Құқықтың түсінігін анықтауға нормативтік және кең қадам

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 01:20, доклад

Описание работы

Конституциямен бекітіліп, реттелетін қоғамдық қатынастар маңызды болғандықтан, конституциялық құкық, Қазақстан құқық салаларының арасында жетекші рөл атқарады. Құкық жүйесіндегі конституциялық құқықтың жетекші рөлі төмендегі мәселелер арқылы көрінеді: біріншіден, конституциялык құкық қоғам мен мемлекет құрлысының негізгі қағидаларын құқықтық формада бекітеді; екіншіден, конституциялық құқық барлық қоғамдық үрдістерді басқарудың жалпы негіздерін анықтайды; үшіншіден, конституциялық құқықтың нормалары құқықтық актілердің түрлерін, оларды қабылдайтын органдарды, актілердің зандық күштерінің ара салмағын анықтайтындықтан, конституциялык құқықтың нормалары құқықтың жасалу үрдісін реттейді.

Работа содержит 1 файл

срсп4.docx

— 28.74 Кб (Скачать)

           Конституциямен бекітіліп, реттелетін қоғамдық қатынастар маңызды болғандықтан, конституциялық құкық, Қазақстан құқық салаларының арасында жетекші рөл атқарады. Құкық жүйесіндегі конституциялық құқықтың жетекші рөлі төмендегі мәселелер арқылы көрінеді: біріншіден, конституциялык құкық қоғам мен мемлекет құрлысының негізгі қағидаларын құқықтық формада бекітеді; екіншіден, конституциялық құқық барлық қоғамдық үрдістерді басқарудың жалпы негіздерін анықтайды; үшіншіден, конституциялық құқықтың нормалары құқықтық актілердің түрлерін, оларды қабылдайтын органдарды, актілердің зандық күштерінің ара салмағын анықтайтындықтан, конституциялык құқықтың нормалары құқықтың жасалу үрдісін реттейді.

          Конституциялық құқық ғылымы қоғамдық ғылымдар жүйесіне жататын заң ғылымдарының құрамдас бөлігі. Конституциялык құқық ғылым болғандықтан оның өзіне тән оқытылатын пәні, зерттейтін объектісі, әдістері, деректік негіздері бар. Конституциялык құқық салалық заң ғылымдарына кіреді. Конституциялык құқық ғылымы - конституциялык құрылыстың институттарында бекітілген мемлекеттік-құқықтық және мемлекеттік биліктің іске асырылуы байланысты болатын - ерікті қоғамдық катынастардың дамуы заңдылықтары жайындағы ғылыми білімдер жүйесі. Конституциялық құқықтың ғылыми жүйесіне: 1) конституциялык құқықтың құқық саласы екендігі жайындағы білімдер; 2) Қазақстан Республикасы Конституциясының мәні, мазмұны, құрылымы жайындағы білімдер;               3) Қазақстан Республикасы конституциялық кұрылысының негіздері және олардың қоғамдағы үстем қатынастармен қарым-қатынасы жайлы білімдер; 4) Қазақстан Республикасы азаматының, адамның кұқықтары мен бостандықтары туралы білімдер; 5) Қазақстан Республикасының үлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы білімдер;

          Азаматтық құқық — құқықтың тауарлық-ақшалай қатынастарды және қатысушылардың мүліктік қатынастарының теңдігіне негізделген, сондай-ақ мүліктікпен байланысты, жеке мүліктік емес басқа да қатынастарды реттейтін саласы, нормалардың жиынтығы. Азаматтық заңдылықтармен реттелуші қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады.

           Азаматтық құқықтың негізгі бастауы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі болып табылады, ол 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Жалпы бөлімнен және 1999 жылғы 1 шілдедегі Ерекше бөлімнен тұрады. Азаматтық құқық нормалары сондай-ақ арнаулы заңдарда және заңға қарасты актілерде мазмүндалған, олар Азаматтық кодексте белгіленген ережелерді толықтырады, реттейді, нақтылайды. Мұндай нормативтік актілерге төмендегідей заңдар жатады: 1997 жылғы 14 шілдедегі "Шаруашылық, серіктестіктері туралы", 1998 жылғы 10 шілдедегі "Акционерлік қоғамдар туралы", 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы", 1997 жылғы 19 маусымдағы "Жеке кәсіпкерлік туралы", т.б.

