ҚР Президенттік күзет қызметі: қызметінің және ұйымдастырылуының қағидалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2012 в 21:18, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 ж. 3 қазандағы Жарлығымен мемлекеттік орган ретінде ҚР Президентіне тікелей бағынатын арнайы әскери құрама болып құрылды.Қазақстан Республикасы 2002 ж. 4 шілдедегі Заңымен мемлекеттік органның құқықтық мәртебесі белгіленді. Қазақстан Республикасының Президентінің Күзет қызметі — Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және осы Заңмен белгіленген құзірет шегінде күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсізідігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган.

Содержание

Кіріспе
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет Қызметі
Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi
2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң мiндеттерi
3. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң құқықтары
4. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң кадрлары.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

құқық срс.docx

— 34.99 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

 

 

Тақырыбы: ҚР Президенттік күзет қызметі: қызметінің және ұйымдастырылуының қағидалары

 

 

                                                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

          Кіріспе

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет Қызметі

Негізгі бөлім

  1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi
  2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет  қызметiнiң  мiндеттерi
  3. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет  қызметiнiң құқықтары
  4. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет  қызметiнiң кадрлары.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет Қызметі

 

 Қазақстан Республикасының  Президентінің 1995 ж. 3 қазандағы Жарлығымен  мемлекеттік орган ретінде ҚР Президентіне тікелей бағынатын арнайы әскери құрама   болып құрылды.Қазақстан Республикасы  2002 ж. 4 шілдедегі Заңымен  мемлекеттік органның құқықтық   мәртебесі белгіленді. Қазақстан Республикасының   Президентінің Күзет қызметі  — Қазақстан Республикасының    Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және осы Заңмен белгіленген құзірет шегінде күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсізідігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган.Осы Занда Қазақстан   Республикасының  Президентінің Күзет қызметі күзетуге жататынадамдар белгіленді: Қазақстан Республикасының  Президенті; Қазақстан Республикасының   Парламенті Сенатының Төрағасы; Қазақстан   Республикасының  Парламенті Мәжілісінің Төрағасы; Қазақстан   Республикасының Премьер-Министрі;Республика Президентінің зайыбы (жұбайы) және Президентпенбірге тұратын басқа да отбасы мүшелері; Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті;Қазақстан  Республикасының   Тұңғыш Президентінің онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінемесе оған еріп жүрушілер; Қазақстан  Республикасының экс-президенті; тізбегін;Қазақстан  Республикасың  Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының  лауазымды адамдары;қауіпсіздігі Қазақстан  Республикасының   аумағында болуы кезеңінде шет мемлекеттердің, шет елдер парламенттері мен үкіметтерінің басшылары; қауіпсіздігі Қазақстан  Республикасының  аумағында болуы кезеңінде халықаралық ұйымдардың басшылары мен шет мемлекеттердің өзге де адамдары  бекітеді.Қазақстан  Республикасының   Президентінің Күзет қызметі күзететін объектілердің тізбесін. Қазақстан  Республикасының    Президенті бекітеді.Қазақстан   Республикасының   Президентінің Күзет қызметінің негізгі міндеті толықтырылды: өз құзіретінің шегінде терроризммен күресті жүзеге асыру    

  1-1-бап. Күзет iс-шаралары      

 Күзет iс-шаралары - күзетiлетiн  адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгiн  қамтамасыз етуге бағытталған  құқықтық, ұйымдастыру, жедел-iздестiру  және техникалық шаралардың жиынтығы.  
      Күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi күзет iс-шаралары терроризмге қарсы операцияларға жатады. 
      Күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша терроризмге қарсы операция жүргiзген кезде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң бастығы оралымды штабты басқаруды жүзегеасырады. 
         1-2-бап. Күзетiлетiн адамдар     

1. Күзетiлетiн адамдар  - Қазақстан Республикасының Конституциясына,  Қазақстан Республикасының конституциялық  заңдарына және осы Заңға сәйкес  Қазақстан Республикасы Президентiнiң  Күзет қызметi күзетуге жататын  адамдар. 

