Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 20:52, курсовая работа
Конституцияға сай елімізде қалыптасқан президенттік басқару нысанын Ата Заңымыздың тағы бір ерекшелігі деп айтуға болады. Өйткені ол мемлекеттік басқарудың өзгелерге ұқсамайтын, икемді қазақстандық үлгісі болып табылады. Оның негізгі белгілеріне тоқталар болсақ, біріншіден, Президент мемлекеттік билік тармақтарының бірде-біріне жатпай, олардың қызметін үйлестіреді; екіншіден, Президентті халық сайлайды және ол Парламентке тәуелді емес; үшіншіден, мемлекеттік басқару жүйесіне басшылық жасай отырып, Конституцияға сәйкес мемлекеттік билік тармақтарына, олардың өзара қарым-қатынасына, өз өкілеттіктерін тиімді іске асыруына оң ықпал жасап, септігін тигізеді
Конституцияға сай елімізде қалыптасқан президенттік басқару нысанын Ата Заңымыздың тағы бір ерекшелігі деп айтуға болады. Өйткені ол мемлекеттік басқарудың өзгелерге ұқсамайтын, икемді қазақстандық үлгісі болып табылады. Оның негізгі белгілеріне тоқталар болсақ, біріншіден, Президент мемлекеттік билік тармақтарының бірде-біріне жатпай, олардың қызметін үйлестіреді; екіншіден, Президентті халық сайлайды және ол Парламентке тәуелді емес; үшіншіден, мемлекеттік басқару жүйесіне басшылық жасай отырып, Конституцияға сәйкес мемлекеттік билік тармақтарына, олардың өзара қарым-қатынасына, өз өкілеттіктерін тиімді іске асыруына оң ықпал жасап, септігін тигізеді.
Биыл елімізде президенттік институт құрылғанына 20 жыл толды. Осыған орайластырылып үстіміздегі жылғы сәуір айында Алматыда халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Оған қатысқан шетелдік және отандық заңгер-ғалымдар қазір айтылып жүрген «көзі тірі институттың» сан қырлы қызметіне кеңінен талдау жасады. Осы бас қосуда айтылған мынадай пікір көпшіліктен қолдау тапты: «Қазақстандағы конституционализмнің қалыптасуы мен дамуындағы, халық мүддесіне қызмет ететін тиімді де тұрақты мемлекет құрудағы рөлі жағынан Республика Президенті институты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті конституциялық құндылық болып табылады». Бұлай деуге мынадай негіз бар. Ежелден кең таралған, мемлекет мүддесін адам мүддесіне қайшы қоятын философиялық тұжырымдамаға қарама-қарсы белгілі Ресейлік ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор С.А.Авакьян, жалпы адами конституциялық құндылықтар туралы айта келе, «саяси түрде ұйымдасқан қоғамда мемлекет адамдар өмірін ұйымдастырудың басты нысаны болып қала береді» деген ұйғарым жасайды. Республика Президенті саяси түрде ұйымдасқан Қазақстанның мемлекет басшысы және ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Оған Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі функциялары жүктелген (Конституцияның 40-бабы). Демек, Мемлекет басшысының осындай биік конституциялық мәртебесі оны конституциялық құндылықтар қатарына шығарады. Өз кезегінде, Республика азаматтарының міндеті – бұл құндылыққа жоғары құрметпен қарау.
