Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны

Автор: a*********@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 20:12, реферат

Описание работы

Құқықтық мемлекеттің мазмұнының негізгі талаптары:
1) Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес ескіріп, жаңарып жататын көп қырлы кұбылыс. Бұл мемлекетте адамның толық егеменді болуы қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін органдарын кұруға қатысуы заңды түрде бекітілуі керек.
2) Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізі - өндіргіш күш пен өндірістік қатынас және көп меншіктік шаруашылық арқылы дамуы. Құқықтық мемлекетте меншіктің басым көпшілігі - өндіруші мен тұтынушылық билігінде болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін оларға толық бостандық беруі керек. Сонда ғана қоғамның

Работа содержит 1 файл

Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны.docx

— 33.85 Кб (Скачать)

Құқықтық мемлекеттің  түсінігі мен мазмұны 

Қазіргі заманда құқықтық мемлекет құру қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуға мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.

Сондықтан болашақта  құқықтық мемлекет бірнеше дамыған елдерде қалыптасуы мүмкін. Бірақ ол мемлекеттердің мазмұнында, әсіресе нысанында объективтік ерекшеліктері болады.

Құқықтық мемлекеттің  мазмұнының негізгі талаптары:

1) Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес ескіріп, жаңарып жататын көп қырлы кұбылыс. Бұл мемлекетте адамның толық егеменді болуы қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін органдарын кұруға қатысуы заңды түрде бекітілуі керек.

2) Құқықтық мемлекеттің  экономикалық негізі - өндіргіш күш пен өндірістік қатынас және көп меншіктік шаруашылық арқылы дамуы. Құқықтық мемлекетте меншіктің басым көпшілігі - өндіруші мен тұтынушылық билігінде болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін оларға толық бостандық беруі керек. Сонда ғана қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеруге, нытайтуға болады.

3) Құқықтық мемлекеттің  әлеуметтік негізі — өзін-өзі басқаратын азаматтық қоғамда адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етіп, олардың жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік беру. Қоғамның әлеуметтік жағдайының жақсаруы құқықтық мемлекеттің нығаюы. Бұл екі процесс бір-бірімен тығыз байланысты. Құқықтық мемлекет сонымен бірге әлеуметтік мемлекет.

4) Құқықтық мемлекеттің  моральдық негізі - гуманизм, әділеттік, бостандық, теңдік, адамдардың қадір-қасиетінің, ар-намысының деңгейі. Осы жоғары дәрежедегі принциптер болса құқықтық мемлекет болады. Өйткені мұндай қоғамда адамдардың рухани сана-сезімі де жоғары дәрежеде болады.

5) Құқықтық мемлекеттің  саяси негізі — халықтың, ұлттық тәуелсіздігін қалыптастырып қоғамдық билікті жан-жақты дамытып, адамдардың бостандығын, теңдігін қорғап, әділеттікті, демократияны орнату, қарым-қатынастарды реттеп басқару.

Міне қоғамның осы негіздеріне сүйене отырып құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік қалыптасады.

Құқықтық мемлекеттің  негізгі белгілері:

- мемлекеттік билікті үш түрге бөлу, олардың ара қатынасын қатаң сақтау; азаматтық қоғамның калыптасуы;

- қоғамда жоғары  дәрежеде құқықтық мәдениеттің қалыптасуы, адамдардың рухани сана-сезімінің жақсы дамуы;

- мемлекеттік аппараттың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың өмірдегі қарым-қатынастарда өзара жауаптылығы;

- қоғамның экономикалық, әлеуметтік бағытында әділеттікті,  теңдікті қамтамасыз ету үшін антимонополиялық органның қызметін қатаң бақылау;

- қоғамның ішкі құқық нормалары мен халықаралық құқықтың өзара қатынасын бақылап, жақсартып отыру;

- қоғамда заңның  үстемділігін орнату, азаматтық қоғамды қалыптастыру. Адамдар "заңның құлы" болмайынша құқықтық тәртіпте, демократия да жақсы дамуға тиіс емес. Бұл туралы өмір тәжірибесінен қалыптасқан мынадай өсиет сөз бар:

Заң — мемлекеттің ақылы.

Сот — мемлекеттің  жүрегі.

Мәдениет —  мемлекеттің тәртібі.

Міне осы үш қағидалы өсиет өзара бірігіп қалылтасып және мемлекеттің ішкі заңдары көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келсе, елімізде мемлекет орнайды.