2. Мыналар күзетiлетiн  адамдар болып табылады:  
1) Қазақстан Республикасының Президентi; 

2) Қазақстан Республикасы  Парламентi Сенатының төрағасы;  
 3) Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң төрағасы;  
4) Қазақстан Республикасының Премьер-министрi; 5) Республика Президентiнiң зайыбы (жұбайы) және Президентпен бiрге тұратын басқа да отбасы мүшелерi; 6) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi - Елбасы;  7) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерi немесе оған ерiп жүрушiлер; 8) Қазақстан Республикасының экс-президентi;  
9) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары; 10) қауiпсiздiгi Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қамтамасыз етiлетiн шет мемлекеттердiң, шет елдер парламенттерi мен үкiметтерiнiң басшылары; 11) қауiпсiздiгi Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе оның тапсыруымен Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының өкiмдерi негiзiнде қамтамасыз етiлетiн халықаралық ұйымдардың басшылары мен шет мемлекеттердiң өзге де адамдары.  
 3. Осы баптың 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында аталған лауазымды адамдар тең жағдайда күзетiледi.  
      4. Осы баптың 2-тармағының 1)-9) тармақшаларында аталған адамдар Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң бастығына күзетушi адамдар қызмет мiндеттерiн тиiсiнше орындамаған жағдайда оларды ауыстыруды ұсынуға құқылы.  
    .      1-3-бап. Күзетiлетiн объектiлер

Күзетiлетiн объектiлер - күзетiлетiн  адамдардың болуына арналған үйлер, құрылыстар мен ғимараттар, сондай-ақ оларға iргелес жатқан аумақ пен  су айдыны.  
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi күзететiн объектiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.  
 2-бап. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет  
              қызметiнiң мiндеттерi

Президент Күзет қызметiнiң  мiндеттерi:  
      - күзетiлетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;  
      - күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қарсы бағытталған қылмыс пен әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау, олардан сақтандыру және тыйып тастау; 
      - күзетiлетiн адамдардың меншiгiн күзету, күзетiлетiн объектiлерде және олар болатын басқа жерлерде қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;  
      - өз өкiлеттiгi шегiнде терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыру;  
      - күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге төнген қатердi болжау және анықтау, одан сақтандыру мен залалсыздандыру жөнiндегi жедел шаралар жиынтығын жүзеге асыру болып табылады.  
     .3-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет  
              қызметi жұмысының принциптерi

Қазақстан Республикасының  Президентi Күзет қызметiнiң жұмысы заңдылық, гуманизм, адам құқықтары  мен кәсiптiк этиканы құрметтеу  принциптерiне сәйкес құрылады.  
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi өзiнiң алдында тұрған мiндеттердi басқа мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен және жекелеген азаматтармен өзара бiрлесе отырып шешедi.

4-бап. Қазақстан Республикасы  Президентiнiң Күзет  
              қызметi жұмысының құқықтық негiзi

Қазақстан Республикасы Президентiнiң  Күзет қызметi жұмысының құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы, осы Заң, Қазақстан  Республикасының басқа да нормативтiк  құқықтық актiлерi, сондай-ақ Қазақстан  Республикасының халықаралық шарттары құрайды.

 

Қазақстан Республикасының  Президентi Күзет  қызметiнiң мiндеттерi

 

Қазақстан Республикасының  Президентi Күзет қызметiнiң мiндетi:  
      1) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қол сұғатын қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа жол бермеу және оларды тыйып тастау; бұлардың жасалу ықтималдығына ықпал ететiн жағдайларды анықтау, әрi мұндай қылмыстарды болдырмау үшiн өз құқығының шегiнде шаралар қолдану;  
      2) қылмыстан, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан және жазатайым оқиғадан зардап шеккен, сондай-ақ дәрменсiз күйге не болмаса денсаулығы мен өмiрiне қатерлi өзге де жағдайға ұшыраған күзетiлетiн адамдарға көмек көрсету;  
      3) күзетiлетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiне немесе күзетiлетiн объектiлерде және олар болатын басқа да жерлерде қоғамдық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн дайындалып жатқан қылмыстар, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар мен оқиғалар жайында келiп түскен мәлiмдеулердi, хабарларды және өзге де ақпаратты қабылдап алу; заңдарда көзделген шараларды уақтылы қолдану;  
      4) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетi мен меншiгiне қарсы қылмыс жасаған адамдарды анықтап, iздестiруде құқық қорғау органдарына көмек көрсету;  
      5) күзетiлетiн адамдардың күзетiлетiн объектiлерде және олар болатын басқа да жерлерде қоғамдық тәртiппен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;  
      6) күзетiлетiн адамдардың көлiктiң барлық түрiнде жүрiп-тұру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, күзетiлетiн адамдардың жүрiп-тұруы үшiн бөлiнетiн автомобиль және басқа көлiк құралдарының жүрiс қауiпсiздiгi саласында қолданылып жүрген белгiленген ережелердi, нормативтер мен стандарттарды сақтау және сақталуын бақылау;  
      7) авариялар, апаттар, өрт, табиғат зiлзалалары және басқа төтенше жағдайлар кезiнде күзетiлетiн адамдарды құтқару және оларға алғашқы медициналық көмек көрсету жөнiнде, сондай-ақ күзетiлетiн адамдардың жеке мүлкiн және күзетiлуге тиiс әрi қараусыз қалған өзге де мүлiктi күзету жөнiнде шұғыл шаралар қолдану; Қазақстан Республикасы аумағында немесе жекелеген жерлерде төтенше немесе әскери жағдай енгiзiлген ретте заңға сәйкес күзетiлетiн адамдарға қатысты осындай жағдайдағы құқықтық режимнiң қамтамасыз етiлуiне, сондай-ақ эпидемия мен эпизоотия кезiнде күзетiлетiн адамдарға қатысты карантиндiк шаралар жүргiзiлуiне қатысу;  
      8) мемлекет Басшысының ақпараттан оқшау қалуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң байланыс жүйелерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;  
      9) азаматтарға, кәсiпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге олардың байланыс құралдарын, көлiгi мен үй-жайларын қызмет мақсатында пайдалануға байланысты келтiрiлген зиянды белгiленген тәртiппен өтеу. 