Осы жерде президенттік басқару нысанына қатысты мынадай бір жәйтке тоқтала кеткенді жөн санаймын. 2007 жылғы конституциялық реформа нәтижесінде енгізілген өзгерістерден кейін республиканың басқару нысаны президенттіктен президенттік-парламенттік басқару нысанына қарай ойысты деген қоғамда тұжырым қалыптасты. Осы қаншалықты «конституциялық ойға» сыйымды? Конституцияға жүгінсек, оған сәйкес Қазақстан Республикасы – президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет (2-баптың 1-тармағы), Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы және ең жоғары лауазымды тұлға (40-баптың 1-тармағы). Конституцияда белгiленген Республиканың басқару нысанын өзгертуге болмайды (91-баптың 2-тармағы). Яғни, Конституцияда көрсетілгендей Қазақстан басқару нысаны бойынша тек қана президенттік Республика, ал мемлекеттің басқару нысанын өзгертуге тыйым салынған. Бұл баптарға 1998 жылы да, 2007 жылы да еш өзгеріс енгізілген жоқ. Сондықтан да, басқару нысанына қатысты айтылып жүрген ой-пікірлерді саясаткерлер мен әлеуметтанушылардың еншісіне қалдырып, заңгер ретінде басқару нысаны жағынан Қазақстанның президенттік Республика екенін және оны өзгертуге Конституция жол бермейтінін ескерткім келеді. Конституционализм практикасы дамуына қарай келешекте өзгерістер болса, уақыт көрсете жатар. Ал бүгінгі жағдай осы.
Конституциялық (мемлекеттік) құқық теориясында биліктің біртұтастығы және биліктің бөлінуі деген принцип бар. Оны өздеріңіз де білесіздер. Тарихқа жүгінер болсақ, орта ғасырлық ойшылдар: ағылшын Джон Локк, француз Шарль Монтескье кезінде айтылған бұл тұжырымдама уақыт өте сынға ұшырай бастады. Тіпті, зерттеуші ғалымдардың айтуынша, Шарль Монтескьенің өзі биліктің біртұтастығын іштей мойындаған деседі. Кезінде монархтың шексіз билігіне қарсы қойылған теорияны көп уақыт өтпей-ақ Жан-Жак Руссо биліктің әлеуметтік біртұтастығы туралы тезиспен толықтырды. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардан кейін мемлекет пен мемлекеттік билік ұғымдары күрделеніп, адам танымастай өзгерді. Қазіргі мемлекеттердің бірқатары өзінің басқару нысаны бойынша қалыптасқан классикалық үлгіден ауытқуда. Мәселен, Қазақстанның да өзіндік үлгісі бар. Биліктің біртұтастығы және биліктің бөлінуі принципі біз үшін де айрықша маңызға ие. Конституцияның 3-бабына сай Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ереже Республикадағы бүкіл мемлекеттік билік қатынастары үшін ең түбегейлі болып табылады. Біздегі тежемелік әрі тепе-теңдік механизмі мемлекеттік органдардың өз функцияларын тиісті түрде орындауын, ал келіспеушіліктерді конституциялық рәсімдер арқылы шешуін қамтамасыз ететіндей құрастырылған. Билік тармақтары арасында ғана емес, бұл механизм нақты бір тармақтың ішінде де өз қызметін атқарады. Мәселен, қос палаталы Парламентте тек Сенаттың немесе тек Мәжілістің билікті асыра пайдаланбай, өз өкілеттігі шегінде әрекет жасауы. Ал Палаталар арасындағы келіспеушілік келісу рәсімі арқылы шешіледі (Конституцияның 61-бабының 5 және 5-1-тармақтары). Парламент депутаттары жалпы санының кемінде 1/5 бөлігінің Конституциялық Кеңеске жүгіну құқығы (72-бап). Алқалы орган болып табылатын Үкіметте де осындай механизм қарастырылған деуге болады.
Конституциямыздың өлшеусіз қызметі сол, мемлекеттік билікті тез арада нығайтып, әр билік саласы органдарының өкілеттігін нақты белгілеу арқылы оның тиімділігін күшейте түсті. Соның ішінде көп елдердің теория жүзінде болғанымен конституциялық-заңнамалық практикада қолданыла бермейтін мемлекеттік биліктің біртұтастығы идеясын жоғарғы заң тұрғысында бекітті. Бұл мемлекеттік биліктің монолиттігін емес, көп түрліліктің беріктей бірлігін көрсетеді. Бұл принциптің біз үшін тағы бір маңызды жері – Елбасының мәртебесін, билік тармақтарындағы орнын анықтау.
Информация о работе Мемлекетті президенттік басқарк нысандары