Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2012 в 17:44, курсовая работа
Әрбір құқық саласының ерекшелігі онын, принциптерінде өз көрінісін табады. Құқық теориясында принциптерді құқықта көрсетілген нормативті бастаулар, бастапқы идеялар, негіздер деп ңарастырған. Атақты ресейлік заңгер ғалым С.С. Алексеевтің пікірінше «принциптер — бұл құқықтың мазмүнын тереңінен аша-ды. Принциптерде жалпы қүқықтың, сондай-ак оның нақты салаларындағы сипаттаушы белгілер кристалданады. Құқық принциптері нақты құқықтьқ нормаларда анық көрінеді. Олар құқықта кеңінен таралғандай, оның барлық не көбінесе құқықтың нормаларына енгізілген.
Азаматтық істер бойынша дәлелдеу міндеті тараптарға жүктелген. АІЖК-ң 65-бабына сәйкес әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс. Дәлелдеу әрекетінде тараптар іс жүргізудің жарыспалылық қағидасына сүйенеді [2, 21-б].
Дәлелдеу құқығы теориясында, дәлелдеу – бұл тараптардың міндеті емес, құқығы деген пікір бар. Сондықтан бұл жерде «дәлелдеу ауыртпалығы» (бремя доказывания) деген терминді қолдану дұрыс сияқты. Аталған жағдайға байланысты теорияға көптеген пікірлер ұсынып, дискуссия жүргізуге болады, бірақ заң тараптарға дәлелдеу міндетті деп көрсетіп отыр АІЖК-ң 65-бабы
Талапкер
өз талабының негізін құрайтын мән-жайларын,
жауапкер-талапқа қарсы
2 Азаматық іс жүргізу құқығының қағидалары
2.1 Азаматтық іс жүргізу
құқығының қағидаларының
маңызы және жүйесі
Құқық қағидасы бұл құқықтың нормативті-жетекшісі және негізі. Қағида (принцип) латын тілінен аударғанда негіз, бастау деген мағынасы білдіреді.
Ал азаматтық іс жүргізу
құқығының қағидасы дегеніміз осы
құқық саласының негізгі ережесін,
мазмұны мен ерекшелігін
Азаматтық сот өндірісі азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларымен бекітілген бірнеше негізгі бастаулардан тұрады [14,87-б].
АІЖҚ қағидалары бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан толық бір жүйені құрайды.
Сонымен АІЖ қағидаларының жүйесі дегеніміз –осы құқық саласының логикалық өзара байланысты барлық қағидаларының жиынтығы.
АІЖҚ-ң қағидалары 2 топқа бөлінеді:
Іс жүргізу субъектілерінің құқықтық әрекеттері мен құқықтық жағдайына әсер етуіне байланысты қағидаларды:
А) Соттың әрекеттерін реттейтін
Б) Іске қатысушы тұлғалардың
әрекеттерін реттейтін
1-не: Сот төрлігін тек
соттың жүзеге асыруы, судьялардың
тәуелсіздігі, істерді жеке және
алқалы түрде қарау
2-не: диспозитивтік , іс жүргізуде тараптардың теңдігі т.б. жатады.
М.А. Гурвич және М.К.Треушников азаматтық сот өндірісінде қағидаларды құқықтық реттеу объектісіне қарай:
А) Ұйымдастырушылық-функционалды, яғни соттың және процестің реттелуін бір мезгілде айқындайтын қағидалар
Б) Функционалды қағидалар деп екі топқа бөледі.
Дәлелдемелерді зерттеу және бағалау азаматтық іс жүргізу қағидаларын қатаң сақтай отырып сотпен, тараптармен және басқа да іске қатысушылармен жүзеге асырылады.
Дәлелдемелерді зерттеу соттық талқылау кезінде іске қатысушылардың түсініктемелерін тыңдау, куәлерден жауап алу, сарапшының қорытындысын тыңдау, жазбаша дәлелдемелерді жариялау, заттай дәлелдемелерді қарау, хаттамаларды жариялау, сот тапсырмасын орындау және дәлелдемелерді қамтамасыз ету жолдарымен іске асырылады [3,123-б].
