Отбасы құқығының түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 19:56, реферат

Описание работы

Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет.
Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата – анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата – анасыз бірге тұрып, бір – біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы.

Работа содержит 1 файл

Отбасы құқығы.doc

— 86.50 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚ-ОРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«ҚР Отбасы құқығы»

Бақылау жұмысы

Тақырып: Отбасы құқығының  түсінігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Әшірбеков Жандос Бауыржанұлы

Ю-103 каз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе-2012 жыл

 

 

ЖОСПАР

Кіріспе.

1 Отбасы құқығының түсінігі.

2. Отбасы ұғымы. Отбасылық қатынстар ұғымы.

3.Туыстық және туысқандардың түрлері.

4. ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ, ОНЫҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ

Қортынды. 

Пайдалынылған әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Заңдық мағынасында  отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы.

Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы – неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Отбасы құқығының  түсінігі.

Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет.

Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен  әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп  айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата – анасымен бірге  тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата – анасыз бірге тұрып, бір – біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы.

Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік - өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).

Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселе кәмелетке  толмағандардың мүдделеріне қатысты  болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады.

Құқықтық нормаларға араласу отбасылық қатынастар бұзылғанда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей – тегжейлі реттелеі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылық құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылық – некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.

 

Туыстық және туысқандардың түрлері. 

 

Отбасылық құқық тек  шартты түрде ғана отбасылық деп  атауға болатын өзге де қатынастарды реттейді. Мәселен, немерелері мен әжелерінің арасындаңы қатынастар; өздерінің отбасын  құрып, бөлек тұратын кәмелетке  толған ағалары мен қарындастарының  арасындағы қатынастар. Бұл көрсетілген қатынстардың негізіне көбінесе туыстық жатады, сондақтан да мұндай қатынастарды туыстық қатынастар деп атау керек. Туыстық дегенде бір негізден немесе ортақ бір атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады: тікелей және жанама туыстық.

Тікелей туыстық адамдардың бір негізден тарайтындығына негізделеді. Туыстық жоғары және төменгі тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және т.б.), төменгі тармақ – арғы атадан ұрпақтарына қарай тарайды (балаға, немереге, шөбереге және т.б.).

Жанама тармақ адамдардың бір атадан тарауына негіздеген. Мысалы, бір атадан тарайтын немере ағалары  мен қарындастары; бір жағдайда ортақ атасы - әкесі, ал енді бір жағдайда – атасы болып табылатын көкесі мен жиені.

Мысалы, азаматтық құқықта  заң бойынша мүлікке мұрагерлік етуде жақын, сондай – ақ алыс туысқан  да есепке алынады. Бүгінгі күнгі  мұрагерлердің алты кезектілігі  анықталған. Оларға: балалары, ерлі – зайыптылар мен ата – аналарынан басқа (бірінші кезектілік) мұра қалдырушының туыстары, толық туыстары, толық емес туыс (жақын) ағалары мен қарындастары, сондай – ақ оның әкесі жағынан және шешесі жағынан келетін атасы мен әжесі (екінші кезектілік), мұра қалдырушының туған көкесі мен тәтәлері (үшінші кезектілік), мұра қалдырушының алтыншы атасына дейінгі өзге де туыстары (төртінші кезектілік), егер олар мұра қалдырушымен бір ортада кем дегенде ое жыл бірге тұрса туыс ағалары мен қарындастары, өгей әкесі мен шешесі (бесінші кезектілік), мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асырауында болғандар (алтыншы кезектілік) жатады.

Заң бойынша мұрагерлер кезегі бойынша мұрагерлікке ие болады. Туған ағалары мен қарындастары толық туыс және толық емес туыс болып бөлінеді. Толық туыстар – бір ортақ ата – анадан тарайтын аға – іні, апа – қарындастар. Егер әкесі мен шешесінің біреуі ғана ортақ болса, онда ағасына іні – қарындастары толық емес туыс деп есептеледі. Егер олардың аналары бір, ал әкелері басқа болса, оларды бір кіндіктен тарағандар (яғни, бір анадан туғандар) деп атайды. Егер олардың әкесі бір, шешелері басқа болса, онда оларды қандастар деп атайды. Қазақстанның отбасылық заңнамасы құқықтық жағынан ағасына іні – қарындастарды толық туыс не толық емес туыс деп айырмайды.

