Сот ісіндегі сөйлеу мәдениеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 06:23, реферат

Описание работы

Қазіргі кездегі шешендік сөздерді зерттеуші ғалым Г.З.Апресиан оны мазмұнына қарай жіктейді (Кітапта: Г.Қосымова. Қазақ шешендік өнерінің негіздері. А., 2003). Солардың бірі – сотта айтылатын шешендік. Сотта қолданылатын шешендіктің иелері прокурорлар, адвокаттар, қоғамдық айыптаушылар мен қорғанушылар, айыпкерлер болады. Сотта қолданылатын шешендік сөздерді екіге бөліп қарастыру керек: феодалдық қоғам тұсындағы қазақтың әдет-ғұрып заңы бойынша жүргізілген дау-дамайларда орын алған шешендік сөздер және біздің дәуіріміздегі сот жұмысында айтылатын айыптаушылар мен қорғанішылардың сөздері.

Работа содержит 1 файл

Сот ісіндегі сөйлеу мәдениеті.docx

— 19.09 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Орталық Азия Университеті

 

 

 

 

 

СӨЖ

Тақырыбы: Сот  ісіндегі сөйлеу мәдениеті

 

 

 

 

 

 

 

 

орындаған: Дауталы Е.Б.

тексерген: Бегимбаев С.А.

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013ж.

Сот ісіндегі сөйлеу мәдениеті

 

  Қарым-қатынас құралы ретінде тіл қоғамдық-саяси, ресми іскерлік, ғылыми және мәдени өмірдің барлық салаларына қызмет етеді.

  Қазіргі кездегі шешендік сөздерді зерттеуші ғалым Г.З.Апресиан оны мазмұнына қарай жіктейді (Кітапта: Г.Қосымова. Қазақ шешендік өнерінің негіздері. А., 2003). Солардың бірі – сотта айтылатын шешендік. Сотта қолданылатын шешендіктің иелері прокурорлар, адвокаттар, қоғамдық айыптаушылар мен қорғанушылар, айыпкерлер болады. Сотта қолданылатын шешендік сөздерді екіге бөліп қарастыру керек: феодалдық қоғам тұсындағы қазақтың әдет-ғұрып заңы бойынша жүргізілген дау-дамайларда орын алған шешендік сөздер және біздің дәуіріміздегі сот жұмысында айтылатын айыптаушылар мен қорғанішылардың сөздері.

  Бұрыңғы билікте айыптаушының да, қарсыласушының да, кімет айтушының да сөздеріне дәстүрлі модельдер мақал-мәтелдер, салыстырулар т.б. басты рөл атқаратын болса, қазіргі сотта айтылмақ ойдың логикалығы, күштілігі, пікірдің айқындылығы басты орынға шығады.

  Сотта қолданылатын шешендік сөздер монолог түрінде де, диалог түрінде де жүзеге асады. Сотта қаралған, қаралуға тиіс қылмысты істерді бәрі шешендіктің тақырыбы бола алады.

  «Сот ісіндегі шешендік» деген атау біршама жалпы сипатта қолданылады: тікелей сот үрдісіндегі үкім шығаратын судьяларға әсер етуді көздейтін шешендік және сотта тезірек қаралуға түрткі болатын баспасөз бетіндегі айыптауларға негізделген шешендік, айыпкерге үкім шығарылып, сот үдерісі айықталғаннан кейінгі халыққа жария болған тәрбиелеу мақсатндағы шешендік.

  Қазіргі кездегі жүргізілетін сот жұмысындағы прокурордың да, адвокаттың да сөздеріне баға беру сипаты болады. Сонымен қатар сот ісі адам тағдыры шешілетін жер болғандықтан сол адамның өзін, іс-әрекетін (бұрыңғы еңбегін, қазіргі қылмысын т.б.) сипаттау басым болады. Прокурор мен адвокат өзара бір-біріне қарама-қарсы тұрып сөз сайысына түспейді, екеуі де шындыққа жетуді, соттың әділ үкімі шығуын көздейді. Олар тек судьяларға тек арнап емес, жалпы көпшілікке де қарата, өзге де жұршылықтың сана-сезіміне әсер ететіндей етіп сөйлеуді ойластырады. Осы себептен де бұл сөздерде нақтылы айтылған пікірдің дәлелдемесі, қорытындысы болумен қатар тыңдаушыларға әсерлі болу мақсаты да қойыла. Осы тұрғыдан келгенде судья мен адвокаттың сөздері бір-бірінен сәл өзгешеленеді.

  Прокурор қаралып отырған істі сипаттауда, анықталған фактілерге баға беруде ісі қаралып отырған адамға мінездеме бруді мақсат етіп қояды да, сөзін айыпкерді жазалау немесе ақтау туралы ұсыныспен аяқтайды. Сол себептен де прокурордың сөзінде бояулы, образды тілдік элементтердің кем болуы оның шешендік сипатын төмендетпейді. Ал адвокаттың сөзінде айыпкердің бұыңғы еңбектерін баса көрсету, яғни оның қоғам алдындағы моральдік келбетін дұысырақ етіп көрсетуге тырысу, сол арқылы оның жазасын жеңілдету немесе тіпті ақтау мақсаты көзделеді. Мұнда сол себептен тыңдаушыларға әсер ететін айшықты сөздер, аргументін күшейте түсетін мақал-мәтелдер т.б. көбірек қолдануы мүмкін. Осы айтылғандарға мысалдар көрсетейік.

Бірнеше рет қылмыс жасаған А. деген  айыпкердің сотында прокурордың  сөзіне назар аударайық.