Адам қоғамының  барлық дәуірінде құқықтық мемлекет кұру мәселесі толастап көрген емес. Әсіресе елді басқаруда абсолютизм, деспотизм, тоталитаризм орнаған кезде құқықтық мемлекет орнату — деген дауыс, талап күшейіп отырды. Бұл тұрғыдан өте күшті концепция феодализмге қарсы, буржуазияның күресі кезінде қалыптасты. Күрестің саяси ұрандары: «Бостандық!» «Тендік!» «Әділеттік!» халыққа едәуір жақсылықтар әкелді.

Бірақ көп елде реакцияшыл буржуазияның кертартпа саясаты демократиялық реформаны толық аяқтауға мүмкшшілік бермеді.

Ірі буржуазия саяси билікке қолы жеткеннен кейін құқықтық мемлекет орнату бағытынан алшақтай бастады. Бұл елдерде буржуазияның үстемдігін қорғайтын мемлекет пен құқық орнап көп уақыт өмір сүрді.

XX ғ. қоғамды  басқару тәжірибесін шынықтырып  капиталистік елдер жаңа экономикалық саясатқа көшіп халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, бостандықтың шеңберін кеңітіп, демократиялық мемлекетті дамытуда. Бұл саясаттың мазмұны:

1) Қазіргі заманда халықтың рухани сана-сезімі қоғамдық басқаруға, қоғамдық меншік орнатуға жетілген жоқ. Сондықтан меншіктің түрлерін шектемей нарықтық экономикаға толық бостандық беру. Осы жерде «Өзімдікі дегенде өгіздей күшім бар...» деген мақал дұрыс келеді.

2) Нарықтық экономика  арқылы халықтың еңбекке деген ынтасын көтеріп, шаруашылықтың, өндірістің барлық саласында бизнесмендердің бәсекесін дамыту.

3) Халыққа өздерінің  әлеуметтік экономикалық мүддесін-мақсатын  орындаудағы іс-әрекетіне толық бостандық беріп, мемлекет тек көмек көрсетуге тиіс. Мемлекет нарықтық экономика туралы заңды, құжаттарды дер кезінде қабылдап олардың орындалуын қатаң түрде бақылап отыруы керек. Әсіресе жеке меншікті қорғауды, адамдардың бостандығын сақтауды бірінші бағытқа алу керек.

Осы жаңа экономикалық саясат капталистік елдердің соңғы 40-50 жыл ішінде экономикасын дамытып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып демократиялық қоғам құруына мүмкіншілік беріп отыр.

Қазіргі заманда дүние жүзінің барлық мемлекеттері капитализмнің жаңа экономикалық саясатын қабылдап нарықтық экономиканы дамытып жатыр. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бұрынғы кеңестік республикадар да осы жолға бет бұрып отыр.

Әлемдік стандарт жолына Қазақстан да бет бұрып, нарықтық экономиканы дамытты. Кеңестік жүйенің жақсылығы да аз болған жоқ: 20-60 жж. Экономиканың, мәдениеттің, қорғаныстың жетістіктері дүние жүзіне белгілі болды. Бірақ Кеңес Одағының жетістіктерінен гөрі кемшіліктері басым болды. Сондықтан Одақ ыдырады...

Енді капиталистік елдердің XX ғ. 30-50 жж. либералдық-демократияға бет бұрып, дамуының себептеріне қысқаша түсінік берейік.

Бірінші себебі - капиталистік елдер 1929-1938 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан Кеңес Одағының бір орталықтан жоспарлау тәжірибесінің жақсы жағын пайдаланып экономиканың жақсы дамуына мүмкіншілік жасады. Жеке меншіктегі шаруашылықтарға мемлекет тиіспеді. Міне осы тәсілді капиталистік мемлекеттер үздіксіз пайдаланып келеді.

Екінші себебі - Ресейде, Қытайда тағы басқа Европа - Азия елдерінде социалистік мемлекеттер орнап, қалың бұқараның мүдде-мақсатын орындаймыз-қорғаймыз деген желдірме «ұрандарынан» ірі буржуазия сескеніп халықтың, саяси-әлеуметтік жағдайына көңіл бөлуге мәжбүр болды. Бұл саясатты дұрыс, жақсы дамытуға ғылыми-техникалық революция экономикалық жағдай жасады.

Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары:

- мемлекеттік биліктің үш саласының жұмысын жақсарту, әсіресе заңның, нормативтік актілердің сапасын көтеру;

- нормативтік актілердің дұрыс пайдалануын, орындалуын қамтамасыз ету, халықтың рухани сана-сезімін, мәдениетін жақсартып, көтеру;

- қоғамдағы қатынастарды  дұрыс, жақсы реттеу-басқару бағытындағы  мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың жұмысын жақсарту;

- бостандықты,  теңдікті, әділеттікті, демократияны дамыту;

- заңдылықты, құқықтық  тәртіпті қатаң сақтау. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша құқықтық мемлекет қалыптастырудың негізгі бағыттары демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру (1-бөлім).

