Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:58, реферат
Осы Заң жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерліктің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды.
Осы Заң жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерліктің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
(1-5-баптар)
2-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілері және олардың жұмыс iстеу жағдайлары
(6-13-баптар)
3-тарау. Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы құзыретi
(14-17-баптар)
4-тарау. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
(18-23-баптар)
5-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерінқұру және олардың нормативтік құқықтық актілерге сараптама жасауға қатысуы
(24-26-баптар)
6-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу және тарату
(27-28-баптар)
7-тарау. Мемлекеттік әкімшілік ету
(29-36-баптар)
8-тарау. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау
(37-41-баптар)
9-тарау. Мемлекеттік бақылауды, лицензиялауды жәнеаккредиттеуді жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың жауаптылығы
(42-44-баптар)
10-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жауаптылығы
(45-49-баптар)
11-тарау. Қорытынды ережелер
(50-51-баптар)
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 23.08.2012 15:06:37
Қазақстан Республикасының
Заңы
Жеке кәсіпкерлік туралы
(2011.10.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңын қара (2013 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер |
(1-5-баптар) |
2-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілері және олардың жұмыс iстеу жағдайлары |
(6-13-баптар) |
3-тарау. Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы құзыретi |
(14-17-баптар) |
4-тарау. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау |
(18-23-баптар) |
5-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерінқұру және олардың нормативтік құқықтық актілерге сараптама жасауға қатысуы |
(24-26-баптар) |
6-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу және тарату |
(27-28-баптар) |
7-тарау. Мемлекеттік әкімшілік ету |
(29-36-баптар) |
8-тарау. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау |
(37-41-баптар) |
9-тарау. Мемлекеттік бақылауды, лицензиялауды жәнеаккредиттеуді жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың жауаптылығы |
(42-44-баптар) |
10-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жауаптылығы |
(45-49-баптар) |
11-тарау. Қорытынды ережелер |
(50-51-баптар) |
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерліктің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бизнес-инкубатор - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуы кезеңiнде өндiрiстiк үй-жайлар, жабдық беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық, консалтингiлiк және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшiн құрылатын заңды тұлға;
2) бизнестің әлеуметтік жауаптылығы - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда қоғамды дамытуға қосқан ерікті үлесі;
3) дара кәсіпкер - дара кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын және осы Заңның 6-бабының 3 және 7-тармақтарында көрсетілген критерийлерге сай келетін Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман;
4) дара кәсiпкерлiк - жеке тұлғалардың кiрiс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке тұлғалардың атынан олардың тәуекелi үшін және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметi;
5) жеке кәсiпкерлiк - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кiрiс алуға бағытталған, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң атынан олардың тәуекелiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметi;
6) 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау - Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк бастаманы iске асыру үшiн жеке кәсiпкерліктi дамытуды ынталандыру, қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар кешенi;
8) жеке кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымы - өз iсiн ұйымдастыруға жәрдемдесудi, құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласындағы ақпаратпен қамтамасыз етудi, коммерциялық негiзде материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуде қолдауды қоса алғанда, жеке кәсiпкерлiктiң жұмыс істеуі мен дамуының жалпы шарттарын қамтамасыз ететiн, құрылатын немесе жұмыс iстеп тұрған ұйымдар кешенi;
9) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
10) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiгi - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын, заңды мүдделерiн білдіру және қорғау қорғау үшiн құратын коммерциялық емес ұйым;
11) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу - кәсiпкерлiк мәселелерi жөніндегі сараптамалық кеңестерде жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн бiлдiруге белгiленген критерийлерге жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң сәйкестiгiн тиiстi мемлекеттік органдардың тануы;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) жылдық орташа табыс - соңғы үш жылдағы жиынтық жылдық табыстардың немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлік субъектілері табыстарының үшке бөлінген сомасы;»
12) индустриялық аймақ - коммуникациялармен қамтамасыз етiлген, мемлекет жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне өнеркәсiп объектiлерiн орналастыру және пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен беретiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер;
13) кәсiпкерлiк жөніндегі уәкiлеттi орган - жеке кәсiпкерлiктi дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
14) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі - сараптамалық кеңес) - орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы және өкілді органдар жанынан:
жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен және мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан сараптамалық қорытындылар алу;
жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды талдап-әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
15) 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16) коммерциялық құпия - жеке кәсiпкерлiк субъектiсi айқындайтын және қорғайтын, заңды негiзде еркiн қол жеткiзуге адамдардың шектеулi тобы ие болатын, жариялануы, алынуы, пайдаланылуы оның мүдделерiне залал келтiруi мүмкiн ақпарат;
17) шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары - оқытуды, ақпараттық қамтамасыз етудi, консультациялық және маркетингтiк қызметтер көрсетудi, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жобаларына құқықтық, экономикалық және технологиялық сараптама жасауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар.
2-бап. Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Азаматтық кодекстен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3. Жеке кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 4-тармақпен толықтырылды
4. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3-бап. Жеке кәсіпкерлікті құқықтық реттеу шектерi
1. Жеке кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген негіздер бойынша ғана шектелуі мүмкін.
2. Жеке кәсіпкерлікті шектеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ғана орын алуы мүмкін.
3. Мемлекеттік органдардың жекелеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің артықшылық жағдайын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдауына тыйым салынады.
4-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгi мақсаты мен принциптерi
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттің мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.
2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері:
жеке кәсіпкерлік еркіндігінің кепілдігі және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға барлық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі;
жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне) қол сұғылмауы мен оны қорғаудың кепілдігі;
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы;
жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жасауға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуы болып табылады.
2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді
5-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердi әзірлеудің және қабылдаудың ерекшеліктерi
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде тіркей отырып, сараптамалық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жiбередi.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін мемлекеттік органдар белгілейтін мерзім жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жоба келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен аз болмауға тиіс.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазба нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) көбеюін растайтын есептеу нәтижелерін міндетті түрде қамтуға тиіс.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Сараптамалық қорытындыларды мемлекеттік органдар белгілеген мерзімде мыналар:
республикалық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің одағы (қауымдастығы), шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық бірлестік, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық салалық бірлестіктері;
облыстық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық, облыстық бірлестіктерінің филиалдары, шағын кәсiпкерлiк жөніндегі республикалық, облыстық бірлестіктердің филиалдары;
қалалық, аудандық деңгейлерде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктерінің филиалдары, шағын кәсiпкерлiк жөніндегі республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктердің филиалдары табыс етедi.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Сараптамалық қорытындылар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктерi мүшелерiнiң жинақталған пiкiрiн бiлдiредi, ұсыным сипатында болады және оларды қабылдағанға дейiн, оның ішінде осы жобаны мүдделi мемлекеттiк органдармен келесі әрбiр келiсу кезінде нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіскен кезде нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктеріне келiспеу себептерiнiң негiздемесi бар жауап жiбередi. Негіздемесі бар мұндай жауаптар оларды қабылдағанға дейiн нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертпелері бар бір сараптамалық қорытынды ұсынған және осы бірлестік сараптамалық кеңестің отырысын өткізуді табанды түрде талап еткен жағдайда, осындай отырыстың өткізілуі міндетті болып табылады.
Бұл ретте сараптамалық кеңестің отырысы сараптамалық кеңес мүшелерін тікелей шақыру арқылы не нақты уақыт режимінде интернет-конференция өткізу арқылы өткізілуі мүмкін.
6. Жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу мерзімі жеке кәсіпкерлік субъектісіне қызметті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін талаптарға байланысты жүзеге асыруға дайындалу үшін қажетті мерзімдер негізге алына отырып, белгіленуге тиіс.