Защита прав граждан

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2011 в 21:04, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі таңда желілік технологиялар кез келген мекеме, кәсіпорынның корпоративтік ақпараттық жүйесінің негізін құрайды. Бизнестің өркендеуі сенімді де үздіксіз жұмыс атқаратын байланыс пен ақпарат алмасуды қажет етеді, ол өз кезегінде сенімді желілік технологияның болуын талап етеді. Осыған орай, желілік технологияның сенімділігі маңызды орын алады. Корпоративтік ақпараттық жүйедегі бағдарламалық және техникалық құралдарда ауытқулар мен жауап бермеулердің пайда болуынан жүйе пайдаланушылары жұмысына кедергі келеді және мұндай бүлінулер берілгендерді сақтаудың ақпараттық процестері үшін өте қауіпті.

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 Компьютерлік желілердегі ақпараттың қауіпсіздік мәселелері
1.1 Компьютерлік желілерде ақпартты қорғаудың түсінігі мен тәсілдері.4
1.2 Компьютерлік желілерде ақпартты қорғауда сканердің қызметі.........7
1.3 Рұқсат етілмеген қол жеткізілімдіктен қорғау жүйелері......................8
2. Корпоративті ақпараттық жүйелер үшін желілік технологиялардың сенімділігін арттыру әдісі
2.1 Жергілікті желі сенімділігін арттыру әдістерін талдау........................11
2.2 Корпоративтік ақпараттық жүйелерді функционалды модельдеу......12
2.3 Жергілікті желі сапасы мен сенімділігін модельдеу жүйесі...............14

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................19
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................20

Работа содержит 1 файл

защита граждан.doc

— 184.50 Кб (Скачать)

    Танымал IDEF-технологиясы негізінде тұтынушыларға  қызмет көрсетудің  функционалды моделін құру мысалын қарастырайық. IDEF-технологиясы техникалық және ұйымдастырушылық жүйелерде орындалатын әртүрлі процестерді сипаттау мақсатында қолданылады.

    IDEFО-технологиясы  процестердің жиынығы түрінде  құруға мүмкіндік береді. Құрылатын  модельге қажетті болып келесі жиындар саналады:

  • О объектілері;
  • D берілгендері;
  • А әрекеттері;
  • R әрекет орындау ережелері.

    IDEFO стандарты бойынша бизнес-процестерді  модельдеу әдістемесін, технологиясын  және CASE құрылғысын анықтайды. Модельдеу  әдістемесі бизнес-процесс функционалды моделінің көп деңгейлі иерархиялық құрылымын көрстетеді. Бұл контексті диаграмманы екінші,  үшінші және т.с.с. диаграммаларға декомпозициялау арқылы жүзеге асырылады. Деңгейлер саны модельдеу тереңдігін сипаттайды. Деңгейлер мен диаграммалар саны көбейген сайын модельдеу де егжей-тегжейлі жүргізіледі.

    Егер r – функционалды  модель деңгейлерінің  саны, - і-ші деңгейдегі диаграммалар саны болса, онда функционалды модель сапасын коэффициенті бойынша айтуға болады, мұндағы N – модельдегі диаграммалар саны және де - әрбір деңгейде бір диаграммасы бар тізбекті модельдегі диаграммалар саны. Диаграммалар ағашы бастапқы төбесі контексті диаграмма, ал соңғы төбесі модельдің ең соңғы диаграммасы болатын тізбек түрінде болады. 2 суретте көрсетілген функционалды модель тізбекті болып саналады, ал оның диаграммалар ағашы 3 суретте бейнеленгендей түрде болады.

                     

3 сурет  - Мысалда қарастырылған модельдің  түйіндері ағашы

      коэффициенті артқан сайын,  құрылған модель ақиқаттан алшақтай  түседі, бірақ жан-жақты, егжей-тегжейлі  зерттелген болады. Олай болса,  бұл коэффициент модельдің дұрыстығын, ақиқаттығын бағалай алмайды,  бірақ модельдің терең зерттелуіне көмегін бере алады.

