Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 18:17, курсовая работа
Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық туралы айтқанымызда, бұл құқыққа әлдебіреуінің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ міндеттің де кейбіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз. Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін «құқық субъектілері» деп немесе тұлға деп атайды.
Кіріспе......................................................................................................................2
I. Жеке тұлғалар азаматтық құқық субъектісі ретінде...............................3
1.1.Жеке тұлға ұғымы, азаматтың есімі................................................................3
1 . 2. Азаматтардың құқық қабілеттілігі................................................................4
1.3. Азаматтардың әрекет қабілеттігі...................................................................6
II . Заңды тұлғалар азаматтық құқық субъектісі ретінде...........................9
2.1. Заңды тұлға атауы, теориялық түсінік...........................................................9
2.2. Заңды тұлғанын түрлері.................................................................................12
2.2. Заңды тұлғанын пайда болуы.......................................................................16
III. Статистикалық қорытындылар...............................................................24
Қорытынды...........................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер......................................
Заңды тұлғаның жарғысында: онда оның атауы, тұрғылықты орны, оның органдарын құру тәртiбi және олардың құзыретi, оның қызметiн қайта құру мен тоқтату ережелерi белгiленедi. Егер заңды тұлғаны бiр адам құрса, онда оның жарғысында мүлiктi құру және кiрiстердi бөлу тәртiбi де белгiленедi. Барлық мүдделi адамдар заңды тұлғаның жарғысымен танысуға құқылы.
Мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу
Қажетті құжаттар тізбесі: мемлекеттік тіркеу туралы өтініш (түпнұсқа); үш данадағы жарғы (не болмаса типтік жарғы, мемлекеттік кәсіпорын үшін - жарғы); құрылтай жиналысы хаттамасының түпнұсқасы (мемлекеттік мекеме үшін – Үкіметтің немесе кәсіпорынды құру туралы жергілікті атқарушы органның шешімі); орналасқан жерін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған көшірмесі); түбіртек (не болмаса заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін және филиалдар мен өкiлдiктердi есептік тіркеу үшін бюджетке алым төлегенін растайтын құжат); заңды тұлғаның басшысын және құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттарының, олардың салық төлеуші куәліктерінің көшірмелері. Егер заңды тұлға табиғи монополиялардың субъектісі болып табылса, онда монополияға қарсы органның жазбаша келісімі қажет. Егер заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болып табылған жағдайда, салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтама қажет.
Төлем: шағын кәсіпкерлік субъектілері, олардың филиалдары мен өкілдіктері – 2 АЕК; заңды тұлғалар (орта және ірі бизнес), олардың филиалдары мен өкілдіктері – 6,5 АЕК; мемлекеттік кәсіпорындар – 1 АЕК; саяси партиялар, олардың филиалдары мен өкілдіктері – 14 АЕК.
Заңды тұлғаларды
мемлекеттік тіркеу тәртібі
Мемлекеттік тіркеудің құқықтық маңызына келетін болсақ, тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап заңды тұлға бо-лып саналады. Заңды тұлғаны тіркеу фактісі заңды тұлғаға заң талабын сақтауды және өзінің кұрылтай қүжаттарын заңға сәйкестендіруді міндеттейді. Тіркеуден бас тарту тек сот тәртібімен шешіледі. Заңды тұлғаны құрудың тиімсіздігін желеу етіп тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.
Заңды түлғаларды қайта тіркеу негіздері Азаматтық кодекстің 42-бабынын 6-тармағында келтірілген. Заңды тұлға мынадай жағдайларда: 1) акционерлік қоғамның жарғылық капиталының және жарияланған жарғылык капиталының мөлшері азайғанда; 2) атауы өзгергенде; 3) шаруашылық серіктестіктеріндегі және жабық акционерлік коғамдардағы қатысушылардың құрамы өзгергенде қайта тіркеледі. Кұрылтай құжаттарына басқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ретте заңды тұлға бұл туралы тіркеуші органды бір айлық мерзімде хабардар етеді.Филиалдар мен өкiлдiктер заң құжаттарында белгiленген тәртiппен тiркеледi. Филиалдар мен өкiлдiктер атаулары өзгерген жағдайда қайта тiркелуге жатады. Заңды тұлға құрудың заңда белгiленген тәртiбiн бұзу немесе оның құрылтай құжаттарының заңға сәйкес келмеуi заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға әкелiп соқтырады. Заңды тұлға құрудың тиiмсiздiгiн желеу етiп тiркеуден бас тартуға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк тiркеуден бас тартқаны, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтарғаны үшiн сотқа шағым берiлуi мүмкiн.