Дәлелдемелерді зерттеуде сот белсенді әрекет етеді, дәлелдемелерді зерттеу тәртібін сот бекітеді. Судьяның кез-келген уақытта істің мән-жайын анықтау мақсатында тараптарға, үшінші тұлғаларға куәлерге, мамандарға, сарапшыларға сұрақтар қоюға құқылы.
Затты тұрған жерінде қарау арқылы дәлелдемелерді зерттеу заңмен нақты бекітілген. АІЖК-ң 84∙87, 88, 170-баптық 9-тармағы, 204-баптары.
Кейіннен қарап, зерттеу мүмкін болмайтын жазбаша және заттай дәлелдемелерді сот, істі сотта қарауға әзірлеу кезінде тұрған жерінде қарайды.
АІЖҚ-ң 88-бабына сәйкес тез бүлінетін затта дәлелдемелерді сот дереу қарап шығады және зерттейді, одан кейін оларды қарап шығуға әкелген адамға қайтарады. Мұндай заттай дәлелдемелерді қарап, зерттеу орны мен уақыты туралы іске қатысушы адамдар, егер олар заттай дәлелдемелерді тұрған жерінде қарау кезінде келе алса, хабарланады. Хабарланған іске қатасушы адамдардың келмеуі заттай дәлелдемелерді қарап, зерттеуге кедергі келтірмейді. Қарап шығу және зерттеу деректері хаттамаға енгізіледі.
АІЖҚ-ң 87бабының 2-тармағына сәйкес сотқа әкелу мүмкін емес заттар тұрған жерінде сақталады. Оларды сот қарап, хаттамада егжей-тежейлігі сипаттауға, ал қажет болған жағдайда суретке түсіруге және мөрмен бекітуге тиіс. Заттай дәлелдемелерді қарау хаттамасы іске қосып тігіледі [11,76-б].
АІЖК-ң 84-бабы бойынша жазбаша дәлелдемелерді сотқа беру қиын болған ретте сот тиісінше куәландырылған көшірмелерді және үзінділерді беруді талап ете алады немесе жазбаша дәлелдемелерді олар сақталып қойылған жерде қарай алады және зерттей алады. Затты тұрған жерінде қарау туралы іске қатысушы адамдардың келмеуі заттай дәлелдемелерді қарап, зерттеуге кедергі келтірмейді.
Жазбаша және заттай дәлелдемелерді тұрған жерінде қарау арқылы жиналған материалдар мен хаттамалар іске қоса тіркелгеннен соң оларды зерттеу үшін сот залында жариялануы тиіс.
Сот тарапынан дәлелдемелерді бағалау-соттағы дәлелдеудің соңғы бөлімі болып табылады.
АІЖК-нің 70-бабында тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні анықталса, дәлелдеме рас деп есептеледі, деп көрсетілген. Істің жән – жайы туралы дұрыс емес мағлұмат беретін материалдар дәлелдеме ретінде танылмайды. Істегі дәлелдменің жалған екені мәлімделген жағдайда осы дәлелдемені ұсынған адам соттан оны дәлелдемелер қатарынан алып тастап, істі өзге дәлелдемлердің негізінде шешуді өтіне алады.
Дәлелдеменің жалғандығы туралы мәлімдеуді тексеру үшін сот сараптама тағайындай алады, сондай-ақ тараптарға өзге дәлелдемелер беруді ұсына алады. Егер ұсынған дәлелдемесі жалған деп танылған адамның іс-әрекетінде қылмыс белгілері болса, судья материалдарды бұл жөнінде прокурорға хабарлай отырып, қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін тиісті анықтау немесе алдын-ала тергеу органына жібереді [5,78-б].
Дәлелдемелердің растығын өзара салыстыру арқылы да тексеруге болады.
Дәлелдемелердің жиынтығы, егер іске қатысты дәлелдеуге жататын немесе тарап жоққа шығармаған барлық және әрбір мән-жайлар туралы ақиқатты даусыз айқындауға жол беретін және сенімді дәлелдемелер жиналса, азаматтық істі шешу үшін жеткілікті болып табылады.