Толық емес туыс аға –  қарындастарды ерлі – зайыптылардың  бұрынғы некелерінен немесе некеден  тыс туған туыс аға – қарындастарымен  шатастыруға болмайды. Олардың ортақ  әкелері де шешелері де жоқ, демек, олар туыс емес, сүйек жақындар деп танылады. Ері мен оның тусытары бір жағынан, әйелі мен оның туыстары – екінші жағынан, бұлар да сүйек жақындар. Өгей әке – шешесі және өгей ер бала мен қыз да сүйек жақындар деп есептеледі.  

 

Отбасының түрлері. Толық және толық емес отбасы. 

 

Отбасының толық және толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата – анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері – атасы мен әжесі болады.

Толық емес отбасы балалардың ата – анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата – аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата – анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарамсыз ерлі – зайыптыны бағып – қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі – зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толық және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекетарқыы қорғалады.

 

ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ, ОНЫҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ

 

Отбасы, жанұя, үйелмен, семья деген атаулар бір мағынаны береді. Мәселен, “Отбасы – семья, үй деген сөздің синонимі”, яғни бір оттың (ошақтың) басында өмір сүріп жатқан қандастар, “жанұя - өмірдегі туысқандық қарым – қатынастық ортақ белгісі”, “Үйелмен – ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы”, “Семья-некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы”

Осы төрт анықтамадан  түйіндейтініміз – адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ отбасы болып табылады. Отбасындағы әрбір адам өмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді.

Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі  формалары біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс. Сондықтан да отбасыға объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу жүргізу оңай емес.

Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі  алуан түрлі болғандықтан оны  зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Бұл ғылымдардың әрқайсысы өз анықтамасын беруге тырысады.

Әлеуметтану ғылымы оны  былай анықтайды: отбасы дегеніміз  – тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері – бөтен  адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның  жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру.

Отбасы еркек пен  әйелдің табиғи физиологиялық және басқа қажеттерін (рухани, этикалық, эстетикалық, т.б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ  өсіру арқылы қоғамды қалпына  келтіре дамытушы әлеуметтік топ болып табылады.

Отбасының жоғарыда келтірілген  анықтамасы бойынша, ол - отбасындағы  қатынастар, отбасының құрылымы мен  формасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ. Отбасы ұсақ (кіші) топ  ретінде мынадай негізгі функцияларды іске асырады:

-репродуктивтік (бала табу арқылы қоғамды қалпына келтіру);

-экономикалық (өндіру және тұтыну);

-қорғаныс функциясы (отбасы  мүшелерінің денсаулығына, материалдық  игіліктермен қамтамасыз етуге,  қауіп-қатерден қорғауға қамқорлық жасау);

-балаларды оқыту-тәрбиелеу;

-эмоциялық (ерлі – зайыптылардың бірін-бірі сүюі);

-әлеуметтендіру функциясы (балаларды  қоғамдық тәртіпке, мінез-құлыққа т.б. баулу).

Отбасының өзінің тарихи өзгерісіне байланысты бұл функциялардың арақатынасы  да өзгеріп отырады. Отбасының формасы мен атқаратын міндеттерінің (функциясының) өзгеруі, сайып келгенде, өндіргіш күштердің дамуына, яғни адамның шығу тегін айқындайтын элементтердің дамуына байланысты болады. Бұл жөнінде Ф.Энгельс өзінің «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбегінің кіріспесінде былай деп жазды: «Қоғамның материалистік ұғымына сәйкес тарихтағы шешуші күш сайып келгенде өмірді тікелей өндіру және ұдайы өндіру болып табылады. Алайда, өндіріс те екі түрлі болады.

