Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 19:27, реферат
Заңды тұлға мен жеке тұлғаның қабілеттілігінің айырмасы болатындығы табиғи нәрсе. Мәселен, азаматың құқықтары мен міндеттерін тудыратын тұрмыс қатынастарының көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды.Оған отбасылық қатынастарға, содан туындайтын құқықтар мен міндеттерге заңды тұлғалар қатыса алмайтындығы дәлел болады.
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
Заңды тұлға мен жеке тұлғаның қабілеттілігінің айырмасы болатындығы табиғи нәрсе. Мәселен, азаматың құқықтары мен міндеттерін тудыратын тұрмыс қатынастарының көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды.Оған отбасылық қатынастарға, содан туындайтын құқықтар мен міндеттерге заңды тұлғалар қатыса алмайтындығы дәлел болады.
Заңды тұлғалардың қатынасқа қатысу аясы олардың қандай мақсат үшін құрылғандығына әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасна қарай заңды тұлға қайсыбір құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқықтық қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң құжаттарында тізбесі белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен тек лицензия негізінде ғана айналыса алады. Яғни, белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі,сол лицензияны алған сәттен бастап пайда болады. Азаматтық кодекстің 35-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлға азаматтық құқыққа ие болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара алады. Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа коммерциялық ұйымдар заң құжаттары немесе құрылтай құжаттары арқылы тыйым салынбайтын кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін азаматтық құқыққа ие бола алады және азаматтық міндетті де атқарады.
Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғалар белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыра алмауы мүмкін немесе басұа ұызметпен айналысуы шектеледі.
Азаматтық кодексте арнайы
Ал коммерциялық ұйымдар болса,
Екіншіден, коммерциялық
Азаматтық кодекстің 37-
Заңды тұлғаның органы заңды тұлғаның ұсыныстарымен есептесіп, оны жүзеге асырады және оның өз өкілеттілігі шегіндегі әрекеті заңды тұлғаның әрекеті болып табылады. Заңды тұлға үшінші тұлғалардың алдында заңды тұлғаның органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттілігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді. Бірақ заңды тұлға органының жарғыдағы талапты бұзып жасаған мәмілесін жарамсыз деп тани алады. Егер мәміле жасаған екінші жақ мұндай құқық бұзушылықты білсе немесе білуге тиіс болса және оны дәлелдесе онда мұндай мәмілені жарамсыз деп тануына болады.
Заңды тұлға органдарының түрі, оларды тағайындау тәртібі немесе таңдау және олардың өкілеттілігі заң және құрылтай құжаттары арқылы айқындалады.
Азаматтық кодекстегі 37-баптың жалпы ережесі заңды тұлғалардың нақты түрлері туралы нормаларымен тәртіптеледі.
Заңды тұлғаның органдары алқалы немесе жеке дара болуы мүмкін.
2)Заңды тұлғаның атауы. Азаматтық кодекстің 38-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Заңды тұлғеның атауы оның құқық субъектісі ретінде дараландыру құралы болып табылады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның аталуы заңды тұлғаны тіркегеннен кейін оның фирмалық атауына айналады. Заңды тұлға өзінің фирмалық атауымен заңды тұлғалардың біріңғай мемлекеттік тізіліміне енеді. Фирмалық атау коммерциялық ұйымның тіркелуімен бір мезгілде тіркелуге жатады және интелектуалдық меншікке қатысты құқықтың, ерекше объектісі болып табылады.
Бөтен фирмалық атауды заңсыз
пайдаланатын тұлға ол атауды
меншіктейтін тұлғаның
Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық – құқықтық нысанын көрсетуді қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкін. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі. Азаматтық кодекстің 38-бабы заңды тұлғаның атауына байланысты қойылатын талаптармен қоса оған белгілі бір дәрежеде шектеу жасайды. Айталық, заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль нормаларына қайшы келетін аттар болса, егер жеке адамдардың есімдері қатысушылардың есімімен сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есімін пайдалануға олардан рұқсат алмаса, ондай есімдерді пайдалануға жол берілмейді.
Азаматтың құқықтың субъектілері. Жеке тұлғалар Заң тілінде құқықтар мен міндеттердің иелерін құқық субъектілері деп атайды. Басқаша айтқанда, субъекті — азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы болып табылады. Субъектілер жеке тұлға және заңды тұлға болып екі топқа бөлінеді. Жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады. Жеке тұлғалардың азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуі екі шартпен тікелей байланысты. Ол — құқыққабілеттілік- пен әрекетқабілеттілік.
Азаматтардың құқық қабілеттілігі — бұл жеке тұлғаның азаматтық құқық пен міндетті иелену мүмкіндігі немесе қабілет ңұқығы Құқыққабілеттілік барлық адамдарға беріледі. Бұл оның ұлтына, дініне, тіліне, тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, т.б. байланысты болмайды дегенді білдіреді. Азаматтық құқыққабілеттілік адам туылған кезден басталып, қайтыс болған кезде тоқтатылады.