 
     Қазақстан Республикасының  Президентi Күзет   қызметiнiң құқықтары

 

 

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң  Күзет қызметiне өзiне жүктелген  мiндеттердi орындауы үшiн мынадай  құқықтар берiледi:  
      1) күзетiлетiн объектiлерге кiру (көлiкпен кiру) кезiнде және олардан шығу (көлiкпен шығу) кезiнде азаматтарға (күзетiлетiн адамдарды қоспағанда) жеке тексеру, олардың алып жүрген заттарына тексеру, көлiк құралдарына және оларда алып бара жатқан заттарға, оның iшiнде техникалық құралдарды пайдалана отырып тексеру жүргiзу;  
      1-1) Күзет iс-шараларын жүргiзу кезiнде фактiлер мен оқиғаларды суретке түсiрудi, дыбысжазбаны, кино және бейне түсiрiлiмдi жүзеге асыру.  
      2) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетi мен меншiгiне қол сұғатын құқық бұзушылықтың жасалуына итермелейтiн жағдаяттарды жою жөнiнде ұсыныстар және (немесе) нұсқамалар енгiзу; 
      2-1) жеке және заңды тұлғаларды тексерудi және оларды күзетiлетiн адамдар мен объектiлердi күзету және оларға қызмет көрсету жөнiндегi жұмысқа жiберудi жүзеге асыру; 
      2-2) терроризмге қарсы операцияға қатысу және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимiн қамтамасыз ету кезiнде «Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды және уақытша шектеулердi қолдану; 
      3) ұйымдардың, әскери құрамалардың қызметтiк үй-жайларын, сондай-ақ азаматтардың тұрғын және басқа үй-жайларын, олардың көлiк, байланыс құралдарын және өзге мүлкiн уағдаластық негiзде пайдалану;  
      4) белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан меншiк нысанына қарамастан ұйымдардан және әскери құрамалардан өзiне жүктелген мiндеттi орындауға қажеттi ақпаратты сұрату және алдырту;  
      5) мемлекеттiк органдардың қарауындағы үйлерде, құрылыстарда, ғимараттарда және оларға iргелес аумақтарда, сондай-ақ күзетiлетiн объектiлерде санитарлық-гигиеналық, экологиялық, радиациялық және эпидемияға қарсы бақылауды жүзеге асыру;  
      6) өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;  
      7) Президенттiң Күзет қызметiнiң арнайы даярлықтан өткен қызметкерлерiне табель қаруы мен арнаулы құралдар сақтауына, тағынып жүруiне рұқсат беру;  
      8) күзет шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу үшiн қызметкерлерiн Республикадан тыс жерлерге iссапарға жiберу;  
      9) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қарауындағы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнде, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң оқу орындарында, соның iшiнде арнаулы оқу орындарында уағдаластық негiзде кадрлар даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыру;  
      10) баланста тұрған объектiлердi пайдалану мен оларға техникалық күтiмдi қамтамасыз ету, бұларды санитарлық-гигиеналық, экологиялық және эпидемияға қарсы бақылауды ұйымдастыру;  
      11) күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде сiңiрген еңбегi үшiн азаматтарды ынталандыру, оларды заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларына ұсыну;  
      12) Қазақстан Республикасының азаматтарын ерiктiлiк негiзiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң штаттан тыс қызметкерлерi ретiнде қызметке тарту;  
      13) қажет болған жағдайда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Республикалық ұланының және басқа мамандандырылған әскери бөлiмшелерiнiң, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардың күшi мен жарағын күзет шараларына қатыстыруға тарту.  
      Күзетiлетiн адамдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн шешуде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiн ұйымдастырушы әрi үйлестiрушi орган болып табылады.