    Диаграммалар  ағашы екінші деңгейден басталатын функционалды модель (бірінші және екінші деңгейлерде бір ғана диаграммадан болады) бинарлы болады, оны регулярлы  деп атайды. Оның коээфициентін диаграммалар ағашындағы деңгейлер саны бойынша есептеу формуласы түрінде болады. Мысалы, төрт деңгейлі диаграммалар ағашының регулярлы функционалды моделінде коэффициент =2 болады, ал бұл регулярлы модельдің тізбекті модельден екі есе толық екендігін білдіреді.

    Кәсіпорынның  корпоративтік жүйесінің жергілікті желі ақпараттық ресурстарын басқарудың бизнес-процесі функционалды моделін  қарастырайық. Бұл жүйе тұтынушыларға  қызмет көрсетіп отырады. Тұтынушыларға  операторлар қызмет көрсетеді, олар ақпарттық базадан мәлімет іздейді және желі телефондары арқылы тұтынушымен байланыс орнатады. Сондықтан да жүйедегі ақпараттық ресурстарды басқарудың бизнес-процесі кәсіпорын қызметінде маңызды да жауапкершілікті орын алады. 

    2.3 Жергілікті желі  сапасы мен сенімділігін  модельдеу жүйесі 

    Жергілікті  желі сапасы мен сенімділігін модельдеу  жүйесі келесі үш принцип негізінде  құрыла алады:

  1. Желінің жұмысқа қабілеттілігін бақылау, қадағалау.
  2. Имитациялық модельдеу.
  3. Есептеулер жүргізу.

    Желінің жұмысқа қабілеттілігін бақылау  нақты уақыт ағымында желіні қадағалау  мен диагностиканы визуалдауға  мүмкіндік береді. Желі моделі оның техникалық жағдайын үздіксіз қадағалайтындай  етіп құрылған.  Қазіргі кезде  желінің техникалық жағдайын модельдейтін көптеген программалар бар. Мысалы, HP OpenView Network Node Manager (NNM) шешімі желі ресурстарын тиімді қолдану мен өнімділікті арттыра отырып, желіні функционалды басқаруды қамтамасыз етеді. HP OpenView NNM шешімінің құрамына кіретін құрылғылар  іздеу мерзімін азайтуды және ақауларды болдырмауды қамтамасыз етеді. HP OpenView NNM шешімінің графикалық интерфейсі желінің ағымдағы күйі жайында көрнекі түрде мәлімет береді және желі картасына не құбылыстар мен оқиғалардың детальді түрде сипатталған тізімдеріне жылдам өтуді ұйымдастырады.  Желі картасы желілік құрылғылар жағдайлары мен бүлінулер пайда болған орындарды бейнелейді де, желі жұмысына кедергі келтіретін ақауларды дер кезінде анықтап, жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Мұның барлығы HP OpenView NNM программасының желіні зерттеу құрылғысы емес,  желі жұмысын қадағалайтын маманның пайдалы құралы екендігін көрсетеді.

    Имитациялық модельдеу жүйелері мамандандырылған және әмбебап болуы мүмкін. Мамандандырылғын имитациялық жүйеге әлемге танымал  InTouch HMI адам-машиналық интерфейсінің программалық қамсыздандырылуы мысал бола алады. Ол өндірістік үдерістердібасқаруды және визуализациялауды қамтамасыз етеді. Ол пайдаланушының қолдануына  ыңғайлы орта мен графикалық  құралдар жиынтығынан тұрады. 9.5 нұсқасы өндіріс өнімділігі мен тиімділігіне қол жеткізетін көптеген жеңілдіктер мен мүмкіндіктер береді. Wonderware SmartSymbols жаңа технологиясының қуатты  құрылғылары автоматтандырудың арнайы қосымшаларын жылдам  құру мен жүзе асырудың  танымал функционалды мүмкіндіктерін береді.