Аталған негiздер бойынша
құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер
заңды тұлға қайта
Заңды тұлгаларды қайта құру және тарату.
Қайта құру - дегеніміз заңды тұлғаның қүқықтары мен міндеттерінін мирасқорлыққа өтуіне байланысты токтатылу тәсілі болып табылады. Қайта құрудың бес түрі бар (АК-тің 45-бабы); косу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту. Заңдарда қайта құрудың басқа да нысандары көзделуі мүмкін. Қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. Ерікті қайта кұру заңды тұлғаның мүлік меншік иесінің немесе құрылтай құжаттары бойынша қайта құруға өкілеттігі бар заңды тұлғаның органының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Бірақ мынадай жәйтті ескеру керек, яғни заңды тұлғаның жекелеген түрлері үшін құжаттарының императивті (бұйрық) нормасы заңды тұлғаның нақты органдарының құзыретіне қатысты келіп, оны қайта құруға байланысты қабылдаған шешімге сәйкес болады. Азаматтық кодекстің 79-бабына сәйкес қатысушылардың жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта құру немесе тарату туралы мәселені шешу жатады. Тиісінше заңды тұлғаны қайта құру оның мүлкінің меншік иесінің (уәкілетті органның) немесе заң құжаттарымен уәкілдік ететін органның шешімімен, немесе қүрылтай күжатымен немесе заңда қаралған жағдайларда сот органдарының шешімімен жүзеге асырылады.
Ықтиярсыз қайта құру заң құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Сөйтіп, Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды ықтиярсыз таратуды сот тәртібімен ғана реттейді.
Ықтиярсыз тарату тәртібі
Азаматтық кодекстің 45-бабының 3-тармағында
айқындалған, енді оны сөзбе-сөз
келтіре кетелік: «Егер заңды
тұлғаның мүлкін меншіктенуші, ол уәкілдік
берген орган, құрылтайшылар немесе
заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында
қайта кұруға уәкілдік берілген органы
заңды тұлғаны қайта құруды сот
органының шешімінде
Заңды тұлғаларды қосқан кезде
олардың әрқайсысының қүқықтары
мен міндеттері өткізу кұжатына сәйкес
жаңадан пайда болған заңды тұлғаға
ауысады.Заңды тұлғаны екінші бір
заңды тұлғаға біріктірген
Тарату — заңды тұлганың құқықтары менміндеттерін мирасқорлыққа өткізбей тоқтату тәсілі. Тарату ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін.
Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенушінің
немесе меншік иесінің уәкілдік берген
органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай
құжаттарында шешім қабылдауға уәкілдік
берілген заңды тұлға органның шешімі
бойынша заңды тұлға кез келген
негіз бойынша таратылуы
Ал ыктиярсыз тарату сот шешімімен: 1) банкрот болған; 2) заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған; 3) заңды тұлғаның жарғылық максаттарына қайшы келетін кызмет үнемі жүзеге асырылған; 4) тиісті рүқсат алынбаған (лицензия) кызметті, не заң кұжаттарына тыйым салынған кызметті жүзеге асырған, не кызметін заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізген жағдайда; 5) заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.
Заңды тұлғаны тарату оның мүлкінің меншік иесінің (уәкілетті органының) немесе заңды тұлғаның тиісті органының тағайындаған тарату комиссиясымен жүзеге асырылады, бұл арада әңгіме ерікті тарату туралы болып отыр, ал басқа жағдайларда сот арқылы таратылады. Тарату жөніндегі комиссия тарату кезеңінде заңды тұлғаны басқарады және оның атынан әрекет етеді.
Тарату комиссиясы болатын тарату жөнінде Әділет органдарына хабарлайды, тарату комиссиясы заңды тұлғаның таратылғаны туралы және оның несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ресми баспасөзде жариялайды. Бұл мерзім тарату туралы хабар жарияланған кезден бастап екі айдан кем болмауы керек.
Несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру жөнінде АК-тің 51-бабында айтылған, әрі онда мынадай кезек бойынша жүргізілетіндігі келтірілген:
1)бірінші кезекте —
таратылатын заңды тұлға
2)екінші кезекте — несие берушілердің қамтамасыз ету сомасы шегінде таратылатын банкроттың мүлкін кепілге салып қамтамасыз етілген міндеттемелері жөніндегі талаптары қанағаттандырылады;
3)үшінші кезекте —
еңбек шарты бойынша жұмыс
істейтін
адамдардың еңбегіне ақы төлеу және авторлық
шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі
есеп айырысу жүргізіледі;
4)төртінші кезекте —
бюджетке және бюджеттен тыс
қорларға міндетті төлемдер
5)бесінші кезекте — заң құжаттарына сәйкес басқа да несие берушілермен есеп айырысылады.
Таратылатын заңды тұлға мүлкінің жеткіліксіз болуына байланысты несие берушілердің қанағаттандырылмаған, сондай-ақтарату балансын бекіткенге дейін мәлімделмеген талаптары өтелген деп есептеледі. Егер несие беруші талап қойып сотқа жүгінбесе, несие берушілердің тарату комиссиясы мойындамаған талаптары да, сот шешімімен несие берушіге қанағаттандырудан бас тартылған талаптар да өтелген деп есептеледі.
III . Статистикалық қорытындылар.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларын шығарған ҚР Статистика агенттігі осындай мәлімет таратып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Статистика агенттігі Агенттік деректеріне қарағанда, тіркелген заңды тұлғалар ішінде 278 мың 197 бірлігінің 50 адамнан кем емес қызметкерлері бар болып табылады. Сонымен бірге, жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 186 мың 235-ті құраса, оның 171 мың 882-сі - шағын кәсіпорындар. Сондай-ақ қыркүйектегі жағдай бойынша республикадағы шағын бизнес субъектілерінің саны 210 мың 916 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,2 пайызға артқан.
Бұдан басқа, елімізде тұтыну бағаларының индексі 2009 жылғы тамызда 2008 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,3 пайызды құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар - 2,7, азық-түлік емес тауарлар - 6,2, ақылы қызметтер көрсету 4,7 пайызға артқан. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2010 жылғы тамызда 2009 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 17,5 пайызға өскен. 2009 жылғы қаңтар-маусымда жедел деректер бойынша жалпы ішкі өнім көлемі ағымдағы бағаларда 6 трлн. 446,3 млрд. теңгені құрады. 2008 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда нақты ЖІӨ-нің төмендеуі 2,3 пайызға тең болып отыр.
01.09.2010 жылға Қарағанды облысының
статистика департаменті
Белсенді іс әрекеттегі кәсіпорындардың көбісі облыстың өнеркәсіп жағынан дамыған және халықтың тығыз орналасқан Қарағанды (57,5%), Жезқазған (6,6%), Теміртау (10,1%), Балқаш (3,3%) сияқты өңірлерінде шоғырланған. Басқа аудандар мен қалалардың үлесіне 22,5% заңды тұлғалар келеді.
Іс әрекеттегі заңды тұлғалардың 31%-ға жуығы сауда қызметімен айналысатын кәсіпорын болып тіркелген, оның ішінде 15,1% сауда кәсіпорындары белсенді қызмет атқарды. Іс әрекеттегі заңды тұлғалардың тиісінше 7,4%-ы және 7,1%-ы өңдеу өнеркәсібі, білім берумен айналысқан. Экономиканың басқа салаларында іс әрекеттегі кәсіпорындар үлес салмағы 0,5%-дан 6,5%-ға дейінді құрады.
Іс әрекеттегі кәсіпорындардың айтарлықтай санына қарамастан, тіркелген заңды тұлғалардың 5 мыңы (25%) экономикалық қызмет түрін іске асырмаған, негізінен олардың барлығы (99%) шағын кәсіпорындар болған. Әрекетсіз кәсіпорындардың жалпы санынан 96,2% заңды тұлғалар табылмаған, олармен екі жылдан астам байланыс жоқ. Ұйымдардың 0,7%-ға жуығы салық органдарының шешімдерімен қызметтерін тоқтатқан, 3,1%-ы ресми түрде банкрот болып жарияланған.
Батыс Қазақстан облысында 1 желтоқсан күнгі дерек бойынша заңды тұлғалар 6947-ге, соның ішінде 50 адамнан аспайтындар саны 6335-ке жетті.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, жұмыс істейтін заңды тұлғалар саны - 5483, соның ішінде шағын кәсіпорындар - 4882.
Тіркелген заңды тұлғалардың көпшілігі сауда, автомобиль, мотоцикл жөндеу саласында - 24,2 пайыз, құрылыста - 15,8 пайыз, білім беруде - 9,2 пайыз. Осы үшеуінің үлесі 49,2 пайызды құрайды.
