Сенім хат

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 16:01, курсовая работа

Описание работы

Қазак тілінің мемлекеттік тіл ретінде өз дәрежесін иеленудегі аса өзекті сала – ісқағаздарын жүргізу екендігі белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес мемлекеттік басқару органдарының барлығы ісқағаздарын кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге көшіру үстінде. Міне, осы орайда мемлекеттік органдарда мамандардың қазақ тіліне шорқақтығынан, білетіндердің ресми стилге төселмеуінен, терминдік қолданыстардағы бірізділіктің қалыптаспауынан, маман-аудармашылардың тапшылығынан, қазақ тілінің жаңа технологияларға жедел икемделмеуінен түрлі қиыншылықтарға ұшырап отыр.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1-ТАРАУ. СЕНІМХАТ ТҮСІНІГІ 5
1.1 Сенімхаттың азаматтық құқықтық қатынастардағы орны 5
1.2 Сенімхаттың түрлері 6
2. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚТА СЕНІМХАТТЫҢ НЕГІЗІНДЕ ПАЙДА БОЛАТЫН ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР 8
2.1 Сенімхаттың жасалу жолдары, тоқтатылу негіздері 8
ҚОРЫТЫНДЫ 15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 17
ҚОСЫМШАЛАР 19 - 24

Работа содержит 1 файл

сенимхат.docx

— 48.63 Кб (Скачать)

     «Нотариат туралы» заңның 1 бабы консулдық  қызмет атқаратын және жергілікті атқарушы органның лауазымды адамдардан басқа  нотариаттық іс - әрекеттер жасауға  өзге тұлғаларға құқық береді. Оларға тек қана екі біржақты мәмілелерді, яғни сенімхаттарды және өсиеттерді куәландыруға құқығы бар лауазымды  адамдар жатады. Нотариус жоқ жерде, мекемелерде немесе денсаулық жағдайына  не өзге себептерге байланысты нотариусқа жүгіну мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың  мүліктік құқықтарын орындауды жүзеге асыру қажеттілігі анықталған жағдайларда  заңмен көзделген шектеулі лауазымды  тұлғаларға мұндай құқық беріледі. Мұндай лауазымды тұлғалардың тізімі Қазақстан Республикасы Азаматтық  Кодексінің 1052 бабында және «Нотариат  туралы» заңның 37 бабында белгіленген.

     Нотариаттық куәландырылған құжаттарға мыналар  теңестiрiледi:

     - ауруханаларда, санаторийлерде, өзге  де емдеу-алдын алу мекемелерiнде  емделiп жатқан, сондай-ақ қарттар  мен мүгедектер үйлерiнде тұрып  жатқан азаматтардың, осы ауруханалардың, санаторийлердiң, өзге де емдеу-алдын  алу мекемелерiнiң бас және  кезекшi дәрiгерлерi, сондай-ақ қарттар  мен мүгедектер үйлерiнiң директорлары, бас дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi;

     - госпитальдарда, санаторийлерде және  басқа да әскери-емдеу мекемелерiнде  емделiп жатқан әскери қызметшiлер  мен басқа адамдардың осы госпитальдардың,  санаторийлер мен басқа да  әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, олардың медициналық жағынан  орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi мен сенiмхаттары;

     - әскери қызметшiлердiң, ал нотариустары  мен нотариаттық iс-әрекеттер  жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдары  жоқ әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, әскери-оқу орындарының  орналасқан пункттерiнде, сондай-ақ  жұмысшылар мен қызметшiлердiң,  олардың отбасы мүшелерiнiң және  әскери қызметшiлердiң отбасы  мүшелерiнiң осы бөлiмдер, құрамалар,  мекемелер мен орындардың командирлерi (бастықтары) куәландырған өсиеттерi мен сенiмхаттары;

     - бас бостандығынан айыру орындарындағы  адамдардың бас бостандығынан  айыру орындарының бастықтары  куәландырған өсиеттерi мен сенiмхаттары;

     - жүзу кезiнде Қазақстан Республикасының  туы астында жүзiп жүрген теңiз  мекемелерiнде немесе iшкi суларда  жүзiп жүрген кемелердегi азаматтардың  осы кемелердiң капитандары куәландырған  өсиеттерi;

     - барлау және басқа да экспедицияларда  жүрген азаматтардың осы экспедициялардың  бастықтары куәландырған өсиеттерi;

     - халықты әлеуметтiк қорғау мекемелерiнде  тұрып жатқан кәмелетке толған  жастағы iс-әрекет қабiлетi бар  азаматтардың осы мекемелердiң  немесе халықты әлеуметтiк қорғаудың  тиiстi органының басшысы куәландырған  сенiмхаттары.

