Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 14:33, реферат
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қыл¬мыс¬ты болдырмау, оның ал¬дын алу шараларын жүргізу, олардың құқықтық білімін арттыру – жергілікті мем¬ле¬кеттік органдар мен білім беру ұйымдарының негізгі міндеті десек, бүгінгі күні облыстағы білім беру саласы жұмысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушы¬лық пен қылмыстың алдын алу – өте өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ – қоғамға, мемлекетке, тұлғаға қауіпті зиян келтіретін, қоғамға жат іс-әрекет. Құқық бұзушылық түрлері: азаматтық Құқық бұзушылық (жеке адамға, азаматтың не ұйымның мүлкіне зиян келтіру), әкімшілік Құқық бұзушылық (мысалы, жол қозғалысының ережелерін бұзу), тәртіптік теріс қылық (жұмысқа келмеу), т.б. Құқық бұзушылықтың ең қауіпті түрі – қылмыс. Құқық бұзушылық заң бойынша тиісінше азаматтық, әкімш., тәртіптік, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау, оның алдын алу шараларын жүргізу, олардың құқықтық білімін арттыру – жергілікті мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарының негізгі міндеті десек, бүгінгі күні облыстағы білім беру саласы жұмысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу – өте өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім балалар қайдан шығады? Жасыратыны жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасаған, сөйтіп ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шығады. Ал енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып жүргендерін қадағаламауынан пайда болады. Сондықтан тәртібі нашар, ішкі істер органдарында есепте тұрған оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізуден жалықпау керек сияқты. Бізді риза қылғаны, облыстағы білім беру ұйымдарында құрылған қамқоршылық және ақсақалдар кеңесінің тарапынан бүгінде мазмұнды жұмыстар да атқарылуда екен. Атап айтқанда, Тараз қаласының 38 білім мекемесінде осындай қамқорлық кеңестері құрылып, “Білім туралы” Заңның 44 бабының 9 тармағына және Білім және ғылым министрлігінің білім беру ұйымдарында қамқорлық кеңесін құру, оның жұмысын үйлестіру туралы әдістемелік нұсқаулығына сәйкес көп жұмыстар атқарылған. Соның нәтижесінде 38 мектеп бойынша құқық бұзуға бейім 382 бала қамқорлыққа алынған. Олардың ішінде 201-і жетім, 191-і ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар екен.Қылмыстың алдын алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру.
Қазіргі таңда Қазақстан
Республикасы мемлекетінде жас балалар және
жасөспірімдер арасында (ұрлық, бұзықшылық,
зорлық-зомбылық) саны артуда. Үлкендер
жасөспірімдірдің арасындағы тәрбиесі
«қиын» балалармен қалай жұмыс істеу керектігі
жайлы жан-жақты ізденістер үстінде. Бұл
тек біздің облысымыздаң ғана емес, бүкіл
Республика бойынша өзекті мәселенің
біріне айналып отыр. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына
жолдаған жолдауында «Біз аға ұрпақты,
ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен
ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған
қоғам, ел халқының барлық жолдары тұрмысының
жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік
стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам
құрамыз» деген. Бұл, яғни бәсекеге қабілетті
ел болу үшін жас ұрпақты тәрбиелей білуіміз
керектігі. Тәрбие отбасынан басталады.
Ал өмірге келген ұрпақты тәрбиелеу ол
ең бірінші отбасының міндеті. Балаға
тәрбие беріп, өмірге қосуы, ол - ата менен
ананың жауапты ісі. Қазіргі кезде кейбір
отбасында әке мен шеше ішімдікке салынып,
болмаса неке тәртібін бұзып, немесе некесіз
бала туып, ол баланы тастап «тастанды»
қатарын көбейтіп жүрген қаракөз қыздарымыздың
саны күн санап артып отыр. Сондықтан да,
бұл қоғам дертін алдын алу қажет.