 

         Қазақстан Республикасының Парламенті - елдің заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілдікті орган.

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық  референдуммен қабылданған ҚР  Конституциясына сәйкес Парламент  екі рет (1995 жылы және 1999 жылы ) сайланды.

        Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады. Өкілеттік Конституцияда көзделген жағдайлар мен реттерде мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгіленеді. ҚРП құрылымы тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: жоғарғы палата — Сенат және төменгі палата — Мәжілістен тұрады.

        Парламент өз палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылайды, мемл. салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды; ҚР-ның әкімшілік-аумақтық құрылымына қатысты мәселелерді шешу тәртібін белгілейді; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады; палаталардың бірлескен комиссиялары мүшелерінің жартысын сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкілеттігін тоқтатады, оларды қол сұғылмаушылық құқығынан айырады; Үкімет мүшелерінің есептерін тыңдайды; палаталардың үйлестіруші және жұмысшы органдарын жасақтайды, регламент қабылдайды, ҚР Конституциясында (54-бап) көзделген басқа да өзгерістерді жүзеге асырады.

Парламент Палаталардың бірлескен  отырыстарында: Президенттің ұсынысы  бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; Конституциялық заңдар қабылдайды, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; республикалық  бюджетті және Үкімет пен Республикалық  бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі  Есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы  туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді; Президенттің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша Президент  қарсылық білдірген күннен бастап бір  ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен  дауысқа салуды өткізеді (бұл мерзімнің  сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын білдіреді); Президенттің бастамасы бойынша әр Палата депутаттары  жалпы санының үштен екісінің дауыс беруімен Президентке бір  жылдан аспайтын мерзімге заң шығарушылық  өкілеттік береді; Президенттің Премьер-министрді; Ұлттық банк төрағасын тағайындауына  келісім береді; Премьер-министрдің Үкімет бағдарламасы туралы баяндамасын  тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды (Палата депутаттары  жалпы санының үштен екісінің дауысымен Үкімет бағдарламасының  екінші рет қабылданбауы Үкіметке сенімсіздік  білдірген болып табылады); әр Палата депутаттары жалпы санының үштен  екісінің дауысымен, Парламент депутаттары  жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Үкіметке сенімсіздік білдіреді; соғыс және бейбітшілік мәселелерін шешеді; Республикалық референдум белгілеу туралы ұсыныс енгізеді, т.б.

 

        Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар ҚР-ның Заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды. Республика Заңдары Президент қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Парламент пен оның палаталарының заң актілері, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады, ал конституц. заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданады. Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермесе, Парламенттің Палаталарының арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік биліктің басқа тармақтары арасындағы келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда — Президент Парламентті тарата алады. Бірақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттігінің соңғы 6 айында, сондай-ақ, алдыңғы таратудан кейінгі 1 жыл ішінде Парламентті таратуға болмайды.

         Парламенттің ағымдағы қызметі тұрақты атқарылады, олардың саны әр Палатада жетеуден аспауға тиіс. Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен Мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар құруға құқылы. Заң жобасы Мәжілістің тұрақты к-тінде алдын-ала қаралып, ол бойынша қорытынды бергеннен кейін — Мәжілістің жалпы отырысында талқыланады. Әдетте, талқылау екі оқылымда өтеді. Ал Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және конституция заңдар қабылдау немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша кемінде екі оқылым өткізілуі міндетті.

        Сенаттың қаралған заң жобасы бойынша қарсылық білдіруге құқы бар. Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданбаған жоба Мәжіліске қайтарылады. Егер Мәжіліс депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен жобаны қайтадан мақұлдаса, онда жоба Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға беріледі. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгізуге болмайды.Әр Палатаны депутаттардың арасынан сайланатын, мемл. тілді еркін игерген төраға басқарады. Төрағалар палаталардың жұмысын жүргізеді.