Демократиялық мемлекет — Қазақстанды алдымен Конституция қабылдап, тікелей басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар республикалық құрылыстағы мемлекет ретінде танытатын ұғым. Республиканың жоғарғы органдары арқылы көпшілік қазақстандықтардың еркін шынайы анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті мүмкіндіктер береді. Демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді, мемлекеттік қызметке араласып, қатысуға тең құқықтар беріледі. Демократиялық мемлекет қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі — «Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық» (1-6. 2-т.).

Зайырлы мемлекет - Қазақстан Республикасында діни мекемелер мен дін ұстау мемлекеттен бөлістігін білдіреді және бұл Қазақстандағы ислам мен православиелік тағы басқа нанымдық ағымдарға бірдей қатысты. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Наным немесе атеизм мәселесі-әркімнің жеке басының шаруасы. Елдегі дін ұстау бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылайды.

Құқықтық мемлекет - Қазақстанның барлық органдары мен лауазымды адамдарының қызметі құқық нормаларына байланысты, соған бағынышты және соған сәйкес іс-әрекет жасайды. Құқықтың негізгі принцитері: азаматгар үшін - «заңға тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі», мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін — «Заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұксат». Барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттікті жоғары дәрежеге көтеру және азамат құқығы мен бостандығын халықаралық өлшем деңгейіне жеткізу Қазақстан мемлекетінің негізгі міндеті. Құқықтық мемлекетте Заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғары дәрежедегі лауазым иелерінен қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін еркін сезінуге, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуы керек екенін түсінуі қажет.

Сонымен Қазақстанда реформаторлық процесс арқылы қоғамның саяси-экономикалық құрылысында көп өзгерістер болды. Қоғамдық ғылымдарда жаңаша ғылыми зерттеулер басталады. Мемлекет пен құқықты дүниежүзілік заң ғылымдар туралы концепциямен бірлестіріп дамытуға мүмкіншілік туды. Отандық кұқықтану, философиялық, экономикалық, саяси ой, сана, пікір құқықтық демократиялық мемлекет туралы ғылымды зерттеуге, дамытуға бет бұрды.