     Аталған лауазымды адамдар өсиеттi куәландырған күннен бастап он күн iшiнде, ал егер бұл  дәлелдi себептермен мүмкiн болмаса, мұндай мүмкiндiк пайда болысымен  куәландырған өсиеттiң бiр данасын  өсиет қалдырушының тұрғылықты жерiндегi нотариусқа сақтауға дереу беруге мiндеттi. Егер өсиет қалдырушының Қазақстан  Республикасында тұрақты тұрғылықты жерi болмаса немесе оның тұратын  жерi белгiсiз болса, өсиет Қазақстан  Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлейтiн нотариусқа жiберiледi. Нотариус сақтауға келiп түскен өсиеттi тексеруге  және оның заңға сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда, тиiстi дәрежеде ресiмдеу үшiн өсиет қалдырушыға және өсиеттi куәландырған лауазымды адамға бұл  туралы хабарлауға мiндеттi. Куәландырған өсиеттердiң уақтылы берiлмеуi салдарынан мұрагерге (мұрагерлерге) келтiрiлген шығын  үшiн лауазымды адам Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

     Аталған лауазымды тұлғалар өсиеттерді және сенімхаттарды куәландыру кезінде  қазіргі уақытта «Нотариат туралы»  заңды, Нотариалдық іс әрекеттерді  жүргізудің тәртібі туралы нұсқаулықты  және нотариалдық іс жүргізу туралы нұсқаулықты басшылыққа алады, өйткені 1998 жылы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігімен бекітілген мұндай лауазымды  тұлғаларға арналған арнайы нұсқаулық, 2004 жылы 4 қарашада күшін жойды деп  танылды.

     Нотариалды  қызметтер өтелетін негізде көрсетілгендіктен  аталған лауазымды тұлғалар Салық кодексінің 90 тарауына сәйкес, кейбір тұлғалар категориясына көзделген жеңілдіктерді сақтай отырып, мемлекеттік бажды алу керек.

     Құжат аты мен мәтін жоғарыда айтылған ережелерге сәйкес жазылады.Сенімхат А4 форматты қағазға қолмен жазылады я болмаса жазба машинкасы  арқылы да компьютерлік жолмен де теріледі. Мәтінде түзетілген, өшірілген я қосымша жазылған сөздер болмауы керек. Мұндайлар болған жағдайда олардың әрқайсына түсініктеме жазылып (“өшірілген сөз оқылмайды”, “түзетілген дұрыс” сияқты), оған сенімхат беруші де, сенімхат да өз қолдарын қоюлары қажет.

     Төлемақы  алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы  – 3 ай;

     Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардыөң  жарамдылығы – 3 жыл; Егер пайдалануға  берілген сенімхатта жарамдылық мерзімі  көрсетілмесе, ол қол қойылған күннен бастап 1 жылға дейінгі мерзімде өз күшінде болады. Сенімхаттардағы  жарамдылық мерзімі әрқашан жазбаша  жазылуы керек.

     Сенімхатқа  қол құжаттың түпнұсқа екенің куәландырушы адамның қатысумен ғана қойылады. Құжат мәтінін сенімхат алушыға  куәландырушы тұлға немесе сенімхат беруші адам дауыстап оқып беруге тиіс.

     Құжат дайындалғаннан кейін, сенімхат беруші тұлғаның қолына беріледі, я оның өтініші  бойынша сенімхат алушыға беріледі я жіберіледі.

     Ұйым  басшысы мынадай жағдайларда  сенімхатты куәландырмайды:

     •егер сенімхат өз атынан емес туысқаның  я басқа бір адамның атынан берілсе, сол сияқты сенімхат өз атына  емес туысқанының, я басқа бір  адамның атына берілсе;

     •егер сенімхат мазмұнында айтылғандар заңға  қайшы келсе;

     •егер сенімхаттағы даталар жазбаша жазылмаса.

     Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке нотариус өкілеттігіне «Нотариат  туралы» заңның 34 бабында көзделген  мынандай нотариаттық іс - әрекеттер  кіреді: мәмiлелердi куәландырады; шаруашылық серiктестiктерiнiң құрылтай құжаттарын куәландырады; мұраға сенiмгерлiк басқарушыны  тағайындайды; мұраға құқық туралы куәлiктер бередi; ерлi-зайыптылардың  және ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы  мүлкi бар өзге адамдардың ортақ  мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер бередi; мүлiктi иелiктен алуға  тыйым салады және салынған тыйымды  алып тастайды; құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң  дұрыстығын куәландырады; құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады; құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге  дұрыс аударылғанын куәландырады; азаматтың  тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады; азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландырады; құжаттардың  берiлген уақытын куәландырады; жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн  басқа жеке және заңды тұлғаларға бередi; ақшаны депозитке қабылдайды; вексель наразылықтарын жасайды; сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды; теңiз наразылықтарын жасайды; дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.

     Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде  нотариус жасайтын өзге де нотариаттық iс-әрекеттер көзделуi мүмкiн. 15 тармақша нотариустың атқару жазбаларын жасауын  көздеген және ол 29 наурыз 2000 жылғы  Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің бұл тармақшаның конституцияға  сәйкес еместігін тану жөнінде қаулысымен алынып тасталды.