Тәрбие
ұғымы мәнді де мағыналы ұғым, Әл-Фарабидің
«Тәрбиесіз берілген білім, ол адамзаттың
қас жауы» дегені дәл бүгінгі күнге айтылған
секілді. Жалпы білім беретін мектептерге
қарағанда кәсіптік мектептерде қиын
балалар көбірек кездесетіні белгілі,
«Қиын балалар дегеніміз кімдер?» - деген
сұраққа, былай жауап беруге болады: «Олар
мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды
талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін
балалар». Сонымен қоса, білім деңгейі
төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын,
мұғалімдердің талабын орындамайтын,
адамгершілік деңгейі төмен, топтастарымен
үнемі тіл табыса аламайтын, ол кейде психикалық
дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ
(әртүрлі жүйке ауруларына шалдыққан)
балаларды қиын балалар және қиын жасөспірімдер
қатарына жатқызуға болады. Қазіргі уақытта
дәрігер, психологтар және инспекторлардың
есебінде осындай балалардың пайызы жоғары
болып отыр. Бұл қоғамның алға басуына
өз кесірін тигізетін де белгілі. Осы жоғарыда
айтылып өткен қиын балалармен әлеуметтік жұмыс
жасау бүгінгі күннің қажетті және
өзекті ісі болып табылады
2009.10.07. № 176-IV ҚР 2009.10.07. № 176-IV ҚР
2009.10.07,№176-IY ҚР Заңымен
2009.10.07. № 176-IV ҚР 1-бап жаңа редакцияда (бұр..қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік оңалту - кәмелетке
толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың, қадағалаусыз
2) 2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен алып тасталды
3) кәмелетке толмағандар
4) кәмелетке толмағанды бағып-
5) кәмелетке толмағанды
Кәмелетке толмағандар
арасындағы құқық бұзушылықтың алдын
алу, қоғамдағы қылмыстың алдын
алудың аса маңызды аспектісі болып табылады.
Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және
қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып,
жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін
қағидаларға тәрбиелеу қажет.
Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға алынған. Бұл «Неке және отбасы туралы», «Отбасылық үлгідегі балалар деревнялары және жасөспірімдер үйлері туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Еңбек туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Дене тәрбиесі және спорт туралы» заңдары, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер және т.б.
Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтың қайнар көздерінің осылайша көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесіннің көзделгендігін көрсетеді. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай мемлекетіміз отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға аса назар аударып отыр.
Отбасында тұрақтылық пен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету әрекеттері сәтсіз болған жағдайда, тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет.
Ол дегеніміз, балаларды тұрақтылығы бар, әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған мекемелерге тәрбиелеуге берілуі тиіс.
Баланың келешегіне кері әсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата-анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іс жүзіне асыру қажеттігінің мәні зор.
Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғы шарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағымсыз құбылыстары жатыр. Ол ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмауы нәтижесінде, соңғы жылдары қараусыз, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп құқық бұзушылық жасауға баратын балалар саны көбейіп отыр.
Сонымен қатар, әлі де болса біліктілігі жоғары педагогтар жалақының төмендігіне байланысты саудамен айналысуға мәжбүр.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында жаһандық дағдарысқа қарамастан мемлекеттің әлеуметтік саясаты - ең алдымен жұмыс орындарын көбейтуге, қамқоршылары баланы оқытуға, жағдайы келмеген кезде кәмелетке толмағандарға мемлекеттің есебінен жоғары және арнайы орта білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын өсіруге бағытталып отыр.
Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, ата-анасының қарауынсыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың келесі бір бағыты білім беру саласындағы заңнаманы жетілдіру, оның дәл және біркелкі қолданылуына тиісті бақылау және қадағалау жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
Оқу орындары, кәмелетке толмағандарға медициналық, кеңестемелік және басқа да көмек көрсететін, атап айтқанда осындай жәрдемге мұқтаж немесе қатыгездік құрбаны болған, ата-анасының мейірімін көрмеген және қудалау мен қанауға душар болған жасөспірімдерге қолұшын беретін базалық және анықтама орталықтарына айналуы тиіс. Нормативтік құжаттарда мектепке бару ережесін сақтау қиынға соғатын, сондай-ақ мектепті тастап кететін кәмелетке толмағандарға арнайы көмек көрсетілетіні көзделіп, жастар арасындагы қылмыстың және кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың тиімді жолдарын табуға қатысты, ғылыми-зерттеу жүргізуде білім беру жүйесінің барлық буындарының арасында ынтамақтастық болуын ынталандыруға, сондай-ақ осындай зерттеулердің кең таралуы көзделуге тиіс. Осындай зерттеу нәтижелерінің негізінде білім басқармалары кәмелетке толмағандарға, заңға сәйкес мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелік құралдар әзірлеп, білім беру мекемелерінің жұмыс тәжірибесіне енгізу керек. Жасөспірімдер арасындағы заңға қайшы мінез-құлықтың алдын алудың неғұрлым тиімді шарасы девиантты мінез-құлқымен ерекшеленетін кәмелетке толмағандарды, әсіресе қоғамға қарсы бағдарланған жасөспірімдер топтарының лидерлерін дер кезінде анықтауға және олардың айналадағы адамдарға теріс ықпал жасауына жол бермеу болып табылады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, осындай жасөспірімдерді арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне орналастыру мүмкіндігі болғанда бұл жұмыстың пәрменділігі артады. Осының өзі құқық бұзушылықтың қайталануын болдырмауға, сондай-ақ оларды ересек адамдардың тарапынан болатын теріс әсерден оқшаулауға мүмкіндік береді. Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, қараусыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың тағы бір бағытты әр түрлі қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің, клубтардың және т.б. қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру болып табылады, себебі кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алу көбіне жасөспірімдердің бос уақытын да ұйымдастырылатын әр түрлі қызметтердің жұмыс сапасына байланысты.