    InTouch қосымшалары ағымдағы және келешектегі қажеттіліктерді қосымша инвестиция мен күш салуды қажет етпей-ақ қанағаттандыру мүмкіндіктеріне ие. InTouch әмбебап қосымшаларын пайдалану мүмкіндігі әртүрлі мобильді құрылғылар, аса қуатты емес желілік клиенттер, компьютерлік  түйіндер және Интернет арқылы қамтамасыз етіледі.  Сонымен қатар InTouch ашық және кеңейтілетін интерфейсі өндірісті автоматтандырудың көптеген құрылғыларымен  байланыс жасау  мүмкіндіктерін ұсынады.

    Имитациялық модельдеудің әмбебап жүйесіне  GPSS жатады. GPSS World жүйесі – бұл модельдеу саласының кәсіби мамандарына арналған қуатты  компьютерлік модельдеу ортасы.  Бұл жоғары деңгейлі интерактивті және ақпаратты визуалды бейнелеу қасиетіне ие дискретті түрде де, үздіксіз де компьютерлік модельдеу мүмкіндігін беретін кешенді модельдеу құралы. GPSS World –ты қолдану нақты өмірдегі өте күрделі жүйелердегі конструкторлық шешімдер тиімділігін бағалау мүмкіндігін береді. Оның құрамына мыналар кіреді:

  • Пайдаланушының объектілі-бейімделген интерфейсі. Оның құрамына  «Модель», «Модельдеу процесі», «Отчет», «Текст» кіреді.
  • Жоғыра өнімділікті модельдер трансляторы.
  • Модельдеу процесі кезінде енгізу/ шығарудың ұйымдастырылуы.
  • 20-дан аса кірістірілген ықтималдықтар үлестірімі.
  • PLUS интегралды программалау тілі.
  • PLUS-процедуралар кітапханасы.
  • Модельдеу процесін бақылауға арналған  әртүрлі  графикалық терезелер жиынтығы.
  • Эксперименттерді  таратуға және оптимизациялауға мүмкіндік беретін автоматтандырылған генераторлар.
  • Блоктарды енгізуге арналған сұхбат терезелері.

    ЖШС «Алтын Алма» Кәсіпорны корпоративтік  ақпараттық жүйесінің  жергілікті желісін  модельдеу. ЖШС «Алтын Алма» кәсіпорны тұтынушыларға ақпараттық қызмет түрін көрсетеді.

    Рекрутерлер кәсіпорынның өз жұмысын автоматтандыруды қажет ететін  қызметкерлері болып саналады. Олар жұмыс уақытын үнемі телефон  байланыстарында, әңгімелесуде, тұтынушылар тапсырыстары негізінде кандидаттар бойынша үлкен көлемді әртүрлі ақпараттарды өңдеу, іздеу сияқты жұмыстармен өткізеді.

    Жұмыс берушілермен  компанияның тұтынушылармен жұмыс жасаушы қызметкерлері  айналысады.  Олар келесі әрекеттердің орындалуын қамтамасыз етеді:

  • жұмыс берушілердің жаңа ұсыныстарын іздеу,
  • ұсыныстарды қабылдау,
  • осы ұсыныстарды  жылдам іздеп табуға арнап  рәсімдеу,
  • сұхбат алмасудың  сәтті өтуі үшін қажетті ақпараттарды дайындау,
  • жұмыс берушілермен орнатылған байланысқа қолдау жасау.

    Тұтынушылармен  байланысатын қызметкерлер де үлкен  көлемді ақпаратпен жұмыс жасайды. Ол жұмысын  жұмыс берушімен жылдам байланыс орнатып, қажетті ұсыныстар  жасау үшін  дұрыс ұйымдастыруы керек.

    ЖШС «Алтын Алма» компаниясының Қазақстанның әр облысында офисі бар. Орталық офис Алматыда орналасқан.

    Осылайша,  қарастырылып отырған кәсіпорын  жұмысын автоматтандыру  оған үлкен  экономикалық  тиімділік әкелетін объект болып табылады. Бұл зерттеу  жұмысының мақсаты кәсіпорынның корпоративті ақпараттық жүйесін құру, есептеу желісіне талдау жасау, оның сенімділігі мен сапасын бағалау болғандықтан, кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі туралы  мәселелерге жеткілікті түрде назар аударылмайды.