 

Қазақстан Республикасының  Президентi Күзет  қызметiнiң кадрлары

 

Қазақстан Республикасының  Президентi Күзет   қызметi кадрларының құрамы Президенттiң Күзет қызметiнiң кадрлары мына қызметкерлерден - әскери қызметшiлер мен азаматтық қызметкерлерден тұрады.  
      Президенттiң Күзет қызметiндегi қызмет пен жұмысқа өзiнiң моральдық және iскерлiк қасиеттерi, бiлiмi мен денсаулық жағдайы жөнiнен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктiлiк негiзiнде қабылданады

Қазақстан Республикасы Президентiнiң  Күзет қызметiнде әскери қызметте тұрған адамдар Президенттiң Күзет  қызметiнiң әскери қызметшiлерi болып  табылады.  
Оларға офицерлер, контракт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлер жатады.  
      Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде әскери қызмет өткерудiң тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi, сондай-ақ осы Заңда алып тастау көзделген тұстарын қоспағанда, әскери жарғылардың талаптары қолданылады.  
      Күзетiлетiн адамдардың, Президенттiң Күзет қызметi күзететiн объектiлер мен көлiк құралдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн шешу үшiн министрлiктерде, ведомстволарда және меншiк нысанына қарамастан, ұйымдарда олардың келiсiм бойынша белгiленген тәртiппен штаттағы қызметтердi атқару үшiн әскери қызметiнде қалдырыла отырып, Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерi iссапарда болуы мүмкiн.Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң жұмысшылары мен қызметшiлер.Жұмысшылар мен қызметшiлер - Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес Президенттiң Күзет қызметiне алынған азаматтық қызметкерлер.  
      Президенттiң Күзет қызметi жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң еңбек және қызметтiк жұмысы қолданылып жүрген заңдармен реттеледi.Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет  
қызметi әскери қызметшiлерiнiң құқықтық жағдайы.Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерi қызмет бабындағы мiндеттерiн атқару кезiнде өкiмет өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.  
      Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiсiне оның жеке басы мен өкiлеттiгiн растау үшiн қызмет куәлiгi мен белгiленген үлгiдегi жетон берiледi.  
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi әскери қызметшiсiнiң қызмет бабындағы жұмысына төте және тiкелей бастықтарынан өзге ешкiмнiң де араласуға құқығы жоқ. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң заңды талаптары азаматтар мен лауазымды адамдардың орындауы үшiн мiндеттi. Олардың қызмет бабындағы мiндеттерiн атқаруына кедергi келтiру, абыройы мен қадiр-қасиетiн қорлау, оларға қарсылық көрсету, Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiне қатысты қоқан-лоққы жасау немесе күш көрсету, қызмет бабындағы жұмысын жүзеге асыруына байланысты олардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне қол сұғу заңда белгiленген жауаптылыққа әкелiп соғады.  
      Заңға көрiнеу қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған ретте Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiсi заңды басшылыққа алуға мiндеттi.  
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерi партияларда, өзге де қоғамдық бiрлестiктерде тұруға, сондай-ақ қандай да бiр саяси партияны қолдап шығуға тиiс емес.  
      Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң өзгедей ақылы жұмысты атқаруға, кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануға хақысы жоқ.Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет  
 қызметi әскери қызметшiлерiнiң қызмет бабындағы мiндеттерi мен құқықтар Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерi:  
      - алдарында қойылған мiндеттердi бiлiктiлiкпен және дәлме-дәл шеше бiлуге;  
      - кәсiптiк және құқықтық бiлiмнiң, дене дайындығының, арнайы және әскери даярлықтың қажеттi деңгейiн ұстануға мiндеттi.  
      Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерi өздерiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн атқарған кезде қолданылып жүрген заңдарда көзделген шектерде және тәртiппен:  
      - күзет шараларын жүргiзу орындарында азаматтар мен лауазымды адамдардан белгiленген тәртiптiң сақталуын талап етуге;  
      - қылмысты, әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтауға, олардың алдын алуға және тыйып тастауға;  
      - қажет болған жағдайда азаматтар мен лауазымды адамдардың олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге;  
