Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:54, реферат
Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) ашық;
2) корпоративтiк болуы мүмкiн.
Жинақтаушы зейнетақы қорларын ұйымдастыру
Жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлерi
Жинақтаушы
зейнетақы қорлары:
1) ашық;
2) корпоративтiк болуы мүмкiн.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының
жұмыс iстейтiн және тұратын жерiне қарамастан
салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды
жүзеге асырады.
Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорлары
сол жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары
және акционерлерi болып табылатын бiр
немесе бiрнеше ашық тұлғалардың алушы-қызметкерлерi
үшiн құрылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары
мен акционерлерi .Қазақстан Республикасының
резиденттерi - заңды және жеке тұлғалар,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген талаптарды ескере
отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi
ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары
мен акционерлерi бола алады. Рейтинг агенттiктерінің
бірiнiң белгiлi бiр рейтiнгi бар қазақстан
Республикасының резидент емес заңды
тұлғасы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының
құрылтайшысы немесе акционерi бола алады.
Рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi мен ең
төмен рейтингтi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Оффшорлық аймақта тiркелген коммерциялық
ұйым мәртебесi бар заңды тұлғалар мен
жарғылық капиталына оффшорлық аймақта
тiркелген заңды тұлғалар тiкелей немесе
аффилиирленген тұлғалар арқылы қатысатын
заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының
жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары
немесе акционерлерi бола алмайды. Оффшорлық
аймақтардың тiзбесiн уәкiлеттi орган белгілейдi.Шет
ел қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы
қорларының жиынтық жарғылық капиталы
Қазақстан Республикасының барлық ашық
жинақтаушы зейнетақы қорларының жарияланған
жиынтық жарғылық капиталының жиырма
бес процентiнен аспауы керек.Қазақстан
Республикасының резидентi емес тұлға
қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы
қорының директорлар кеңесi мен басқарма
мүшелерiнің кемiнде үштен бiрi Қазақстан
Республикасының азаматтары болуы керек.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар
кеңесi мен басқармасының Қазақстан Республикасының
резиденттерi емес мүшелерi қаржы рыногында
қызметiн жүзеге асырушы ұйымдарда үш
жылдан кем емес басшылық жұмыста болған
тәжiрибесiн куәландыратын құжаттарды
табыс eтуге мiндеттi.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы
активтерi
Жинақтаушы
зейнетақы қорларының зейнетақы
активтерi: зейнетақы жарналары, инвестициялық
кiрiс, өсiмпұл және жинақтаушы зейнетақы
қорларының комиссиялық сыйақыларын шегерiп
тастағандағы залалдарды өтеу ретiнде
түскен қаражат есебiнен қалыптасады.
Салымшының, алушының жинақтаушы зейнетақы
қорының, кастодиан-банктің және зейнетақы
активтерін басқаруды жүзеге асыратын
ұйымдардың қарыздары бойынша зейнетақы
активтері осы аталған субъектілер таратылғанда
және (нeмece) банкротқа ұшырағанда өндіріліп
алуға жатпайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақылы ережелерi
Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1)зейнетақы шарттарын өзгерту немесе тоқтату тәртiбiн;
2)зейнетақы жарналары мен
3)жинақтаушы зейнетақы
4)жинақталған зейнетақы
5)жинақталған зейнетақы
6)салымшыларға жинақтаушы
7)жинақтаушы зейнетақы
Зейнетақы ережелерiн
Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары,
Жинақтаушы зейнетақы қорларының:зейнетақы жарналарын жинауды жүзеге асыруға; өзiнiң қызметi үшiн комиссиялық сыйақылар алуға; уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес берiлетiн лицензия негiзiнде зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi және бағалы қағаздар рыногындағы өзге де қызмет түрлерiн дербес жүзеге асыруға; зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша сот органдарында салымшының жазбаша өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен оның мүдделерiн бiлдiруге; зейнетақы шартының ережелерiне сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) алушыларға Қазақстан Республикасының
Үкiметi белгiлеген тәртiппен зейнетақы
төлеуге;
2) жинақталған зейнетақы қаражаттары
мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге
асыруға;
3) салымшы мен алушыға кемiнде жылына
бiр рет, сондай-ақ оның сұрау салуы бойынша
оның жинақталған зейнетақы қаражатының
жай-күйi туралы ақпарат беруге;
4) алушының жинақталған зейнетақы қаражатының
жай-күйi туралы ақпараттың құпиялығын
қамтамасыз етуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес Қазақстан Республикасының зейнетақы
заңдары мен зейнетақы шартының ережелерiн
бұзғаны үшiн жауап беруге;
6) салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы
қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан
екiншiсiне немесе сақтандыру ұйымына осы
Заңда және Қазақстан Республикасының
өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнде
белгiленген тәртіппен аударуға;
7) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы
активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi
қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы болмаған
жағдайда зейнетақы активтерiн басқару
жөнiндегi компаниямен зейнетақы активтерiн
инвестициялық басқаруға шарттар жасасуға;
8) бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті
органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен қаржылық
есептiлiктi және уәкiлетті орган белгiлеген
тәртіппен өзге де есептілік пен өз қызметi
туралы ақпаратты жариялауға мiндеттi.
Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорларына
жарналар бойынша табысқа кепiлдiк немесе
уәде қамтылған ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан
Pecпубликасының заңдарымен жариялауға
тыйым салынған өзге де мәліметтердi жариялауға
жол берiлмейдi;
9) жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы
шартың жасасқан азаматтарға тең жағдайларды
қамтамасыз етуге;
10) салымшымен мiндеттi зейнетақы жарналары
есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру
туралы шарт жасасуға;
11) салымшымен ерiктi кәсiптiк зейнетақы
жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру
туралы шарт жасасуға;
12) әрбiр жеке адамның тұратын жерiне қарамастан
олармен зейнетақымен қамсыздандыру туралы
шарт жасасу кепiлдiгін қамтамасыз етуге
мiндеттi.
Жинақтаушы зейнетақы
Информация о работе Жинақтаушы зейнетақы қорларын ұйымдастыру