Мәдениет, ойын-сауық, спорт және туризм мекемелерінің, әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған кәмелетке толмағандарды көркемөнер, техникалық, спорт және т.б. үйірме, секцияларында үйренуге тарту, оларды отандық және дүниежүзілік мәдениет құндылықтарына баулу басты бағдарлама болуы тиіс.
Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдары зор рөл атқарады. Бірақ, бұл істе айтарлықтай кемшіліктер бар екендігі барлығымызға белгілі. Мысалы: теледидар арқылы адам өлтіру, қатыгездік, қанкұйлы оқиғалар, алдап-арбау, эротикалық мағанадағы журналдар, фото суреттер, жарнамалар мұнын өзі келешек ұрпақтың мінез құлқының қалыптасуы мен даму процестеріне зиян келтіретіндігі айтпаса да түсінікті. Осы жағдайға байланысты бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңда, жастарға арналған тиісті қызметтер мен мүмкіндіктерді БАҚ-ы арқылы тарату қажеттігі туралы норма императивті түрде баяндалу керек. Заңда бұқаралық ақпарат құралдарын есірткімен, зорлықпен байланысты материалдар көрсетуді мейлінше азайтуға, сондай-ақ зорлық пен қанауды жағымсыз жағынан көрсетуге мүдделі ететін, осыған ынталандыратын нормалар көзделуі тиіс. БАҚ-ы өз бағдарламаларын дер кезінде түзетуі аса қажет, олардағы ақпарат балалар мен жасөспірімдердің ақылын кемітпей, қатыгез етпей, дұрыс бағдар беруі тиіс. Сонымен қатар есірткі мен алкогольді пайдаланудың алдын алудағы, бұл заттардың зияны туралы ақпаратты барлық деңгейде таратудағы рөлі мен жауапкершілігі заң жүзінде анықталғаны жөн. Жоғарыда айтылғандай, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауының себептеріне кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның, прокурорлық қадағалау, полиция, сот-тергеу органдарының қызметін жетілдіру шаралары көзделіп, кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың тиімділігін арттыру үшін барлық құқық қорғау, мемлекеттік басқару органдарының, балалар мен жасөспірімдер мәселелерімен айналысатын жастар және қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің өзара ықпалдасуын, қызметтерін үйлестіру жөнінде кешенді шараларды әзірлеу қажет. Осы мақсатта үйлестіруші орган, балалар мен жасөспірімдер құқық бұзушылығының алдын алу іс шараларын жүзеге асыру кезінде жинақталатын ақпарат, тәжірибе, білім мен мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейде алмасуды жандандыруға тиіс. Осы орайда айта кететін бір жағдай, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялар, білім басқару мекемелері, ішкі істер органдары, балалар мен жасөспірімдердің жалпы әлеуметтік нормалар мен құндылықтарға сай келмейтін мінез-құлқы, көп жағдайда есею процесімен байланысты болатындығын және есейген сайын олардың мінез-құлқы өзгеретіндігін, ал жасөспірімдерді тәртіп, құқық бұзушы немесе бастап келе жатқан құқық бұзушы деп анықтау көп жағдайда жастардың бойында тұрақты жағымсыз мінез-құлық қалыптасуына әкеліп соғатындығын да терең ескерілуі қажет деп ойлаймын.
Жоспары:
1.Құқық бұзушы балалар қайдан шығады?