     Елдi мекенде нотариус болмаған жағдайда аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң  әкiмi аппаратының нотариаттық iс-әрекеттердi жасауға уәкiлеттi лауазымды тұлғалары  мынадай нотариаттық iс-әрекеттер  жасайды 
 
 

 

Қорытынды 

   Заң тілімен айтқанда бір адамның (сенім  білдірушінің) өз атынан өкілдік ету  үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады.

   Сенімхат  берудің тәртібі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 167 бабымен бекітілген. Мүлікке билік жасауға және нотариаттың  куәландыруын талап ететін мәмілелер  жасауға берілетін сенімхатты, егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, нотариат куәландыруға тиіс. Заңды  тұлға атынан сенімхат оның басшысы  немесе бұған оның құрылтай құжаттарымен уәкілдік берілген өзге де адамның  қолы қойылып беріледі және сол ұйымның  мөрімен бекітіледі.

   Сенімхат  мерзімі үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілсе, ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзімі көрсетілмесе, берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады. Ал берілген күні көрсетілмеген  сенімхат жарамсыз болып табылады.

     Сенімхат - қүжат иесі басқа біреуге бір  істі атқаруға, сөйтіп, өз атынан оның құқын пайдалануға рұқсат беретін  құжат түрі. Сенімхатты мынадай ақша түрлерін алу үшін пайдалануға болады: жалақы, зейнетақы, алимент, ақша аудару т.б. Сондай-ақ сатып алу, сату, үй ауыстыру, басқару, сыйлық алу, автоколіктерді сату, ауыстыру т.б. операцияларды сенімхат арқылы жүзеге асыруға болады. Сенімді өкілге сотта, кәсіпкерлікте іс жүргізуді, банктегі есепшотқа иелік етуді т.б. сеніп тапсыруға болады.

   Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 235 бабының 2 бөлігіне сәйкес меншік иесі бар мүлікке, меншік құқығына басқа  адам сатып алу-сату, айырбастау, сыйға  тарту, немесе осы мүлікті иеліктен айыру туралы өзге мәміленің негізінде  ие болуы мүмкін. Меншік иесінің  мүлкін мешік иесінің еркінен  тыс басқа тұлғаға беруге осы  Кодексте көзделгеннен басқа реттерде жол берілмейді.

   Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 240 бабының 1 бөлігіне сәйкес мемлекеттік  тіркеуге жататын қозғалмайтын және өзге де мүлікке меншік құқығы, бұл  мүлікті иелену мерзіміне сәйкес алған тұлғада осындай тіркеу кезінен бастап пайда болады. Бұл  жерде азаматтар нотариальды  сенімхат жасақтау арқылы көлікке жүргізу, басқару, сату құқығын беруді, сол  мүлікке меншік құқығын алғандығымен шатастырмауы қажет.

   Сондай-ақ, заем шартын жасақтау кезінде, азаматтар  жылжымайтын мүлік құжаттарын кепіл  шарты ретінде қойдым деп есептеп, заем берушіге мүлкін сатуға өз атынан сенімхат беріп, кейін ақша қаражатын  уақытында қайтара алмай, ал заем беруші болса қарыз шартын орындамауына байланысты заемшының пәтерін сенімхат негізінде сатып жібергендігі анықталып, дүние-мүлкінен айрылып қалып жатырған азаматтар да кездеседі.

   Сенімхатты  берген адам сенімхаттың немесе сенім  ауысуының күшін кез келген уақытта  жоя алады, ал сенімхат берілген адам одан бас тарта алады. Сенімхат беруші сенімхаттың күшін жойғандығы туралы сенімхат берілген адамға, сондай-ақ сенімхат берілгендердің алдында өкілдік  ету үшін өзіне белгілі үшінші жаққа хабарлауға міндетті. Сенімхаттың  тоқтатылуына байланысты осы сенімхат бойынша басқа адамға өкілеттік  беру де (сенім ауысуы) күшін жояды.

.  

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: 1995.
  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. Алматы: 2009.
  3. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңы;
  4. «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі № 151 Заңы;
  5. «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесiмдердiң жобаларын ресімдеу және келісудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысы;
  6. Ақанова Д.Қ., Алдашева А.М. Ресми іскерлік қазақ тілі  // Алматы, «Арман»,2002
  7. Бөрібаева С.Б. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу //  Алматы, «Зият Пресс»,2006
  8. Дүйсенбекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу //Алматы, «Ана тілі», 2005
  9. Жақыпов М.К., Сапарбекова А.А. Іс қағаздарында жиі қолданылатын сөз тіркестері // Алматы,1998
  10. Жахина Б.Б., Құрманова А.Қ., Қайырбекова И.С. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсы //Көкшетау,2003
 
 
 
 
 
 
 

 

СЕНІМХАТТЫҢ ТИПТІК ҮЛГІСІ МЫНАДАЙ:

ҚҰЖАТ АТАУЫ.(СЕНІМ ХАТ)МӘТІН.

( кім,  кімге, нені және қандай мерзімге  сеніп тапсырады )

Информация о работе Сенім хат