Протоколы кураторского часа

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 07:54, творческая работа

Описание работы

Адамды адаммен, халықты халықпен, ұлтты ұлтпен теңестіретін нәрсе ол – білім. Білім ол адам баласының өмірілік азығы іспеттес. «Оқу инемен құдық қазғандай» - деп дана халқымыз айтпақшы білімді болу адам баласының ұлы мұраты. Мектепте алынған білім адамның болашақта өмірде өз орнын тауып, ұлы Абай айтқандай дүниенің бір кетігін тауып, кірпіш боп қалануының басты шарты. Университет қабырғасында алынатын білім ол болашақ мамандық ірге тасы, адамның өмірдегі мансабының тиісті бөлшегі.

Работа содержит 1 файл

Protokoly kuratorskogo.docx

— 37.70 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым  министрлігі

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар  және инжиниринг университеті 

«Экономика  және құқық» институты

«Құқықтану» кафедрасы 

ЮС-09-1 тобында  өткізілген кураторлық сағаттың хаттамасы 

ХАТТАМА № 1 

Кураторлық  сағаттың отырысы                                         «5» қыркүйек 2011 ж.

Куратор: Алибеков С.К. 

Хатшы: Лескенқызы М. 

Қатысқандар: ЮС-09-1 тобының студенттері  

КҮН ТӘРТІБІ: 

1. «Ұлт  келешегі білімді ұрпақ» 

2. Әртүрлі  мәселелер. 

Тыңдалды: 

     Адамды  адаммен, халықты халықпен, ұлтты  ұлтпен теңестіретін нәрсе ол –  білім. Білім ол адам баласының өмірілік азығы іспеттес. «Оқу инемен құдық  қазғандай» - деп дана халқымыз айтпақшы білімді болу адам баласының ұлы  мұраты. Мектепте алынған білім адамның  болашақта өмірде өз орнын тауып, ұлы Абай айтқандай дүниенің бір  кетігін тауып, кірпіш боп қалануының басты шарты. Университет қабырғасында алынатын білім ол болашақ мамандық ірге тасы, адамның өмірдегі мансабының тиісті бөлшегі.

     Отбасы  – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам алғаш дүниеге келген сәтінен бастап, отбасында ер жетіп, сонда тәрбие алады.

     Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен  әсер күшін өмірдегі еш нәрсенің күшімен  салыстыруға болмайды. Өйткені ата-анасының балаға деген тәрбиесінің орнын  еш нәрсе толтыра алмайтын болса, адам баласына сапалы білімнің бере мүмкіндігін де ешнәрсемен салыстыруға болмайды. Отбасындағы тәлім-тәрбие алған білімнің болашақта қоғам үшін пайдаға асуының бірден-бір кепілі. Тәрбисіз білімнің адамзат баласына пайдасынан қасіреті мол болары сөзсіз. Атақты қазақ ақыны Касым Аманжоловтың өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:

     Отбасы  – шағын мемлекет

     Мен – президент, сен премьер,

     Кураторлық  сағатта жасалған баяндаманы тақылай  отырып  

     ШЕШІМ ЕТТІ 

     1. Білім адам баласының өз өмірінде  ұмтылар ұлы мұраты болып табылады. Болашақта өмірде кездесер асулардан сүрінбей өту үшін білім жолында аянбай тер төгу әрбір студенттің басты міндеті болуы тиіс. Білімнің сапасын арттыруға, оны өз өмірінің азыға етуге талпыну қажет.

     2. Топ студенттерінің сабаққа жүйелі  түрде қатысып, олардың оқу  жоспарында бекітілген тапсырмаларды  орындап отыруын қадағалау топ  старостасы мен топ белсенділеріне  жүктелсін.

     3. Шешімінің орындалысына бақылау  жасау кураторға тапсырылсын. 
 

     Куратор:                                                                                  С.К. Алибеков

     Хатшы:                                                                                       М. Лескенқызы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым  министрлігі

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар  және инжиниринг университеті 

«Экономика  және құқық» институты

«Құқықтану» кафедрасы 

ЮС-09-1 тобында  өткізілген кураторлық сағаттың хаттамасы 

ХАТТАМА № 2 

Кураторлық  сағаттың отырысы                                         «12» қыркүйек 2011 ж.