Жылдан-жылға еліміздің экономикалық әлеуеті артқан сайын, жеке кәсіпкерлікке де кең тыныс ашылып, заңды тұлғалар саны күн сайын көбейіп келеді.
ҚР «Әділет органдары туралы»
Заңына сәйкес, Астана қаласы Әділет Департаменті
қызметінің бір саласы – заңды
тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар
мен өкілдіктерді есептік тіркеу
болып табылады.
Бүгінгі күні Астана қаласының Әділет
департаменті 35 мыңнан астам заңды тұлғалар,
3500-ден астам заңды тұлға филиалдары мен
өкілдіктері тіркелді.
Күнделікті Әділет департаментіне түсіп
жатқан заңды тұлғалар құжаттарына қарап,
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын,
заңды тұлғалардың көп тіркелетіндігін
байқауға болады. Себебі шағын кәсіпкерлік
субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың
тіркеу мерзімі, төленетін алым ставкасы
төмен, сонымен қатар қолданыстағы заңнамаларға
сәйкес, салық төлеу, кедендік рәсімдеу
бойынша да біраз жеңілдіктер берілген.
Бұл жеңілдіктер 2006 жылдың 31 қаңтарында
қабылданған «Жеке кәсіпкерлік туралы»
ҚР Заңында көрсетілген. Заңды тұлғаны
тіркеу үшін белгіленген түрдегі арыз,
заңды тұлғаның жарғысын, мекен-жайын
анықтайтын құжат және тіркеу үшін төленген
алым түбіртегін ұсынады. Шағын кәсіпкерлік
субъектілері Үкіметтің қаулысымен бекі-тілген,
типтік жарғы негізінде өз қызметтерін
жүзеге асыра алады. Бұл жағдайда тіркеу
органына жарғы ұсынылмайды. Жарғының
орнына типтік жарғы негізінде өз қызметін
жүзеге асыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік
тіркеу туралы арызы 3 данада ұсыналады.
Сонымен қатар типтік жарғы негізінде
өз қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаны
тіркеу мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды.
Ал шағын кәсіпкерлік субъектісін тіркеу
мерзімі – 7 жұмыс күні. Тіркеу төлемінің
сомасы 2 айлық есептік көрсеткішті құрайды,
яғни 3024 теңге. Қазіргі таңда өзінің жеке
меншік кәсіпорнын ашып, коммерциялық
қызметпен айналысамын, өз қызметінен
пайда табамын деген азаматтар аз мерзімнің
ішінде кәсіп-орындарын ашып, жұмыстарын
бастай алады. Оған қазіргі уақытта түрлі
жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, құжаттарды
қабылдау және беру енді бір жерден жүргізілетін
болды, тіркеу үшін ұсынылатын құжаттар
саны да азайтыл-ған. 2010 жылдың 20 қаңтарында
Мемлекет басшысы «Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік
тіркеуді жеңілдету мәселелері бойынша
бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол
қойып, ол 12 ақпаннан бастап өз күшіне
енді. Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға
сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілерін
тіркеу мерзімдері азайтылды. Сонымен
қатар Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі
шектеулі және қосымша жауапкершіліктері
бар серіктестіктер туралы» Заңына өзгерістер
енгізіліп, шағын кәсіпкерлік субъектісі
мәртебесі бар заңды тұлғалардың жарғылық
капиталының мөлшері 100 теңгеге дейін
азайтылды. Бұған дейін жарғылық капиталдың
мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш болатын.
Бұдан басқа, алғашқы тіркеуден өтетін,
шағын кәсіпкерлік субъектісі мәртебесі
бар заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын
/жарғы, құрылтай шарты/ нотариалдық түрде
куәландыру міндеті алынып тасталды.
2007 жылдың 12 қаңтарында «Сәйкестендiру
нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы»
Қазақстан Республикасының N 223 Заңы қабылданды.
Осы Заңның 1-бабына сәйкес, «бизнес-сәйкестендiру
нөмiрi – заңды тұлғаға (филиал мен өкiлдiкке)
және бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн
жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалып-тастырылатын
бiрегей нөмiр». Оны алу үшін, тіркеу органына
белгіленген түрдегі арыз, құрылтай құжаттарының
түпнұсқасы, заңды тұлғаны мемлекеттік
тіркеу /қайта тіркеу/ туралы куәлігі ұсынылады.
Бизнес сәйкестендіру нөмірін алу тіркеу
органдарының кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.