
Елімізде бұл конституциялық норманы қамтамасыз ету үшін барлық құқықтық тетік жасалып, азап көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген және азаптауға қарсы БҰҰ Конвенциясы мақұлданған. Ал Жоғарғы Сот адамның ар-ожданына қол сұқпау жөнінде арнайы нормативтік қаулы қабылдаған. Осыған орай, прокурорлар жедел-іздестіру қызметі, тергеу мен анықтау, жазаның орындалу заңдылығына қадағалауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық қудалау саласына түскен адамдарға азаптау қолдануды немесе басқа да қаталдық көрсетуді мүлдем болдырмау жөнінде түбегейлі шаралар қолдануда Ішкі істер органдарына осыдан біраз жыл бұрын енгізілген “кезекші прокурор” институты өзін толық ақтап отыр. Соның арқасында бұл салаға қадағалау тұрақты да пәрменді сипат алды. Тәулік бойғы прокурорлық рейдтер, уақытша ұстау орындарындағы немесе жедел-іздестіру қызметінің қызмет жайындағы адамдарға қатысты ахуалдарды сол жерде тексеру азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіру фактілерінің қолма-қол жолын кесуге мүмкіндік береді.
Мұндай қылмыстарды тергеу прокурорлардың ұдайы бақылауымен жүргізіледі. Прокурорлар ел беделіне нұқсан келтіретін мұндай келеңсіз көріністерге ашық тергеу жүргізуге, сондай-ақ күдіктілер мен ұсталғандарға азап көрсеткен және басқа да рұқсат етілмеген әрекеттерге баруға кінәлі лауазымды адамдардың заңды да әділ жазасын алуына түбегейлі қол жеткізетін болады.
2009 жылы тергеу топтарына басшылық жасайтын арнайы прокурорлар 121 күрделі және маңызды қылмыстық істі өз өндірісіне алған, оның ішінде 58 іс бойынша тергеу аяқталып, сотқа жіберілді, олардың 40-ы бойынша айыптау үкімі шығып үлгерді.
2009 жылы сот төрелігін жүзеге асыру саласында заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында прокурорлар тарапынан барлық қылмыстық істер бойынша мемлекеттік айыптауға қолдау көрсетілді (жеке айыптау істерін қоспағанда).
Прокурорлардың бастамасымен
апелляциялық сатыдағы соттармен 1311 адамға
қатысты үкімдер заңға
Кейбір жағдайларда азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарына әсерін тигізетін қадағалау тәжірибесінің өзге де маңызды тұрғысы ретінде атқару өндірісі саласында заңдылықтың сақталуына қадағалау ұйымдастыру болып есептеледі. 2009 жылдың статистикалық көрсеткіштеріне сүйенсек, бұл салада келеңсіз үрдістерді түбегейлі өзгертумен шектелмей, жағдай едәуір жақсартылды деп айтуға болады. Бұл көпшілігінде прокурорлардың мақсатты және бірізді жұмыс жасауының арқасында мүмкін болып отыр.
2008 жылмен салыстырғанда мүліктік өндірулер бөлігінде атқару өндірісі заңдылығының прокурорлық қадағалау жағдайы сөзсіз жақсарды деуге болады. Прокурорлық ықпал ету шаралары негізінде 15984 сот актілері бойынша жалпы сомасы 9 миллиард теңгеге жуық берешек өндірілді. Салыстыру үшін, 2008 жылы 4,2 миллиард теңге құрайтын 11302 сот актілері орындалды. Прокурорлық қадағалау шаралары негізінде орындалған сот актілері 41,4%, ал өндірілген қаражаттың мөлшері 111,2% өскені байқалады. Соның ішінде мемлекеттік бюджетке 2008 жылы 1,9 миллиард өндірілсе, осы жылдың қорытындысымен 4 миллиард теңгеден астам берешектер өндірілді (118% өскен). Бұл прокурорлар қолданған шаралардың пәрменділігі мен тиімділігінің көз жеткізерлік нәтижесі екені сөзсіз.
Қызметтегі жаңа талаптар, қадағалау органдары қызметіндегі жағымды өзгерістер мен 2010 жылға белгіленген мақсаттар туралы айтсақ, құқық тәртібін сақтау органдарының келісімді жұмысын және елімізде заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында Құқық қорғау органдарының Үйлестіру Кеңесінің қызметі жандандырылған. 2009 жылы Үйлестіру Кеңесі мәжілістерінің қаралуына күш құрылымдарынан үйлестірілген іс-әрекетті және бірыңғай ұстанымды талап ететін аса өзекті мәселелер шығарылды. Құқық қорғау органдарының қызметінде бұрын басым болған жазалау бағытынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу жағына бет бұрылды. Өңірлерде облыс прокурорлары басқаратын Үйлестіру Кеңесінің қызметі де жандандырылып, оң нәтижелер алып келуі тиіс.
Прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары да қайта қаралды. Жоғарыда айтылғандай, басты басымдық ретінде құқық қорғау құзыретінің тиімді әрі пәрменді жүзеге асырылуы айқындалды. Прокуратура органдарының ерекше назары мемлекеттің экономикалық мүдделерін сақтауға бағытталған. Қаржы дағдарысының зардаптарын неғұрлым азайтуға бағытталған Ұлттық Қордан бөлінген қаражаттың заңды және мақсатты жұмсалу мәселесі прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Мысалы, өткен жылы ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру, агроөнеркәсіптік кешенді, шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген қаражатты жұмсау заңдылығына тексерулер жүргізілді. Құқық қорғау және уәкілетті органдар қабылдаған алдын алу шаралары Ұлттық Қор қаражатының Үкімет белгілеген шарттарына сәйкес игерілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Прокуратура органдарының тексерулері нәтижесінде екінші деңгейдегі банктер тарапынан қор қаржысын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды. Мәселен, шағын және орта бизнес субъектілеріне жатпайтын, яғни несие алуға құқығы жоқ 4 несие алушыны 800 миллион теңгеден астам сомаға қайта қаржыландырған. Прокурорлық қадағалау актілері негізінде заңсыз пайдаланылған ақша банктерге қайтарылып, тиісті жобаларды қаржыландыруға жолданды.
Қазіргі таңда прокурорлар анықтаған заң бұзушылықтардың жойылуын қамтамасыз ету үшін қолданыстағы бақылау тетіктерін жетілдіру қажет. Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлық қадағалаудың сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында прокурорлық тексерулерді жоспарлау және жүргізу кезіндегі тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу керек. Бұл прокурорлардың қызметін өзекті әрі маңызды арналарға бағыттауға мүмкіндік береді.
Прокуратура органдарының ең басты басым бағыттарының бірі ретінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету болған және солай болып қалады. Бұл әсіресе, әлеуметтік және еңбек қарым-қатынасы, денсаулық сақтау және білім беру салаларына қатысты. Осы жұмыс 2010-2020 жылдар аралығындағы мемлекеттің Құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелеріне сәйкес жүргізіле отырып, нығайтуды талап етеді.
Биыл прокуратура органдары өздерінің мәртебесінің көтерілуіне және өкілеттіктерінің кеңейтілуіне байланысты қызметін жоғары және сапалы деңгейге көшіруге бет бұруы керек. Біздерді жаңартылған құқықтық алаңда және қойылған тапсырмалардың өзгеріп, өсу жағдайында қызмет ету күтіп тұр. Атап айқанда, жыл сайын прокуратура органдарына азаматтардан келетін өтініштердің саны 20-30% арта түседі. Бір жағынан, бұл азаматтардың қадағалау органдарына сөзсіз сенімділігін және прокурорлар тарапынан олардың құқықтары мен мүдделері тиімді қорғалатынын куәландырады. Екінші жағынан, адамдардың қайырылу санының күрт өсуі бізге қоғамның даму тұрақтылығы, тыныштық пен құқық тәртібі жағдайының сақталуын қамтамасыз етуге қосымша жауапкершілік жүктейді.
Биыл әлеуметтік-экономикалық саланың заңдылығын қадағалауда басталған жүйелі өзгерістерді аяқтауды мақсат етіп отырмыз. 2010-2014 жылдарға бекітілген Бас прокуратураның Стратегиялық жоспарына сәйкес, негізгі талап ретінде анықталған заң бұзушылықтарды жедел және нақты жою белгіленген. Сонымен қатар салалық статистикалық есеп пен Бірыңғай ақпараттық жүйе әрбір бұзушылық туралы ақпаратты анықталғаннан бастап жойылғанға дейін көрсетуі тиіс.
Бұдан басқа прокуратура органдарының жұмысында тағы бір жаңа үрдіс ТМД-ның үш мемлекеті: Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің Кеден одағын құру шешіміне негізделген. Осыған байланысты, кеден заңнамасының сақталуына ұйымдастырылып, жүргізілген прокурорлық тексерулердің сапасын қамтамасыз ету талаптары осыған байланысты айтарлықтай өседі.