Куратор: Алибеков С.К. 

Хатшы: Лескенқызы М. 

Қатысқандар: ЮС-09-1 тобының студенттері  

КҮН ТӘРТІБІ: 

1. «Дәстүрлі  дін өнегеліктің діңгегі» 

2. Әртүрлі  мәселелер. 

Тыңдалды:

     Қазақ халқы ислам дінін қабылдағаннан  бері суннитік ағымдағы Абу-Ханиба мазхабының негіз етіп келеді. Соңғы жылдары  біздің елімізде әртүрлі экстремистік ағымдағы діни секталардың қызметі барынша белсенді түрде жүзеге асырыла бастаған. Олардың қоғам үшін қауіпті сипат ала бастауы қазіргі уақытта ел басшылығын, үкіметті белгілі бір деңгейде алаңдадып отырғаны да шындық.

     Осы орайда халық арасында тиісті деңгейдегі беделі болмаса да. Осындай экстремистік бағыттағы діни секталарға тойтарыс бере білуде өзіміздің ата-бабамыз  ұстанған  дәстүрлі діннің мол мүмкіншілігін  кеңнен пайдалана білуі өрісіндегі жұмыстар тиісті деңгейде жүзеге аспай  жатыр.

Кеңсе өкіметі деген алып мемлкет келмеске кеткеннен соң қазақ халқы  өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін  халық санасындағы ақтаңдақтарды  қозғап, аласапыран шаңның астынла  қалған тарихи тұлғаларымызды тірілтіп, қазақ тарихың оған жабылған жаладан  құтқарып алуға еліміздің зиялы  қауымы жұмыла кіріскен тұста, осыған дейін тек халық санасында  ғана орын алып келген Бекет ата  сияқты тұлғалардың халық арасында барынша кең тарала бастау объективті құбылыс деп санаймыз. Бекет атаның еңбектерін қағаз бетіне жариялаған және осынай тың тақырыпқа алғашқы қалам сермегендердің бірі Ислам қажы Мырзабек ұлы. Ол еліміздің азаматтығын дұрыс оформаление жасаған көп мән берілгендері ол 1993 жылы «Бекет атты» кітабын тек кітапхана

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым  министрлігі

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар  және инжиниринг университеті 

«Экономика  және құқық» институты

«Құқықтану» кафедрасы 

ЮС-09-1 тобында  өткізілген кураторлық сағаттың хаттамасы 

ХАТТАМА № 3 

Кураторлық  сағаттың отырысы                                         «19» қыркүйек 2011 ж.

Куратор: Алибеков С.К. 

Хатшы: Лескенқызы М. 

Қатысқандар: ЮС-09-1 тобының студенттері  

КҮН ТӘРТІБІ: 
 

1. «Сүйемін  туған тілім-анам тілін» 

2. Әртүрлі  мәселелер. 

Тыңдалды: 

Ана тілің  арың бұл ұятын боп тұр бетте

Басқа тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте – деп ақын жырлағандай әр халықтың өз тілі оның ең басты рухани байлығы. Тіл адам қатынасының аса маңызды  құралы бола отырып, тек халықпен бірге  дамиды. Қазіргі қазақ қоғамын  терең толғандырып отырған аса  маңызды мәселе ол – қазақ тілінің  мәселесі. Қазақ тілінің мемлекеттік  басқару аясында, ғылым мен техникада, бизнес және қаржы саласында әлі  де болса өз мәнінде қолданылмауы және қазақ тілінің елімізде ресми  тіл аталып жүрген орыс тілімен ақпараттық кеңістік аясында тиісті деңгейде бәсекеге түсе алмауы қазақ ұлты өкілдерінің, оның зиялы қауымының тарапынан  әділ наразылық туғызып келеді. Егер осы мәселе өзінің тиісті шешімін  таппайтын болса, белгілі бір  радикалдық топтардың өз мақсатарына  пайдалануға тырысуы әбден мүмкін, яғни бұл үлкен сасяси мәні бар мәселе.