      - азаматтар құқық бұзған немесе қылмыс жасаған жағдайда оларды ұстап, iшкi iстер органдарына әкелуге;  
      - ұйымдардың, ал шұғыл жағдайларда азаматтардың иелiгiндегi байланыс құралдарын қызмет мақсатында пайдалануға;  
      - қылмысты болғызбау, қылмыс жасаған немесе оны жасады деп күдiк туғызған адамдардың iзiне түсiп, ұстау үшiн, жедел медициналық жәрдемге зәру адамдарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн, сондай-ақ оқиға болған жерге бару үшiн қызмет мақсатында ұйымдардың көлiк құралдарын (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық, консулдық және өзге де өкiлдiктерiнiң иелiгiндегi көлiк құралдарынан басқа) пайдалануға;  
      - күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге қатер төндiретiн қылмыстарды тыю кезiнде, сондай-ақ егер кешеуiлдеу күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге анық қатер төндiретiн болса, осындай қылмыс жасады деп күдiк туғызған адамдардың iзiне түскен кезде азаматтардың иелiгiндегi тұрғын үйлер мен өзге де жайларына, меншiк нысанына қарамастан, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық, консулдық және өзге де өкiлдiктерiнiң иелiгiндегiден басқа) аумақтары мен жайларына кедергiсiз кiруге;  
      - күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгi мақсатында Қазақстан Республикасының "Жедел iздестiру қызметi туралы" заңына сәйкес жедел-iздестiру жөнiнде iс-қимыл жасауға;  
      - күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында көлiк пен жаяу жүргiншiлердiң көшелер мен жолдардағы қозғалысын уақытша шектеуге немесе бұған тыйым салуға, азаматтарды кейбiр жерлердiң жекелеген учаскелерi мен объектiлерiне жiбермеуге, олардың кейбiр жерлердiң нақты учаскелерiнде немесе объектiлерiнде қалуын немесе бұл учаскелер мен объектiлерден кетуiн талап етуге мiндеттi.  
      Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiнiң күш жұмсауы, арнаулы құралдар, атыс қаруы мен жауынгерлiк техниканы қолдану осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.  
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiн олардың қызмет бабындағы мiндеттерiне қатысы жоқ функцияларды орындау үшiн тартуға тиым салынады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң жеке басының  қауiпсiздiгi мен құқықтық қорғалуының кепiлдiктер береді. Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiсi қызмет бабындағы мiндетiн атқарған кезде оны әкiмшiлiк тұрғысынан ұстауға, сондай-ақ оны тiнтуге, оның өзiмен алып жүрген заттарын, пайдаланатын көлiк құралдарын тiнтуге жол берiлмейдi.  
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi әскери қызметшiлерiне ақшалай үлес Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және ол қызметтi өтеудiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ерекше жағдайлары үшiн төленетiн ақшалай қаражат пен үстеме ақыны қамтиды.  
      Әскери қызметшiлердiң ақшалай қаражаты лауазымдық айлықақыдан және әскери атағы бойынша айлықақыдан тұрады.  
      Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерi Республика Үкiметi бекiткен норма бойынша заттай мүлiкпен тәртiппен өзгеше көзделмесе, әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiн құқықтық және әлеуметтiк қорғау туралы заңдар қолданады.  
      Қызмет өткерген жылдары бойынша, науқастануына немесе жасына байланысты қызметтен босатылатын Президенттiң Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң жеңiлдiктерге құқығы сақталады.  
      Қызмет бабындағы мiндетiн атқаруына байланысты Президенттiң Күзет қызметi әскери қызметшiсiнiң мүлкiне келтiрiлген залал, сондай-ақ Президенттiң Күзет қызметi әскери қызметшiсiнiң отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залал кейiннен Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес кiнәлi адамдардан сот арқылы толық көлемiнде өндiрiлiп алына отырып, бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтеледi.  
      Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша және асыраушысының айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзетқызметi әскери қызметшiлерiнiң жауапкершiлiгiтері:Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерi қылмыстар және өзге де құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.  
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiн әскери тәртiптi бұзғаны үшiн жауаптылыққа тарту тәртiбi әскери жарғылармен белгiленедi. 

Информация о работе ҚР Президенттік күзет қызметі: қызметінің және ұйымдастырылуының қағидалары