  «Жолдас судьялар! 1970 жылы туған А. деген азамат бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін айыпталатын сот алдында тыр. А. әрбір қылмыс әрекетін жасағанда арақ ішіп мас болған. Алдын ала тергеу үдерісінде анықталған және осы соттың үстінде толықтай тағылған айып оның мойына қойылып дәлелденді».

  Мұнда прокурор анықталған фактілерге айқын етіп баға береді, айыпкерге мінездеме береді, соттан қандай үкім шығаруды сұрайтынын білдіреді. Прокурордың бұл сөзінде шешендіктің тілдік аксесуарлары (мақал-мәтелдер, айшықты сөздер т.б.) жоққа тән, өйткені олпрдың бұл сәтте керегі жоқ. Бұл сөз функционалдық стильдің белгілерін дұрыс сақатаған.

  Ал енді адвокаттың сөзіне келетін болсақ, мұнда адвокат «Осы қылмыстық істің қозғалуына не себеп болған?» деп сұрақ қойып алады да, соны ашып көрсетеді. Мысалы: «Бірнеше күн бойы жүргізілген сот мәжілісі анықтағандай, қылмысты істі қозғауға себеп болған жан таппай жазылған арыз. Өздеріңе мәлім, арыз жүрген жерде ашу жүреді, сондықтан шындық, әділдік, обьективтілік жағдайлар бола бермейді». (Адаокат әрі қарай осы айтқандарын фактілермен дәлелдейді).

  Қазіргі адвокаттардан әрдайым мақалдатып-мәтелдетіп отыру немесе құлаққа жағымда тиетін ұйқасты-ырғақты сөйлемдерді, әңгіме тақырыбына жанаспайтын айшықты сөздерді (теңеу, эпитет, метафораларды) үнемі қолдану талап етілмейді. Ең негізігі керегі – сөздің жүйелілігі, логиканың дұрыстығы. Дегенмен осы дәлелді, логикалы сөзді қазақтың жатық тілімен, орайы келген тұста мақал-мәтелдерді, тапқыр сөздер, әсерлі эпитеттерді қолдана отырып жеткізсе артық болмайды. Мысалы: жоғарыдағы сөздерінде адвокат «Арыз жүрген жерде ашу жүреді», деген мақалды орынды пайдаланған. Сол сияқты «жан таппай жазылған арыз» деген ұтымды фразаныда жақсы келтірген.

  Мұнда тыңдаушының назарын аударатын «Көріп отырсыздар, атап айтқанда, прокурор жолдас дұрыс айтты» деген тәрізді қыстырма сөздер, «Құрметті судья жолдастар!» деген сияқты қаратпалар да бар. Бұлар қазіргі замандағы сотта қолданылатын шешендік сөздердің қажеттілікері екендігі белгілі.

  Заңгердің тіл мәдениетіне мыналар енеді: 1) нормативтілік немесе дұрыстылық, яғни әдеби тіл нормасына сәйкес жаргон, диалект және ауызекі тілдегі сөздерді (жазбаша тілде орфографиялық және пунктуациялық қателерсіз) қолданбай ойды дәлме дәл бере білу; 2) сөйлеу шеберлігі, яғни сөздің ұтымдылығы, қисындылығы және ұтымдылығы, сөз байлығының болуы, мәнерлілік, сөз даралығы.

  Заңгердің сөйлеу шеберлігі тілдік құралдың стильдік жағынан ең дұрысын дәлме-дәл таба білуді қарастырады. Заңгердің бүкіл қызметі тергеу әрекеттерінң барысы мен тәртібін анықтайтын немесе іс бойынша белгілі бір шешімнен құралатын актілер құрумен байланысты. Сондықтан заңгердің жазбаша тіл мәдениеті ең алдымен норма болуын қарастырады. Заңгердің тіл мәдениетін анықтай отырып, Подголин былай деп жазды: «Тергеу әрекеттерін жүргізу кезіндегі тіл мәдениеті әдеби норма мен сөйлеу жағдайларына сай келетін нақты, айқын, түсінікті тілдік құралдарды пайдаланудан құралады және сот тілінің мәдениеті белгілі бір тілдік құралдарды пайдаланудан, бас тарту емес, оларды қажет жерінде қолданудан тұрады». «Сот шешендері белгілі шаманы сақтай білуі өте маңызды, өйткені соңғы шешім ақиқат фактілерге сүйенуі тиіс, ол шешендік таланттың судьялар мен алқа билерге эмоциялық әсер ету нәтижесі болмауы тиіс» деп дұрыс айтылған.

  Атап айтқанда іс материалын баяндаудағы дәлдік, әдептілікті сақтау сот шешендігі негізін құрайды. Егер фактілер өздігінен мәнерлі болса, онда оларды тыңдаушыларға қарапайым тілде жеткізу керек. Егер оқиға эмоциялық мәнерлілік жетпей жатса, шешен ойдан шығарылған мән-жайлар арқылы береді. Алайда сот шешендігін зерттеу кезінде ең алдымен құқық мазмұнына және оған қойылатын талаптарға көңіл бөлу керек.

  Ресейдегі сот шешендігінің  негізін қалаушы, сот тілінің  үлкен шебері А.Ф. Кони заңгерлерді  өз халқының киесі оның тілін  сүюге және үнемі зерттеп отыруға  шақырды. «Сіздің ойыңыз сізді  іздемесін, керісінше сөздер сіздің  ойларыңызға толық бағынышты  болсын» деп жазды ол.

  Сот қайраткері сауатты,  тапқыр, сенімді ретте сөйлей  білуі тиіс. Егер заңгерлер іскер  тілде ғана емес, сондай-ақ образды  әрі экспрессивті тілде сөйлей  білсе, біздің сотымыздың тәрбиелік  маңызы ұлағая түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Сот ісіндегі сөйлеу мәдениеті