Тұтастай алғанда, Парламенттің қос палаталы құрылымы Қазақстанның жоғары заң шығарушы органы қызметінің пікір алшақтықтарын азайтып, өзара  ынтымақтаса жұмыс істеуін мақсат етеді: палаталар бір-біріне бағынбайды, бір-біріне тәуелсіз құрылады; палаталардың әрқайсысы жеке жұмыс тәртібінде қызмет атқарады, өздерінің қызмет аясы мен міндеттері бар. Сонымен  қатар олар көптеген мәселелер бойынша  бірлесіп қызмет атқаруға міндетті.

         

           Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы билік органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.

           Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады. Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының В тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкімет туралы заңы бойынша реттеледі.

        Үкіметтің құқықтық мәртебесі

Қазақстан Ресупбликасының  Үкіметі — мемлекеттік биліктің ерекше тармағы ретінде министрліктерден, агенттіктерден, комитеттерден тұратын  орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкімшіліктерден  тұратын жергілікті атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың  қызметіне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері Қазақстан  Республикасының Конституциясында бекітілген (64-бап). Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі  ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда  қабылданған “Қазақстан Республикасының  Үкіметі туралы” (1999 ж. 6 мамырда  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) ҚР-ның конституц. Заңымен белгіленген. Үкімет ҚР Конституциясының, аталған  конституц. заңның, ҚР-ның заңдары  мен өзге де нормативтік актілерінің  негізінде және оларды орындау үшін іс-қимыл жасайды.

 

     Үкіметті құру

 

Үкіметті Республика Президенті ҚР-ның Конституциясында көзделген  тәртіппен құрады. Премьер-Министр  Үкімет басшысы болып табылады. Премьер-Министрді  Парламенттің келісімімен Президент  қызметке тағайындайды және қызметтен  босатады. ҚР-ның Премьер-Министрі өзі  тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентіне ұсыныс енгізеді. Президент  Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша  үкімет құрылымын анықтайды, оның мүшелерін  қызметке тағайындайды және оларды қызметтен  босатады, орт. атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкіметінің құрылымын министрліктер мен  өзге де орт. атқарушы органдар құрайды.

      Қазақстан Үкіметі — алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері — республиканың Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кіреді. Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері қызметке кірісер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкіметі туралы конституциялық заңда белгіленген тәртіппен ант береді. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берілген. Ол Президентке Үкімет құрамына кірмейтін министрліктерді, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметіне кандидатуралар жөнінде, министрді қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді, Үкіметтің қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді.

Үкіметке мынадай негізгі конституц. өкілеттіктер берілген:

ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, оны  жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды талдап жасау;

мемлекеттік бағдарламаларды  әзірлеу;

әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтік жоспарларын әзірлеп, іске асыру;

Республика Президенті белгілеген тәртіппен респ. бюджетті және оған енгізілетін өзгерістерді әзірлеуге  қатысу, парламентке республикалық  бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету;

ҚР-ның қаржы жүйесін  нығайту жөніндегі шараларды  әзірлеп, жүзеге асыру;

мемлекеттік валюталық, қаржы  және материалдық қорларының құралуы  мен пайдалануы кезінде заңдылықтың  сақталуына мемлекеттік бақылау  жасау;

құрылымдық және инвестициялық  саясатты жүзеге асыру;

баға құралуының мемлекеттік  саясатын әзірлеп, ұйымдастыру;

мемлекет реттейтін баға қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен  қызмет көрсетулердің номенклатурасын  белгілеу;

мемлекеттік меншікті басқаруды  ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын  әзірлеп, жүзеге асыру, мемлекеттік  меншік құқығының қорғалуын қамтамасыз ету;

еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесі мен шарттарын айқындау;

мемлекеттік аймақтық саясаттың  негізгі бағыттарын әзірлеп, іске асыру;

аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақаралық мәселелерін  шешуді қамтамасыз етеді;

ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгізу, мәдениетті, білім беруді, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөніндегі  мемл. саясатты айқындап, іске асыру;

табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану  және қорғау шараларын әзірлеп, жүзеге асыру;

құқықтық реформалардың  жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын қорғау және заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, ҚР-ның  қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР-ның мемлекеттік шекарасын  күзету шараларын әзірлеп, іске асыру;

келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою  туралы шешімдер қабылдау;

ҚР-ның шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты дамытуын қамтамасыз ету;

Информация о работе Құқықтың түсінігін анықтауға нормативтік және кең қадам