    Әртүрлі аймақтарында орналасқан кәсіпорын  офистерінің  көп  салалық есептерін автоматтандыру мақсатында  корпоративті ақпараттық жүйе құрылған. Кәсіпорынның Алматылық филиалдары Microsoft Axapta  платформасына негізделген  ERP2 класты жүйені қолданады.

    Бұл жүйені қолдану келесі мүмкіндіктерді береді:

  • жұмыс орындарына кандидаттарды дұрыс әрі жылдам таңдауды  ұйымдастыру негізінде  жұмыс берушілерге қызмет көрсету сапасын арттыру,
  • қажетті жұмыс орындарын жылдам әрі дұрыс таңдау негізінде  кандидаттарға қызмет көрсету  сапасын арттыру,
  • тұтынушылар мен кандидаттардың барлық тапсырыстарымен бухгалтерия мен есеп бөлімінің байланысы негізінде қызмет көрсету сапасын арттыру,
  • тұтынушылық қарым-қатынасты басқару (CRM) негізінде  қызмет көрсету сапасын арттыру,
  • кәсіпорын жұмысын талдау модулінің негізінде  көрсетілетін қызмет түрлері сапасын арттыру.

    Жүйенің техникалық қамсыздандырылуы корпоративтік  желінің қолданылуын қажет етеді.

    Көрсетілген суреттен желінің келесі компоненттерден  тұратын байқауға болады:

    Мұндай  күрделі желінің сенімділігін қамтамасыз ету маңызды мәселе болып саналады, және ол  әр түрлі деңгейлерде шешіледі:

  • технологиялық деңгей белгілі фирмалардың жоғары сапалы желілік және есептеу құрал-жабдықтарын қолдануды  қажет етеді,
  • техникалық деңгей орталық офис пен филиалдар арасында қосымша резервтік каналдарды қолдануды жоспарлайды (байланыстың пунктирлі сызықтары),
  • программалық деңгей филиал компьютерлерінде орталықтандырылған тәсілмен лицензиялық программалық өнімдерді орнатуды жоспарлайды,
  • ұйымдастыру деңгейі есептеу құрал-жабдықтарына жоғары білікті мамандардың үздіксіз қызмет көрсетуі мен ақпараттық орталықтың үнемі қолдау көрсетіп отыруын жоспарлайды.

    Аймақты жергілікті желісін модельдеу схемасы 4 суретте бейнеленген.

4 сурет  - Филиал жергілікті желісін модельдеу  схемасы 

    Екі  желілік бірліктің 1-5 түйіндері  «сота» типті құрылымды құрайды. 6-9 түйіндері  орталығы 5-ші түйін болатын «жұлдызша» типті құрылымды береді.  Кәсіпорынның ұсынылып отырған желісін модельдеуді  келесі бастапқы  берілгендер нұсқалары бойынша жүргізейік:

    Модельдеудің 1-нұсқасының бастапқы берілгендері:

  • Түйіндер саны-9.
  • Күйі
  1. желі дұрыс, бүлінбеген,
  1. желі жауап бермеулердің нәтижесінде бүлінген.
  • Жауап бермеу ықтималдығы
    • p=0.01,
    • p=0.001,
    • p=0.0001.
    • Қалпына келтіру ықтималдығы
  • q=0.1,
  • q=0.00001
  • q=0.001.

    Модельдеудің 2-нұсқасының бастапқы берілгендері:

  • Түйіндер саны-9.
  • Күйі
  1. желі дұрыс, бүлінбеген,
  1. желі жұмыс атқара алады, 1 және 2 серверлері арасында байланыс жоғалған,
  2. желі жұмысқа қабілетті, 1 мен 5 және 1 мен 4 серверлері арасында байланыс жоғалған,
  3. желі жұмысқа қабілетті, 1 мен 5, 1 мен 4 және 2 мен 5 серверлері арасында байланыс жоғалған,
  4. 4 каналдың жауап бермеуі және  кем дегенде бір байланыспаған түйіннің болуы себебінен желі жұмысқа қабілетті емес.

Информация о работе Защита прав граждан