Бірінші жағынан – тіршілік қажеттерін: азық-түлік, киім-кешек, баспана және бұларды өндіру үшін қажетті құралдар өндіру; Екінші жағынан – адамның өзін өндіру, ұрпақты өсіру. Белгілі тарихи дәуірде және белгілі бір елде өмір сүретін адамдардың қоғамдық қатынастары өндірістің осы екі түрімен: бір жағынан, еңбектің, екінші жағынан, семьяның даму дәрежесімен анықталады…»

Қазір қоғамдағы отбасы кіші әлеуметтік топ қана емес, ол сондай-ақ құқықтық институт та болып табылады. Кіші әлеуметтік топ ретінде отбасы бірқатар міндеттерді іске асыратынын жоғарыда айттық. Құқықтық институт ретінде отбасы – туысқандық және некелік қатынастар арқылы өзара байланысты адамдар тобы. Оларға тиісті құқықтық нормаларға сәйкес белгілі бір құқықтар мен міндеттер берілген.

Отбасының өзіндік тарихи даму формалары бар. Мәселен, адамдардың өндіріс тәсіліне сәйкес отбасы да әлеуметтік топ ретінде тарихи дамып отырады.

Отбасының тарихи дамуының ғылыми-материалистік  теориясына сүйене отырып, американдық  ғалым Льюис Морганның этнологиялық зерттеулерін пайдаланды: ол ұзақ уақыт бойы солтүстік американдық үндістердің Сенека тайпасында тұрып, жүргізген байқауларын, атап айтқанда, олардың туысқандық және отбасылық қатынастарына жасаған зерттеулерінің нәтижелерін пайдаланды.

Морганның зерттеулеріне негізделген  жорамал бойынша, адамзат қоғамы тарихының бастапқы кезеңінде адамдар арасындағы жыныстық қатынастарға ешқандай шек қойылмаған – үлкендер мен жастар, балалары мен ата-аналары қатынаса берген. Бұл жабайы не жартылай жабайы кез болатын. Морганның және басқа зерттеушілердің дәлелдеуіне қарағанда, отбасылық қатынас промискуитет (жалпы аралас-Ә.Р.) деп аталатын бұл кезеңнен кейін бір қандастар отбасы, снидиасмикалық отбасы және моногамиялық отбасы кезеңдерінен өткен.

Бір қандастар отбасы топтық некеге негізделеді, мұнда жыныстық қатынастар тек бір ұрпаққа жататындар арасында ғана рұқсат етіледі. Бір ұрпаққа жататындардың бәрі, яғни аға-інілер мен апа-қарындастар туысқандығына қарамастан бір отбасын құрған.

Мұндай семья эндогамиялық (жақын  туыстар арасындағы жыныстық қосылу дегенді білдіреді) топ болады, өйткені оған бір руға немесе тайпаға жататындар кіреді. Қазіргі кезде мұндай отбасылар жоқ, бірақ кейбір халықтарда ағайынды екі адамның балаларының үйлену фактілері кездеседі (өзбектер, арабтар т.б.).

Бұдан кейін біртіндеп эндогамиялық принцип экзогамиялық принциппен, яғни руаралық некелесу формасымен ауысады. Бір рудың бір топ қыздары (апалы-сіңлілер) басқа рудың бір топ туысқан жігіттеріне шығатын болған. Бұл бір әйел мен бір еркектен тұратын отбасына көшудің алғашқы қадамы болды.

Бір еркек пен бір әйелден  тұратын моногамиялық отбасыға өтудің тарихи типі синдиасмикалық отбасы болды  – ол жабайылықтан варварлыққа өту  кезеңінде пайда болды, ал полигамиялық (көп әйел алу формасында) тек  еркектердің ғана еркіне тиді. Отбасының  бұл формасында баланың шын биологиялық әкесі белгілі болатын болды да, мұның өзі рулық қоғамның ыдырап, жеке меншіктің, қосымша өнімнің шығуына, сөйтіп моногамиялық отбасының тууына жағдай жасады.

Информация о работе Отбасы құқығының түсінігі