Жеке тұлғаның әрекетқабілеттілігін шектеуге және одан айыруға ешкімнің құқығы жоқ. Азаматтық құқық- қабілеттілік адам өмірге келгеннен бастап күшіне енеді.
Заңда әлі дүниеге келмеген азаматтардың кейбір құқықтары да бекітілген, нақтырақ айтқанда презюмцияланатын жағдайлар белгіленген. Мысалы, мұра қалдырушының көзі тірісінде жүкті болған және ол қайтыс болған соң дүниеге келген бала заң бойынша мұрагер болып танылады және мұрадағы өз үлесіне құқығы бар.
Бұл орайда құқыққабілеттілік адам туылғанға дейін пайда болады деп айтута болмайды. Құқықтың субъектісі болмай, оның құқыққабілеттілігі де болмайды. Мұның тек кейбір құқықтарға ғана қатысы бар.
Азаматтардың
Жеке тұлғаның азаматтық әрекетқабілеттіліғі тұлғаның жасына және психикалық жағдайына тәуелді. Толық әрекетқабілеттілік 18 жасқа толғаннан бастап пайда болады. 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жан күйзелісімен ауыратын тұлғаларда азаматтық әрекет- қабілеттілік болмайды. Олардың атынан заңды өкілдері — ата-аналары, қорғаншылары мен қамқоршылары шығады.
Шектеулі әрекетқабілеттілік те болады. Есірткі заттары мен спирт ішімдіктерін адам ұдайы пайдаланатын болса, соның салдарынан үй-ішін ауыр материалдық жағдайларға душар қылса, онда мүдделі адамдардың, яғни туған туысының, ата-анасының, әйелінің, т.б. арызы бойынша сот оның әрекетқабілеттілігін шектей алады. Оған қамқоршылық тағайындайды. Ол ұсақ тұрмыстық мәмілелерді өз бетінше жасағанымен, басқа да мәмілелерді қамқоршы келісімімен жасауға міндетті болады. Бұл әрине уақытшашара. Егер ерекетқабілеттілігі шектелген адам түзелетін болса, онда сот арқылы әрекетқабілеттілігі шектелгендігі алынып тасталынады жене ол толық әрекетқабілеттілікке ие болады.Сонымен бірге тұрақты жан күйзелісімен ауыратын тұлғаның әрекетқабілеттілігі сот арқылы шектеледі.
Өрекетқабілеттіліктің
бір бөлігі деликтқабілеттілік болып
табылады.
Деликтқабілеттілік — тұлғаның азаматтық құқық бұзушылық (деликттер) үшін жауап беру қабілеті. Деликтқабілеттілік белгілі бір жастан бастап пайда болады. Мысалы, азаматтық жауапкершілік 16 жастан бастап туындайды.
Әрекетқабілеттілік пен деликтқабілеттілікті айыра білу керек. Құқыққабілеттілік пен әрекетқабілеттілік бірге құқық субъектілік (не құқық әрекетқабілеттілік) деп аталады.
Құқық субъектілік — бұл осыдан туындайтын барлық салдармен бірге тұлғаның құқық субъектісі болу мүмкіндігі немесе қабілеті.
Кәмелеттік
жасқа толмаған тұлғалар
азаматтық құқықтың
субъектісі ретінде
14 жастан 18 жасқа
дейінгі кәмелеттік жасқа
Тұлғаны
хабар-ошарсыз кеттпі
деп немесе қайтпыс
болған деп тану
Азаматты
хабар-ошарсыз кеткен
деп
Азаматты
қайтыс болды
Заңды тұлғалар азаматтық құықтпың субъектісі ретінде Азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың келесі түріне заңды тұлгалар жатады. Заңды тұлға — бұл белгілі бір әрекеттерді жасауға және азаматтық айналымға қатысуға құрылған адамдардың бірлестіктері. Оларға: университеттер, институттар, емханалар, дүкендер, фирмалар, мемлекеттік органдар, фабрикалар, зауыттар, т.б. жатады.
Заңды тұлға деп шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікке өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жене мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымдар танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы, сметасы және өз атауы, мөрі болады. Заңды тұлға өз қызметін жарғы немесе құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен өрекетқабі- әрекетқабілетілігінің жеке тұлғалардікіне қарағанда өзгешелігі болады. Заңды тұлғалардың құқыққабілеттілігі мен әрекет- қабілеттілігі бір мезгілде, яғни заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап пайда болады. Арнайы лицензия алып қызметпен айналысуды қажет ететін заңды тұлғалар болады. Оларға банктер, күзет агенттіктері, айырбас мекемелері және т. б. жатады.