Еліміздегі соттар қараған істердің жыл сайынғы өсу беталысын ескеру қажет. 2009 жылы сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету саласында прокурорлар 48 мың қылмыстық, 58 мың азаматтық және 112 мыңнан астам әкімшілік істерге қатысты. Өткен жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша соттарда прокурорлар тарапынан мемлекет мүдделеріне өкілдік ету функциясы сынға алынған болатын. Бүгінгі күні бұл көрсеткіштер жақсарып, прокурорлар сот актілерінің заңдылығы мен негізділігіне тиімді әсерін тигізген. Алайда, мемлекеттік айыпты қолдау мен қорытынды беру және сот актілеріне наразылық келтіру осы күнге дейін сотта өкілдік ету саласында ең басты мақсат болып табылады.
Азаматтық іс
жүргізуге прокуратура
Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы мұның өзі заңмен көзделген немесе осы іске прокурордың қатысу қажеттілігін сот таныған жағдайларда міндетті. Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша процеске қатысуға құқылы.
Прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талап қоюға, өтініш жасауға құқылы. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы, егер адам дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, тек мүдделі адамның өтінішімен ғана прокурор талап қоя алады. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қоя алады.
Егер талап қоюшы прокурор мәлімдеген талапты қолдамаса, егер үшінші тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделері қозғалмаса, онда сот талап қоюды (арызды) қараусыз қалдырады.
Талап қойған прокурор, бітімгершілік келісім жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық іс жүргізу құқықтарын пайдаланады, сондай-ақ барлық іс жүргізу міндеттерін мойнына алады. Прокурордың басқа тұлғаның мүдделерін қорғау үшін талап қоюдан бас тартуы ол тұлғаны істің мәнісі бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды[3.55бабы]
Заң бойынша прокурордың азаматтық іс жүргізуге 2 формасы қарастырылған :
1) Прокурордың
сотқа талап қою арқылы
ҚР АІЖК – нің 55-бабы 3 бµлігіне сәйкес прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талап қоюға, µтініш жасауға құқылы. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы , егер адам дәлелді себептермен µзі сотқа жүгіне алмаса, тек мүдделі адамның µтінішімен ғана прокурор талап қоя алады. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның µтінішіне қарамастан талап қоя алады
Прокурордың талаптары- заң бұзушылыққа қарсы күрестің тиімді де маңызды құралдарының бірі.
2) Іс бойынша қорытынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
Прокурор µзіне жүктелген міндетттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша процеске қатыса алады.
Прокуратура органдарының азаматтық істе қадағалау жүргізуіне байланысты Қазақстан Республикасының Бас прокуроры «Азаматтық iстер бойынша сот актiлерiнiң заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекiту туралы» бұйрық шығарған.[4.]
Қазақстан Республикасы
Конституциясының 83-бабына
Әкімшілік және азаматтық істер бойынша сот қаулылары
мен атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау
Департаменті (әрі қарай Департамент),
Бас әскери прокурор, облыстық, Астана
мен Алматы қалаларының прокурорлары,
қала, аудан және оларға теңестірілген
прокурорлар азаматтық істер бойынша
сот актілерінің заѕдылығын тұрақты және
тиімді қадағалауды, өз бастамасымен және
басқа да тұлғалардың бастамасымен қозғалған
азаматтық істерді сотта қарау кезінде
қатысуды, сот актілерінің заңдылығын
тексеріп, олар заңсыз болған жаєдайда
наразылық келтіруді, азаматтық істерді
қарау кезінде соттың іс жүргізу мерзімін
сақтауын тексеруді, азаматтық істердің
сотта жүргізілуіне қадағалаудың жағдайына
тұрақты талдау жасауды қамтамасыз етеді.
Көлік прокурорларының ведомстволық
бағыныштылығына жататын азаматтық істерді
сотта қарауға тағайындаған кезде оларға
қатысу және кейінгі қадағалауды жүзеге
асыру осы соттың мекен-жайы бойынша орналасқан
көлік прокурорларына жүктеледі. Егер
көлік прокурорларының ведомстволық бағыныштылығына
жататын азаматтық істерді тағайындаған
соттың мекен-жайы бойынша көлік прокуратуралары
орналаспаған болса, аймақтыќ прокурорлар
осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес
сотта қатысуды қамтамасыз ету үшін ол
туралы көлік прокурорларына дер кезінде
хабарлайды, ал көлік прокурорлары сотқа
келмеген жағдайда, бірінші сатыдағы сотқа
қатысу және апелляциялық тәртіпте қадағалауды
жүзеге асыру тиісті аймақтық прокурорларға
жүктеледі. Бұдан кейін осы істер бойынша
қабылданған сот актілерінің заңдылығын
қадағалау тәртібінде тексеруді тиісті
көлік прокурорлары жүзеге асырады. Соттарда
қаралған істер бойынша аймақтық және
көлік прокурорлары тоқсан сайын салыстырып,
анықтау есебін жүргізеді.
Информация о работе ҚР Прокуратура органдары және олардың қызметі