Дәлелдемелердің жеткіліктілігі
іс бойынша олардың толық жиналған
Сот дәлелдемелерді бағалағанда белгілі қағидаларды басушылыққа алуы тиіс:
Дәлелдемелерді алдын-ала бағалау сотпен және іске қатысушылармен сот мәжілісі залында, оларды зерттеу барысында жүргізіледі. Түпкілікті бағалау сот шешім шығару барсында заңды фактілерді бекіту негізінде дауласушы тараптардың құқықтары мен міндеттері туралы қортындылар жасалғанда жүзеге асады. Дәлелдемелерді дұрыс бағаламау заңсыз және негізсіз шешім шығаруға әкеліп соғады [10,71-б].
Дәлелдеу прцесінде ғылыми-техникалық құралдарды дәлелдемелер жинау мақсатында іске қатысушы тұлғалардың қолдануға құқығы бар. Ал сот ондай құралдарды дәлелдемелерді зерттеу түшін қолданады.
Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезінде жәрдем көрсету үшін сот маман щақыруы мүмкін. Ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға, егер олар:
2.2 Азаматтық жүргізу құқығының ұйымдастырушылық –функционалды қағидалары
1. Сот төрелігін тек соттың жүзеге асыруы Қ.Р. Конститутциясы 75-бабы, 1-тармағы. АІЖК-ң 7-бабы.
Азаматтық істер бойынша сот төрелігін іс жүргізу заңында белгіленген ережелер бойынша тек қана сот жүзеге асырады. Сот өкілеттігі мен билігін заңсыз иелену жауаптылыққа әкеліп соғады. Өкілеттігін асыра , пайдаланған немесе қағидаларды бұза пайдаланған сотың шешімі заңсыз болады.
2. Судьялардың
ауыстырылмайтындығы,
3. Судьялардың тәуелсіздігі –бұл конституциялық қағида 77-бап 1,2 тармағы. АІЖК-ң 12- бабы. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конститутиция мен заңға ғана бағынады.
Судьялардың тәуелсіздігінің кепілдігі ҚР Конституциясымен белгіленген.
4 . Азаматтық істерді жеке дара және алқалы түрде қарау. АІЖК-ң 37- бабы. 1- инстанциядағы азаматтық істерді судья жеке дара қарайды, апелляциялық немесе қадағалау инстанциясында соттар алқалы құрамда қарайды. Алқалы құрамда саны тақ, кем дегенде 3 судья болады. Оның біреуі төрағалық етеді.
5. Заң мен сот алдында азаматтар мен ұйымдардың теңдігі. Конститутцияның 14-бабы. АІЖК-ң 13-бабы. Азаматтық істер бойынша сот төрелігі заң мен сот алдында теңдік негізде жүзеге асады. Ешкімді тегіне, лауазымына, жынысына, ұлтына, нәсіліне қарап кемсітуге болмайды.
6.
Жеке адамның ар-намысы мен
қадір қасиетін құрметтеу.
7. Сотта
істі қараудың жариялылығы АІЖК
19-бабы. Барлық сот сатыларын да
істі қарау ашық сот
8. Сот ісін жүргізу тілі –ҚР Конституциясының 7-бабы. АІЖК-ң 14-бабы. Сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, қажет болған жағдайда орыс тілі және басқа тілдер бірдей жүреді.
Дәлелдемелердің классификациясы
дәлелдемелердің жекелеген
Соттағы дәлелдемелерді түрлі негіздерге байланысты іріктеуге болады:
Жеке дәлелдемелер дегеніміз –дәлелдемені алудың қайнар көздері жеке тұлғалар болып келетін нақты деректер АІЖК-і бойынша мұндай дәлелдемелерге тараптармен үшінші түсініктемелері мен куәлердің жауап беруі жатады.
Пәндік дәлелдемелер дегеніміз-әлемнің заттай объектілерінен шығатын нақты деректер. (Мысалы, шарттар мен басқа да мәмілелер, заттар). Мұндай дәлелдемелерге заттай және жазбаша дәлелдемелер кіреді.
Аралас дәлелдемелер дегеніміз – дәлелдемені алудың қайнар көзі бір мезгілде жеке тұлғалар және материалдық объектілер болып табылатын сияқты деректер. Бұл дәлелдемелерге сарапшылардың қорытындылары жатады. Қортындыны арнаулы ғылыми білімі бар тұлға жасауы тиіс, қорытынды заңда бекітілген талаптарды сақтай отырып, құжат түрінде берілуі керек.
Дәлелдемелер қалыптасу сипатына байланысты екі түрге бөлінеді: алғашқы және туынды.