     Ұлт мәдениетінің дамып, гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұақты қауымдастығы ретіде ұлттың өзінің болашағы ана  тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты. Сондықтан  туған ітлге деген сүйіспеншілік  бала күннен басталуы тиіс. 

     Жоғарыда  аталғандардың негізінде тәрбие сағаты 

     ШЕШІМ ЕТЕДІ

     1. Топтың әрбір студенті мемлекеттік тілдің өсіп-өркендеуіне өз мүмкіндіктерінше үлес қосулары тиіс. Студенттер өз орталарында қазақ тілінің жанашыры және насихатшысы болуы тиіс.

     2. Топ старостасы студенттердің  оқу ақысын төлеуі және олардың  үлгірімі туралы ақпаратты айына  үш рет тапсыруы тиіс. 

     Куратор:                                                                  Алибеков С.К.

     Хатшы:                                                                    Лескенқызы М. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақстан Республикасының туберкулезге қарсы  қызметін үйлестіруші орталық болып  табылатын туберкулез проблемаларының  ұлттық орталығы қызметінде де үлкен  кемшіліктерге жол берілген.

Қазақстан территориясында 2000 жылдан бастап мақсаты  – мультирезистентті туберкулездің таралауы мен одан әрі дамуының профилактикасы болып таыблатын, DOTS-plus, бағдарламасы Қазақстанда туберкулезбен күрестің күрделі мәселелерін шешуде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтауц министрлігі ауқымды жұмыс жүргізіп отыр, 
 

     Жоғарыда  аталғандардың негізінде тәрбие сағаты 

     ШЕШІМ ЕТЕДІ

1. Туберкулез  ауруы микробтардың таралуы арқылы  жұғатын аса қауіпті ауру болғандықтан  одан сақтану шаралары ұдайы  және жүйелі түрде жүргізілуі  тиіс. Топ студенттерінің профилактикалық  бақылаудан өтеуі қатаң бақылауға  алынсын.

2. Топ  студенттерінің туберкулезге қарсы  тексеруден өткіндігі туралы  мәліметті топ старостасы кураторға  мәлімдесін және сабаққа кешігу  және келмеу себептері бойынша  студенттерден түсініктеме алсын. 
 
 

Куратор:                                                                                    С.К. Алибеков 

Хатшы:                                                                                      М. Лескенқызы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым  министрлігі

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар  және инжиниринг университеті 

«Экономика  және құқық» институты

«Құқықтану» кафедрасы 

ЮС-09-1 тобында  өткізілген кураторлық сағаттың хаттамасы 

ХАТТАМА № 4 

Кураторлық  сағаттың отырысы                                         «26» қыркүйек 2011 ж.

Куратор: Алибеков С.К. 

Хатшы: Лескенқызы М. 

Қатысқандар: ЮС-09-1 тобының студенттері  

КҮН ТӘРТІБІ: 

1. Туберкулез  қауіпті жұқпалы ауру.

2. Ағымдағы  мәселелер. 

ТЫҢДАЛДЫ: 

Туберкулез  ауруы – асқынған кезде адам өліміне  дейін соқтыруы мүмкін өте қауіпті  жұқпалы ауру. Туберкулезді зерттейтін медицинаның саласын фтизиатрия деп атайды. ХІХ ғасырдың соңында  неміс дәрігері Г. Кох туберкулезді тудыратын микробактерияны (қазірде кох таяқшасы деген атауға ие) тапты. Осы кездерге дейін жұқпалы аурулардың алдын бермей келе жатқаны да осы туберкулез. Соңғы жылдарға медицина саласының жетістіктері туберкулезді емдеп жазуға болатындығын айқын дәлелдеп отыр. Бұл індетпен көбіне абақтыны мекен ететіндер, қаңғыбастар, жезөкшелер мен халықтың тұрмысы тым төмен елдерден келген келімсектер. Алайда соңғы кездері туберкулез ауруымен әлеуметтік жағдайы біршама адамдардың да жиі ауыратындығы да байқалып отыр. Ол көп жағдайда ауру адамдар арқылы жұғады әсіресе, туберкулездің ашық түрімен ауыратындар өте қауіпті болады. 
 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым  министрлігі

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар  және инжиниринг университеті 

Информация о работе Протоколы кураторского часа