Құқықтық мемлекет негіздері 
1. Құқықтық мемлекеттің бастаулары мен белгілері 
Билікті құқықпен, заңмен шектеу идеялары — барынша ескі идеялар, оның негізін салушылар деп заңды түрде ежелгі грек философтары Платон, Аристотельдер есептелінеді. Дегенмен заңсыздық және бассыздықпен күрес проблемасы айрықша маңызға феодализм және авторитарлық және тоталитарлық режимдегі буржуазиялық полицейлік мемлекеттер кезеңінде ие болды. Құқықтық мемлекет идеяларын дамытуға И.Кант, В.Гегель сияқты ойшыл-философтар барынша үлес қосты. Олар құқықтық мемлекеттің философиялық негізін қалады. Канттың ойы бойынша, «мемлекет — құқықтық заңдарға бағынатын көптеген адамдардың бірлестігі». Жан-Жак Руссо, оның ой-толғамдары да құқықтық мемлекет негіздеріне жатады, мемлекет «қоғамдық келісім» нәтижесінде пайда болады деген идеяны негіздеп шығарды, өйткені халық ортақ істерді және әрбір тұлғаның алдында тұрған істерді шешетін саяси (билік) күштің пайда болуының объективті қа-жеттілігін түсінеді. 
Құқықтық мемлекет теориясындағы аса маңызды мәселелердің бірі - биліктерді бөлу қағидатын құрушылар Дж. Локк пен Ш.Монтаскье болып табылады. Ш.Монтаскье: «Белгілі бір жағдайда түрлі биліктер бір-бірін өзара ұстап тұратын тәртіптер жүйесі қажет» деп дәлелдеді. 
Г.Едлинек құқық және заңның үстемдігі идеясын алдыға тарта оты-рып, сонымен қоса мемлекеттің өзін-өзі шектеу теориясын ұсынды. Орыс заңгерлері Н.М.Коркунов, П.И.Новгородцев, Г.Ф.Шершеневичтердің еңбектерінде құқықтық мемлекет тақырыбы құқықтық мемлекетті шектеу тұрғысынан қарастырылды. 
Жоғарыда айтылған идеялар негізінде кейінде төмендегідей белгілерімен ерекшеленген құқықтық мемлекет концепциясы құрылды: 
1. Өркениеттің тұрақты дамуының кепілі ретіндегі азаматтық қоғам-ның — автономиялық, егемен, ерікті тұлғалар одағының және құқықтық мемлекеттің өмір сүруіне қажетті жағдайдың болуы. 
2.  Мемлекеттің құқықпен байланыстылығы, ол: 
а) мемлекеттің құқыққа қайшы келетін заңдарды шығаруға құқығы жоқ, 
ә) мемлекет те, азаматтар да қабылданған заңдарды бірдей орындауға міндетті дегенді білдіреді. 
3.  Мемлекеттік билікті ұйымдастырған кезде билікті бөлу қағидатын іске асыру. Соған сәйкес мемлекеттік биліктің қалыпты өмір сүруі үшін оның ішінде салыстырмалы түрде бір-біріне тәуелді емес мынадай биліктер болуы тиіс: парламентке тиесілі заң шығарушы, үкіметке тиесілі атқарушы, сотқа тиесілі соттық. Мұндай бөлудің мәні биліктің бір тұлғаның немесе адамдар тобының қолында жинақталып қалуына жол бермеу, сөйтіп тирандық және авторитаризмнің алдын алумен негізделеді. 
4.  Заңның үстемдігі қағидатын сақтау. Бұл жоғары заң күшіне ие және мемлекеттің нормативтік құқықтық актілерін құрайтын Конституция негізгі заң болуы тиіс дегенді білдіреді. 
5. Құқықтық мемлекетте сот әділеттің және шынайы сот төрелігінің салтанат құратын органы болуы керек. Сот— қандай да бір ықпалдан тәуелсіз қорғау және бұзылған құқықтық жағдайды қалыпқа келтіретін орган. 
6.  Құқықтық мемлекеттің негізі — тұлғаның бостандығының, оның құқықтары мен мүдделерінің, ар-ожданының бұлжымастығы, оларды қорғау және кепілділігі. 
Сөйтіп, құқықтық мемлекет — бұқаралық билікті жүзеге асыру формасы, бұл жағдайда азаматтардың саяси ұйымы құқық және заңның үстемдігі негізінде жүргізіледі, әрбір тұлғаның құқықтары, бостандықтары және міндеттерін қорғау және қамтамасыз ету құралы болып табылады. 
 
2. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру 
 
Демократиялық мемлекет құру және дамыту туралы ой-толғамдар, идеяларды қазақ ойшылдарының шығармашылық мұраларынан да көптеп кездестіруге болады. Солардың бірі Абай Құнанбаев болып табылады. Ол құқықтық мемлекеттің қағидаттарын құру мәселесі бойынша бірқатар салмақты ой-пікірлер білдірді, олардың біразы күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жойған жоқ. Ақын мемлекеттік егемендік позициясын жақтады, адамдарды ұйымдастыру мен қорғаудың жоғарғы формасы заң деп таныды. Заңның рөлі туралы Абай былай деп жазды: «бізге ата-бабаларымыздан мұра боп қалған заңдардың жиынтығын - Қасым салған қасқа жолды, Есім салған ескі жолды, Тәуке ханның «Жеті жарғысын» білу қажет». Демократияның маңызды бір буыны, Абайдың пікірі бойынша, заңның салтанат құруы болып табылады. Соттық биліктің тәуелсіздігі туралы Абай идеялары Қазақстан Республикасы және дамыған елдер Конституцияларының сот туралы ережелерімен астасып жатыр. Ол соттарды шектеусіз мерзімге сайлауды жақтайды, олардың ауыстырылмауын қалайды: «білімді және білікті адамдарды, осы орында отыру мерзімін анықтамай-ақ, сайлау қажет, тек өз істерін адал атқармағандарды ауыстыру керек». 
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы өте созылмалы және күрделі процесс. Қазақстанның қазіргі кезеңі мемлекетіміздің жалпыға ортақ өркениетті даму жолына қайта түсуімен сипатталады. Тұңғыш рет 1993 жылғы Конституция Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы — адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялады. Бұл ережені бүгінгі күні қолданыста жүрген 1995 жылғы Конституция да, 1-баппен бекітті. 
Құқықтық мемлекеттің бір белгісі мемлекеттік билікті ұйымдастыруда биліктерді бөлу қағидаттарын жүзеге асыру болып табылады. Тұңғыш рет ол жүйе құрушы қағидат ретінде 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» декларацияның 7-бабында айшықталды. Соған сәйкес, мемлекеттік биліктің барлық жүйесін реформалау жүргізілді. Қазақстан Республикасы Конституциясы 3-бабының 4-тармақшасында Республикада мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөліну қағидатына сәйкес жүзеге асырылады деп атап көрсетілген. Заң шығарушы билікті Қазақстан Республикасының Парламенті, атқарушыны — Үкімет, сот билігін — Жоғарғы сот және Қазақстан Республикасының төмен тұрған соттары жүзеге асырады. Тежемелік және тепе-теңдік жүйесінің болуы - жаңа Конституцияның өзіндік ерекшелік-терінің бірі. Тежемелік және тепе-теңдік жүйесі элементтеріне парламенттік импичмент, Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру, Президенттің парламентті таратып жіберу құқығы, Үкіметті және оның мүшелерін орнынан босатуы жатады. 
Қазіргі кезде конституциялық бақылау механизмі құрылуда. Республикада конституциялық бақылаудың қалыптасуы құқықтық мемлекет құру туралы пайда болған конституциялық бағыт-бағдарлармен тығыз байланысты. Басқа нормативтік актілерден Конституцияның сөзсіз басым болуы құқықтық мемлекеттің белгілерінің бірі болып табылады. Құқықтық мемлекеттің тағы бір негізгі қағидаты мемлекеттің өзінің және оның органдарының Қазақстан Республикасы Конституциясына міндетті түрде бағынышты болуынан көрінетін құқықтық үстемдігі болып табылады. 
Конституциялық кеңес заңдар және басқа да нормативтік актілерді, егер олар Конституцияға қайшы келетін болса, Конституцияға сәйкес келмейді деп тануға құқылы. 
Қазақстан Республикасының Конституциясы адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп мойындай отырып, адамның құқықтары мен бостандықтарын, ар-ожданы мен қадір-қасиетін сақтау мен қорғау мемлекеттік биліктің басты міндеті болып табылады деген тұжырымды алдыға тартады. Конституция саяси, заңдық және басқа да кепілдіктердің нақтылы жүйесін құру үшін негіз қалады. Ол өз кезегінде баршаның заң мен сот алдындағы теңдігін, мемлекет пен түлғаның екіжақты жауапкершілігін қамтамасыз етеді. 
Конституция Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам қалып-тастыруға ықпал жасайды. Бұл Конституцияда идеологиялық және саяси әралуандылық танылатынынан айқын көрінеді (5-бап). Бұқаралық билікті саяси әралуандылық негізінде жүзеге асырады. Конституция саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, қозғалыстарға саяси және мемлекеттік өмірге қатысу үшін тең мүмкіндік береді. Үстемдік етуші ретіндегі қандай да бір идеологияның белгіленуіне жол берілмейді. Азаматтық қоғам мемлекет және азамат, тұтынушы және өндірушінің әлеуметтік серіктестігі, нарық шаруашылықтары меншік түрлерінің әралуандылығымен сипатталады. 
1995 жылғы Конституцияның басты бір жетістігі барлық деңгейдегі соттардың тәуелсіздігінің кепілдігі болып табылады. Сот билігінің тәуел-сіздігі судьялардың өкілеттігін сайлаудың, тағайындаудың және тоқтатудың ерекше тәртібімен, сонымен бірге сот құрамын құруға Жоғарғы Сот Кеңесі және Әділет біліктілік комиссиясы сияқты тәуелсіз органдардың қатысуымен айқындалады. Судьялардың тұрақтылығы қағидаты бекітілген (79-бап, 1-т.), судьялар өмірлікке сайланады және тағайындалады. Қазақстан Республикасының Конституциясына 1998 жылғы 7 қазанда Парламент енгізген қосымшалар сот ісін жүргізуді демократизациялауға бағытталған. 75-баптың 2-тармағына сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу заңмен белгіленген белгілі бір жағдайларда өзге де нысандар арқылы жүзеге асырылады. 1995 жылғы 20-желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, өзгерістері және толықтыруларымен, соттарды жеке билік ретінде бекіткен, соттар өз қызметінде заң шығарушы және атқарушы биліктерден тәуелсіз. 
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы Қазақстанды құқықтық мемлекет деп жариялайды. Демек Қазақстан құқықтық мемлекет құру және оның негізгі белгілерін конституциялық бекіту жолында тұр. 
 
Құқықтық мемлекет 
Құқықтык мемлекет дегеніміз - жеке адам және коғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру ісі қоғамды демократияландыруға, құқықтық тәртіптің және заңдылық принциптерінің сақталуына негізделеді. 
Құқықтық мемлекеттің негізі: 
-    Құқықтық мәдениет; 
-    Азаматтық қоғам; 
-    Заңдылық және құқықтық тәртіп; 

Информация о работе Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны